Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет144/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жайлап асығыңыз!
Оқу үдерісін қажетсiз жеделдетiп, 
тез табысқа кенелемiн деп ойламаңыз: түсiнiктiлiк кедергiлерiн 
төмендетудің педагогикалық мүмкіндiктерi шектеулi.
– Оқушының бiр сәттiк ой жарқылын оның бiлiм топтағаны 
деп есептемеңiз, бұны тек жалпы танымға бастама ретiнде 
пайдаланып қалуыңыз мүмкін. 
– Түсiнiктi болу мұғалiмнің анық баяндауы мен сөйлеуiне 
тәуелдi: ұғымдарды дәл және бiр мағыналы өрнектеуге 
тырысыңыз, өмiр мен әдебиеттен жарқын деректер және мы-
салдар келтiре, оқытыңыз. 
– Баян сөзіңiз ұзаққа созылып кетпесiн. Ненi өзіңiз 
түсiндiресiз, балалар ненi өз бетiнше түсiнуi мүмкін екенiн 
сезiнуге тырысыңыз. Оқушылардың өздерi жеңiл игеруi мүмкін 
материалдарға уақыт бөлiп, түсiндiрiп жатудың қажетi жоқ. 
Оқудың бастапқы кезеңiнде бiлiм қорының бәрiн түгелдей пай-
даланбастан, балалар игергендей басты мәлiметтердi ғана 


196
ұсынып, кейiн бекiту барысында өтiлгендердi толықтыратын, 
нақтылайтын жаңа мысалдар мен деректердi келтiріңiз. 
– Оқушылардың танымдық iс-әркетiне басшылық жасаңыз: 
жаман мұғалiм шындықты балалар түсiнбейтiндей етiп, ақтара 
салады, жақсы мұғалiм оларды iздеп табуға үйретедi, iз-
дестiруін жеңiлдетедi.
– Түсiнiктiлiк оқу жеңiлдiгiн бiлдiрмейдi, мұғалiмнің мiндетi 
оқушының еңбегiн үздiксiз жеңiлдетуде емес: балаға бағдар 
беру, түсiнiксiздер мәнiн түсiнiктiлер арқылы ашу, өз бетiнше 
талдау бастамасын көрсету, қолдау-қуаттау – осының бәрi 
түсiнiктi оқытудың шаралары. 
– Түсiнiктiлiк оқушының еңбеккерлiк қабiлетiмен байланыс-
ты: еңбектену қасиетiн дамыта отырып, және қандай да нақты 
қызметке дағдыландыруда қарқынды және бiрте-бiрте ұзаққа 
созылған ой әрекеттерiн орындауға үйретіңiз. Жұмыс қабiлетiн 
көтерумен – оқу түсiнiктiлiгiне кедергi болар жәйттердi азайта-
мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет