186
Көрнекiлiкпен оқыту принципi
Бұл ежелгi замандардан қолданылып келе жатқан аса та-
нымал және сезiмдiк түсiнiктi принциптердің бiрi. Оның не-
гiзiнде келесiдей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезiм
мүшелерi сырттай тiтiркендiргiштердi әртүрлі
қабылдайды,
адамдардың көбi көру мүшелерінің аса жоғары сезiмталдығына
ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке-
жүйесiне бағытталған байланыс оптикалық каналының
өткiзгiштiк қабiлетi өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық ка-
нал бойынша) миға келiп түсетiн ақпарат қайта таңбаланбайды,
ол оқушы есiнде жеңiл, тез және берiк бейнеленiп қалады. Оқу
тәжiрибесi көрнекiлiк принципiн қолданудың көптеген ереже-
лерiн iске асырған. Солардың кейбiрiн еске салайық:
– Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген
материалдарға қарағанда, табиғи күйiнде
берiлген заттар
жақсы, жеңiл әрi тез есте қалатынын ескерiп, оларды оқу
үдерiсiнде пайдаланыңыз.
– Есіңiзде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түстi бояу-
лармен, дыбыстармен, түйсiктермен өрнектеледi. Осыдан
бала санасы жалпы дерексiзденген ұғымдар мен сөздерден
құрылмай, оның тiкелей қабылдауындағы
нақты бейнелердi
арқау етедi.
– Оқушылар үшiн ең маңызды ереже: мүмкін болғанша
сезiмдiк қабылдауды пайдаланыңыз, дәлiрек айтсақ, көз
қабылдауына – көретiндi, құлақ қабылдауына – естiлетiндi, иiс,
дәм қабылдауға – тиiстi мүшелердi.
– Бiр көрнекiлiкпен шектелiп қалмаңыз: көрнекiлiк – мақсат
емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.
– Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңiзде болсын:
ұғымдар мен дерексiзденген тұжырымдар бала санасына
нақты деректер, мысалдар және
бейнелер негiзiнде жеткiзiл-
се, тез әрi жеңiл қабылданады; олардың мәнiн ашуға әрқилы
көрнекiлiк түрлерін пайдалану қажет.
– Көрнекiлiктi тек сурет ретiнде қолданбастан, оны мәселелiк
жағдайларда өзбетiнше бiлiм алу көзi ретiнде де пайдаланған
жөн. Бұл оқушылардың тиiмдi iзденiс және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi.
187
– Көрнекi құралдар сабақта өтiлiп жатқан заттар мен
құбылыстар жөнiнде өте анық және дұрыс ұғымдарды
қалыптастыруға жәрдемiн беретiнiн оқу және тәрбие барысын-
да есіңiзден шығармаңыз.
– Оқушы бақылаулары жүйелестiрiлiп, себептер және сал-
дарлармен сәйкестендiрiлсiн.
– Көрнекi құралдарды қолдана отырып, алғашқыда бала-
ларды ондағы берiлген бейнелердi тұтастай қабылдауға, кейiн
бастысын және екiншi дәрежелiлерiн өз алдына,
содан соң -
қайталай тұтастыққа келтiруге үйретіңiз.
– Әртүрлі көрнекiлiктi пайдаланыңыз, бiрақ көрнекi
құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесiн, себебi бұл
баланың зейiн шашыраңқылығын пайда етiп,
негiзгi мән-
мағынаны қабылдауға кедергi жасайды.
– Көрнекiлiктi пайдалануда оқушылардың сезiмдiк
тәжiрибесiне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға
арқа сүйеуден ендi игерiлiп жатқан түсiнiктер көрнекi нақтылыққа
келедi.
– Балалармен бiрге көрнекi құралдар жасауға қатысып
тұрыңыз: ең жақсы және әдемi көрнекi құрал – балалардың өз
қолдарымен жасағандары.
–
Өзіңiз
жеткiлiктi
бiлмейтiн
нәрсенi
ешуақытта
көрсетушi болмаңыз. Көрнекi құралды пайдалануға мұқият
дайындалыңыз.
– Осы заман көрнекi құралдарын – теледидар, бейнетаспа,
экранды құралдарды және т.б. – ғылыми негiзде пайдалануға
тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңiз;
– Көрнекi құралдарын пайдалану
барысында балаларды
зейiндiлiкке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетiне, құрастыру
шығармашылығына, оқуға мүдделi болуға тәрбиелеңiз.
– Көрнекiлiктi өмiрмен байланыстырудың бiр жолы ретiнде
пайдаланыңыз.
– Оқушылардың жас деңгейi жоғарылаған сайын көрнекiлiк
орнына дерексiзденген рәміздік таңбаларды пайдалануға
көбiрек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалiм түсiндiрiп
жатқан құбылыстарының мәнiн олардың болмыстағы нақты
бейнесiмен сәйкес болуына көңіл бөлгенi жөн.
188
– Есіңiзде болсын, көрнекiлiк – бала психикасына күштi
ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткiлiк-
тi түсiнiспестiкпен
қолданылса, балалардың ойын басты
мәселелерден шеттетiп жiберуi, сонымен бiрге көзделген
мақсат көрнекi құралдан көмескiленiп қалуы мүмкін.
– Көрнекiлiктi шектен тыс қолдану бiлiмдi тереңнен меңгеруге
кедергi жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және
жалпыланған заңдылықтардың мәнiн түсiнуде
зиян келтiруi
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: