184
дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз етіңiз. Мұғалiмнің
түсiндермесiнен гөрi, қасында
бiрге отырған жолдасының
әңгімелеп бергенi тиiмдi де әрi жеңiл, сондықтан сыныптағы
үздiк оқушылар қолынан келетiн
оқу iстерiн өз мiндетіңiзге
алып, түсiндiрiп жатуыңыздың қажетi жоқ. Бала белсендiлiгiн
тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбаңыз. Есіңiзде
болсын, бүгiнгi белсендi оқушы
қоғамның ертеңгi белсендi
мүшесi.
– Оқушыларға
белгiсiз мәлiметтердi бұрыннан бел-
гiлiлерiмен қисынды ұштарыңыз:
игерiлген
мен игерiлiп
жатқан бiлiмдердің арасында қисынды байланыс болмаса, са-
налы оқу да болмайды.
– Есіңiзде болсын, оқудағы басты нәрсе – сiз оқытып жатқан
пән емес, ол
сiздің тәрбиеңiзбен қалыптасып жатқан
тұлға.
Оқушы сiздің оқу пәніңiзге қосалқы элемент болмай-
тындай
етiп оқытыңыз әрi тәрбиелеңiз, керiсiнше, сол пәндi
сiзбен бiрге белсендi игеретiн субъект болсын. Жадыңыздан
шығармаңыз, тұлғаны
қалыптастыратын пән емес, пәндi
оқытумен байланысқан
мұғалiмнің өз әрекет-қимылы.
– Оқушының
бақылайтын деректерi мен игерген бiлiм-
дерi арасындағы айырмашылықтарды
тауып және оларды
түсiндiрудi талап ететiн жағдайларға келтiріңiз.
–
Егер әр ереже
тиiмдi сандағы мысалдармен
қамтамасыз етiлсе
және
сол ережелердің қолдану
ауқымы қаншалықты кең
екендiгiн оқушы түсiнсе, оқу табы-
сы соғұрлым жоғары болады.
– Игерiлiп
жатқан материалдардағы
басты және екiн-
Достарыңызбен бөлісу: