179
“Баланы еңбек қуанышына жеткiзу,
оқудағы табыс ләззатына бөлеу, жүрегiнде
мақтаныш сезiмiн оятып, өз қадiр-беделiн
таныту – тәрбиешiнің iзгi парызы”.
В.А.Сухомлинский
Принциптер мен ережелер жөнiнде түсiнiк
Оқу теориясының негiзгi құрылым бiрлiктерi –
бұл ғылым
тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Бұл
заңдар
мен
заңдылықтар
құбылыстар, үдерiстер мен олардың
нәтижелерi арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және
қайталанып келетiн байланыстар
мен тәуелдiлiктердің мәнiн
ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және
заңдарымен таныс, бiз олармен әр қилы мәселелерге орай
кездесiп отырамыз. Дидактикалық үдерiстің негiзiн құрайтын
аса маңызды және негiзгi
заңдылықтар мен заңдар
оқу при-
нциптерi
немесе
дидактикалық принциптер
деп аталады.
Бұл принциптер арқасында оқу үдерісiне қатысы бар көптеген
заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалiмдер мен
оқушылардың қызметтерi реттеледi,
барлық оқу пәндерiн
өтуде және оқудың барша кезеңдерiнде олар өздерiнің жал-
пы мәнiн сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын
сөзі “негiз”) оқу үдерiсiнің жалпы мақсаттары мен заңдарына
сай келетiн оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формала-
ры мен әдістерiн айқындаушы тiрек тұжырымдар жиынтығы.
Дидактика тарихынан белгiлi болғандай,
зерттеушiлер при-
нциптердi ашу жолында елеулi табыстарды қолға кiргiздi. Ендi
мұғалiмдердің мiндетi осы белгiлi принциптерге сай әрекет ете
отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиiмдiлiгiн және
берiктiгiн көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерiстің
бiртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бiрлiк-
те әрекетке келедi. Қазіргі кезеңдегi оқу жүйесiнің
iрге тасын
Достарыңызбен бөлісу: