174
– сәйкес сын (“Сендей кезiмде, мен де тап осы қателiкке
душар болғанмын. Ой!, сондағы мұғалiмнен есiткенiм-ай”);
– сын-үмiт (“Ендiгi мәрте тапсырманы жақсы орындап
келетiніңе сенемiн”);
– мақтау сын (“Жұмыс жақсы орындалған, бiрақ жағдайдан
уақытынан сәл бұрын”);
– бiрге қинала, сынау (“Сенi түсініп тұрмын, жағдайыңды да
бiлемiн, бiрақ сен де менi түсiнсейшi.
Жұмысы құрғыр жөндi
орындалмаған ғой”);
– сын-өкiнiш (“Өкiнiштi-ақ, бiрақ айтпасам болмайды: жұмыс
сапасыз орындалған”);
– сынай, қателiктi жұмсарту (“Мүмкін, iстің бұлай болғанына
тек сен айыпты емес шығарсың”).
Өз оқушыларыңыздың аты мен беделiн ардақтай
жүріңіз.
Еврей отбасыларының бала тәрбиелеудегi ерек-
шелiгi: әр жетiстiк, құрттай да болса, табысқа баланы қолдап-
қуаттап, мақтау. Еврей атасы не анасы өз баласын ешуақытта
жалқау, қабiлетсiз, ұқыпсыз деп сипаттамайды. Олар әсiрелеп
мақтаудан тiптi де тартынбайтын көрiнедi. Осынысымен бала-
да астамшылдық тобын қалыптастырып,
оны қияли мұратқа
бiрде қайтпастан ұмтылуға баулиды. Еврей мектептерiнде пе-
дагогтар өз оқушыларының беделiн көтеруге ынталы. Себебi
шәкiрттерiнің бұл мұғалiм үмiтiн ақтайтынына сенiмдi. Мiне,
еврей тәрбиесiнің нәтижеге жеткiзетiн басты сыры осыдан.
Ал қазақ мектептерi мен отбасыларындағы мадақ-мақтау
әлдеқайда сараң, ұсқынсыз және тiк. Бастысы, олар көбiне
жүртшылық
алдында айтылмайды, айтылса да, жол-жөнекей
бүкпеленiп жеткiзiледi. Мадақтаудан жалықпаңыз, шаршамаңыз.
Сiз байқаған қателiктің оңай, түзетiлуi мүмкін екенiне, сiз
тапсырған iстердің бәрiнің қиын еместiгiне баланы сендiріңiз.
Оқушылар ең алдымен өз күш-жiгерiне сенетiн болсын. Берiл-
ген тапсырмаларды орындаудан қуанышқа бөленетiн болсын.
Жақсы, табысты оқитын шәкiрттерге ең жоғары “билiктердi”
берiп, үлкен лауазымдарға жеткiзіңiз. Жомарттығыңыздан
таймаңыз! Балалардың кей бiрi сiздің көзіңiзде өз беделiн та-
нытып, сiздің айтқаныңызбен “тау қопарып” тастауға әрқашан
дайын.
175
Ынта көтерудің және бір жолдары:
өз сыныбыңызда
пайдаланатын ынталандыру тәсiлдерiнің тiзiмiн жасаңыз.
Мүмкіндiгiнше, бұл тәсiлдер жалпы бағдарда болмай, нақты
сiздің сыныбыңызға арналатын болсын. Бұл тізім жұмыс үшiн
қажеттi “тiрек-конспект” болумен бiрге сiзге ынталандыру
жолдарының нақты жағдайларға байланысты келетiнiн дәлiрек
көрсетедi.
Педагогикалық тәжірибеде сеп-түрткілердi
дамытудың
Достарыңызбен бөлісу: