Оқушыны мақтауға бiрде жалықпаңыз.
Бұл бiр қарағанға
оп-оңай тәсiл сияқты. Бiрақ олай емес, мақтау ойламаған жер-
ден “бұрқ” ете қалуы (спонтанно) керек. Оны жоспарлауға, сабақ
кестесiндегiдей белгiлеуге мүмкін емес. Күнделiктi бiр қалыпты
деңгейде, тiптi кейде өте төмен дәрежеде орындалып жатқан
жұмыстарды көз жұмып, әсiрелеуден аулақ болыңыз. Жаман
жасалғанды мақтау – жұмыс иесiнің де, оны дәрiптеушiнің де
намысына тию. Мақтау әрдайым нақты, мекенжайлы болуы
тиiс. Неге “рахмет” айтқаныңызды, неден қуанып, неге таң
қалғаныңызды анықтап бiлдiріңiз. Мадағыңыз тыңдаушыны
сендiргендей болсын. Бұл арада ым-ишара тiлi маңызды ке-
ледi. Егер мұғалiм жазылған шығарманы мақтап тұрып, қабағын
түкситетiн болса, оқушылар оның бiрде-бiр сөзіне сенбейдi.
Бiрге толғана, сын айтыңыз.
Бұл орайда төмендегi
тәсiлдердi пайдаланыңыз:
– қолдау-қуаттау сыны (“Ештеңе етпес. Бұл рет болмай
қалған. Ендiгiде жақсылап орындарсың”);
174
– сәйкес сын (“Сендей кезiмде, мен де тап осы қателiкке
душар болғанмын. Ой!, сондағы мұғалiмнен есiткенiм-ай”);
– сын-үмiт (“Ендiгi мәрте тапсырманы жақсы орындап
келетiніңе сенемiн”);
– мақтау сын (“Жұмыс жақсы орындалған, бiрақ жағдайдан
уақытынан сәл бұрын”);
– бiрге қинала, сынау (“Сенi түсініп тұрмын, жағдайыңды да
бiлемiн, бiрақ сен де менi түсiнсейшi. Жұмысы құрғыр жөндi
орындалмаған ғой”);
– сын-өкiнiш (“Өкiнiштi-ақ, бiрақ айтпасам болмайды: жұмыс
сапасыз орындалған”);
– сынай, қателiктi жұмсарту (“Мүмкін, iстің бұлай болғанына
тек сен айыпты емес шығарсың”).
Өз оқушыларыңыздың аты мен беделiн ардақтай
жүріңіз.
Еврей отбасыларының бала тәрбиелеудегi ерек-
шелiгi: әр жетiстiк, құрттай да болса, табысқа баланы қолдап-
қуаттап, мақтау. Еврей атасы не анасы өз баласын ешуақытта
жалқау, қабiлетсiз, ұқыпсыз деп сипаттамайды. Олар әсiрелеп
мақтаудан тiптi де тартынбайтын көрiнедi. Осынысымен бала-
да астамшылдық тобын қалыптастырып, оны қияли мұратқа
бiрде қайтпастан ұмтылуға баулиды. Еврей мектептерiнде пе-
дагогтар өз оқушыларының беделiн көтеруге ынталы. Себебi
шәкiрттерiнің бұл мұғалiм үмiтiн ақтайтынына сенiмдi. Мiне,
еврей тәрбиесiнің нәтижеге жеткiзетiн басты сыры осыдан.
Ал қазақ мектептерi мен отбасыларындағы мадақ-мақтау
әлдеқайда сараң, ұсқынсыз және тiк. Бастысы, олар көбiне
жүртшылық алдында айтылмайды, айтылса да, жол-жөнекей
бүкпеленiп жеткiзiледi. Мадақтаудан жалықпаңыз, шаршамаңыз.
Сiз байқаған қателiктің оңай, түзетiлуi мүмкін екенiне, сiз
тапсырған iстердің бәрiнің қиын еместiгiне баланы сендiріңiз.
Оқушылар ең алдымен өз күш-жiгерiне сенетiн болсын. Берiл-
ген тапсырмаларды орындаудан қуанышқа бөленетiн болсын.
Жақсы, табысты оқитын шәкiрттерге ең жоғары “билiктердi”
берiп, үлкен лауазымдарға жеткiзіңiз. Жомарттығыңыздан
таймаңыз! Балалардың кей бiрi сiздің көзіңiзде өз беделiн та-
нытып, сiздің айтқаныңызбен “тау қопарып” тастауға әрқашан
дайын.
175
Ынта көтерудің және бір жолдары: өз сыныбыңызда
пайдаланатын ынталандыру тәсiлдерiнің тiзiмiн жасаңыз.
Мүмкіндiгiнше, бұл тәсiлдер жалпы бағдарда болмай, нақты
сiздің сыныбыңызға арналатын болсын. Бұл тізім жұмыс үшiн
қажеттi “тiрек-конспект” болумен бiрге сiзге ынталандыру
жолдарының нақты жағдайларға байланысты келетiнiн дәлiрек
көрсетедi.
Педагогикалық тәжірибеде сеп-түрткілердi дамытудың
Достарыңызбен бөлісу: |