“Дидактикалық еркiндiк”
әдісiн қолданыңыз, одан қандай
нәтиже шығатынын байқастырыңыз.
Әдiстеме орындалуы қалай?
Оқушылардың әртүрлі қызығуларын, бейiмдiлiктерiн және
мүмкіндiктерiн ескеру мақсатымен мұғалiм сыныпқа оқудың
бiрнеше баламалы жолдарын ұсынады. Оқушылар аталған
уақытта қайсы баламамен оқығысы келетiнiн таңдайды, бала-
малы оқу бiткеннен кейiн бұрынғы бiрлiктi оқуын жалғастыра
бередi. Көбiне, мысалы, жұптасып не шағын топта орындала-
тын жеке жұмыстар қатар берiледi. Осы әдістеме шеңберiнде
қызығулары бойынша бiрiккен шағын топтар түзiледi.
Қай жерде және қашан?
Егер уақыт жеткiлiктi болса, әртүрлі баламалы оқулар
ұсынылады және өткiзiледi. Оқушылардың әртүрлі қызығулары
мен бейiмдiлiктерi байқалған жағдайда бұл әдістеме қолайлы
келедi.
Нелiктен?
Егер оқу формасы оқушылардың қызығуларына сәйкес кел-
се, оқу тиiмдiлiгi артып баруы тиiс. Бұл әдістеме шеңберiнде
оқушы өзіне ұнаған оқу формасын немесе оқу материалын
таңдайды. Бұл сеп-түрткілердің және дербестiктің артуына не-
гiз болады.
Қорытындыласақ, оқушыны күштеп өзгеру жолына
салғаннан гөрi, оның жан дүниесiн түсiнген абзал. Нелiк-
тен бала мұндай қадам басты, нелiктен бұлай жасады, неге
басқаша әрекетке келмедi – осыларды түсiнуге тырысайық. Бұл
қарадүрсiн сын мен иық түртуден пайдалылау және қызық та.
Әр мұғалiмде баланы түсiнуден бiрлiктi толғану, шыдамдылық,
қайырымдылық сезiмдерiне негiз туындайды.
176
Өзіңiздi тексеріңiз
1. Оқып-үйрену сеп-түрткілерi деген не?
2. Оқып-үйрену және оқыту сеп-түрткілерiнің айырмашылығы
неде?
3. Оқып-үйрену сеп-түрткілерi қалай топтастырылады?
4. Қазіргі кезең мектептерiнде сеп-түрткілердің қай түрлері
тиiмдiлеу?
5. Кiшi мектеп оқушыларында сеп-түрткілердің қай түрі ба-
сымдау?
6. Оқушыларда оқып-үйренуге ынталылық дамыту шарттары
қандай?
7. Оқып-үйрену белсендiлiгi деген не?
8. Шәкiрттердің оқу iс-әрекетiндегi белсендiлiгiн көтерудің
жолдарын атаңыз.
9. Оқу барысындағы қызығу заңдылықтарының әсер-ықпалын
сипаттаңыз.
10. Оқуға болған қызықсыну қалыптастырудың жолдары,
тәсiлдерi мен шаралары қандай болуы мүмкін?
11. Қызығу мен қажеттiлiк арасындағы байланыс қандай?
12. Оқып-үйренуге ынталылықты зерттеп тану мен оны
қалыптастырудың жолдары қандай?
13. Баланы оқуға ынталандырудың қандай әдістерi мен
тәсiлдерiн ұсынуыңыз мүмкін?
14. Оқу еңбегiне болған ықыласты қолдау жолдары қандай?
15. Оқып-үйренуге ынталандыру деген не?
16. Мектепте
қолданылатын
ынталандыру
әрекеттерi
қандай?
17. Гуманистiк педагогика оқуға ынталандырудың қандай жол-
дарын ұсынады?
18. Қандай ынталандыру ережелерiн бiлесiз?
19. Оқуға болған шәкiрт ынтасын ояту үшiн мұғалiм не iстеуi
мүмкін?
20. Аса қиын жағдайларда қолданылатын ынта-ықылас көтеру
жолы қандай?
177
Достарыңызбен бөлісу: |