Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Жасаған әрекет қылықтарының салдарын көрсетiп



Pdf көрінісі
бет127/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жасаған әрекет қылықтарының салдарын көрсетiп 
барыңыз.
Зерттеушi А.Гаврилова әртүрлі жастағы оқушыларға 
арнайы түзiлген мәтiндi оқып шығуды ұсынған. Мәтiнде бiр 
оқушы сыйға алған күшiгiнің бұрынғы иесiн сағынғанын айта-
ды. Қалған оқушылар мәтiндi толықтырып, – бала күшiктi иес-
iне қайтарады ма немесе оның бар азабына шыдап, өзiнде 
қалдыра ма – жазуы тиiс едi. Осындайды басынан өткiзген 
балалардың бәрi күшiктi қалдыру керек деп жазыпты. Бұл неден 
хабар бередi? Бiздің балаларымыз өздерiн басқа адамдардың 
не жануардың орнына қойып, олардың күйзелiстерiн сезiнуге 
үйренбеген. Өздерi жасаған iстердің, қылықтардың салдарын 
да бағалауды бiлмейдi. Егер педагог дер уақытында шынайы, 
жүректен шыққан сөзімен олардың көзiн ашып отырса, бала 
мiнез-құлқының өзгеруiне ықпал жасайтын мықты құралға ие 
болары сөзсiз. 


170
Баланың қадiр-беделiн тани бiліңiз. 
Баланың қадiр-бе-
делiн, яғни абыройын, тану арқылы ондағы бар ұмтылыс пен 
жақсылық қасиеттердi дамыта түсіңiз. Егер жағдай қажет етсе, 
жағынудан да тайынбаңыз. Себебi жағыну – бұл адамға оның 
өзiнің ойындағысын бiлдiру. Осы кiшiгiрiм қатерсiз алдау-айла-
ны қолданып, өз шәкiртіңiзге жаңа күш-қуат бересiз. Әлбетте, 
оқушыңыздың жетiстiктерiн шын мәнiнде бағалай алсаңыз, 
оның беделiн танығаныңыз. Бiрақ педагог алдында оның аузы-
нан мақтау күткен шәкiрт көп болатындықтан, әр оқушыға бейiм 
жалғыз және шынайы мадақ сөзін табу қиын-ақ. Қайтерсiз, 
мұндайда актер болу – пешенеңiзге жазылған. 
Көп зерттеулер негiзiнде бала беделiн, оның ықтимал 
мүмкіндiктерiн танудың пайдалы болатыны дәлелденген. Көбiне 
жамандағаннан гөрi, мақтаған дұрыстау. Сондықтан мадақ бiл-
дiруге (комплименты) тартынбаңыз, баланың қадiрiн (тiптi жоқ 
болса да) алға тартып отырыңыз, болашақтағы жетiстiктер 
үшiн де мақтауды аямаңыз. Сонда ғана оқушыларыңыз сiздің 
қалауыңыздай болуға ынта танытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет