Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет126/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ниеттердi пайдаланыңыз.
Ниеттер қажеттiктер негiзiн-
де пайда болады. Мысалы, 3-сынып оқушысы десантшы бо-
луды ұйғарды. Ол спорт секциясына жазылып, жаттығуларға 
қатынап жүр. Егер сiз оның осы ниетiне қарсы келсеңiз, не бо-
латынын сезесiз бе? Дұрысы, ойланып, көмектескен: көбiне ни-
еттер кездейсоқ жағдаяттар сеп-түрткілерiнен туындайды, ал 
оқушы бұл ниетiнің төркiнiн пайымдауға бармайды, күш-қуаты, 
бiлiмi, ептiлiктерi және уақыты бұл ойлағанын iске асыруға 
жетер-жетпесiн бiліңкiремейдi. Жағдай одан басымдау келiп, 
ойлағанын орындауға әлi жетпей қалады. Орындалмаған уәде 
үшiн оны кiнәламаңыз. Ондысы оған қолдау берiп, нақты орын-


169
далуы мүмкін ниет қабылдауға көмектесіңiз. Ал, егер бұл қиын 
болып, ұзақ күш салуды қажет етсе – iс нәтижесiне асықпай
шыдаммен бiрте-бiрте жақындай түсуге үйретіңiз. 
Баланың өз беделiн танытуға болған ниетiне қолдау 
беріңiз. 
Барлық адамдар жүрт көзiнде танымал болғанды 
сүйеді. Балалардың көбi бiлiм не баға үшiн оқымайды, жоғары 
бедел (престиж) үшiн әрекет жасайды. Ол балалардың жоғары 
деңгейдегi дәмеленуiнен. Баланың бұл ниетiн, егер ол сана-
да қалыптасып, оқуына ұнамды ықпал жасайтын болса, оны 
жоққа шығарудың қажетi жоқ. Қане, осындай ниетпен “адам 
болудан қалған” басқа балаларды да сусындатсақ. Мұндайда 
қалыптасқан “сіңiрлi” педагогикалық шешiмдерден бас тар-
тып, жаңашыл әдістердi қолданған жөн. Мысалы, оқушыға 
“өзiнің iшкi жауларын” жоюға көмектесіңiз. Оған көптеген 
адамдардың өз мiнез бостығынан, орынсыз қорқақтығынан, не-
гiзсiз күйзелiстерiнен өз мүмкіндiктерiн iске асыра алмағанын 
нақты мысалдармен түсiндiріңiз. Осы керi құбылыстар аясы-
нан босамағанша, баланы қорқыныш жағдайларында қалдыра 
көрмеңiз. Бала тақтаға шығып, жауап беруге қорықса, онымен 
оңашада жаттықтыру жұмысын жүргізіңiз. Сiздің мiндетіңiз – 
баланың өзіне болған сенiмiн тiктеуге көмектесу. Осыдан кейiн 
ғана бала “жауларымен айқасқа” шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет