167
тiлегi мен ниеттерi педагогикалық мақсаттарға сай келмесе,
оның ұмтылыстарына қажеттi өзгерiстер енгiзiп, дұрыс бағыт
беруге тырысыңыз.
Салыстырыңыз, үлгi-өрнек беріңiз.
А.П.Чеховтың “Үйде”
әңгімесiнде шылым шегуге әдеттенген кiшкене бала жөнiнде
сөз етiлген. Бұл бала ата-анасының айтқандарының бiрде-
бiрiн тыңдамай, құлақ асуды қойған. Ал әкесi бiрде бақытты
принцтің шылым шегуден сырқаттанып, өлгенiн, содан бүкiл
оның патшалығының күйрегенi жөнiнде ертек айтып бергеннен
соң, бала кенеттен “ешқашанда мұндай жаман әдетпен айна-
лыспайтынын” айтып, шылым шегудi мүлде қойып кеткен.
Өз оқушыңызды барынша құштарлықпен бiр нәрсенi
ниеттеуге ойыстырыңыз.
Мейлi, бұл ниеттер алғашқыда
сiздің педагогикалық пiкiрлеріңiзге сәйкес болмай-ақ қойсын.
Бастысы, олардың пайда болып, сiзге таяныш беруiнде. Бүгiнгi
күнде бiз балалардың келеңсiз бейтараптылығына (инфан-
тилизм) жиi кез болып отырмыз: балалар ойы күңгiрт, бағыт-
бағдарсыз, тiптi кейде ешнәрсенi ниеттемейдi де. Тәрбиеңiздегi
балаларды қалыпты адамилық ниеттер жолына түсiруге
тырысыңыз, олардың күңгiрт ұмтылыстарын iскерлiк, өмiрлiк
қажеттермен ұштастырып, әр қадамнан пайда табуға (прагма-
тизм) баулаңыз, сонда ғана бала өз күш-қуатын бiрiктiрiп, бел-
гiлi арнада жұмсауға ынталанады.
Достарыңызбен бөлісу: