168
басынан өткiзiп, өз қолымен ұстап көрiп, өз таңдауымен са-
раптауы тиiс. “Қажетсiз қосалқыларды” тәрбиеге, оқуға, өзiндiк
жетiлуге ынталандырудың пәрмендi құралына айналдырудың
жолдары көп. Солардың бiрi – балалардың жарқын бейнеге,
әсем формаға бейiм болатынында. Адам ақыл-есі әрдайым
нақты ниеттермен байланысты, осыдан оқушы әсемдiкке,
сұлулыққа, тамаша көрiнiске құштар келедi. Сондықтан, фор-
мадан – мазмұнға, көңіл-күйден – парасатты қисындылыққа
өтудi мiндетіңiзге алыңыз: сонда ғана оқушыны қызықтырудың
аса мәндi тәсiлi сiздің қолыңызда болады.
Әңгімелеріңiз балаларды қызықтырған заттар
төңірегiнде болсын.
Әрдайым өз iсіңiздi осыдан бастаңыз.
Балалардың әуес болған iстерiне, олардың пiкiрлерi мен
бағамдарына құрметпен қараңыз. Сабақ уақытының көбiнде
оқушыларыңыздың өздерi сөйлесiн. Кейбiр заттарды өзіңiз
де түсiнбейтiніңiзден қорықпаңыз, балалардың бiр сәтке өз
“мұғалiміңiз” болуына мүмкіндiк беріңiз.
Д.Карнеги
айтқандай,
адамды әр уақыт аса қызықтыратын нәрсе өзiнің аты, есiмi,
мұның қасында дүниедегi басқа заттардың бәрi – түк те емес.
Осыдан оқушылар барша шектеулерге қарамастан, көрiнген
жерде: парталарда, дарақтарда, автобус бекеттерiнде өз ат-
тарын (лақаптарын) жазып қалдыруды қызық көредi. Осы
құштарлық қасиеттi ынталандырушы күш сипатында неге
пайдаланбасқа? Сынып тақтасында, плакаттар мен стендтерде
ерекше ұнамды iс көрсеткен балалардың атын iрi әрiптермен
жазып қойыңыз. Сонда сiз оларды өз тұлғаңызға, өз пәніңiзге
қызықтырасыз.
Достарыңызбен бөлісу: