Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет124/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ынталандыру ережелерi
Қандай да iстi орындауға бағыттау үшiн балаға үлкен 
әдептiлiкпен, нәзiк сезiм қоса қатынас ықпалын жасау қажет. 
Педагогикалық үдерiсте тұрпайы бұйрық, ашық зорлау атымен 
болмағаны шарт. 
Сонымен: 
Бала тiлегiн арқау етіңiз. 
Бала ненi қалайды? – мұғалiм 
үшiн басты сұрақ. Әңгіме мұғалiмнің не қалауында емес, баланың 
ниетiнде. Оның қалауын күштеп бұзып, қайта жасаудың қажетi 
шамалы: ол өз ниеттерiмен айыпты емес. Ұлы Коменскийдің 
табиғи сәйкестiк принципiн
еске түсiріңiз – барша iс оқушы 
табиғатымен сәйкес болуы мiндеттi. Сондықтан, егер бала 


167
тiлегi мен ниеттерi педагогикалық мақсаттарға сай келмесе
оның ұмтылыстарына қажеттi өзгерiстер енгiзiп, дұрыс бағыт 
беруге тырысыңыз. 
Салыстырыңыз, үлгi-өрнек беріңiз. 
А.П.Чеховтың “Үйде” 
әңгімесiнде шылым шегуге әдеттенген кiшкене бала жөнiнде 
сөз етiлген. Бұл бала ата-анасының айтқандарының бiрде-
бiрiн тыңдамай, құлақ асуды қойған. Ал әкесi бiрде бақытты 
принцтің шылым шегуден сырқаттанып, өлгенiн, содан бүкiл 
оның патшалығының күйрегенi жөнiнде ертек айтып бергеннен 
соң, бала кенеттен “ешқашанда мұндай жаман әдетпен айна-
лыспайтынын” айтып, шылым шегудi мүлде қойып кеткен. 
Өз оқушыңызды барынша құштарлықпен бiр нәрсенi 
ниеттеуге ойыстырыңыз. 
Мейлi, бұл ниеттер алғашқыда 
сiздің педагогикалық пiкiрлеріңiзге сәйкес болмай-ақ қойсын. 
Бастысы, олардың пайда болып, сiзге таяныш беруiнде. Бүгiнгi 
күнде бiз балалардың келеңсiз бейтараптылығына (инфан-
тилизм) жиi кез болып отырмыз: балалар ойы күңгiрт, бағыт-
бағдарсыз, тiптi кейде ешнәрсенi ниеттемейдi де. Тәрбиеңiздегi 
балаларды қалыпты адамилық ниеттер жолына түсiруге 
тырысыңыз, олардың күңгiрт ұмтылыстарын iскерлiк, өмiрлiк 
қажеттермен ұштастырып, әр қадамнан пайда табуға (прагма-
тизм) баулаңыз, сонда ғана бала өз күш-қуатын бiрiктiрiп, бел-
гiлi арнада жұмсауға ынталанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет