Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Жетiстiктердi бағалау және алдағы мiндеттер-



Pdf көрінісі
бет120/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жетiстiктердi бағалау және алдағы мiндеттер-
дi жоспарлау.
Жұмыстардың орындалу соңынан олардың 
қорытындысын шығарып, болған өзгерiстердi талдауға 
салу - қажеттi iс. Мұнда көрiнетiн аса мәндi көрсеткiштер 
– бұл оқушылардың нақты әрекет қылықтары, оқуға деген 
қатынастарының өзгерiске келуi. Сеп-түрткілердi қалыптастыру 
бойынша жүргізілетін iстердің барысы мен нәтижесiн арнайы 
картада өрнектеп барған жөн. Мұнда бастапқы деңгей және 
соңғы өзгерiстер мiндеттi түрде белгiленедi. Назар аудара-
тын сеп-түрткі көрсеткiштерi: 1) оқуға деген қатынас (оқуды 
қалайынша пайымдайды); 2) мақсаттар (оқушының алдына 
қоятындары және iске асыратындары); 3) нақты себептер (не 
үшiн оқып жатырмын?); 4) көңіл-күй (оқушы толғаныстары); 5) 
оқу ептiлiктерi; 6) сауаттылық деңгейi (қандай жетiстiктер қолға 
кiрдi); 7) оқуға қабiлеттiлiк (ашылуы тиiс мүмкіндiктерi, қолға 
ендiрілуi мүмкін табыстары).
Сеп-түрткілердi зерттеу үшiн кең қолданылатын әдістер 
түрі – бақылау, анкеттеу, әңгімелесу, эксперттi бағалау. Экс-
перттi баға жүргізудің мәнi – арнайы эксперттiк әдістемелер 
және арнайы шақырылған мұғалiмдер немесе басқа мамандар 
жәрдемiмен жеке-дара қолданылатын сеп-түрткілердi зерт-
теу және ұйымдастыру. Кiшi жастағы балалардың толыққанды 
оқу сеп-түрткілерiн қалыптастыру үшiн келесi 
шарттарды
қамтамасыз ету қажет: 
– оқу мазмұнын тұлғаға бағытталған қызықты материалдар-
мен байыту; 
– барша оқушыларға (дарынды, төмен, селқос) бiрдей iз-
гiлiктi қатынас жасау;
– оқушылардың танымдық ниеттерi мен қажеттерiн қам-та-
масыз ету;
– балалар арасында қызғылықты қарым-қатынастар ұйым-
дастыру;
– ақылды сезiммен толықтыра түсу;
– зерделiлiктi дамыту;
– өз мүмкіндiктерiн белсендi және шынайы бағалауға 
үйрету;


162
– өзiндiк даму және жетiлу ұмтылысына қолдау беру;
– бала ынтасын барынша қолдап-қуаттау;
– оқу еңбегiне жауапкерлi қатынас тәрбиелеу.
Жақсы мұғалiм – бұл сеп-түрткілер оятудың шеберi. Сеп-
түрткілер қажеттi деңгейде болу үшiн мұғалiмнің мiндеттi iске 
қосатын әрекеттерi: 1) барша балалар арасында қалыпты 
қатынастар түзу әрі ұстану; 2) қиыншылық туа қалған жағдайда 
балаларға қолдау беру; 3) ұнамды керi байланысты үзбеу; 4) 
оқуды әртүрлі әдістермен жүргізуге тырысу; 5) оқушыларды 
қарқынды таным еңбегiне табандылық көрсетуге бағыттап, 
олардың ерiк күшi мен мақсат-мiндеттерiн тұрақтандыру
6) жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындағаны үшiн 
мадақтап отыру; 7) мақсат, мiндет қоя бiлу, орындау формала-
рын айқындау және өзiндiк жұмыстарды бағалауға үйрету; 8) 
борыш сезiмiн және жауапкершiлiк қалыптастыру; 9) ең алды-
мен өзіне талап қоя бiлуге үйрету.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, балалардың iскерлiгi 
сеп-түрткілерге ықпал жасайды. Егер шаршап-шалдығудың 
алдын алып, 3 минутқа жақын дене шынықтыру iркiлiсi енгiзiл-
се немесе оқу материалын ұсыну формасы өзгертiлсе, оқу 
тиiмдiлiгi арта түседi. 
Барша тiршiлiктің күн нұрын қажетсiнгенiндей, сеп-
түрткілердің де дамуына қозғау салатын орта мен педагогикалық 
тәсiлдер жүйесi арқылы берiлетiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет