Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет121/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

мақсатты бағытталған 
ықпалдар. 
Сеп-түрткілердi зерттеу мен оларды дамытуда пай-
да тигiзер 
кеңестер
арасынан келесiлерiн ұсынар едiк.
• Балалар үлкен 
әуесқойлығымен
ерекшеленедi. Олар 
жаңа және белгiсiз жағдайларға аса қызықсынады. Егер 
оқушыларға бұрыннан белгiлi материалдарды ұсынатын 
болсақ, олардың зейiнi төмендеу болады. Ал, егер оқу мате-
риалында жаңа ақпарат аз немесе тiптi болмаса, әуесқойлық 
мүлде жоғалады. Оқушының сабақпен iсi болмай, өз бетiн-
ше алаңдап, қажетсiз iстермен шұғылдана бастайды, яғни 
“қозғалысты жайсыздық” құбылысы белең ала бастайды. 
Сондықтан, педагогтар 
“әуесқойлық әсерiн”
есте ұстап, оны 
басқаруды үйренуi қажет. 
• Егер оқушылар өтiлген сабақтардағы бiлiмдер қорынан
“қолға ұстар” ештеңе таппаған
жағдайда да, оқу


163
үдерiсiндегi жайсыздықтар белгi бередi. Бұл жөнiнде 
Л.С.Выготский былай жазады: “…қандай да бiр зат бiздi 
қызықтыру үшiн ол бiзге қызықты немесе қандай да бiр та-
ныс нәрсемен байланысты болуы керек, сонымен бiрге ол 
iс-әрекеттің қандай да жаңа формаларымен ұштасқан болуы 
тиiс, егер олай болмаса, нәтиже күтудің қажетi жоқ. Түбегейлi 
жаңа зат та, сондай-ақ әбден таныс көне зат та бiздi ешқандай 
бiр құбылысқа немесе нысанға қызықтыра алмайды. Осыдан 
көзделген зат не құбылысты баламен тiкелей байланысқа кел-
тiрiп, оларды игерудi баланың өз мiндетiне тапсыру қажет, сон-
да ғана жұмыстың табысты болатынына көзiмiз жетедi. Бала 
қызығуы арқылы оның жаңа қызығуларына өту – басты ере-
же”. 
• Жұмбақтау әсерiн пайдаланыңыз.
Оқушылар әдетте то-
сын тапсырмаларға әуес. Олар үлкен қызығушылықпен жұмбақ, 
сөз жұмбақ, викториналар шешуге құштар. Балалар бұлардың 
шешiмдерiн беремiн деп жүріп, көп ой қарама-қарсылықтарына 
кезiгедi. Содан өздерiн қоршаған дүниенi түсiнуге және реттес-
тiруге тырысады. Қайшылықтарға тап болған шақта, оларға 
түсiнiк беруге ұмтылады. Егер өз сабағыңыздың желiсiне осын-
дай жұмбақ қайшылықтарын енгiзе алсаңыз, балаларда оқуға 
деген ынта оятқаныңыз. 
• Сеп-түрткілердің жоғарыда қарастырылған тәсiлдерi
егер оқушылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет