Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет129/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Талап қоюмен ынталандыру.
Кейде “қажет, керек”
деуден тартынбаңыз. Бұл ынталандыру жолы бiздің мек-
тебiмiзде көп жылдар бойы қолданылып, жалықтырса да, 
оның мүмкіндiктерi әлi де толық танылған жоқ. Тек қана бұл 
талаптың жеке тұлғалық мәнiн күшейте түсіңiз: “Саған керек, 
Асан! Сен ерсің ғой!”. Оқушы қандай да кедергiнi жеңе тұрып, 
өзiн ересек, ер адам сипатында көрсете бiлгенiнен қанағаттану 
ләззатына бөленуi қажет. Сонымен бiрге iстің нәтижелi бiткенi-
не қуанып, оны мақтаныш ете бiлуi тиiс. Бұл “керек” талабына 
мiндеттi қосымшалар. 
Жалған “шектеулердi” пайдаланыңыз. 
Бала деген 
қырсық келедi. Қолынан келсе, бар нәрсенi айтқандай емес, 
керiсiнше iстеуге құмар. Осыдан, кейбiр жұмыстарды орында-
уда оларды жылдам әрi сапалы ақырына жеткiзудi ойласты-
рып, “шектеу” (запрет) тәсiлiн пайдалануға кеңес берер едiк. 
Жағдайларды бағалай бiлу, әрi пайдалану ептiлiктерiн жұмыс 
сапасын басқарудың әрқилы тәсiлдерi қатарына қосуға бола-
ды. Басқарым деңгейiн жоғарлату үшiн бала ықылас-ниетiнің ең 
жоғары нүктесiнде оның “тiзгiнiн” тартыңқырап, алған жұмысын 
одан да тәуiрiрек орындату үшiн бала ұмтылысына шектеу 


172
салыңыз, бұл оқушыда көптеген ұнамды сапа-қасиеттердің 
өрiстеуiне себепшi болады. 
Оқушыға үмiт мүмкіндiгiн
(шанс) 
беріңiз
. Балаға сен 
ақымақсың, сенің ештеңеге қабiлетің жоқ, iстегеніңнің бәрi керi 
кеткен деп ескерту беретiн болсаңыз, онда бiр болашақтан
айырлғаныңыз: алдыңыздағы оқушының барша өзiн-өзi жетiлдi-
ру ынтасының жұталанғанының куәсi боласыз. Ал ендi қарама-
қарсы әдістi пайдаланыңыз. Оқушы үшiн мақтау-мадаққа жо-
март болыңыз: баланы алдында тұрған iстің ешбiр қиындығы 
жоқтығына иландырыңыз. Оның қабiлетiне, табысқа жету жо-
лында ол тырысып, қам жасайтынына сенетiніңiздi көрсете 
бiліңiз. 
“Сенің қолыңнан келедi, сен табысқа жетесің” кеңестің мәнi 
сан қырлы. Америка мектептерiнде психологтар қолданған 
“жалған” нәтижелер тәсiлi кең таралған. Зерттеушiлер сы-
нып балалары мен мұғалiмге ең төмен деп есептелiнген бiр-
неше оқушының жоғары балл алғанын жариялаған. Нәтиже 
күтiлгенiнен артық болды: аталған оқушылар өз үлгерiмiн бiр-
шама жоғарылатып, жыл аяғындағы қорытынды тестiлеуде 
сыныптың беделдi тобына қосылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет