173
iске қосыңыз: “Мен, немене, басқадан кеммiн бе!” деп шәкiртіңiз
ұран салатын болсын.
Оқушы табыстарын көрсете бiліңiз.
Ұқыпты оқу iстерiне
ынталандырудың маңызды бiр әдісi – нақты оқушының сынып-
тастарымен салыстырғанда жоғары табысты болғаны жөнiндегi
шынайы ақпарат берiп тұру. Мұндайда қолданатын шара
В.Шаталов ұсынған ашық рейтинг немесе “
жарқын болашақ
жүйесi”
тәсiлдерiн пайдалану. Бұл тәсiлдердi пайдаланған пе-
дагогтар оқу үлгерiмiнде үлкен табыстарға жеткен. Мұның се-
бебi – балалардың көбi өздерi жөнiнде ұнамды әңгіме естігендi
тәуiр көредi: қандай да уақыт аралығында айтылған жылы сөз,
“үлгерiм экраны”, жарияланған рейтинг балада сенiм тудырып,
оны өзiндiк қанағаттануға келтiредi. Бұл арада маңызды бола-
тыны мұғалiмнің мақтауы ғана емес, одан бастау алып тұрған
ұнамды қолдау-қуаттау. Әрбiр сәтте өздерiнің қаншалықты
iлгерілегенiн, қай дәрежеде бiлiм деңгейiнің көтерiлгенiн бiлiп
тұру – әр балаға тән қасиет. Ақпарат оқушыға дер мезетiнде
жеткiзiлгенi жөн. Сәрсенбi күнi өткiзiлген бақылау жұмысының
нәтижесi бейсенбi күнi оқушыға жетсе – бұл дұрыс. Ал, егер
мұндай нәтиже бiр айдан соң хабарланса, оның түкке де пай-
дасы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: