Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет145/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ғылымилық принципі
Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруiне ғылым 
тарапынан анықталған бiлiмдердi ұсыну. Бастапқы мектеп-
тiк бiлiмденудің де мiндетi осы ғылыми бiлiмдердi игерту-
ге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп 
бiлiмiнің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерiн 
қатаң ұстануына; мұғалiмдердің мазмұнды толық iске асыра 
алуына тәуелдi; қабылданған бiлiмдердің ғылымдық сипаты 
оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән 
аралық байланыстарда iске асып барады. Озат дидактикалық 
жүйелер, тәжірибелер бұл принциптi жүзеге келтiретiн бiрнеше 
ережелердi ашып көрсеткен: 
– Оқуды педагогика, психология, әдістеме, педагогикалық 
тәжiрибенің жаңа жетiстiктерi негiзiнде жүргізіңiз. Оқу желісі-
не педагогикалық еңбектi ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың 
соңғы тәсiлдерiн ендiріңiз.
– Бастапқы оқу дидактикасы мен психологияның соңғы 
жаңалықтарын ескерумен индуктивтi оқыту логикасын ғана 
емес, сондай-ақ дедуктивтi оқу әдісiн де орынды пайдаланыңыз, 


197
бастауыш мектепте дерексiзденген (абстракция) түсiнiктердi 
қолданудан тартынбаңыз, себебi бұл нақты құбылыстардың 
тереңдегi мән-мағынасын түсiнуге жәрдемiн бередi. Бiрақ мек-
теп курсы шеңберiнде толық түсiнiк берiлмеген абстракция-
ларды қолданудан аулақ болыңыз. 
– Әрқандай жаңа енгiзiлген ғылыми ұғымды, түсiнiктi 
жүйелi қайталап отырыңыз, пәндi оқыту барысында қолданып, 
пайдаланыңыз, себебi жаттықтырылмаған бiлiмдер тез 
ұмытылады.
– Ғылыми таным әдісiн пайдаланумен, оқушылардың ой-
лау қабiлетiн дамытыңыз, балаларды iзденiс, шығармашыл 
жұмыстарға қосып отырыңыз. 
– Жаңа идеялар қабылдауды бiр сәттiк мiндет деп бiлмеңiз 
- әрбiр құбылысты жаңадан түзiлiп жатқан жан-жақты байла-
ныстары және қатынастары аумағында қарастыра, талдаңыз.
– Оқушыларды атақты ғалымдардың өмiрбаяндарымен 
таныстыру мүмкіндiктерiн естен шығармаңыз, олар енгiзген 
ғылым жаңалықтарын шәкiрттеріңiзге кең жария етіңiз.
– Жаңа ғылыми терминологияны қолданыңыз, ескiрген 
терминдерден сақ болыңыз, ең соңғы ғылыми жетiстiктерден 
хабарыңыз болсын.
– Ғылыми ақпарат ағымының күннен-күнге артуына 
байланысты басты назарды өзектi мәселелерге аударатын 
болыңыз, оқушыларға жаңа жетiстiктердің негiзгi идеяларын 
ашып, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйретіңiз, жаңа 
мәселелердi ұжым болып талқылауды қолдап-қуаттаңыз.
– Балалардың зерттеу-ізденіс оқу жұмыстарына қолдау 
көрсетіңiз. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, 
ғылыми-тәжiрибе жұмыстарының негiздерiмен таныстырыңыз, 
шығармашылықты қажет еткен мәселелердi шешуде ал-
горитмдердi пайдалануға жаттықтырыңыз. Мәселелермен 
айналысудың сензитивтiк (жас сатысы) кезеңдерiн есіңiзде 
ұстаңыз. 
– Танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, 
қанағат табу сезiмдерiне бөленуге мүмкіндiк беріңiз. 
– Қате ұғымдардың себебi болар бiртектi және жалған 
сөздерден сақтаныңыз. Әсiресе мектептің бастауыш және 
орта сатысында мұғалiм ақпараттарына оқушының қисынсыз, 


198
өзiнше қате түсiнiктеме беруiне жол қоймаңыз. Әлбетте, 
бұл бала қиялын, ой өткiрлiгiн дамытуға шек қоюдан емес. 
Әрқандай маңызды нәрсенi жол жөнекей, қара дүрсiн талқыға 
салмай, ғылыми тұрғыдан сараптау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет