2. Конкурс мақсаты мен міндеттері
2.1. Конкурс мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық
сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи
педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
2.2. Конкурс міндеттері:
- педагог мәртебесін нығайтуға және кәсіби құзыреттілігін арттыруға жәрдемдесу;
- заманауи педагогикалық тәжірибені тарату және пәнаралық негізде білім
алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы педагогтердің өзара
қарым-қатынас аясында үздік тәжірибелерінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
- ҚР виртуалды білім беру кеңістігінде үздік бейне ресурс қорын толықтыру.
3.
Конкурс бағыттары
- Ерте сауаттылық (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту)
- Оқу сауаттылығы
- Математикалық сауаттылық
- Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
- Цифрлық сауаттылық
- Медиа-ақпараттық сауаттылық
- Қаржылық сауаттылық
- Экологиялық сауаттылық
- Денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық)
- Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық
- Мәдениетаралық сауаттылық
- Азаматтық-құқықтық сауаттылық
Жоғарыда көрсетілген Конкурс бағыттары және түсіндірмелері 2-қосымшада
ұсынылған, және олар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығына сәйкес
өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін.
4. Конкурстың жұмыс тілдері
4.1. Қазақ, орыс, ағылшын
4.1.1. Ағылшын тілінде ұсынылған жұмыстар үшін ағылшын тілді сарапшылардан
тұратын жеке комиссия құрылады.
5. Бейнематериалдың мазмұны мен түрі
Бейнематериалда авторлық педагогикалық идея, яғни қысқаша тұжырымдалған ой
болуы керек, ол жалпы пәнаралық негізде білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту саласында кәсіби педагогикалық тәжірибенің белгілі бір
инновациялық мәнін белгілейді.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласындағы күрделі
мәселенің шешімін көрсететін идеяны визуалдау мынадай түрлерде ұсынылуы мүмкін:
-
Достарыңызбен бөлісу: |