Және өткізу туралы» 2024 жылғы


Конкурсқа қатысу ережелері



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата12.09.2024
өлшемі1 Mb.
#204200
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Конкурс ережесі 2024 Күнтізбелік жоспар каз 12.04.2024

Конкурсқа қатысу ережелері
6.1. Конкурсқа 12 бағыт бойынша (3-тармақ) ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі
мен нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. 
6.2. Конкурсқа педагогтер жеке де, авторлық топтарда да қатысуға құқылы (топтағы
қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс).
6.3. Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір
педагог бір бағытқа қатысу үшін өтінім беруге және бір бейнематериал ұсынуға құқылы.
6.4. Әрбір бейнематериалға конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру қажет (3-
қосымша). Қатысушылар конкурстық материалды өздерінің бұлтты қоймасына жүктейді
және конкурсқа қатысу өтінімін толтыру кезінде осы файлға жұмыс сілтемесін көрсетеді.
6.5. Конкурсқа бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет
желісінде орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі. Жұмыстарда үшінші
тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзуға қабілетті және/немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келетін бейне ақпарат пен аудио контент болмауы
тиіс.
6.6. Авторлық құқықтар.
Қатысушы Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған бейне және аудиоматериалдарды кез
келген нысанда және кез келген тәсілмен пайдалануға жеке мүліктік емес және мүліктік
(айрықша) авторлық құқықтарын иеленетіні жайында кепілдік береді. Конкурсқа
қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық (сабақтас) құқықтарын бұзғаны үшін жауапты
болады.
Қатысушы ұсынған және Конкурста пайдаланылған зияткерлік қызмет нәтижелеріне
айрықша құқықтарды бұзуға байланысты үшінші тұлғалардың талаптарын Конкурсқа
қатысушы өз бетінше және өз қаражаты есебінен шешуге міндеттенеді.
Конкурсқа өз жұмысын жібере отырып, автор автоматты түрде Конкурс
ұйымдастырушыларына қалауы бойынша ұсынылған материалды шектеусіз мерзімге тегін
(сыйақы төлемей) пайдалануға шартсыз құқық береді, соның ішінде (бірақ онымен
шектелмей) Конкурсқа қатысқан бейнежазбаны көпшілікке таратуға, сонымен бірге
Интернетте, телебағдарламаларда орналастыруға, оны шығармашылық жобаларға,
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға енгізуге, одан әрі тираждау, шығармашылық
өңдеуді жүзеге асыруға және т.б. құқықтар. Ұсынылған жұмыстар (видеолар)
рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысу арқылы қатысушы Конкурс ұйымдастырушыларына өзінің жеке
деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжай, сурет (фотосуреттер),
жұмыс орны туралы мәліметтер) пайдалануға және өңдеуге келісімін береді. 
Конкурстың барлық қатысушылары өздерінің атын, тегін, әкесінің атын және
суретін (фотосуретін) Конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында, сондай-ақ
№ 79 от 04.04.2024


баспа басылымдарында, радио және теледидар хабарларында, интернет, БАҚ-та және т.б.
ақпаратты жаппай тарату құралдарында, соның ішінде YouTube, Facebook (шектеусіз)
жариялауға келісімін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет