9.
Конкурс жұмыстарын бағалау критерийлері
9.1.
Өзектілігі:
қазіргі білім беру мәселелерін шешуде таңдалған бағыт шеңберіндегі
педагогикалық идеяның маңыздылық дәрежесі.
9.2.
Дәлелділік:
өзінің педагогикалық практикасында қолданатын педагогикалық
ереже, тұжырымдама немесе технологияларға сілтеме жасай отырып, педагогтың өз
идеясын дәлелді түрде ұсыну; білім алушылардың ерте/ функционалдық сауаттылығын
дамытуда идеяны ашудың толықтығы; сюжеттік желіні құру логикасын сақтау.
9.3.
Пәнаралық интеграция:
алуан түрлі іс-әрекеттердің түрлері арқылы әртүрлі
пәндер шеңберінде сауаттылықтың белгілі бір түрін дамыту тәжірибесін көрсету.
9.4.
Әдістемелік құндылық:
бейнематериалдың мазмұны мәлімделген педагогикалық
идеяға сәйкес келеді, ұсынылған тәсілді болашақта басқа педагогтар қолдана алады.
9.5.
Инновациялылық
: педагогикалық идеяны жүзеге асырудың өзіндік тәсілі
ұсынылған.
9.6.
Сөйлеу мәдениеті және шешендік шеберлік:
тіл мәдениеті сақталады
(әсерліліктің тілдік және тілдік емес құралдарын қолдану, сөйлеудің фонетикалық
ұйымдастырылуы, екпіннің дұрыстығы, нақты дикция, арнайы терминология мен
белгілерді қолданудың дұрыстығы, тыңдаушыны қызықтыру қабілеті);
9.7.
Аудио/ бейне қатарын беру сапасы:
-
көрнекі қатардың сапасы:
кескін айқындылығы, камера «дірілдеуінің» болмауы,
жарықтандырудың біркелкілігі, түсірілімнің панорамалылығы, кадрда бөгде заттардың
болмауы. Бейнені монтаждау үшін қолжетімді кез-келген бағдарламалық жасақтаманы
пайдалануға болады (бейнеде су белгісі болмау керек);
-
дауыстық сүйемелдеудің сапасы:
дыбыстың анықтығы, дыбыс көлемінің
ауытқуының болмауы, шу кедергісінің болмауы, жаңғырықтың болмауы.
Жоғарыда аталған критерийлердің әрқайсысы бойынша 0, 1 немесе 2 балл беріледі
(0 балл – бағалау критерийі көрсетілмеген; 1 балл – бағалау критерийі ішінара көрсетілген;
2 балл – бағалау критерийі толық көрсетілген).
Достарыңызбен бөлісу: |