Және өткізу туралы» 2024 жылғы


Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата12.09.2024
өлшемі1 Mb.
#204200
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Конкурс ережесі 2024 Күнтізбелік жоспар каз 12.04.2024

7. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7.1.
Конкурс кезеңдері:
7.1.1. 
Өңірлік кезең

7.1.1.1. Конкурс қатысушыларын тіркеу және бейнематериалдарға сілтемесі бар
өтінімдерді қабылдау; 
7.1.1.2.
 
Материалдарды бағалауы; 
7.1.1.3. Конкурстың өңірлік кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау.
7.1.2. 
Республикалық кезең

7.1.2.1. Конкурстың республикалық кезеңіне 12 номинация бойынша конкурстық
жұмыстардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;
7.1.2.2. Конкурстың республикалық кезеңі сарапшыларының материалдарды
бағалауы;
7.1.2.3. Конкурстың республикалық кезеңі нәтижелерін хабарлау;
7.1.2.4. Конкурстың республикалық кезеңі жүлдегердерін марапаттау.
Конкурсты өткізу мерзімі Күнтізбелік жоспарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма
Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
7.2. Конкурсқа дайындық және өткізу кезеңдері
Конкурс үш кезеңде өтеді.
7.2.1. 
Дайындық кезеңіне
келесі іс-шара түрлерін қамтиды:
7.2.1.1. Орталық және өңірлік ұйымдастыру комитеттерін (бұдан әрі – сәйкесінше,
Ұйымдастыру комитеті және ӨҰК) құру;
7.2.1.2. Әрбір филиалда Республикалық сараптама кеңесі мен өңірлік сараптама
кеңестерін құру;
7.2.1.3. Қажетті материалдарды дайындау (бейнематериал карточкасы, бағалау
парағы, хаттамалар, сараптама парақтары);
7.2.1.4. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша медиа-жоспар әзірлеу;
7.2.1.5. Конкурс барысы туралы ақпаратты «Өрлеу «БАҰО» АҚ және филиал
вебсайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастыру; 
7.2.1.6. Республика педагогтерінің танымал ету және Конкурсқа тарту шеңберінде
жарнамалық өнімді құру және оны тарату;
7.2.1.7. Жіберілген материалдарды жинақтау үшін бұлтты шешім жасау (әр
филиалда өз бұлты жасалады).
7.2.2. 
Өңірлік кезең
келесі іс-шара түрлерін қамтиды: 
7.2.2.1.
ӨҰК
бейнематериалдарға сілтеме жасай отырып, Конкурсқа қатысу
өтінімдерін қабылдайды және бұлтты қоймаға Конкурс материалдарын жүктеуге
жауаптыларды (IT-мамандар) анықтайды. 
7.2.2.2. IT-мамандар конкурстық материалдарды өңірлік бұлт қоймасына тиісті
бағыттар бойынша папкаларға жүктейді. Материалды жүктеу кезінде файл атауы бейне
атауымен бірдей болуы керек;
7.2.2.3. Конкурстық жұмыстарды жүктеу кезеңі аяқталғаннан кейін
ӨҰК
Өңірлік
сараптама кеңесінің жұмысын ұйымдастырады (4-қосымша);
7.2.2.4. ӨҰК бағалау критерийлері бойынша өңірлік кезең сарапшыларына нұсқама
жүргізеді және сарапшыларға бұлтты қоймаға кіруге мүмкіндік береді;
7.2.2.5. Өңірлік сараптама кеңесі критерийлерге сәйкес конкурстық жұмыстарды
бағалауды жүзеге асырады, бағалау парақтарын толтырады және әрбір бағыт бойынша
өңірлік кезеңнің жүлдегердерін айқындайды;
7.2.2.6. ӨҰК республикалық кезеңге қатысу үшін әр бағыт бойынша
жеңімпаздардың (бірінші орын алған қатысушылар) жұмыстарын іріктейді (5-қосымша)
№ 79 от 04.04.2024


және Өңірлік сараптама кеңесінің бағалау парақтарын Ұйымдастыру комитетінің
поштасына (электронды түрде (Microsoft Excel пішімінде) және ӨҰК Төрағасының
қойылған қолымен (PDF пішімінде) жібереді;
7.2.2.7. ӨҰК өңірлік кезең жеңімпаздарының карточкалары (6-қосымша) мен
бейнематериалдарын қалыптастырып, YouTube арнасына жүктеу үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ
Орталық аппаратына жібереді. 
7.2.2.8. Ұйымдастыру комитеті өңірлік кезең жеңімпаздарының материалдарын
жүктеуді жүзеге асырады;
7.2.2.9. ӨҰК өңірлік кезең қорытындысын шығаруды ұйымдастырады, марапаттау
құжаттарын дайындайды және марапаттау құжаттарын тапсыра отырып, өңірлік кезең
жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді.
7.2.3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет