131
тұлғаның да үздіксіз дамуының кепілдігі болып та
-
былады, себебі олардың
мәнінің бекітілуі немесе терістелуі арқылы ғылыми нәтижелерді өндіру
үдерісінде және оларды бағалау мен қайта бағалауда рефлексия жүріп
жатады. Ғылымның мәдени мәні зерттеу
-
шілік ізденістің этикалық және
құндылық толыққандылығын, ғылыми жаңалықтың салдары үшін әлеуметтік
жауапкершілік, ғалымның адам
-
гершілік көзқарасын, ғылыми ұжымда
жоғары адамгершілік ахуалды талап етеді.
Педагогикалық ізденістер
нәтижесі білім беруді дамыту жоспа
-
рын
жасақтауға пайдаланылатын, ақыл
-
ой және руханият қоғамының
қалыптасуын қамтамасыз ететін
әлеуметтік қызметін атқаруға мін
-
детті.
Ғылыми
дидактикалық жұмыстың табысты болуы үшін зерт
-
теушіге
постклассикалық емес әлемнің ғылыми бейнесін сезіну өте маңызды. Ол
бірден талдаудың үш аймағын уақыт жағынан дәл сәйкес келтіреді: а)
тарихи; ә) сыни
-
рефлексивті; б) теориялық. Бұл дидак
-
тикалық ақиқатты
зерделеу және ұсыныстарды жасақтау кезінде ғылыми және ғылымнан тыс
факторлардың өзара қарым
-
қатынасын, синергетикалық көзқарасын, жаңа
ғылыми
-
педагогикалық парадигма
-
ны негізге алуға мүмкіндік жасайды.
Ғылымның мұраты мен нор
-
малары ол үшін реттеуші ұстаным ретінде
қызмет етеді. Олар мақсат, зерттеу әрекетінің логикасын анықтайды және
нақты
-
тарихи сипатта болады.
Ғылыми
зерттеудің белгілі бір
кезеңге сәйкес мойындалған идеалдары
мен нормалары ғалымдардың байланыстарына, ғылыми
-
зерттеу жұмыстарын
жүргізуде
және оларды рәсімдеуде
өзіндік із қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: