64
ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек.
Ынтаны
оятудан кейін сол іс
-
әрекет маз
-
мұнын
қызықты етіп көрсете алу,
күрделілгін бағалау, оқушылар
үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу
маңызды. Сонымен қатар іс
-
әрекет нәтижесі
бойынша кері байланыс жүргізу,
барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы
дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің
өткізетін іс
-
шараларына қатысу,
өткізуге көмектесу, тренингтер мен
коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен
жарыстар, көр
-
мелер,
дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу
арқылы мұ
-
ғалім
ұйымдастырушылық
іскеріліктерін дамыта алады.
5.3.
Педагогикалық рефлексия - өзін-өзі тәрбиелеу негізі.
Әр
болашақ маманның кәсіби дамуында оның өзіндік ой
-
толғаныстары, өмірлік
мақсаттарын болжай алуы сияқты сапалар маңызды рөл ат
-
қарады
.
Адамның
«Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабыл
-
дайды?», «Мен өз
қабілеттерімді толық аша алдым ба?»
деген сұрақ
-
тарға жауап іздеуі
рефлексиялық үдеріс болып табылады.
Рефлексия
(лат. сөзінен аударғанда
reflexio –
өткенге сүйену, артқа көз жүгірту)
–
толғану, өзін
-
өзі байқау, өзін
-
өзі тану, өзін
-
өзі бағалау.
Сондықтан адамның өзін
-
өзі түсінуі, өзін
басқалардың қалай қабылдайтыны жай
-
лы өзін талдап бағалауы
рефлексия
деп аталады.
Рефлексия
-
адамды, оның шеберлігін, ішкі қабілеттерін дамы
-
тудың
маңызды шарттарының бірі.
Рефлексияның мәні
–
адамның өзі
-
нің білімін,
біліктілігін, қабілеттерін, қарым
-
қатынас дағдыларын анықтап, бағалай алуы.
Әр болашақ маманның саналы түрде өзінің кәсіби маңызды қасиеттерін,
білім, біліктерін
қорытындылауы рефлек
-
сия нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Осының бәрі бір күндік іс
-
әрекет емес, оған көп уақыт, үздіксіз жүйелі
ізденіс қажет. Сондықтан қазіргі таңда әр маманның кәсіби тұрғыдан өзін
-
өзі
тануында рефлексиялық мәдениеттің қалыптасуы өзектене түсуде.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан маман өзінің тұлғалық және
кәсіби қасиеттерін шығармашылықпен өзгерте алады.
Рефлексия өзіндік
сана, өзін
-
өзі ұйымдастыру, өзін
-
өзі талдау, өзін
-
өзі бағалау сияқты кәсіби
мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық
дағдылар адамның өзіндік
басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (та
-
нымдық, білімдік,
қарым
-
қатынастық)
нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін
арттыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: