Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет77/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

5.4
 

Өздігінен білім алу - қазіргі заман жағдайында мұғалім-нің 
кәсіби іс-әрекетінің нормасы.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі 

өскелең 
ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл 
тұлға ретінде қалыптастырып шығару. Осындай жауапты міндеттерді сапалы 
деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. 
Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезін
-
де жинақтаған білімдері бір қалыпта
сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де 
жаңарып, толықтыры
-
лып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық 
дамуына байланыс
-
ты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары 
туындап отырады. 
Мұғалімнің
кәсіби жетілуі үздіксіз үдеріске
айналуы тиіс. Оның кәсіби 
жетілуінің негізгі факторларының бірі 

өздігінен білім алу
үрдісі. Өздігінен 
білім алу 
– 
мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім 
беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына 
сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу 
мекемесінде ғана қаруланбайды, білім 

үлкен құндылық, оны өмір бойы
толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып 
отырмаса, ол кәсіби іс
-
әрекетке де жарамсыз болып қалады.
Өздігінен білім алу үдерісінің өзектену себептері: 
-
ақпараттық қоғамның әр тұлғаның дүниетанымына үлкен әсер етуі;
-
қазіргі
қоғамда коммуникациялық қатынастардың, ақпарат
-
тармен 
алмасу үрдісінің жылдамдығы;
-
табиғи ресурстарға қарағанда
білім ресурсының шексізденуі;
-
ауқымды ақпарат ағымында негізгі білімді жүйелей алу қажеттілігі, 
-
ақпараттық технологиялар арқылы on
-
line оқыту түрлерінің жедел 
дамуы;
-
ақпараттардың жылдам өзгеруіне байланысты білімнің тез ескіріп 
қалуы
т.с.с.


67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет