Болтаева ә. М


Мәліметтерді жинау әдістері



Pdf көрінісі
бет10/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Мәліметтерді жинау әдістері: 
“L-мәліметтер” (Lіfe record data) – зерттеу мәліметтері адамның күнделікті 
өмірдегі жүріс – тұрысын тіркеу жолымен алынады.
“Q-мәліметтер” (Questіonnaіre data) – зерттеу мәліметтері жеке адамға 
сауалнама және басқа да өзіндік бағалау әдістері арқылы зерттеу жүргізу 
барысында алынады.
“T-мәліметтер” (objectіve test data) – зерттеу мәліметтері бақыланатын 
эксперименттік ситуацияларға ие объективті тесттер арқылы алынады 
(Р.Б.Кеттелл бойынша).
Зерттеу әдістері - жалпы мағынасында білімдер жүйесін негіздеу және жасау
тәсілдері болып табылады. Психологиялық зерттеулерде арнайы өңделген белгілі-
бір танымдық сұранымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын, ғылыми
негізделген әдістер ретінде математикалық-статистикалық әдістер, ақпараттарды
жинаудың эмпирикалық әдістері: сауалнама, бақылау, эксперимент т.б. кеңінен 
қолданылады.
Зерттеу әдістерін таңдау объектінің ерекшеліктерімен, зерттеу пәнімен және 
қойылған мақсаттармен шартталады. Нақты әдістерді жүзеге асыру мүмкіндігімен 
байланысты шектеулер, кейде зерттеу пәнін жаңадан анықталуына және 
мақсаттарды қайта қарауға мәжбүрлейді. Әдістер мен әдістемелерді таңдау өзара 
тығыз байланысты.
Әдістеме
– әдісті жүзеге асыру тәсілдері мен операциялар (тізбектелуі және 
өзара байланысы) жиынтығы, сонымен қатар ақпаратты талдау, өңдеу және 
жинаудың ережелері. 
Әдістеме 

бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін 
нақты тәсілдердің жиынтығы. Психологиялық зерттеу әдістемесі-эмпирикалық
мәліметтерді жинау және жүйелеу мақсатында, нақты зерттеу аймағында арнайы
әдістерді пайдалануға мүмкіндік беретін жекелеген тәсілдер жиынтығы болып 


13 
табылады. Әдістемеге қойылатын негізгі талаптар:валидтілік, сенімділік
репрезентативтілік болып табылады. 
Әдістемелерді іріктеу кезінде оның мүмкіндіктері мен шектеулерін есепке алу 
керек. Ең маңыздысы-зерттелетін сапаларының айқындалғандығы, тіркелуі, 
сенімділігі және нақтылығы бойынша іріктеу қажет. Сонымен бірге, қандай да бір 
психикалық құбылысты зерттеу және оның түсінудің тереңдігі үшін, алынған 
деректерде ол сапалық және сандық сипатта көлемді түрде ұсынылуы қажет. Бұл 
жерде пайдаланатын әдістемелердің мақсаты қандайда бір құбылысты өлшеу 
немесе бағалау сипатында көрініс береді.
Әдістеме жиынын құрастырған кезде толықтыру қағидатын басшылыққа алған 
жөн. Себебі, сапалық және сандық сипаттамалардағы деректерді субъективті және 
объективті көрсеткіштер туралы мәліметтер толықтыруы қажет. Жеке 
сыналушының нәтижелерін топтық мәліметпен салыстыруға болатыны 
әдістемелер қолайлы болады.
Әдістемелер айрықша сапалы және сандық сипаттағы деректерді алуға 
мүмкіндік беретін болса, онда ол түсіндіруді жеңілдетеді. Себебі, сапалы 
сипаттағы (проективті әдістемелер) ақпаратты жеткізетін әдістермен алынған 
нәтижелерді түсіндіру, әсіресе, нәтижелерді талдаудың алғашқы қадамдарында 
өте күрделі іс болып келеді. Әдістемелердің жүргізілуі мен оның талдануы оны 
пайдаланатын зерттеушінің кәсіби біліктілік деңгейіне де байланысты. Олай 
дейтініміз, кейде әдістемелерді кәсіби психолог қана емес арнайы даярлығы жоқ, 
яғни психолог емес мамандарда жүргізуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет