16
2 – кезең
болжам қалыптастыру. Бұл кезеңде зерттеуші жинаған және
сыни талқыланып, талданған ақпараттар негізінде болжам қалыптастырады.
3 – кезең
болжамдарды топтастыру кезеңі. Мұнда зерттеуші қалыптасқан
болжамдарды белгілі-бір жүйеге түсіріп, негізгі және қосымшаларын ажырата
білуі қажет.
Болжамдардың жіктелуі түрлі белгілер арқылы жүзеге асады.
1) зерттелетін объектіге қатысты болжамдардың мазмұнына байланысты;
сипаттаушы, түсіндіруші және прогноздық болжам болып жіктеледі.
Сипаттау болжамы
-бұл объектілердің жіктелуі (маңызды қасиеттері
бойынша), құрылымдылығы (зерттелетін объектінің жекелеген элементтері
арасындағы байланысы), функционалдығы (өзараәрекеттестік байланыстарының
тығыздығы) туралы болжамдаулар.
Түсіндіруші болжам
-зерттелетін объекті мен құбылыстардың себеп-салдарлық
тәуелділіктері туралы болжамдар. Бұл болжамдар эксперименттік тексеруді қажет
етеді.
Прогноздық болжам
- зерттелетін объектінің даму заңдылықтары мен
тенденцияларын ашып көрсетуге бағытталған болжам.
2) өңделу және негізделу дәрежесіне байланысты:
бастапқылық
және
екіншілік болжам
болып табылады. Бастапқылық болжамы- эмпирикалық
мәліметтер жиналғанға дейін қалыптасады. Егер бұл болжам жоққа шығарылса,
орнына екіншілік болжамдар ұсынылады.
Сонымен қатар психология ғылымдарында теориялық, эмпирикалық, ғылыми
және статистикалық болжамдарды бөліп шығарады.
Статистикалық болжам
- математикалық статистика түрінде параметрлер
арасында байланысты орнатады. Статистикалық болжамның бірнеше түрін
ажыратуға болады.
Екі және одан көп топтардың айырмашылығы мен ұқсастығы туралы;
Тәуелсіз айнымалылардың өзара әрекеттестігі туралы;
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың статистикалық байланысы туралы;
Латентті айнымалылардың құрылымы туралы.
Статистикалық болжамдар
Достарыңызбен бөлісу: