14
Эвристикалық (теория жаңа білімдерді білу қажет);
Тәжірибелік
Болжамдаушы
Ғылыми теория төмендегідей құрылымға ие:
фактілер
– дұрыстығы әлі дәлелденбеген объектілер
мен құбылыстар туралы
білім, яғни бастапқы эмпирикалық негіз;
дәрежелер–
ең маңыздысын білдіретін жалпы және іргелі ұғымдар, ол
шындық құбылыстарды жалпы сапасын бейнелейді;
аксиомалар
(грек.ахіота)
–сенімділік
арқасында,
логикалық
дәлелсіз
қабылданатын шынайы қағидалар;
постулаттар (лат.postulatum)– пайымдаулар, олардың дұрыстығы дәлелденбесе
де, ғылыми теория оны шынайы деп қабылдайды;
қағидалар (лат.principium)
–адамзаттың тәжірибесінің
субъективті ұғымы
бойынша пайда болған түрлі теориялардың жайы, оқулары, ғылымы мен
дүниетанымы;
ұғымдар
– қандай да белгілер бойынша заттарды ерекшелендіріп жалпылайтын
ойлау формасы. Ол заттардың өзіндік қасиеттерін (жалпы, нақты,
абстрактілі,
абсолютті, салыстармалы, жеке т.б.) анықтайды;
пайымдаулар
(пікір)
– бірнеше ұғымдар арқылы қалыптасатын нақты құбылыс
не объекті туралы ойлау формасы (бекітілген, жалпы, нақты, шартты, жалған,
ақиқат т.с.с.). Мұнда ойдың қателікке, шынайылыққа
және мазмұнына деген
қатынасы бейнеленген;
ой қорытындысы–
бірнеше пайымдаулардың негізінде қалыптасатын ойлау
формасы, оның нәтижесінде жаңа пайымдау пайда болады;
заңдар
– құбылыстар арасындағы қажетті
және маңызды қарым-қатынас
бірлігі. Ол жалпы байланысты бейнелей отырып, объективті сипатқа ие.
Осылайша,
ғылыми теория
– өз кезегінде тәжірибені қорытындылайды. Ол
арқылы маңызды идеялар, көзқарастар мен логикалық қағидалар жүйесі
қалыптасады және ұғымдары арасындағы байланыстар негізінде ойлау, табиғат,
қоғам туралы табиғи заңдылықтары пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: