Болтаева ә. М


І. Іздеуші (разведывательный) жоспар-



Pdf көрінісі
бет15/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

І. Іздеуші (разведывательный) жоспар-
объекті туралы нақты, анық
түсініктер болмаған кезде, яғни ғылыми болжамды қалыптастыру мүмкін
болмаған кезде пайдаланылады. Бұл арада жоспардың мақсаты-мәселені
нақтылау және болжам қалыптастыру. Бұл жоспар зерттеу үшін қажетті әдебиет
аз болған аймақта қолданылады. Зерттеу бұл кезде ақпарат көздеріне шолу
«разведка» жасаудан байқалады. Бұл жоспар зерттеуді 3-кезеңде жүргізуді
болжамдайды.
1) Құжаттарды зерттеу. Құжаттармен жұмыс зерттейтін мәселе туралы
отандық және шетелдік
әдебиеттердің библиографиясын ықтиятты құрудан басталады. 
2) Интервью жүргізу. Интервью осы мәселе аймағындағы эксперттерден
(теоретик, практик мамандар) осы объекті туралы қосымша мәліметтер алу
арқылы бірнеше жұмыс болжамын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
3) Бақылау - бұл жоспардың соңғы кезеңі. Іздеуші жоспар арқылы
жұмыстың қорытындысы - зерттелетін мәселені нақты, анық айқындау. 
ІІ. Аналитикалық сипаттау жоспары.
Бұл зерттеуде мәліметтер
объектіні анықтау және сипаттау болжамдарын қалыптастыруға мүмкіндік
туғызатын жағдайда пайдаланылады. Жоспардың мақсаты - сипаттау
болжамын тексеру және расталған жағдайда зерттелетін объект туралы нақты
сапалық-сандық сипаттама алу болып табылады. Мұндағы шешуші рольді 
эмпирикалық интерпретациялау қатаңдығы мен тіркелген мәліметтердің
дәлдігі атқарады. 
5
Сидоренко Е. В. Методы математической обработки в психологии. -СПб: ООО «Речь», 2007. – 
350с 


18 
Бұл жоспар барысында эмпирикалық және монографиялық зерттеу,
анкета, топтастыру, алынған мәліметтердің корреляциялық талдауы болып
табылады. Бұл жоспардың нәтижесі- зерттелетін объект сипаттайтын
мәліметтерді жіктеу. 
ІІІ. Эксперименттік жоспар.
Бұл объекті туралы зерттеу материалдары
түсіндіруші болжамды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жайттарды
пайдаланылады. Жоспардың мақсаты - объектіде себепті-салдар байланысын
орнату. Мақсатқа жетудің сенімді әдісі ғылыми-психологиялық эксперимент
жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет