Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет142/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

The Venture 
of Islam: Conscience and History in a World Civilisation
(«Тәуекелшіл ислам: 
адамзат өркениетіндегі ар-ұждан мен тарих») еңбегінде «мұндай түбегейлі 
қорытынды жасау мүмкін емес, себебі біздің қолымызда нақты деректер 
жоқ; бұған қоса, біз сол дәуірдің өмірін білмейміз» деген тұжырым жасады. 
Мысалы, сол дәуірдегі мұсылман ілімінің құлдырауға ұшырағандығы 
жөнінде кесіп айта алмаймыз. Себебі бұл тақырыпқа қатысты қолымызда 
нақты деректер мен дәлелдер өте аз. 
Консервативті тенденция XIV ғасырда Шам қаласынан шыққан Ахмад - 
ибн Таймийа (1328 ж. қайтыс болған) және оның ізбасары ибн әл-Каййим 
ал-Джаузийалардың бастамасымен бірге пайда болды. Ибн-Таймийа 
халықтың ерекше қошеметіне бөленуімен қатар, шариғаттың дәрежесін 
барынша насихаттап, өмірдің кез келген кезеңінде барлық адамдарға қол 
жетімді болуын қамтамасыз етуді қалады. Ол осы әрекеті арқылы шариғат 
саласындағы ескі заңдар мен ережелерден халықты тазартқысы келді, 
шариғатты бұрынғысынан да жаңа нәрселермен толықтырып, алмағайып 
заманда мұсылмандарға тыныштық сыйлауды қалады. Шариғат барлық 
адамзат баласына практикалық діни мәселелерде айқын және нақты жауап 
беруге тиісті. Алайда, ибн -Таймийаның шариғатты шектен тыс қорғауының 
соңы Кәлам, Философия, Ашаризмге шабуыл жасауға әкеп соқтырды. 
Барлық реформаторлар сияқты шариғаттың барлық қайнар көзі Құран және 
хадис екендігін назарға ала отырып, басқа толықтырулар мен өзгертулерді 
алып тастауды қалады. Ол өзінің бір ойында: «барлық теологиялық 
және философиялық әдістерді зерттеп қарадым және олардың ешбір 
ауруды емдеп жаза алмайтынын, сонымен қоса шөлдеген адамның шөлін 
қандыруға да қауқарлары жетпейтіндігін көрдім. Менің ойымша, ең дұрыс 


363
әрі пайдалы әдіс Құранда
407
» - деген тоқтамға келді. Шәкірті әл-Джаузийа 
киелі саналатын мәтіндердің барлығын терең зерттеулерден өткізіп, бір тізім 
жасады. Бұл тізімнің қатарына суфизмді және сопылық әулиелердің культін 
қосып, одан кейін еуропалық протестант реформаторларына ұқсас рухта 
үкім шығарды. Лютер және Кальвин сияқты ибн-Таймийа және әл-Джаузийа 
да замандастарының жасағандары сияқты, бұрынғының адамдарының 
қатарында емес еді: керісінше, олар прогрессивті сипаты басым, халықтың 
ауыр жүгін жеңілдетуге ат салысқан алдыңғы қатарлы адамдар ретінде 
көрінетін. 
Ходжсон консерватизм кезеңін «тоқырау» кезеңі ретінде қабылдамауымыз 
қажет екендігін ескертті. Оның ойынша: «өзімізге дейінгі бірде-бір 
қоғамның қазіргі кездегі ауқымдағы прогреске қол жеткізе алмайтынын 
немесе көзге түспейді
408
», - деген пікірін білдіреді. Батыс ғалымдары XV-X
-
VI ғасырдың мұсылмандарды Италия Ренессансына жеткілікті түрде назар 
аудармағандықтары үшін олардан жиі-жиі кемшілік іздеп отырған. Шынында 
да, Ренессанс адамзат тарихында мәдени дамудың айқын мысалдарының 
бірі болды, алайда мұсылмандардың қанат жайып, өркен ашқан XII ғасырда 
Қытайдағы Сун әулетінің мәдениетімен және сол кезеңмен салыстырғанда 
аса бір айырмасы жоқ еді. Ренессанс Батыс үшін ең басты орында еді, 
алайда ешкім келешекте заманауи технологиялардың дамып, мәдениеттің 
гүлденетінін елестете алмады, біз бұны өткен өмірге қарағанда аңғарамыз. 
Ислам, шынында да, сол заманның әлемдегі ең үлкен алып күштердің бірі 
болды және Батыс Еуропаның табалдырығында тұрғандығын жақсы түсінді. 
XV-XVI ғасырларда үш жаңа мұсылман империясы құрылды олар: Кіші Азия 
мен Шығыс Еуропадағы Осман Түріктері, Иранда Сефевидтер, Үндістанда 
моғолдар. Бұл жаңа бастамалар Исламның ешбір жағдайда өлімші жағдайда 
болмағандарын, бірақ әлі де болса төнген қауіптен аман-есен шыға 
алатындарын, рухтарының биік екендіктерін көрсетеді. Империялардың 
407 Majma’at al-Rasail, quoted in Majid Fakhry, A History of Islamic Philosophy (New York and London, 1970), p. 351.
408 Marshall G. S. Hodgson, The Venture of Islam, Conscience and History in a World Civilization, 3 vols. (Chicago, 1974), II, pp. 
334–60.


364
әрбірі көздің жауын аларлықтай бай мәдениетті жасап шығарды. Иран 
мен Орталық Азия Сефевидтер Ренессансының италиялықтардың 
Ренессансымен адам таңғаларлық ұқсастықтары бар: екі өркениет те 
ең алдымен сурет өнерінен бастаған, негізгі өздерінің мәдениетінің 
пұтқа табынған тамырларына шығармашылық жолмен оралғандықтарын 
сезінді. Бірақ бұл алып үш империяның қанша күшті әрі сәні мен сәулеті 
келіскен болса да, консерватизмнің рухы басым болуымен қатар, өз 
жұмысын жалғастыру үстінде еді. Әл-Фараби және Мухиддин сияқты ескі 
мистикалық көзқарастағы философтар өздерін жаңа бір ғылым саласын 
аштық деген ойдың жетегінде жүргенде, мұнымен қоса жаңа бір кезеңнің 
басталатынына нық сенімде болған еді. Алайда Ислам әлемі сол баяғы өзінің 
ескі әрі баяу қалпына қайта оралды. Бұл тенденцияны Батыс тұрғындарына 
бағалау оңайға соққан жоқ; себебі біздің ғалымдарымыз заманауи Ислам 
жаңалықтарын тым ұзақ уақытқа елемеді және философтар мен ақындар 
өздерінің оқырмандарының ақыл-ойларын өткендердің бейнелері мен 
идеяларымен толықтырады деп күтті.
Әлі де болса Батыстың өркендеу дәстүрімен арада біршама ұқсастықтар 
бар-тын. Иран жерлерінде савабиттердің басқаруымен Он Екі Имам 
шииттердің мемлекеттік діні ретінде қолданылды, бұл жағдайдың соңы 
шииттер мен сүнниттердің арасында бұрын-соңды болмаған дұшпандықтың 
бастамасы еді. Сол кезден бері шииттердің интеллектуалдылық қасиеттері 
басымырақ-ты немесе мистикалық сүнниттермен арадағы қатынастары 
жақсы еді. XVI ғасырда, өкінішке қарай, Еуропада мәзһаб дау-дамайларына 
өте ұқсас екі бір-біріне қарама-қарсы лагерьді қалыптастырады. Сефевидтер 
әулетінің негізін қалаушы Шах Исмаил Әзербайжанда 1503 жылы билікке 
келді және оның билігін Батыс Иран мен Иракқа шейінгі созылып жатқан 
жерлерге насихаттады. Ол сүннизмді жойып, шииттерді бұрын-соңды 
жасамаған ынсапсыздықпен қинады. Өзін ұрпағының имамы ретінде 
санады. Бұл қозғалыс Еуропадағы протестанттық реформацияға ұқсастығын 
көрсетеді: екеуі де ақсүйектерге қарсы болды және патшалық үкіметпен 
өз күштерін біріктірді. Шииттер реформаторлары өз аумақтарындағы 
суфий тариқаттарын жойып, протестант монастырларының жабылуына 


365
тыйым салды. Осман империясының сүнниттер арасында осыған ұқсас 
дұшпандық отын жағуы және олардың да өз топырағында шииттерге қысым 
көрсеткендері ешқандай да таңғалдырарлық жағдай емес. Османдықтар 
крест жорықтарын ұйымдастырған Батысқа қарсы өздерінің соңғы 
қасиетті соғысын жүргізген ұрыс алаңында жаңа қарама-қайшылықтар 
мен текетірестер орын алған еді. Бірақ Иран тәртібін толығымен фанатик 
бағытында деп ойлау қате түсінік болар еді. Ираннан шыққан шииттердің 
ғұлама ғалымы олардың бұл реформаға тап болғандарына күмәнмен 
қараған. Сунни ғалымы, керісінше, олар «иджтихада қақпасын жабудан» бас 
тартып, шахтардан тәуелсіз болып, Исламды түсіндіруді талап еткен. Басқа 
имамдар сияқты Сефеви және кейінірек Қаджар әулетіне мойынсұнбайды. 
Оның орнына басқарушы үкіметке қарсы шыққан қара халықпен күшін 
біріктіріп, Исфаханда, одан кейін Теһранда (Тегеранда) салтанатқа қарсы 
үмметінің алдыңғы қатарынанан табылған. Шахтардың аяусыз қанауларына 
қарсы саудагерлер мен кедей-кепшіктердің құқықтарын қорғау дәстүрін 
дамытты және бұл дәстүр 1979 жылы Шах Мохаммед Реза Пахлавидің 
(Пехлеви) жемқор режиміне қарсы халықты жұмылдыруға мүмкіндік берді. 
Иранның шииттері Сухравардидің мистикалық дәстүрлерін жалғастыра 
отырып, өзінің жеке философиясын да дамытты. Иран фалсафасының 
негізін қалаушы Мир Димад (1631 қайтыс болды) тек қана теолог емес, 
сонымен қатар ғалым еді. Ол Құдайдың нұрын Мұхаммед пен имамдар 
сияқты символикалық қайраткерлердің ағартушылығымен анықтады. 
Сухраварди сияқты, діни тәжірибенің бейсаналық, психологиялық 
аспектісін ерекше атап өтті. Алайда ол Иран мектебінің ең мықты мүшесі 
Мир Димадтың шәкірті көбіне Мулла Садра есімімен танылған Садр ад-Дин 
Мухаммад ибн Ибраһим аш-Ширази (1571-1640 жж.) болды. Бүгінгі күні 
көптеген мұсылмандар оны Ислам философиясын сипаттайтын және оның 
шығармашылығының ерекшелігіне айналған метафизика мен руханилықтың 
біріктірілуі тақырыбында тұжырымдама жасады деп санайды. Ал Батыста 
енді белгілі бола бастады, әзірге оның трактаттарының біреуі ғана ағылшын 
тіліне аударылған. Сухраварди секілді, Мулла Садра да білім тек ақпарат 
алу мәселесі емес, сонымен қатар трансформация процесі деп санайды. 


366
Сухраварди сипаттаған «алем аль-митал» тұжырымдамасы өзінің ойына 
өте маңызды болды: ол өзі ақиқат арман мен көріністі шындықтың ең 
жоғары нысаны ретінде таныды. Сондықтан да Иран шииттік мистицизмді 
таза ғылымнан гөрі Құдайды тану жолындағы ең қолайлы жол ретінде көріп 
отыр.
Мулла Садра имитациялық деп Құдайға жақындаудың философиялық 
мақсаты болғанын және ешқандай дінді немесе сеніммен шектеле алмады 
деп үйретті. Әңгіменің төркіні Ибн Синаның көрсеткеніндей, жалғыз шынайы 
шындық Құдайдың бар болуы (вужуд) және Құдайлық өлкесінен шаңның 
тозаңына дейін барлық тіршіліктің бастауын осы шындық бүкіл тізбекті 
анықтайды. Мулла Садра пантеист емес еді. Ол тек Құдайды барлық нәрсенің 
көзі ретінде көрді: біз көрген және бастан кешкен құбылыстардың барлығы 
шектеулі түрде Құдайдың жарықты қамтитын ыдыстары еді. Ибн әл-Араби 
сияқты, Мулла Садра да Құдайдың мәні немесе «соқырлық» және оның әр 
түрлі көріністерінің ара-жігін ашып жатқан еді. Оның көзқарасының грек 
исихастары мен каббалистердің көзқарастарымен сәйкес келетін тұстары 
бар еді. Ол барша әлемнің түрлі қабаттардан тұратын бір асыл тасты жасап 
шығудың алдында соқырлықтан шыққан бүкіл «ғибрат» ғарышты көрді, 
бұл Құдайдың өз қасиеті немесе көптеген белгілері (аят) арқылы білдіру 
дәрежесіне сәйкес келеді. Сондай-ақ бұл қадамдар адамзаттың қайнар 
көзіне қайта оралу кезеңі екендігін білдіреді. Құдаймен арадағы бірлестік 
о дүниеде қозғалатын тақырып емес еді. Кейбір исихастар сияқты, Мулла 
Садра оны бұл өмірде білімнің көмегімен жүзеге асырылудың мүмкін 
екендігіне сенді. Айтпаса да түсінікті, тек қана ақылмен ұтымды білімді 
ғана білдірмеді. Құдайға көтерілу жолында мистик 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет