499
(өз тамағын өзі тапқанға) дейін сол төңіректегі
барлық аң-құстардың, мал
төлінің етімен (кейде өлексесімен) қоректендіруге тырысқан. Бұл жәйт мақалада
«отбасындағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі
» мағынасына баланып отыр. Ал
бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда «иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген
аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында
(семьяда) көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.
Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел та-
биғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін
айқындап, оларды «
тірек
» сөздер арқылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу,
түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады.
5)
Жұмбақтар
. Жұмбақ табиғаты жұртқа мәлім. Ол – жастардың ой-өрісін
кеңейтіп, астарлы сөздің сырын түсінуге,
тапқырлыққа баулитын,
тұспалдап,
жұмбақтап, бейнелеп, бір затты екінші бір затқа балап айту арқылы ой потен-
циясын кеңейте түсетін танымдық мәні зор құбылыс. Бұл жағынан жұмбақтар
эвфемизмдер мен перифраздарға өте ұқсас. Мәселен:
Достарыңызбен бөлісу: