алақанымен салып қалған айна сыңғырлай күліп, екі иінінен
дем алған жез самаурынды дедектете жөнелді.
− Шын айтамын, − деп айғайлады Ерік. Осы кезде қойма-
90
үйден: «Дүние, қудым сені он жасымнан» деп бақырған Таған
әлі де тірі екенін тарғыл даусымен дәлелдеді.
Иә, Таған маскүнем тірі еді. Тірі ғана емес, бүгін әбден
ұйқысы қанып, сергек тұрды. Түні бойы мазасын алатын
машақат түс, көзі жұмылса болды, пышағын тамағына тақап,
тісі ақсиып, сілекейін шұбыртып сақ-сақ күлер құбыжық, шеті
мен шегі жоқ жапан түз, жалпақ далада аузынан үскірік шашып
қуатын жеті басты айдаһар да, бұл жанталасқан сайын, суырып
тартар ұйық батпақ та, айран болып аққан миын талап жейтін
мың-миллион құрт-құмырсқа да, зеңгір аспанның шырқау
биігіне көтеріп ұшып, тастап жіберер самұрық құс та, шегінген
сайын мінбелеп, өкшелеп қуар сансыз көп машина мен мүйізі
қарағайдай ала өгіз де − бәрі-бәрі бұрынғыдай қаратерге түсіріп
қинамай байыздаған. Жайлауға шыққалы өз болмысындағы
өзгерісті ептеп байқап, мұның жөнін неге жорырын білмеді.
аш қарынға тартып жібергенде, есіріп, шыға келер қайран
көңіл бүгінде жөпшеңкіге бой алдырмай, қарсылық білдіре
бастаған. Бәлкім, күні бойы қимылдаған соң, ащы термен ащы
ішімдік те шығып кете ме, әлде әсер етіп жүрген таудың салқын
да саумалдай ауасы ма. Қалай болғанда да Тағанда түлеу бар.
Ескі әдетімен әндетіп тұрды да, керіле есінеп тысқа шықты.
Күн арқан бойы көтеріліп қалған. Ерік жылқыларды қайырып,
құлын ұстап жүр екен, бұған назар аудара қоймаған. Сыра
сұрағысы келіп тұрды да «қой, беті-қолымды жуып алайын»
деп өзенге беттеді. Көптен бері жаңбыр болмай, су мөлдірленіп
қалған. Соның өзінде де мұзтаудан бастау алар Қатын суы
қылаңданып ағатын. «Суға түссем қайтеді?» деп ойлады, ежелгі
еріншектік жібермеді. Беті-қолын шала-шарпы шайды да, кері
оралды. аққулық биенің ақбөрте құлыны ұстатпай әуре ғып
жүр екен. Таған бір жағынан жасқап көмектесті.
− Бір үйге екі биенің сүті де жетпей ме, үшеуін бірдей неге
сауасыңдар? − деп сұрады.
− аққулықты желіге үйрету керек.
− менің білуімше, құлыны бар жылқыны қулық демеуші
еді.
− Пәлесін қарай гөр, мал таниды-ей, былтыр құлын тастап
кеткен соң, солай атап кеткеміз, − деді Ерік кекесін араластыра:
− Түсінде қызыр аян берді ме, сыра сұрамай неғып шыдап
тұрсың?
91
− Өзің бергенше, ішпеуге бекіндім.
− мұның – дүниені дүр сілкіндірер жаңалық.
айна есіктен басын қылтитып шайға шақырды.
− Бүгін не істейміз, пішен үйіліп бітті ғой, − деді Ерікке
ерген Таған.
− Сендерге демалыс жариялаймын, ал мен аң қараймын.
− Ерте кетсең қайтеді, ішім пысады ғой.
− Сенің иісіңді сезген мұқым алтайдың аңы ауып кетер.
Сыраны тойғаныңша іш те, сылқиып ұйықта. Қолың қышып
бара жатса, анау кеспелтек ағаштарды жарып, саржан сал...
Бүгін мен сені танымай тұрмын-ей...
Дастарқан басында төрт көздері түгел жиналған соң,
Нүрке кемпір алақанын жайып, ерні жыбырлап бата жасады.
«Бисмилла» деп, қара ала кеседегі қаймақ жүзген құла шайдан
ұрттаған соң ғана, қалған үшеуі асжаулықтағы дәмге қол салған.
Түннен қалған етті жылытпалап қойған екен, буы бұрқырап,
сорпасы кілкілдеп тұр. Күндегіден гөрі бүгінгі ертеңгілік шай
көңілді ішілді. Әрқайсысы «ішімдегіні тап» деп томсыраймай,
әр нәрсенің басын бір шалып әңгімеге араласты. Қабағынан
қар жауып, әр сөзі сатулы болып отырар Ерік те еріккендей,
томаға-тұйық мінезінің шарбағын сындырып алқалы топ,
алқа-қотан әңгімеге қосылғандай еді. Бүгінгі дастарқанның
шырайын кіргізген, әркімге бір қалжың айтып, айызы қана
рақаттана күлген-ді. Нүрке кемпірдің де жүзі жайдары,
кимешегінің жақтауын сырып қойып, балаларының жарасты
қалжың, жадыраңқы сұхбатына араласып қояды. айнаның екі
бетінің ұшына қан ойнап шыққан, әдейі бояса, дәл осындай
жарасымдылық таппас еді. Күлгенде оймақтана қалар бетіндегі
шұңқыры да, мөлдіреген бота көзі де, ұзын мойын, бүлкілдеген
аппақ тамағы да − бәр-бәрі жаңаша сипат, соны сұлулықпен
маңайына нұр шашады. Отыздан асқан жасында өңіне қылаудай
қырбаң түсірмей, таңғажайып әдемі күйінде сақталып қалуы
– мәңгі мәңгіріп жүрер Тағанды да тамсандырған-ды. Әсіресе,
қолы майысып шай құйылған кесені ұсынғанда, ұйқыдан
шошып оянғандай сәл-пәл дір етіп, іркіліп қаларын Ерік пен
Нүрке кемпірден жасқана жасыратын. Ішкі әлеміне де ошақтан
ыршып түскен шоқ секілді осынау секемшіл, бірақ... Жаныңды
жарылқар сезімінен өзі сескеніп, айна жаққа қарамауға бар
күшін салып бақты. міне, кезекті тағы да келіншектің қолынан
92
алуға тура келді. амалсыз қарады. Ұрлығының үстінен шыға
келетіндей, тынысы тарыла, әншейінде қозғалақтап тыным
таппайтын саусақтары бұрынғысынан ары қалтылдады-
ай... Кеседегі шай шайқалып, төгіліп кете жаздады. Осы бір
ыңғайсыздықтан құтқарғысы келді ме, Нюра Федоровна:
− Қалқам, қолың қашаннан бері дірілдейді? − деп сұрады.
− Ішкеннен бері, әсіресе похмель жасамаған күні тыным
таппайды.
− Одан құтылудың жолы бар,− деді кемпір.
− Қалайша?
− Ішпеу керек.
− Ой, апа-ай, − деді Таған аузын тістеп алатындай нанды
талмап зорға жеп отырып. − Оны өзім де білемін ғой. маған
қалай ішпеуге болатынын үйретсеңіз.
− Ол да қиын шаруа емес, шырағым.
− Оңай емес, шешей, оңай емес, бір жыл емделіп жазыла
алмағанмын. Елге оралған соң, табаны күректей екі ай шыда-
дым. Содан соң қайта қосылдым үйіріме. Бұл дертке ұшы-
рамаңыз, бір рет ауырсаңыз, өмір бойы тас кенедей жабысып
айырылмайды.
− Үзілді-кесілді қойып кеткендер бар ғой, − деді айна. −
Біздің ауылда бір әйел салынып қатты ішті. мас күйінде бала-
сын емізіп отырғанда, үстіне ұйықтап қалып, тұншықтырып
өлтірді. Сол соққыдан кейін қайтып татпай кетті.
− Өз баласын өзі өлтіріп алған соң, қойғанынан не пайда,
− деді Ерік.− Ондай әйелдің өзін тұншықтырып өлтіріп тастау
керек. Құдай біледі, сол қатынның өзге балалары бар болса,
түгел жарымжан шығар.
− рас, − деп күйеуінің сөзін құптады айна. – Толғақ қыс-
қанда, арақ ішіп алып босанған кезі де болған. Байғұс күйеуі
сиырға дейін өзі сауып, бүкіл үй шаруасын өзі істейтін.
− Өйтіп бала тапқанша...
− Осы әңгімені қойсақ қайтеді, − деп Таған жолдасының
сөзін бөлді. − Өңешім жыбырлай бастады. Тиесілі бір саптыаяқ
сырамды ішіп, отын жаруға кіріссем деп едім.
Ерік орнынан үнсіз тұрды да, нан пештің іргесінде жабулы
тұрған ағаш күбідегі ашуы жеткен сырадан құйып әкеліп берді.
Әлгінде ғана моп-момақан болып кәперсіз отырған Таған көзі
жайнаңдап бас салып, сылқита жұтып ыдысты басына бір-ақ
көтерді.
93
− Уһ, рақатын-ай, сені жамандаған адамның аузы қисайсын,
− деп далаға шығып кетті.
− Кісі болудан қалған. Бекер тәрбиелейсіз, − деді
шешесіне.
− Ұлым! −деді Нүрке Еріктің сөзін жақтырмаған сыңайда. −
Сен өйтіп арыстай азаматтың обалына қалма, білдің бе... Сенің
бұл қылығың жөн емес.
− Үйбай-ау, тәте-ау, мен бе екен оны маскүнем қылған.
Өзінің осалдығы, иттігі. Бәлкім, тұқымынан солай шығар. Бар
жазығым аштан өлгелі жатқан жерінен жинап-теріп алғаным
ба?
− Сен оның тұқымына тиіспе. Оның асыл текті сойынан
көрген жақсылықты бұл дүниеде қайтару екеуміздің де
қолымыздан келмейді. менің бүйтіп тірі отырғаным, сенің
бүйтіп жер басып тайраңдап жүргенің – Тағанның шешесінің
арқасы, білдің бе?
− Ес білгеннен бері тірі жанға қарыз емес екенімді, бір
адамнан бір сом қарыз алмағанымды, өзімді өзім асырап
жеткізгенімді ғана білемін. ал одан бұрынғысының өтеуін
өзіңізге тапсырдым,− деген Еріктің тік сөзі айнаның қасын дір
еткізді.
− Енді ғана шүйіркелесіп шай іштік пе, ішпедік пе деп
отырғанда...
− Өй, қойыңдаршы, мұқым сәбет медицинасы мен мили-
циясы жөнге сала алмаған ақымақты қорғаштамай. Көзіне көк
шыбын үймелетіп, екі өкпесін тепкілеп жұмысқа салсаң ғана
сандырағын қояды, − деп далаға ата жөнелген ұлының соңынан
жүзі сынық күйде қарап қалған анасы:
− Тағаннан қай жерім артық деп ойлайды екен, − деп
күрсінді.
− апа-ау, апа. Тағанның шешесі жайлы айтып беріңізші. −
Келінінің бұл сөзі татулыққа, отбасының берекесіне икемде-
гені екенін ұққан қария суық жанар, сұсты жүзіне жылу
жүгіртті. Шамды шыр айналған көбелектей ұшып-қонып
тыным таппай жүрген келіннің жазығы не? Жазығы – түзге
отырғызып, моншаға түсіріп, дәретін алдырып, асты-үстін
тазалап, «апалап» жүргені ме?
− Садағаң кетейін, келінжан-ай, сен болмасаң, бір сабақ жіп
жалынбай ма. Көзімнің қуанышы, көңілімнің жұбанышы өзің-
94
сің. Жалғыз ұлға теріс батамды бермеймін, бірақ, бірақ...
осындай қаттылығы қинайды мені. Таған жазғанның, ата-
анасы жайлы әңгімені өзіміз бір оңаша отырғаңда айтып
беремін. ал қазір анау ұлдың қасына бар, долданып жүріп
долы өзенге секіріп кетпесін, − деп жанарын шылаған жасты
бет орамалымен сүртіп тастады.
−апатайым-ау, бүйтіп боларға да, болмасқа да босамаушы
едіңіз ғой. Ерік бізден асып қайда барар дейсіз. Өзі соңғы кезде
бір түрлі боп жүр. Әлгі вертолетші де кешікті. Сол келгенде,
мәз-мейрам, қанбазар болып қалушы еді.
айна далаға шыққанда, Ерік мылтығының ұңғысын таза-
лап, қапшығын арқасына таңып, жол қамына қамданып тұр еді.
Оғы жоқ мылтықтың дүмін кеудесіне тіреп, арғы жағалауды
көздеп көрді. Әйелі ептеп басып келіп иығына қол салғанда,
сол қарауылға қадалған қалпын өзгерткен жоқ.
− Омартаға екі қонжығын ерткен аю келді, − деді айна.
− Қашан?! − деп жалт қарағанда, оқыс қимылдан шошына
шегінген келіншек: − алдыңғы күні түнде, − деді көзі
жаудырап.
− Ендеше, ол ұзаған жоқ, осы маңайды төңіректеп жүр.
Іздеп табу керек.
− Оны қайтесің?
− Прохор үш жылдан бері аюдың терісін баласының
терісімен қоса тауып бер деп, қолқалап жүр емес пе. Бір нәрсеге
көңілі ауса, қырық жыл қыр соңынан қалмайды.
− Обал ғой, терінің қалаға қажеті қанша?
− Сәндік үшін. Екі креслоның басына екі қонжықтың
терісін жауып, журнальный столиктің алдына енесінің терісін
жайып тасталық делік... Көз алдыңа елестетші, әдемі емес пе?..
Кейін қалаға көшіп, үй сатып алсақ, өзімізге де керек.
− Құрысын ондай сәндігі. менің тілімді алсаң, ата көрме
аюды.
− Ең әуелі атқыза ма деп сұрасаңшы... Жә, жолымды
бөгеме, аттанамын. Егер Тағанның таңдайы тақылдай бастаса,
бір саптыаяқ сыра жұтқыза сал. Көзіңнен таса кетпесін, өртеп
жүрер...
Көкбестіге сарт етіп мінді де, тақымын қысып тебініп еді,
иесінің әр қимылына сыралғы болып қалған құр ат тайпала
жөнелген. Қаққан қазықтай тіп-тік болып, ат үстінде қаздиып
отырған күйеуінің ертегінің батырындай болат мүсініне қарап,
сүйсінген айна аспаннан ағып түскен бөтен бір асыл азаматқа
қызыққандай, жанары жанып ұзатып салды. Тихойды омыраулай
кешіп, арғы жағаға өтіп, орманға сіңіп көзден тасаланғанда
ғана, қимай күрсініп кері оралды. Білегіне шелек іліп бие
саууға беттегенде, үй сыртындағы отын жаппаның, алдында
әлденені күбірлеп, ағаш жарып тұрған Тағанды көрді. моторлы
щербекпен кеспедектей туралған қарағайды балтамен қақ-қақ
айырады. Қаруы қайтпаған әрі орман арасында өскендіктен-
ау, отын жарудың айла-тәсіліне төселген ыңғай танытады.
Жарылған жаңқаларды жаппаның ішіне бақшалап жинап,
тәлтіректеп жүрсе де, шаруасынан шалағайлық жібермейтін
ісіне құнтты көрінеді. «Не айтып жүр екен, − деп ойлады айна.
− Өзімен сөйлесіп, әңгімесін тыңдаса... Қайдан көрдім? Жүзі
күн өткен сайын жылы ұшырап барады». «Қайдан көрдім?»
деген сауал тіпті тіміскілеп соңынан қалмай-ақ қойды. Бие
сауып отырғанда да, саумалды сабаға құйып шыққанда да −
осы бір қандауырдай қадалған ойдан арыла алмады.
«Қайдан көрдім?»
Күн сәске болғанда, ақ тер, қара тер болып быршып терлеп,
бет-аузын жылымшы су басқан Таған балтаны лақтырып
жіберді де: «шөлдедім!» − деп, аю талағандай қорқынышты
үнмен айғайды салды дерсің. Оның оспадар даусын төсек
үстінде шегеленген кемпір де естіді. мынау жылдар бойы
тыныштық ұйыған ағашты аңғарда алғаш естілген айғай «жау
шаптыдан» кем соқпап еді. Дүбірлі ел, думанды жерден жеріп,
осынау сыңсыған жыныс орманның арасыңдағы алақандай
ғана алаңқайға қашып тығылған ендігі момақан өмірлері
кісікиіктендіріп тастаған ба, немене, шошына елеңдетіп, тіпті
сол оқтай атылған оқыс айғайдың қайталануын күткендей
ме?.. Тәңірім-ау, адам дегеннің айдалада адасқан қаздай болып
жаны жабырқап жүдеп жүргенде осындай есіріктеу айғайды
сағынады екен-ау. Тәңірім-ау, айғай да адамның, серігі, бұл
жалғанның жарығын жариялар, өзіңнің қара жерді басып, тірі
жүргеніңді есіңе салар жаршысы екен-ау...
Сасқалақтап үйге жүгіріп кірген айна саптыаяқты пеш
үстіндегі сыра ашытқан ағаш күбіге ала ұмтылып еді, оны
кемпір тоқтатты.
− Қоя тұр, келінжан, − деді оң қолын жоғары көтеріп. –
Келсін де өзі осында. Шақыр.
Екі ортада саптыаяқты ұстап делдиіп тұрып қалған айна
енесінің үнінен зіл байқады. Бұл шақта алты айрығынан тер
саулаған Тағанның өзі де өз көлеңкесіне өзі сүрінгендей,
қалбалақтап жетіп қалып еді. Іші бос ыдыс ұстаған айнаға:
− Немене, күйеуінің визасынсыз сыра бермеуші ме едің?
Табан ет, маңдай терімнің ақысы емес пе... Есікте жүрген
құлдың да бір аяқ астық құны бар емес пе,− деп шаптыға
ежірейді.
− Сен, шырағым, өйтіп келініме кесірлігіңді көрсетпе.
Ондай оспадар сөз, ожар қылыққа үйренбеген. Сен біздің емес,
құлқыныңның құлысың, білдің бе. алтайдың асқарына аяқ-
қолыңды матап әкелген әміршің жоқ шығар. Келген екенсің,
келімсек болмай жөніңе көш. Енді бұдан былай сыраны тек
менің рұқсатыммен ішесің. Көнсең осы, көнбесең көшке берген
тайыңды жетеле де, есің барда еліңді тап. − Нюра Фадеевнаның
дәл мұндайлық сілкініп, зеки сөйлегенін көрмеген келіні де
арбалағандай абдырап қалды. Саптыаяқты пештің төбесіне
тастай салды да, біреу иығынан басып қалғандай сылқ етіп
отыра кетті. Табалдырықты басып, не ары жоқ, не бері жоқ
сілейіп тұрған Таған самайынан құлаған тер тамшысын сұқ
саусағымен сүрткілеп, не істерін білмей абдырады. Төсек
үстіндегі құс жастыққа арқасын тірей мығым жайғасқан
кемпірдің көкпеңбек көзінен ызғар мен шоқ сезілді, енді бір
сөз қайырса, қарғып тұрып бас салатындай.
− Баспа табалдырықты, жаман ырым! Кір үйге! − деп
еді, Таған қаттырақ басса, тақтай сынып кететіндей мысық
табандап үйге кірді. – Отыр сереймей, осы үйдің бел ағашы
сен төбеңмен тіремесең де түсіп кетпес. Тегің қандай еді, елің
қандай еді... сойына сойыл жұмсаған саудайы неме...
− Әй, апа, апатай, − деп қыбыжықтады, − мен сізді әлі
сыйлап отырмын, мұндай ауыр сөзді ешкімнен, ешқашанда
естіп көрген жоқпын.
− апа-ау, айналайын апам-ау, сырасын беріп құтылайықшы.
Өңіңіз бұзылып кетті ғой, − деп айна кемпірдің жанына барып
қолынан ұстады. − Сізге ренжуге болмайды.
− мұндай сөзді естімегендіктен есіріп жүрсің. Әкенің
шапалағы, ананың алақанын көрмегеннің көргенсіз болары
содан.
− Шеше, сіз Ерікке де осылай осып-осып ұрсасыз ба? − деп
жуаси сұрады Таған.
− Ол сен секілді өз ақылын өзі ішіп, көрінгеннің босағасын-
да итаршылықта жүрген жоқ.
− Немене, жуынды-шайындыңызға семіріп кетер деп
қорқасыз ба...
− Байқасаңыз қайтеді, жігітім, − деді айна шыдай алмай
ара түсіп.
− Келінжан, араласпа, бұл азаматпен арадағы айтыстың басы
ғана. Бұл − менің де балам, тек сезбей секіріп жүр. Жарықтық
шешесі аналықпен бірге мен де емізгем. ақ сүтімді ақтасын
дегенім емес, кіммен тәжікелесіп тәйтік кетіп отырғанын білсін
дегенім.
Таған: «Е, бәсе... дегенмен... ана ақ сүтін сатпас болар...» −
деп бұлғалақтай бастап еді, кемпір: «анаңмен айтысайын деп
пе едің?» деген соң, сөзінің соңын жөтелге жетелеп жіберді.
айна енесінің тарамыстанып, тамырлары адырайып шығып
кеткен қолын сипалап байыз тапты.
− Егер осы үйде қыстағың келсе, қояр шартым бар − деді
Нүрке кемпір, − тек менің ғана тілімді алып, айтқанымды
істейсің, айдағаныма жүресің.
− Үйбай-ау, шеше-ау, менің бассалым, тойыс, қожайыным −
Ерік қой. Сол кісінің қарамағындамын. Бір басыма екі бастық
ауыр тимей ме? Яғни, менің бассалымның бассалы – маған
бассал емес...
− Сиырқұйымшақтатпа, бассал-массалыңды білмеймін,
Ерік те менің балам, сөзімнен шықпайды. Жастайыңнан жан
жолдасың болып қалған ашқылтымыңды пышақ кескендей
тыйып таста деп айта алмаймын. Ондай ерлік екеуміздің де
еркімізде емес, бірақ күнде кешке моншаға түсесің, жатар
алдыңда сыраны аузыңа татып алмайсың. Бұл − бір. Екінші
шартым − ертең, ерте тұрғанда, айна қайнаған суға бұқтырып,
дайындап берген шөпті ішесің. Оның, неден жасалғанын,
қандай шөп екенін сұрап әуре болмай-ақ қой, бәрібір
айтпаймын, ал оның сырын жеті көкжарлы елінде менен басқа
тірі жан білмейді. Сол дәріленген сусынды ашқарынға ішкен
соң, жүгірген қалпың өзенге барып, шомыласың, алдымен
денең үйренгенше, жеңіл-желпі жуынып бастап.
− Үй-бай-ау, шеше-еке-ау, қыстыгүні қайтемін? − деп
желкесін қасыды. Әлпетінде әлі де болса әзіл, Нүркенің
ақылына көне де, сене де қоймас мысқыл бар.
98
− Қыста қармен жуынасың. Еңбектің де емдік қасиеті бар,
балам, көп қимылда − арам терің, арам асың шықсын. Құдай-
ау, «Жаман иттің атын бөрібасар қояды» дегендей, сыраны да
«ас» деппін-ау.
− Суық суға түскенде, суық тиіп ауырсам қайтем. мынау
ит өлген жерге − екі қонып салт атпен әрең жетер ұры-түкпірге
«Скорый помыш» келер дейсіз бе?
− Тәйт әрі, тілің мен жағыңа сүйенбей. Сұмырай су ішіп ауыр-
ғаннан суық тиіп ауырған сауап, шырағым. Оңдай жеңіл-
желпі түшкіріп-пысқыратын сырқаттың сыры мәлім, бір
үшкіргенімнен қалмайды. Сенбесең сұра айна мен Еріктен.
ал енді сен, Таған, айналайын балам, ерте айырылған ата-
анаңның аруағын сыйласаң, өлгендерді өкпелеткің келмесе,
орында осыларымды.
− Әке-шешемді есіме түсіре бермеңізші, апа, жылаймын...
− Әй, қайдам, сен жылауды да ұмытқан шығарсың.
адамның көз жасы − жанының нөсері, сіркіреп-сіркіреп алса,
арты айығады, көңілі көгереді.
− Көндім, оллаһи, көндім айтқандарыңызға. Дегенмен...
бүгінше сол ережелерді бұзуға бола ма, ақырғы рет... ертең ерте
бастасам...
− Туһ, бұған айтып сөз, ұрып таяқ өтпес, − деп шаршады
айна.
− Бер, − деді кемпір, − ішсін атау-кересін. Бірақ ертеңнен
бастап басқаша сайрайсың, ұқтың ба, ұлым!
− Ұқтым, апа, ұқтым, − деп, айна ұсынған сыраға қолдары
қалтырап ұмтыла берді.
− Қай-те-ей-ін, қарағым, әлі ештеңе ұға қойған жоқсың-
ау. «Қарғайын десем − жалғызым, қарғамайын десем –
жалмауызым» дегенді осылайша тығырыққа тірелгенде айтқан
екен-ау.
Сыраны сіміріп алған соң, жеңін әдетінше иіскеп жіберіп,
аузын соя қолымен сүртіп өткен Таған:
− ал, апа, енді қарекетке кірісейін, − деді есікке қарай жы-
лыстап.
− Бара ғой. − Нюра Фадеевнаның үні жұмсақ шықты, − бара
ғой, балам, кешке моншаға түсуді ұмытпағайсың.
− Ой, ол тасмоншаға жуынғанды қойып, түнеп шығайын.
− Үлкен борыштан құтылғандай ыржалақтай күліп, тысқа
шықты.
Ол кеткен соң, енесінің жанында отырған айна:
− Осы кісінің адам қатарына қосыларына күмәнім бар, − деді
түңіліп: − «Тұқымың текті еді, әке-шешеңді білуші едім» деп,
қайта-қайта пысықтай бересіз, қайраттансын деп қайрағаныңыз
ба, әлде расында да, мықты рудан шығып па еді?
− рас, келінжан, рас, әкесі мен шешесінің өмір тарихын
кейін айтып беремін, ал атасы мақажан алтайды жайлаған
Қаратайдың елді аузына қаратқан ақыны еді ғой. Бұларды
Дәулеттің ішіндегі Көкі дейді. мақажанның түсінде Қызыр-
ассалам «Көген аласың ба, өлең аласың ба?» деп, аян бергенде,
«өлең аламын» деп, өлеңдетіп тұрған екен деседі. Қазақ айтты
деген асыл сөз, жақсы өлең ертеректе көп естілетін, қазір оны
білетін адамдар қалмай да барады.
Тіпті Қаратайда аузы дуалы ақын, домбыра шертер күйші,
шырқап салған әнші болмағандай тып-типыл, дауыл құлатқан
қарағайдай қабығы шіріп түсіп, молаққа айналғандай ма...
ана елдің әні, ана жерде туған күй деп, радиодан айтып-ақ
жатады, сонда деймін-ау, алтай қазақтарының сай-сүйегіңді
сырқыратар қоңыр да майда, сыңсып салар мұңлы әні қайда?
Кім оның жоқтаушысы?! Жаңағы ащы суға алданып жүрген
Таған ба, жоқ болмаса, дүниеқоңыз күй кешіп жүрген өз ұлым
Ерік пе? міне, менің көбі кетіп, азы қалған өмірімде жанымды
қинайтын осы жайт, айнам, осы... Ел азарда ер-азаматы атақ
қуғыш тақ құмар, қыз-келіншегі дүние қуғыш баққұмар келеді.
ал «бақ дегенің – тойға келген қыз емес пе, байлық деген
– қолға ұстаған мұз емес пе, бала – артта қалған із емес пе»
деп, бұрынғылар бекер айтпаған. Қырықтан асқанша не үй, не
күй жоқ Тағаннан не қайыр, не үміт. Кейде мен анау төбедегі
тақтайға жападан-жалғыз тесіліп қарап жатып ойлаймын:
Тәңірім-ау, ат төбеліндей ауыл тайлы-таяғы қалмай маскүнем
болып кеткенде, ертеңгі күні не болады, тоз-тозы шығып тозып
таусылмай ма? Не білген ойлары бар? Ішімдік деген пәле бұл
елге қашан дерт болып жабысты? Қашан? Кейде ойлаймын,
осы жұрт атау-кересінішіп жүрген жоқ па деп. ал атау-керені
– өлер алдында, ақтық демі таусылғанда ғана ұрттайтын.
− мен білмеуші едім,− деді күрсіне тіл қатқан айна.
− Нені? − деді енесі сөзін бөлгенге елеңдей сұрап.
− атау-кере деген сөздің төркінін.
− алда-жалда арғы дүниеге аттанар болсам, маған да
ішкізесің.
Достарыңызбен бөлісу: |