Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom

білегіне орап, алға түсті. алға бәрінен бұрын қара төбет түскен. 
анда-санда  тұмсығын  шүйіріп,  желдеп  алады  да,  тышқан 
қорық, бұта-қарағанның түбін тінткілеп, желе-жорта жөнеледі. 
Қатар  аяңдаған  қос  жаяу  біразға  дейін  тілдерін  жұтқаңдай 
үнсіз жүрді. Күн жамбасқа ауып, аспан аясын армансыз кезген 
шарбы  бұлт  мұзтаудың  ұшпа  басына  ұжымдаса  бастаған. 
Не  пысынатар  ыстық,  не  жауратар  суық  емес  тау  төсінің 
салқын  самалы  есіп,  осынау  ластанған  әлемнің  әлі  де  болса 
рахыманды жері қалғанын есіңе түсіргендей. алтай тауының 
жонында шөп тундрадағыдай тақыр өсетін. Түнгі тон кигізер 
салқыны  бойлап  өсуіне  қысымшылық  жасап,  әлдекім  шауып 
әкеткендей теп-тегіс, біркелкі. Оқта-текте осы өңірдің моласы 
іспетті,  сары  топырағы  шығып  үйілген,  аузы  үңірейген 
тарбағанның  іні  ағараңдай  ұшырасады.  Ұзап  жайылған  суыр 
ініне жете алмай жер бауырлай тоңқаңдайды, тоңқаңдап барып 
қос аяқтап, делдиіп жолаушыларға таңырқай қарайды. аңшы 
шал  мойнындағы  мылтығына  жалғыз  рет  те  жармаспады,  ал 
иті құр бекер иіскелегені болмаса жарбаңдап қуған жоқ, иесіне 
жалтаң-жалтаң қарайлап алып, албаты лағады.
−  Әбден  тойынғасыздар-ау,  −  деді  Таған  әлгі  көрініске 
түсінбеген кейіпте.
−  Бұйырғанын  алдық  қой,  −  деп  самарқау  жауап  берді.  − 
Байғұс суырлар біз желдің ық жағында келе жатқан соң, сезбей 

169
қалып тырбаңдап жүр ғой. Егер жел жағынан шықсақ күншілік 
жерден иісіңді сезеді.
Бұлар  ылдилап,  қиялай  аяңдап,  ағаштары  жаназаға 
жиналғандай иін тірескен сайға түсті. Сай табанынан арқырай 
аққан  бұлақ  шуылы  естіліп,  осы  өңірдегі  тіршіліктің  жалғыз 
әншісіндей құлағыңның құрышын қандырады. Сырттай қара- 
ғанда жан аяғы баспағандай тусырап жатқан таудың қайсыбір 
жерінен де жауын-шашын шайып, көмескілеген, бірақ әлі де 
сұлбасын жоғалтпаған жалғыз аяқ сүрлеу байқалатын. Бәлкім, 
ата-бабаның  көшпелі  өмірі  мен  мазасыз  да  жойқын  жорық- 
тарын әлемге әйгілеген, осына асқар тау, жынысты орманның 
мәңгілік иегерлігін айғақтайтын айқұш-ұйқыш жолдың жоғалып 
кетпеуі мынау атын жетелеп келе жатқан ақсақалдың арқасы 
шығар-ау. Бәлкім, мынау өксігі мен өкініші көп өмірден күдер 
үзгендей  болғаныңда,  сан  тарау  соқпақтың  иесі  өзің  секілді 
адам екені, солардың табанынан жаратылған тіршіліктің күре 
тамыры  екені  есіңе  түсіп,  «мен  қандай  із  қалдырдым»  деген 
сықылды  сұрақ  көңіліңді  ұялап,  әлгі-әзірдегі  түңілді  ойыңа 
ұялатын шығарсың...
− Осы саймен құлдап құйғанға дейін барамыз, − деген Шал 
сөзі Тағанның бір сәттік оңаша ойын бұзды.
мұзтаудың  омырауынан  саулаған  бұлақтың  жұмыр 
тастардың  үстінен  шапшып,  мөңкіп-мөңкіп  атқақтап  ағуы  – 
сабалақ-сабалақ самырсынды аңғарды азан-қазан үнге бөлейді 
екен.  айғайлап  сөйлемесең,  қасыңдағы  кісімен  шүйіркелесіп 
әңгімелесу мүмкін емес. Бетін бағзы жылдар бойы су шайып 
жуса  да,  қожыр  да  қожалық  күйін  сақтап  дөңайбат  жасаған 
тастардан да салқын леп ескендей. Оқта-текте кездесер қарақат 
уағында  термей,  таңдайыңды  тамсанта  желінбей,  өзгеше  бір 
өгей  пішінмен  иесіз  жетімсірейді.  асау  бұлақты  жұрымдай 
өскен  жасыл  құрақ  пен  білекті  балдыр  күн  көзі  аз  түсетін 
мекенінде  дымқыл  мен  шылқыған  суға  малынып,  жасаң 
жайқалады. Барған сайын, жолаушылар сұғына құлдаған сайын 
сай ішінің ағашы қалыңдап, екіндіге еңкейген күннің сәулесі 
қашаңдаған  сайын  ымырт  тез  үйіріліп,  әрі-беріден  соң  ешкі 
самырсын, шыршалардың түбі қарауыта бастаған-ды. Қарауыта 
бастаған орман іші елегізітер, еңсеңді басар; бірақ сонау таудың 
жонарқасыңда алаулы шапақ бар – жайнаған жарық дүниенің 
ал қызыл шатырындай шалқып та балқып жатыр.

170
− ақсақал, оу, ақсақал, жетер жерімізге енді қанша қалды? 
− деп айқайлады Таған. Жығылып-сүрінген жүрісі шаршастың 
сыңайын аңдатты.
− Келіп те қалдық, − деп Шал да дауыстай жауап берген. 
Ең ғажабы орман шорт таусылып, әлгі айғайдан қорыққандай, 
алдарынан  айнадай  болып  көл  жарқырады-ай...  айнала  жап-
жарық  болып  кетті.  Күн  өскелең  асуыңдағы  қасқая  өскен 
қарағайдың  ұшар  басында  ілініп  тұр.  мұзтаудан  бүктетіле 
аққан бұлақ көлдің дәл құярында алып қара тастан тік саулап, 
сарқырамаға айналып, елу кез биіктіктен құлайды екен. мың-
миллион  моншақ-тамшылар  жамырап,  ақ  көбікті  аспанға  ата 
бұрқырап  қайнап,  сап-салқын  дым  бүркеді.  Жолаушы  жігіт 
осына  қапелімде  пайда  болған  сұлу  көрініске  елтігендей 
қаздиып тұрып қалып еді, озыңқырап кеткен Шал:
−  Оу,  сарқырама  көрмеп  пе  едің,  айда,  кеттік,  −  деп 
асықтырды.
− рас, мұндай кереметін көрмеп едім.
− Ендеше, түнеп шық. Жалықсаң, сонау түтіні будақтаған 
Тас үйге келерсің, − деп аялдамай аяңдай берді.
Таңдай қаға тамсана қараған Таған, ақсақалдың соңғы сөзін 
естіген жоқ, көз алдында табиғат құдіреті орната салған көркем 
көріністі қызықтаумен тұр. Қына мен мүк басқан жақпар тас 
салқын сазарады. Сол жақпар тастың саңылауын қуалай, жер 
бауырлап  тарбая  өскен  аршаның  бір  талын  сындырып  алып 
иіскеп еді, сарайыңды ашар хош иісі бұрқырады, осынау дәрілік 
қасиеті бар бұтаның мәңгі қуатын сездіргендей еді. Тас аяғыңа 
кілемдей жұмсақ тиеді, жылдар бойғы өне бойын жабағылап 
жапқан  мүк  пен  қынадан  күпі  киіп,  көрінбей  қалған.  Бұл 
өндірдің  елі  қанжапырақ  атайтын  өсімдіктердің  де  атамекені 
осындай жақпар тастар-тын. Батуға иек артқан күннің жалқын 
нұры сарқырамаға түсіп, мың-миллион тамшы-тозаңның ішінен 
шұғыла  пайда  болды.  Шұғылаға  шомылған  кемпірқосақтың 
сан бояуын, сұмдық сұлулығын тілмен айтып, қаламмен жазып, 
суретке салып – бүткіл сымбатын жеткізу мүмкін емес еді. Тіпті 
маралкөлдің  күн  батар  алдындағы  бой  жасағандай  немесе 
ұзатылар қыздай қырмызы қылық, көз қарықтырар көрініспен 
ажарлана сылаңдауы өлген адамды тірілтердей сиқырмен тұла 
бойыңа  тамыр  жас  тарап,  жаныңды  жарылқайтын.  Сен  сәл 
дірілмен  әрі  қуана,  әрі  қорқа  сұқтанасың,  сұқтанған  сайын 

171
көңіліңді  мұң  қабыздап,  пейіштің  ішіне  кіргендей  рақатты 
жүрексіну,  рақатты  сүйсіну,  рақатты  күрсініс  пайда  болмақ. 
Самала саумалға шомылып, тәңірдің тарысын теріп жеп, аман-
есен  жүрген  бір  күніңе  –  тіршіліктің  жалғыз  сәтіне  аса  риза 
сезіммен батар күнге қол бұлғап, ертең атар таңнан үміт күтер 
едіқ: «Құдайым-ау, айналайын, алла тағалам-ау, мен бұл өмірде 
бармын!» деген қанағаты мол сөздің қадіріне жетуден, алдағы 
аз ба, көп пе ғұмырыңның құранына – ұранына айналдырудан 
озық не бар бұл жалғанда. Бұл жалғанда: асықпай, аптықпай, 
арбамен  қуып  су  ішкіліктің  қоянын  аулап  жеуден  артық  не 
бар... Бұл жалғанда: табиғат-ананың аясында еркелеп, саф ауа, 
мөлдір  суды  қанағаттап,шайқалмаған  көңілімен  өз  ажалыңа 
армансыз аттанудан бақытты не бар. Иә, бұл жалғанда түтініңді 
будақтатып, түннің жарымына дейін алау оттың басында бейбіт 
те  берекелі  әңгіменің  шоғын  көсеп,«неге  біз  осы...»  деген 
сұрақтың жауабын іздеуден ізгілікті не бар... не бар?..
Иә бұл жалғанда адам баласына көп нәрсе керегі жоқ. ал 
не керек екенін өздері де білмейді. ОларДыҢ – пенделердің 
білетіні  –  неғұрлым  жанталасып,  неғұрлым  тағдырының 
жағасына  жармасып  жан  сақтаса,  мәңгілік  мұңсыз-қамсыз 
ғұмыр кешетіндей, өз-өзінен тарылу, өз-өзінен кектену, өзін-өзі 
азаптың арқанымен буындыру, өздерін-өздері отқа қақтап, оққа 
байлап беру ғана... тек сол ғана ма? Тек сол ғана болса, айықпас 
опаттың  жаржағасына  асығып  келіп  ат  басын  тірер  ме...  Бұл 
жалғанда  бар  екеніңе  шүкіршілік  ету  –  кержалқаулыққа 
жоримыз да, бұл жалғанның барымтасына кірісіп, лақсаланған 
тіршіліктің лағына таласып, көкбөрі мінезбен көкпар-таласқа 
түсеміз.
«Тауда көкпар тарта алмайсың,−деп ойлады Таған. − Демек, 
таулы  жердің  тартысы  бәсең  болмақ.  Бірақ  ұрымталдан  ұрар 
ұрысы, қаны тасыр қаныпезерлігі көп емес пе екен» деген ой 
және көлденеңдеді.
Осы  шақта  таудың  жығылмас  жалындай  күдірейген 
қарағайдың ара-арасынан саулаған күннің ең соңғы шуағы көл 
бетін  талақ  тастап,  со-о-н-ау  ұшар  басы  тазданған  шоқының 
тас  кепешін  ғана  жалқындайды.  маралкөлдің  бетінде 
жыбырлаған майда толқын бар. Әлгінде ғана қандалған, содан 
соң жезденген су жүзі алабұртқан кейпінен лезде айырылып, 
қаракөк  барқыттан  ақирет  киімін  кигендей  өкпелі  өксікпен 

172
кешқұрымның  құрым  киізін  де  біртіндеп  қымтана  түсті. 
«міне, өмір дегеніміз – осы» деп күбірлеген Тағандоғаланған 
кемпірқосақ  жоғалған  соң  жолға  шықты.  Таудың  қуысынан 
Шал жаққан от жылтылдайды... «міне, өмір деген – сол...»
алайда... өмір дегеніміз – ОСылар ғана емес еді...
«НЕГЕ БІЗ ОСы...»
атын  тұсап,  алдынан  шыққан  Шал  қонағын  қалжыңдай 
қарсы алды.
− Перінің қызы Бекторы жолығып, азғырындыға еріп кетті 
ме деп шошыдым.
− Ондай бақытты кім беріпті. мен кейде сол сайқал қызды 
сағынамын...
−  Су  иесі  Сүлейменнің  қыздарына  да  қызығатын 
шығарсың...
− Сөз жоқ. Бірақ – олардың бәрі, тіпті қазақтың қасы, көзі 
қиылған қылықты аруларының бәрі еркекке еріп кетіп қалды 
ғой...
−  Қатынсырап  жүр  екенсің,  шырақ,  −  деп  төтеден  қойып 
қалды Шал.
− Оныңыз рас, ақсақал, − деп, шыншыл көңілмен күрсінген 
Таған.  −  Құдайдың  құтты  күні  аузым  құрғамай  ішіп  жүрген 
кезімде  әйел  мен  еркекті  айырмаушы  едім.  Өзімді  қайта 
тапқандай  болған  соңғы  күндері  ақмұнардың  арасына  сіңіп 
кеткен  сол  бір  қызыл  жаулықтылар  қайтадан  шығып,  қол 
бұлғағандай көлеңдейді мұндарлар. Кей күндері сықылықтап 
күліп, қытықшыл қылықпен түсіме кіреді, түрткілеп оятады...
Жігіттің  қоңырқай  жүзі  батар  күннің  батсайысындай  аһ 
ұрған арманмен алабұртып, ішінде жыландай жанған өкініштің 
бе,  өксіктің  бе,  бәлкім,  әлі  де  үміткер,  әлі  де  қоламтасы  суи 
қоймаған  еркектік  сезімнің  сергелдең  шағы  туған  шығар. 
мынау қарсы алдындағы ағынан ақтарылып тұрған Тағанның 
күнәдан ада сыры Шалды да шалт жібермей ойлантып еді. Ұзақ 
та  ирелең  азапты  сапардан  –  мән-мағынасы  жоқ  мақсатсыз 
сандалбай  тірліктен  запы  болған  азамат  ақылшы  аға,  қамқор 
қол,  аялар  алақанға  сусап,  егер  осылар  дәл  қазір  қатыгездік 
танытып өгейсітсе, өте-мөте өкінішті боларын, қазақ қайратты 
да қасіретті тағы бір азаматынан айырыларын бағамдады Шал. 
маңдайдан  сипар  ықылас  балаға  ғана  емес,  үлкендерге  де 
керегін ұқты Шал. Тәлімі мол тәрбие, көш басшы көшелі сөз 

173
жастарға ғана емес, ересектерге де керегін сезді Шал. Кең де тар 
дүниенің кеселді кесірінен, зіл-зала кесепатынан сақтап қалу 
үшін осына екі тастың үстінде талтайып, қалай қарай аттарын 
біле  алмай  аласұрған  жігітке  ертеңгі  өмірінің  мінәжатына 
айналар байсалды бата беру керегін кәперледі Шал. «рас, рас, 
қазіргі ұрпақ батасыз, батасыз болған соң, бәтуасыз лағып бара 
ма, қалай» деп ойлады Шал.
−  Шырағым,  үйге  жүр,  қонып,  қонақасыңды  же.  Әңгіме- 
лесейік. мен саған балаларымды таныстырайын.
Осы шақта тау қуысындағы үйден: − ата, ата, қайдасың? − 
деген баланың даусы естілді.
алтайдың асқар тауларында не көп – сай-саласын қуалай 
ағатын  бұлақ  көп:  қойнау-қойнауларында  құдайдың  ба, 
табиғат-ананың  ба,  әйтеуір,  адамзатқа  өкпелеп  жылағанда 
тамып  кеткен  көз  жасындай  мөлдіреген  көл  көп.  Сол  көп 
көлдің бірі – маралкөлі еді. Бұл өзі күнгей жақ жиегі тақыр 
немесе  қорым  тасты,  ал  теріскейі  қалың  ағашты,  балығы 
тайдай  тулаған,  әлімсақтан  бері  де  ортаймай,  не  болмаса 
ернеуінен асып тасымайтын момақан да байсалды жаратылған 
ғажап  көл.  Оңтүстігінде  Өскелең  деп  аталар  жүндес  асуы 
бар.  Сондықтан  да  бұл  өңірді  баяғыдан  жайлаған  қазақтар... 
«Үстіне Өскелеңнің шыға келсем, көрінер көл айналасы жап-
жалаңаш» деп, әнге қосып, ойдағы ауылдан ат арылтып әрең 
жететін төр жайлауды жердің жұмағына балайды. Көлдің аяқ 
жағынан көпіршіп шығар суды – көлдің шүмегі деседі. міне, 
осы шүмектің бауыздауына тақау, маралкөлге мінбелеп тұрған 
таудың алқымындағы алып қара тастардың үңгіріне орналас- 
қан үй – қазіргі заманның көрме үшін әдейі салған ғажабындай 
өзгеше таңсық әрі айға адам ұшырып отырған озық дәуірдегі 
адамзат ақылын мазақ етердей өгей де бөтен еді. Әсіресе, түн 
баласында үңгір-үйдің аядай аузынан жылтылдаған от уақыт 
көшінен  әбден  шаршап,  шөгіп-шөгіп  жусаған  жуас  таудың 
жалғыз  көзіндей  алыстан  шалынатын;  замананың  ұмытып 
кеткен  ұлындай  жетімсіреген  өмірдің  өңменінен  жарып 
жарқыраған  сәуле  ата-бабамыздың  ендігі  қалған  сарқынды 
аманат  шырағындай,  қай-қайдағыңды,  ата  кәсібіңді,  қайдан 
шыққандығыңды  еріксіз  есіңе  түсіріп,  әлдебір  сиқырлы 
күшпен менмұндалайды. Жанарың ашып, көкірегің көбеңсіп, 
жүрегің сазады; даңғаза дүниенің айғай-шуы мен арпалысын, 

174
күш  күрес  пен  ит-қырқылжыңынан  шаршау  тартқан  жаныңа 
сауап болғандай, көптен көксеген беймарал, жым-жырт өмірді 
жолықтырғаныңа іштей жарылқанып, жасанасың.
Тағанның  таң  қалғаны  бұл  да  емес  –  тыныш  тіршілік 
Қатын  суының  жағасында  да  бар.  Тағанның  таң  қалғаны 
– осынау өр алтайдың малшылар мен аңшылардан басқа жан 
аяғы баспайтын қуысында, ерте дүние дәуіріндегі секілді, тас 
үңгірді  баспана,  табиғаттың  тағыларын  қорек  етіп  отырған 
Шалдың  қаймана  жұрттан  қашаң  тартқан  тірлігі  –  қомақты 
қоғам, дүбірлі дәуірден өгейси көшіп, өз қотырын өзі қасыған 
оқшау  кәсібі  еді.  Тағанды  таң  қалдырған  бұл  ғана  емес 
–  ауыл-аймақ,  бота-тайлақтан  тек  қара  басы  ғана  ауа  көшсе, 
саяқтаса жарар еді-ау, пендеге берілер санаулы жасының көбі 
кетіп,  келтеленген  шағында  оған  бәрі  жарасар;  өзімен  бірге  
т-у-у  ит  арқасы  қиян  –  ел-жұрты  жоқ  жетімсіреген  жерге 
қаршадай екі баланы ерте кеткені. Олар күні ертең – ер жете 
келе қар адамы секілді жабайыланып, жан адамға жуымайтын 
тағыға айналып кетсе, мынау мәре-сәре өмірдің қызылқырман 
қызығынан  мақұрымданып,  маңып  қалса  қайтер...  Шалға 
лағнет жаудырып, өкінішті өмір кешпей ме? Бұл қалай сонда?
Үңгір-үйдің  ішіне  еңкейіп  кіргенде  туған  осы  ойлардың 
ұшығын  таба  алмаған  жігіт  айналасына  аңтарыла  қараумен 
болды. Үлпершектей үлбіреген ұл мен қыз аса бір ізет, иманды 
инабаттылықпен сәлем берді де, атасының мойнына асылып, 
аймалап, сағыныш-мауқын басты.
Үңгірдің  іші  кең.  Кеңдігі  соншама,  тас  қанатты  ағаш 
дөңбекпен  қаптап,  еденін  тақтайлап,  екіге  бөліп  екі  бөлме 
жасаған. алдыңғы бөлме – ас ішетін, ал, анау төргі бөлме жатын 
үйге  ұқсайды.  Бір  қараған  адамға  қарапайым  ғана  тіршілік 
үшін керекті заттың бәрі бар деуге болады. Тап-таза жиналған. 
Қабырғаға қағылған аюдың терісі, оның азу тісі ақсиған басына 
арбайған бұғы мүйізі қағылған. мүйіздің әр саласы бос емес, 
мылтық,  оқшантай,  тағы  да  басқа  керек-жарақтар  ілінген. 
Қамшының неше түрі бар екен, сан түрлі өрім, сан түрлі сап, 
Шалдың еріккендегі ермегі қамшы өру секілді... ыдыс-аяқ та 
ағаштан  ойылған.  Қалайы  мен  шыныдан  жасалғандары  жоқ 
деуге  де  болады.  Кіреберіс  іргедегі  пеш  те  тастан  қаланған, 
тек  үстіне  ғана  темір  плита  төселген.  Есік  алдында  көзге 
шалынбағанымен, мал басы бар секілді. айран ұйытулы тұр. 

175
Қайың салмада сүрленген ет ілінген. Қазір күн жылы болған 
соң, отты есік алдындағы жер ошаққа жағып, тамақты далада 
пісіреді  білем.  Жерошақтағы  шағын  ғана  шойын  қазаншада 
бүлкілдеп қайнаған еттің иісі есіктен кіріп, мұрныңды жарады, 
қарныңның ашқанын есіңе салады...
−  анда-санда  тіліңді  жұтып  қоятының  бар  екен,  −  деді, 
сырт киімін, саптама етігін шешіп жеңілденген Шал.
−  Ондай  әдетімнің  бары  рас.  лекция  үстінде  де  сабақ 
тыңдамай қиялдап кетіп, ұстаздан талай ұрыс естігенмін.
−  Балалар,  тамақтарыңды  қамдаңдар,−  деді  Шал  білте 
шамды  жағып.  Ұл  мен  қыз  жарыса  жүгірді.  Таудың  ымырты 
лезде  үйіріліп,  үңгір-үйдің  іші  қараңғыланған.  ашық  тұрған 
есіктен  көлдің  бір  пұшпағы,  ар  жағындағы  алып  тау  тұтас 
тұлғасымен көрінеді екен. Етегі киіздене тұтасқан орман; сол 
орман  заңғартаудың  басына  жете  алмай  шаршап  таусылып, 
қорым  тас,  таз  шоқы  басталады.  Шоқының  айыр  өркеш 
шошағында әлі жұқалаң шапақ бар.
− Ұлымның аты – Қозы, қызымның есімі – Баян, ырымдап 
әдейі  қойдым,−  деді  ақсақал  әңгімеге  ықылас  білдіріп.  − 
Егер тегін қуаласаң, бірі – батыстан, бірі – шығыстан. Әдейі 
Қазақстанның екі қиыр шетіндегі балалар үйінен алып келдім. 
Қандары араласып, балталаса бөлінбейтін ұжымды ел болсын 
дегенім...
− Шынымды айтсам, ағасы, сіздің осы әрекетіңізге түсінбей 
отырмын. Не үшін? Жаман айтпай-жақсы жоқ, ешкім де мың 
жасай алмайды...
−  Өліп  кетсең,  екі  бала  кәмелетке  толмай  далада  қалады 
деген  уайымың  шығар.  −  айтшы,  шырақ,  маған  қанша  жас 
бересің?
− Шамамен... − деп, ойланды Таған. − Кем дегенде жетпіске 
жақындап қалдыңыз.
− Сақалым мен шашымның ағына қарап ажыратсаң, солай, 
әрине. Нақтысы −1924 жылғымын, демек, елу сегіздемін. Енді 
бір  он  бес  жылсыз  өлімнің  дұзағына  іліне  қоймаспын  деген 
сенім бар. Ендеше, менің екі балам ол кезде бірі бой жетеді; 
екіншісі  ер  жетеді,  яғни  жиырманың  үстіне  келеді  деген 
сөз... Одан ары менің керегім жоқ, өз күндерін өздері көреді, 
атамекеннің атпал азаматы болады.

176
−  Қызық  екен...  ертектегідей...  бәрібір  түпкі  мақсатыңыз 
тұманды. Елдің ішінде отырып ер жеткізсеңіз, кім таршылық 
жасар еді. Обал ғой, аға, обал...
− Бүгінде ел қалды ма?− деп сақалын саумалады Шал.− «Бүлін- 
геннен бүлдіргі алма» деген... Егер мен елден қашсам, баламның 
саудайы қылық, арзан қызықтан таза өссін дегенім.
− ағайыннан көңіліңіз қалған-ау. Әйтпесе Үлкен Жердегінің 
бәрі  ақымақ  дегенге  кім  сенер.  рас,  көпшіліктің  ортасында 
жүріп  те  жалғызсырайсың,  ондай  ауыр  сәт  өз  басымда  да 
болған. Бірақ, айналайын халықпен қақтығысып жүргенге не 
жетсін.
− адам-орманның ортасында жүріп күнәға батқанша, ағаш-
орманның  арасында  таза  өскеніне  не  жетсін.  мен  қазақтың 
атом  апатынан  да,  бүлінген  ауадан  да;  ішімдік  пен  аяқтан 
шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын 
тәрбиелеймін.  Иә,  пәле  –  қала,  өсек  –  жаладан...  меңдуана 
жегендей желіктірер әуен мен әумесер қылар айғай-шудан да 
алып қашып отырмын.
−  адамзаттың  өмірі  алтайдан  басталған  деуші  еді,  әрі 
жазушы  әрі  тарихшы  бір  досым.  Соның  сөзін,  бәлкім,  сіз 
дәлелдеп шығарсыз, − деп күлді Таған. − Сонда қалай, екеуін 
үйлендіресіз бе?
Дәм жазса, ондай ойым жоқ емес.
−  Өз  бауырыңызда,  бір  үйде  ағалы-қарындас  секілді  тел 
өскен  балаларыңызды  ерлі-зайыпты  етіп  қосқаныңыз  ата 
жолын бұзғандық емес пе, ағасы...
− ашып айтамын деп, қанын шығара қасып айтып отырсың-
ау,  шырақ.  Екі  бала  ақыл  тоқтатқан  соң,  анығын  ашармын, 
өздері  шешер...  Болмаған  жағдайда  ауылдан  адам  табылмас 
деймісің. Өссінші әуелі... Жә, доғарайық, тамақ дайын...
ағаш  табаққа  салған  етті  буын  бұрқыратып  Қозы,  соңын 
ала сорпа құйған ыдысы бар Баян кірді.
− Жүр, шырақ, қол шайып келейік, − деп, сыртқа беттеген 
Шалмен  қабаттаса  шыққан  Тағанның  ең  әуелі  көзіне  түскені 
беті  шымырлап,  жайбарақат  жатқан  көл  болды.  аумағы  ат 
шаптырым.  Үй  іргесіндегі  жақпар  тастан  өз-өзінен  сорғалап 
тұратын суға науа орнатып мәдениеттендірген екен. Қолдарын 
сол саулаған суық сумен жуды.

177
ауқат үстінде көп әңгіме болған жоқ. Қонақ жігіттің қарны 
ашып қалса керек, қарбытып асап, түтінге ысталған шала сүрі 
етті сүйсіне жеді. Балалардың зауқы бұл үйреншікті асқа онша 
шаба  қойған  жоқ,  атасы  ұсынған  сүйекті  шұқылап,  шоқып 
жеген болды да:
− мал жайғаймыз, ата, − деп, астың қайырылуына қарамай, 
балалық жеңілтектікпен шыға жөнеліскен.
− мал ұстайсыздар ма? − деп сұрады Таған шайнаң қағып. 
− Иә, он шақты қой-ешкі, бір бұзаулы сиыр, екі жылқымыз 
бар.
− Бай екенсіздер-ау... ал енді оған айғыр мен бұқаны қайдан 
табасыздар? − Өзінің орынсыз қалжыңына Шал ренжіп қалмады 
ма деген күдікпен көз қиығын салып еді, ол қаперсіз екен.
−  мынау  Өскелеңнің  арғы  бетінде  жаз  жайлауға  келген 
сиыр табыны мен жылқылы ауыл бар. Ұрғашы жұртына бай 
қай-қайдан  да  табылар.  мына  екеумізге  қатын  табылмай  ма 
деп қорқамын...
− менікі болған...
− Ендеше, менікі де болған, − деп, Шал шатынай доғарып 
тастады. Бұл әңгіме отағасының оң жамбасына келмесін сезген 
соң,ары  қарай  өрбімеді.  Сүзбе  қосқан  ақ  сорпаны  аяқпен 
сораптап,  бабымен  ішкен  екеуі  көпке  дейін  ләм  дескен  жоқ. 
Дастарқан жиналмады, балалардың еншісіне қалдырды білем. 
Тысқа  шыққанда,  бағанағы  шапақ  шаршау  тартып,  айналаны 
ымырт жайлай бастапты. Сонадай жердегі дәу самырсынның 
түбін  қоршай  жасалған  қашаның  ішінде  үй  иесі  айтқан  он 
шақты  ұсақ  мал  қамаулы  тұр.  ал  ақ  шап  қызыл  сиырдың 
бауырына  тас  кенедей  жабысқан  қаршадай  қыз  созғылап 
сиыр  сауып  отыр.  Қолының  күші  жетіңкіремесе  де,  онысын 
білдірмеуге тырысып, құнжың-құнжың етеді. Ер бала – Қозы 
бұзаудың мойын жібін ұстап, қасында аңдып тұр. Он жастан 
енді  ғана  асқан  балалардың  шаруақой  пысықтығы  Тағанға 
қатты әсер етті. «Тәңірім-ау, өмір дегеніміз осы емес пе» деп 
ойлады.  Әсері  жүректі  шабақтап,  жанарға  жас  ұялатар  кино 
іспетті, мынау қоңырқай ғана қарапайым тірлікте өміріміздің 
барлық мазмұны мен о бастағы бастауы, мәні мен сәні табиғи 
күйінде  құжынап  жатқанын  түйсінді.  Тағанның  алғаш  рет 
балаға деген махаббаты оянды. «Тәңірім-ау, өмір дегеніміз, өмір 
сүру  дегеніміз  –  артыңа  ат  ұстар,  сиыр  сауар  ұрпақ  қалдыру 

178
екен-ау...»  Бүгінде  өзінің  тұңғыш  ұлы  жиырмаға  толғанын 
есіне алды. Не істеп жүр? Өлі ме, тірі ме? Фамилиясы қалай? 
Әкесін сұрай ма, әлде әйелі күлге аунап таптым деп түсіндірер 
ме екен, әлде әкең ішкіш, маскүнем, баяғыда өліп қалған деп, 
біржола түңілдірді ме... Кім білсін?..
малды жайғаған Қозы мен Баян асыр сала жарысып, үңгір-
үйге кіріп кетті. мынау аспанмен таласқан меңіреу таулардың 
ішінен естілген бала күлкісі, бала ойыны қандай жарасымды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет