Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom

шым, таспен бітеп әуре болып жүргеніміз. Үйден ала шыққан 
талқанымызды қайнамаған қара суға шылап, жүрек жалғаймыз 
да, тағы да қара жерді қазғылаймыз. Диірмендегі егістікке арық 
жүргізу жұмысын аяқтаған соң, бізді Жаманашыдағы арпаны 
суаруға салды. Бұрынғымыз мұның жанында ойыншық екен, 
қып-қызыл  тасты  сүймеңдеп  жылдар  бойы  соқа  тісі  тимеген 
беріш төбенің бауырын қақ тіліп, арық қазғанда, алғаш рет қатты 
шаршағанымды сездім. Күн ыстық. Сусын жоқ. Ішім үлкейіп 
қалған. Колхоз бастығы қас қылғандай жаныма сырлас құрбым 
ғайшаны да қоспай, күйеулерінен қара қағаз алған Сақыш пен 
Бәтішке теліген. Олар менімен қырғи қабақ, арық біреу болса да 
бөлек жүреді. Звенобойымыз Сақыш мені қайдағы бір қағынған 
жерге, шақылдаған көк тасқа салады. Екеуі өзіне тиесілі жерді 
бітіреді де, талдың көлеңкесінде дем алып, кейде рақаттанып 
мызғып алады. Қатты қимылдайын, олардан қалмайын-ақ деп 
тырмысамын,  амал  не,  ақанның  аманатын  дүниеге  әкелмей 
түсіріп  аламын  ба  деп  қорқамын.  Өзіме  бөліп  берген  жерді 
ломдап, қайлалап қазып бітіріп, қатындардың қасына келсем, 
олар үшеумізге тиесілі үш литр сүтті бөліп алып, бір-бірінің 
басын тарап жайбарақат отыр. Үндемеуші едім, салғыласпаушы 
едім, дәл осы жолы ақсайтаным ойнады. 

255
– ау, маған тиесілі сүт қайда? – дедім қалш-қалш етіп. 
–  Байы  тірі  қатын  сүт  ішуші  ме  еді,  –  деп  сылқ-сылқ 
күледі. 
–  албастылар-ай  күйеулеріңнің  өлімін  менен  көріп 
болмадыңдар  ғой.  Бір  үйдегі  он  жан  адам  жалғыз  сиырдың 
төрт  емшегіне  қарап  ақсыз  отыр,  оның  өзі  арты  бітеліп, 
қысыр  қалған.  Тым  болмағанда  өлмелі  кемпір-шал,  шикі 
өкпе  балаларымды  аясаңдар  етті.  –  Қанша  тасқайнат,  мықты 
болсам  да  шыдай  алмай  дауыстап  жылап  жібердім.  –  Құдай 
зауалдарыңды берсін!
– Сілкінбе! – деді Сақыш орнынан атып тұрып, – Қаралы  
үйге  қарғыс  жүрмейді.  Өзіңнен  бес  жас  кіші  байыңа  мақта- 
намысың.  Сенің  де  сырың  белгілі.  Бай  құтаймайтын  қанды  
етек қаншық! Жалғыз летір сүт үшін бидайдай қуырғаны несі. 
– Ей, Сақыш, тіліңді тарта сөйле, білдің бе! Сенің де сырың 
мәлім.  азаматыңның  топырағы  суымай  жатып,  шыжбыңдап 
жүрсің. Қу жатыр болған бедеулігіңді менен қөресің бе? Қалай 
звенобой  болғаның  да  алақанымда.  Басыңа  тартқаның  қара 
емес, қызыл орамал, тым болмағанда аруақтан ұялсаңшы!
– Не дедің? – Күректі ала ұмтылды. мен де қарап қалған 
жоқпын.  Сүйменді  көлденең  ұстап  қорғана  бердім.  –  Қан 
қылайын! Қолыңда өлейін...
–  Жақындап  көр!  –  Неге  екенін  өзіміз  де  білмейміз, 
қолымыздағы  қаруды  тастай  беріп  шашымызға  жабыстық. 
Нағыз қатын төбелес басталды. Бәтіш: «Бірің өліп, бірің қал», 
–  деді  де,  үш  литр  сүт  құйылған  торсықты  арқалап,  ауылға 
тайып тұрды. мен Сақыштан гөрі қарулы екенмін, шалқайта 
құлатып  кеудесіне  мініп  алдым  да,  етегін  түріп  тастап,  май 
құйрығын  армансыз  шапалақтадым-ай,  өсек  айтқан  бүкіл 
ауыл әйелдеріндегі кегімді Сақыштан алдым. астымда жатқан 
ол тыпырлап: – албасты-ау, өлтіремісің, қоя бер енді, – деді. 
Жұмсарып қалған секілді, даусы өзімсініп шықты. 
Екеуміз қатар отырып алдық та, батысқа жүз беріп, ағыл-
тегіл  жыладық-ай...  Бір-бірімізден  кешірім  сұрап,  бетімізден 
сүйдік.  ақшам  жамырап,  қас  қарайғанша  мұңдастық,  сыр- 
ластық,  қайтып  қарсы  сөз  айтыспайтындай  болып  табыстық. 
Көйлегінің  етегін  көтеріп  қараған  Сақыш:  –  албасты-ай, 
аямай-ақ  ұрған  екенсің,  қарашы  алақаның  тиген  жер  қып-
қызыл болып қалыпты. Удай ашиды, – деді күліп. 

256
Ел  орынға  отыра  арып,  ашып  ауылға  жеттік.  Сақышты 
үйге апарып шай бердім. міне, осы оқиғадан соң айнымастай 
достастық, қайда жұмсаса да жұбымыз жазылмай бірге жүретін 
болдық. 
Шілде  туып,  колхоз  жаппай  шөп  шабуға  кірісті.  1942 
жылдың жазы әрі ыстық, әрі берекелі болды. Елдің жағдайы 
бір  қалыпша.  майданға  аттанған  елу  шақты  азаматтың  тең 
жартысынан қаралы қағаз келді. Қаралы қағаз келді деп, қара 
жамылып,  жылап-сықтап  жатып  алған  ешкім  жоқ,  үш  күн 
жоқтап, төртінші күн жұмысқа шығады. Жесірлермен көрісе-
көрісе көзіміз қанталап кетті. Әр әйел өз мұңын айтып жоқтайды 
демекші,  өзгенің  қайғысы  жаныма  қанша  батқанымен,  іштей 
ақанның  есен-сау  оралуын  тілеймін.  Өйткені,  басқалар 
тұңғыш қосағынан айырылса, мен байғұс, үшіншісін жоғалтып 
аламын ба деп қорқамын. Соғысқа бармай, Оралда жер қазып 
жүрсе, тәңірімнің көз жасымды көргені, рақымы түсіп аяғаны 
шығар  деп  ойлаймын.  Қайын  сіңлілерімнің  үлкені  Сандуғаш 
ойда  да,  Қарлығаш  жонда,  жұмыста.  Ботай  мен  Қатай  да 
колхоздың жұмысынан қалмай, құйрықтарын өгіз ойып жүрген. 
Қалғандары әлі жас, ауылда апасының қасында еді. 
Бір  күні  мені  колхоз  бастығы  Нартай  шақырды.  Не  боп 
қалды  дегендей,  құстай  ұшып  кеңсеге  жеттім.  Ол  шақта 
бастық  немесе  кеңес  хатшысы  іздеді  десе,  зәре-құтымыз 
қалмай қорқушы едік. Әр үйге келер қара қағазды, ең алдымен 
кеңсеге шақырып, басқарма мүшелері мен кеңес қызметкерлері 
тапсыратын...  Жүрегім  тарсылдап,  аузымнан  шыға  жаздап 
есігін аштым. Нартайдың жалғыз отырғанын көрген соң ғана 
ес-ақылымды жинай бастадым. 
–  Өңің  айдаһар  қуғандай  ғой,  келін,  –  деп  әңгімесін 
бастады. 
– Тыныштық па, аға?
–  Тыныштық.  Сенің  үйіңе  келер  зауал  жоқ  қазір.  ақан 
трудабойда  ғой...  Бойонкоматқа  айтып,  соғысқа  жібертпеген 
мен едім... 
– Оныңызға рақмет, аға, – дедім сөзіне сенбесем де. 
–  Жақсылығымның  өтеуін  алайын  деп  отырған  жоқпын, 
шырақ. Бірақ судың да сұрауы бар деген... ақанның күмістеген 
ері бар еді, өзі келгенше міне тұрайын, маған бер, – деді қоңыр 
дауыспен майдалап сөйлеп. 

257
– Бере алмаймын, аға. мен келіскенмен, ата-енем ат тонын 
ала  қашады.  ақаннан  қалған  жалғыз  аманат  қой,  орынсыз 
қолқа салмаңыз. 
Өкпелесем қайтесің, – деп оспақтады. 
– Қайтеміз, көнеміз де...
–  адамның  жаны,  қасқалдақтың  қанын  сұрап  отырған 
жоқпын ғой, келінжан...
– Біз үшін ақанның ері одан да қымбат. 
– Босқа қаңсып жатқанша ат арқасын иіскесін. 
– Босқа қаңсып жатқан ер ғана ме екен, аға. 
– Өзіміз де еркек терін иіскемей жүрміз деші. – Қарқылдап 
күлді. – маған сенің осы өткір мінезің ұнайды. 
– Құдайдың жаратқаны да. 
– Дайындап қойыңдар, кісі жібертем, – деп кесіп айтты да, 
әңгіме осымен бітті дегендей орнынан тұрды. 
– Бере алмаймыз дедім ғой сізге. Несіне емексисіз! – Даусым 
қатты шығып кетті. 
– ым... солай де... Ендеше, басқаша сөйлесерміз. айтпақшы, 
ақан  кеткелі  әскери  салық  төлемепсіңдер-ау  осы...  Есіме 
түскені қандай жақсы болды...
–  Әскери  салықты  әскерге  адамы  алынбаған  семья  ғана 
төлемеуші ме еді?
– Дұрыс айтасың, келінжан. Тегінде сенің күйеуің соғыста 
жүрген жоқ, Орал деген жердегі курортта... Ендеше, таңертеңнен 
бастап военсалық төлеңдер. – менен бұрын шығып кетті де, 
кеңседе жалғыз өзім қалдым. 
 «ақанды әскер боласың деп алып кетпеді ме, салықты неге 
төлейміз»  –  міне,  осы  сауалдың  жауабын  таба  алмай,  ойым 
онға, санам санға бөлініп үйге оралдым. Балаларымды жинап 
алып, жайқалып өсіп келе жатқан картоптың арамшөбін жұлып, 
түптеп  жүрген  енемді  көргенде,  бағанадан  бері  көкірегімді 
қысып,  алқымыма  кептеліп  келген  өксік  көзімнен  бұршақ-
бұршақ жас болып ағылды.
– Не болды, келінжан? Ұлымнан жаманат естідің бе?! – деп, 
енем мені құшақтап ойбай салды. 
– Жоқ, – дедім өксігімді баса алмай. – Тыныштық. Нартай ақан- 
ның ер-тоқымын сұрайды. 
– Ту, зәремді ұшырдың-ау, – деп картоптың сабағын жапыра 
отыра кетті. – Құдай-ай соған да кісі ботадай боздап жылай ма 
екен.  Шалмен  ақылдасайық,  жүр  үйге.  Әй,  балалар,  сендер 

258
жұмыстарыңды  жалғастыра  беріңдер.  Бұл  –  қыста  жейтін 
азықтарың. 
атам намаз оқып отыр екен, бұзған жоқпыз. Ол кісі намазға 
ұйығанда  дәл  жанынан  бомба  жарылып,  құлағының  түбінен 
мылтық атылып жатса да тапжылмайтын діндар адам еді ғой 
жарықтық.  Кезінде  кедейлігіне  қарамай  Әбдікерім  болыстың 
сөз ұстаған биі, ел дауын жалғыз-ақ ауыз сөзбен шеше салатын 
шешен болыпты деп естігенмін. мен келін боп түскенде әбден 
қартайған  шағы  және  таң  атқанша  басы  жастыққа  тимей 
жөтелетін дімкәс ауру еді. атама еліктей ме, бес уақ намазын 
енем де қаза қылмайтын. Ол кісінікі сәл өтіріктеу де секілді еді, 
жайнамазына жығылып, алақанын жайып отырып-ақ: «Ешкіні 
қамадыңдар ма?», «Су әкелдіңдер ме?», «Шай қойдыңдар ма?» 
– деп өз шаруасын қоса бітіре беретін. Әй, апам-ай, «құдайдан 
қайт»  деп  шалы  қанша  рет  ұрысса  да,  осы  әдетін  қоймай-ақ 
қойғаны.  «Егер  бары  рас  болса,  анау  пәшистің  неге  сазайын 
тартқызбайды,  адамның  қанын  судай  ағызып  қоя  ма  солай», 
енемнің алла тағалаға деген сенімі соғыс басталғалы бері азая 
бастағанын  сезетінмін.  Енді,  міне,  ол  жарықтық  жоқ  екенін 
біліп  тұра,  отырсақ  та,  тұрсақ  та  аузымыздан  тастамаймыз. 
Қайдам, қарағым, жоғына кімнің көзі жетіпті.
атам үш ұмтылып барып орнынан әрең тұрды. Кеудесі сыр-
сыр етеді, шаршап қалған секілді. 
– Шал, ау, шал. Нартай ақанның күмістелген ер-тоқымын 
сұрапты. Береміз бе? 
–  атасының  басы,  –  деді  атам  ентігін  әлі  де  баса  алмай. 
– ахметтен қалған көзді Нартайдың сасық бұтына салайын ба. 
Оттаған екен. Енеңді... – маған жалт қарады да одан арғысын 
айтпай қоя қойды. 
– ата, – дедім мен иіле төмен қарап (Қанша арып-шаршап 
қиындық  көріп  жүрсем  де  ол  кісінің  жүзіне  тура  қарамаған 
инабатты  келіні  едім  ғой,  қайтейін...)  –  Егер  ерді  бермесек, 
бастық  үстімізден  құрық  түсірмейтін  сыңай  бар.  Боенсалық 
төлеңдер деп қиғылықты салды. 
– Салықтың орнына мені алып кетсе де бермеймін, – деп 
кесіп айтты. 
–  Сен  екеумізді  не  ғылсын,  не  істейміз?  –  деп  енем 
қыржыңдады. 
– Қара ешкіні ұстап беріңдер. 
– Келесі айда не төлейміз, ата-ау. 

259
–  Одан  арғысын  көре  жатармыз.  Құдай  бай  емес  пе,  бір 
есебін табармыз. 
–  адыра  қал,  –  деп  енем  шыға  жөнелді.  атам  күрк-күрк 
жөтеліп жатып қалды. мен қара ешкінің лағын жетім қалдырып, 
колхоз  кеңсесінің  босағасына  байлап  кеттім.  Қияңқылығым 
ұстады  ма,  мүйізіне  «боенсалық»  деп  қағаз  жазып,  байлап 
қойдым  да,  оразамды  ашпастан  пішенде  жүрген  әйелдерге 
тарттым. 
– Қол тартпамен шөп шабу маған өте қиын болды. Қиын 
болған  себебі  –  ішім  үлкейіп  қалған.  Бұл  жұмыстан  босат 
деп  өтініш  айтып,  Нартайға  баруға  арландым.  Әсіресе,  анау 
ер  дауынан  кейін  бізді  атарға  оғы  жоқ.  Әбден  өшігіп  алған. 
Қажыған  елге  би  болып  қалған  азын-аулақ  азаматтардың 
әспенсіп  ойына  келгенін  істеп  баққанын  несіне  жасырайын, 
көзімізбен көрдік қой.
Әрине,  бәрі  бір  қалыптан  шыққандай  қазымыр  емес  те  
шығар,  бірақ  елуден  асып,  әскер  жасына  ілінбей  қалған 
еркектерді  соғыс  әжептәуір  еркелетті...  майданнан  жаралы 
азаматтар оралып, жанымыз қалды ғой. Оқ пен оттың ортасына 
түсіп,  бейкүнә  өлімді  көрген  олар  бейшара  елге  ізгілік, 
жақсылық  ала  келді  де,  көксақал  әпербақандарды  тақтан 
түсіріп, орнын ала бастағанда ғана «уһ» деп бел жаздық. 
мен  үшін  отқа  күйетін  ғайша,  оған  баяғыдағы  «қатын 
төбелестен» соң Сақыш қосылған. Екеулеп жүріп наубайханаға 
ауыстырды,  мен  дегенде  төбе  шашы  тік  тұратын  бастықты 
көндіріпті.  артынан  естідім,  әсіресе  Сақыштың  сіңірген 
еңбегі... Байғұс жылап отырып айтты ғой. Жарықтық, екі көзі 
танадай  сұлу  әйел  еді-ау.  Жанынан  жалғыз  еркек  тоқтамай, 
сұқтанып  қарамай  өте  алмайтын.  Колхоз  бастығының  ол 
дегенде есі жоқ, соңынан итше сүмеңдеп бір елі қалмаушы еді. 
Өз әйелін өзінен бұрын қартайтып қағынып жүргенінде құдай 
тілеуін  берді.  Жұлдыздың  мұқым  қыз-келіншектері  саудырап 
бос  қалды.  Осы  ауылда  Нартайдан  аумайтын  ұқсас  балалар 
толып  жүр.  Оның  бәрін  жіпке  тізіп  қайтейін.  Тірі  жүрсін. 
Олардың  әкесі  –  Соғыс!  Басқа  ешкім  де  емес.  Сақыштың: 
«алма мен сен үшін алғаш рет арымды саттым, тіпті сен қатын 
үшін  емес,  анау  ішіңдегі  сәбиің  үшін.  Өзіме  құдай  бермеген 
соң,  сенің  балаңды  аман  алып  қалғым  келді».  Солқылдап 
бетін басып ұзақ жылады. мен оны уата алмадым. Сонда ғана 
баяғыда Жаманашының басында егін суғарып жүріп, бір литр 

260
сүт  үшін  бекер  тілдегенімді  түсініп,  аяғына  жығылдым.  Ол  
мені кеудемнен көтеріп, тұрғызып алды. Бетін суық сумен жуды 
да, қайтадан жайнап, екі жанары от болып жайнап қоя берді.
– Бастық Нартай болмақ түгіл, құдіретті құдайдың қойнына 
барсам да мені құрсақ көтермейсің деп талақ тастар еді. Ендігі 
тілек – сенің балаларыңа көмектесу. Он байға тисең де! – сен 
бақыттысың, алма! Бақыттысың! Дүниеде сендей әйел жоқ! 
– рақмет, құрбым. Өлсем де жақсылығыңды ұмытпаспын. 
– Бетінен сүйіп, мойнынан құшақтадым. 
– ал енді масаға таланбай үйге қайталық, – деп етегін сілкіп 
орнынан  тұрды.  Оның  сүмбілдей  сұңғақ  денесі,  тайқылау 
біткен ақ маңдай, аққудыкіндей ұзын мойын, жұмыр иегі – бар-
барлығы жарасымын тауып, тал бойына тарыдай мін түсірмей 
тұр. Оны жаңа көргендей аузымды ашып аңырайып қалыппын. 
Өзімнен кіші болса да замандас құрбымдай жақсы көріп, әрі 
аядым,  әрі  қызықтым  да.  Табиғат  пендесін  осыншалық  сұлу 
ғып жаратады да, сорлы ғып қоятыны несі екен? 
– Үй, не болды саған, жүр қайталық. 
– Қандай керімсің, Сақыш. Көрмеде көрсетер әйел сендей-
ақ болсын.
– Сылаңдаған сұлулық түлкіде де бар. Бірақ көп жорытқан 
түлкі  құйрығынан  айырылады,  –  деп,  басын  шалқақ  ұстап, 
қаздаңдай басып менің алдыма түсе берді.
Бозталдың бойындағы жалғыз аяқ жолмен аяңдап келеміз. 
Күн батып, ағаш арасы алакөлеңкелене бастаған бейуақ шақ. 
Шілденің шіліңгір ыстығының беті қайтып, қоңыр салқын түн 
қаймақши бастаған. маңайды маужыраған тыныштық меңдеп, 
жаныңды  жай  таптырар  жұмбақты  сезім  билейді.  Күні  бойы 
арпалыстан сал болып шаршаң тартқан денең азаптың арқанын 
бытырлатып үзіп, жол шетіндегі иісі аңқып жатқан шабылған 
шалғынға ұзынынан сұлап құлай кеткісі келеді. Әлгіден бері 
үнсіз  аяңдаған  Сақышты  да  осы  мені  меңдеген  дел-сал  хал 
жеңді ме: 
–  Әй,  алма,  –  деді  тоқтап.  –  асыққанда  қайда  барамыз, 
аздап  дем  алайық.  –  Бұдан  соң  менің  келісімімді  күтпестен 
шөп дестенің үстіне жата кетті. 
мен де оның жанына қисайдым. 
– Ешкім көріп тұрған жоқ қой, қол-аяғыңды жазып, еркін 
жатсаңшы албасты-ау, – деп, мені күшпен итеріп шалқайтты. 
Содан кейін менің томпайып қалған ішімді ақырын ғана сипап, 

261
құлағын  төсеп  тың  тыңдады.  –  Сен  –  анасың,  алма.  Бұдан 
артық арманның керегі не. Сенің құрсағыңда, құдай біледі деп 
айтайын, титімдей ғана ақан жатыр. Сөз жоқ ұл жатыр. Егер 
қарсы болмасаң, кіндігін мен кесейін. 
– Әуелі аман-есен босанайын да. 
– Неше күн қалды?
– Өз есебімше үш айдай уақыт бар. 
–  алыс  емес  екен  ғой.  Ертеңнен  бастап  нан  пісіруші 
боласың.  Бірақ  ол  жұмыс  та  жеңіл  емес-ау.  Әйтеуір,  ауыл 
іші, үйіңе жақын. Тамағың да аш болмас. мен саған бір сыр 
айтайын ба, алма, – деді қайтадан шалқайып, сонау енді-енді 
көріне  бастаған  әлсіз  жұлдыздарға  қарап.  Қолындағы  шөпті 
тістелеп,  әлденені  есіне  түсірді  ме,  мен:  «Бастасаңшы  енді», 
– дегенше үндеген жоқ. 
– Сен көңіліңе алмайсың ба?
– Жоқ, не деп алайын көңіліме. 
–  Жасырақ  кезімде,  ол  кісінің  жігіт,  менің  қыз  кезімде... 
арамызда тым тереңдемеген жақындық, сырластық болып еді. 
– Оның кім?
– Ол екеуміз сан рет кездестік, өмірлік жолды бірге өтеміз 
деп  уәде  беретін.  Бір-бірімізді  құлай  сүйіп,  шын  ғашық 
жандардай  қиналып  та  жүрдік.  Ол  жуас,  мен  шолжыңдап 
өскен тентек едім. Жолыққан сәттерімізде ол төмен қарап, тілі 
кесілгендей үндемей тұрар еді, ал, мен өзім құшақтап, бетінен 
де алғаш рет өзім сүйгенмін. 
–  атын  айтпайсың  ба?  –  Сақыш  менің  сұрағымды  тың- 
дамағандай әңгімесін жалғастыра берді. 
– Оның бұйраланған көмірдей қара шашы, бидай өңі, қыр 
мұрны,  күлімсіреп  қарайтын  кішілеу,  бірақ  отты  жанары, 
ойшыл да бір беткей мінезі... бүгінгідей көз алдымда. амал не, 
тағдыр  бізді  қоспады,  әрқайсымыз  жеке-жеке  қайыққа  мініп, 
өмір ағысымен кеттік. Қосыла алмағанымызға өкінген жоқпыз. 
адамды  бақытсыз  ету  оңай  ғой,  ал  оны  бақытты  ету  екінің 
бірінің қолынан келетін ерлік емес. ағасы өлген соң, соңғы рет 
менімен жолықты да, сенің мәңгілік жарың болды....
Неге  екенін  өзім  де  білмеймін,  Сақыштың  толқып, 
ұялыңқырап  айтқан  әңгімесін  соншалықты  жайбарақат,  сал- 
қынқандылықпен  тыңдадым.  Тіпті  бойымда  қызғаныштың 
титімдей де оты тұтанған жоқ. Не деп қызғанар едім... Қалай 
ғана?  ақан  алтайдың  ару  қызын  қиып  тастап,  маған  –  екі 

262
байды жұтқан маған жар болғанын мақтан етіп, жар салу да 
жараспас еді. «Жүгірген алмайды, бұйырған алады» деп қазақ 
бекер  айтпаған  ғой.  ал  егер  адалынан  ақтарылған  Сақышты 
жазғырар  ма  едім.  Жоқ.  Біз  дүниеде  кімді  таңдап,  кімді 
ардақтарымызда, кімнің бағы мен сорына жаратылғанымызды 
әсте  де  білмейміз.  Біздің  білеріміз  –  нәтижесі  ғана.  арманға 
жету  дегеніміз  –  әбден  болары  болып,  бояуы  сіңген  ісіңнің 
қорытындысын  жинақтау,  сол  арқылы  ақылға  келу,  өткеніңді 
еске  алу,  түйін  түю  емес  пе.  ақанға  қосылған  күннің  өзінде 
бақытты  боларына  кімнің  көзі  жетіпті.  Оны  Сақыштың  өзі 
де мойындап жатыр ғой. Ендеше, ақан мың қызға сөз айтып, 
айлы түнде аймаласа да, оның маңдайына атын атамай, «Жуас 
қайным»  деп  жүрген  туған  жеңгесі  мен  жазылған  екенмін. 
Дегенмен жұмыр басты, ет жүректі пендемін ғой, «ақан маған 
үйленгеніне өкінбей ме екен», – деген ой анда-санда мазалай 
беретін.  Сол  бір  жылтыңдаған  ойдың  үнін  өшіретін  жалғыз-
ақ нәрсе бар, ол – құрсағымдағы жылбысқы нәресте. Жарық 
әлемге  аман-есен  әкелу  ғана  емес,  ұл  ғып  әкелу  –  тек  сонда 
ғана армансызбын. 
–  Сен  жылап  жатқаннан  саумысың,  –  деді  Сақыш  маған 
қарай аунап түсіп. 
– Жоқ, – дедім мен нығыз дауыстап. 
Ол сенбеді ме, көзімді сипады: 
– Сендей тасқайнат әйел, әй, енді қайтіп жаратылмас-ау. 
– Сендей ақкөңіл, адал әйел де туа қоймас, – деп бетінен 
сүйдім. 
Қараңғылық  басқан.  Зуылдап  ұшқан  түн  қоңызы  мен 
бақаның даусынан өзге үн жоқ. Толайым тіршілік шалдығып 
барып  бой  алдырып  жатқандай  момақан.  Тоғай  арасындағы 
сиыр  соқпақпен  ілбіп  басып,  ауылға  қайттық.  Әрқайсымыз 
өз  арманымызды,  өз  мұңымызды  арқалап  келеміз.  мүмкін 
екеуміздің ойымызда жалғыз-ақ адам шығар. 
–  Әттең,  соғысқа  да  алмады-ау,  –  деп  күрсінді  Сақыш. 
–  Бірақ  ешкі  тулап  ыңыршағын  шаға  ма.  Осы  қу  бас  болып 
қалғаным – қалған шығар. 
мен  оны  жұбата  алмадым.  Иә,  жарықтық,  ол  да  өтті 
дүниеден. Ертеңінде наубайханаға барып, нан пісіру жұмысына 
кірістім.  Қып-қызыл  тілі  жалаңдаған  жалынның  ортасына 
кірдім де кеттім. 

263

...Жаздың  ортасына  таман  майданға  алынған  азаматтар- 
дың орнын басуға жүздеген қыз-келіншек келді. Улап-шулап, 
сол  кезеңнің  бар  қайғысын,  қалған-құтқан  қуанышын  ала 
келді, айналайын әйелдер... – деп, ақан шал әңгімесін одан әрі 
жалғастырды.  Орынбай  қолындағы  ожауымен  кесеге  қымыз 
үстеп құйды. – Еркектер енді екі есе жұмыс істеу керек, өйткені 
әйел  заты  нәзік,  жар  болуға  жаратылған  жан  ғой,  қара  күш 
қажет ететін жұмысқа ал дегенде төзе алмайды. Бұрынғыдай 
емес, орман арасында, үлкен өмірден кесіліп қалғандай болып 
жататын  жүдеу  де  көңілсіз  бараққа  жан  біткендей  қым-қуыт 
қызыққа  айналып,  жайнап,  жасарып  шыға  келген.  Жаздың 
жайма-шуақ  күні  еңбектің  де  екпінін  күшейте  түскен-ді. 
Жұмысшылардың көбі сасық барақтан қашып ағаш түбіне, ашық 
аспан астына түнейтін. Әсіресе, түн баласында Орал таулары 
шоқтықтанып,  жүндес  жақпар  тастары  айбармен  үңірейе 
қарауытатын.  Шың  басына  дейін  ерінбей  ере  өскен  қарағай, 
қайың мен терек біртіндеп сирексіп, тамыры мықтылары ғана 
сонау ұшпа тастың жарығын сыналап өсіп шынарға айналған 
–  шыңның  басына  қадаған  жалау  секілді,  етектен  қарағанда 
әдемі көрінетін. Жыл құсындай қиқулап келген қыз-келіншек 
пен  азаматтар  арасында  адамдық  жақындасулар,  сыбырлап 
басталып  сыбызғылана  жарасқан  сырластықтар  шешек  атты. 
Қазір  ойлаймын  –  ұлттар,  халықтар  арасындағы  нағыз  берік 
достықты  нығайтқан  соғыс,  ауыр  шақтағы  тағдырластық, 
қара нанды қақ жарып жеген дәмдестік, бір аяқтан ас ішіп, бір 
шұңқырда  қатар  жатқан  бірбүтіндік.  Жау  –  біреу  болған  соң 
мақсат та, арман мен үміт те, сезім мен сенім де бірегейленіп, 
кімнің қаны қандай, жаны мен түр-түсі қандай деген сықылды 
әурешілдік әрекеттер мен бөлінушіліктің арасындағы уланған 
жіпті қиды да жамырата қосып жіберді.Әлі есімде: біз алғаш 
рет  барғанымызда  кейбір  ұлт  өкілдері  жер  бетінде  қазақ 
деген  халық  барын  білмейтінін  жасырмай  айтып  еді.  мен 
Свердловскіден келген Иван атты орыспен достастым. менен 
гөрі  ересектеу,  еңгезердей  денелі,  көк  көз,  сары  шаш  жігіт 
еді.  Соғысқа  кіре  салып  жараланады  да,  ептеп  жазылған 
соң  «трудармияға»  жібереді.  алғаш  келгенде,  ауруханадағы 
ерекше күтімнің әсері ме, аппақ сазандай толықша жігіт еді, 
жұмысқа түскен бір-екі айдың ішінде аруаққа айналып шыға 
келді. Өзі біртоға, жолдастарына адал, қолы ашық аңқылдаған 

264
ақкөңіл.  Ол  қазақша  білмейді  де,  ал  менің  нан  сұрап  жерлік 
орысшам  бар  еді,  осы  Иванмен  сөйлесе-сөйлесе  келе  ептеп 
жаттыға бастадым. Ол әлі үйленбеген, елінде жалғыз шешесі 
бар екен, сол кісіні қайта-қайта есіне алып, аяп отырушы еді. 
Украина  мен  Беларуссиядан  келген  қыз-келіншектердің  бірін 
ала  қайтамын  ғой  деп  әзілдеп  қоятын.  Институттың  үшінші 
курсынан әскерге алынған Иванның біздерге қарағанда сауаты 
бар, көзі ашық, көкірегі ояу. Әсіресе, саяси сауаты мол, қазіргі 
майдан жайынан хабардар. 
Бір  күні  ол  кешке  барақтағы  барлық  жұмысшыларды 
жинап  алып  соғыстың  барысы,  совет  жауынгерлерінің  жан 
қиярлық ерлігі жайлы әңгіме өткізді. Бұл кен басшыларының  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет