Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom

білсем  де,  дәл  бүгін,  жиырма  сегізінші  сентябрьде  толғақ 
басталады деп ойлағаным жоқ. ал дегенде тыңдамай, ішімнің 
жай ауырғаны шығар деп шырмауық қайнатып, білегімді түріп 

284
тастап,  арпалысып  қамыр  илеп  бердім.  маңдайымнан  ағыл-
тегіл  аққан  тер  бетімді  жуып,  иегімнен  тамшылап,  өңіріме 
сорғалайды.  Ұнға  тамып  кетпесін  деген  оймен  қайта-қайта 
жеңіммен сүртіп тастаймын. Әсіресе бүгін, барлық жұмысты 
бітіріп  кетердей  жанталаса  қимылдағаныма  көмекші  әйел 
мағзия  таң  қала  қарайды,  байғұс  ол  да  маған  еріп  дедек 
қағып жүгіреді. амал не, ерлігім ұзаққа бармады, ішім бүріп, 
әкетіп барады. мықтап байлап алдым да, алғашқы ауырғанын 
тыңдамай  жұлқына  басамын  қамырды.  Шыдай  алатын  түрім 
жоқ. Шөкелеп барып отыра кеттім.
–  Саған  не  болды,  алма?  Өңің  бұзылып  кетті  ғой,  –  деп 
ұстай алды 
– мағзия! Толғақ қой деймін...
– Жүгір! Үйге жетіп үлгер. Наубайханада босанып қалар- 
сың. 
мағзияның  көмегімен  орнымнан  әрең  көтеріліп,  далаға 
шықтым. 
– Өзіңе тапсырдым. Тағы да бірдемені бүлдіріп алма, – деп 
ішімді  қос  қолдап  басқан  күйі  үйге  беттедім.  Толғақ  қысқан 
сайын жеделдете басамын. Толғақ қысқан сайын... «а, құдай, 
аман-есен үйге жеткіз», деп күбірлеймін. Шыдай аламын ба, 
жоқ  па.  Көз  алдымдағы  көріністің  барлығы  бұлдырап,  аспан 
шыр  көбелек  айналып  жүре  берді.  Бұқтырма  өзені  ағысын 
өзгертіп жоғары қарай сарқырап ағатындай. Көзім қарауытып, 
жүрегім  айнып  құсқым  келді,  буын-буыным  әлсіреп,  жаңа 
аяқтанған  жас  ботадай  тілерсегім  дірілдейді.  Өне  бойымнан 
тер сорғалап, қара жерге тырс-тырс таматындай. Шыдау керек! 
Шіркін-ай,  басымды  ұстап,  қолтығымнан  демер  тірі  жан 
табылмады-ау! Етпетімнен түсіп жата кеткім келді. Әне үйге де 
жақындадым. Шелектеп картошка тасып зыр жүгіріп қыздарым 
мен  қайын  сіңлілерім  жүр.  Дауыстап  бірін  шақырайын  деп, 
аузымда ашамын, үнім шықпайды. Өлдім-ау, ақан, қайдасың, 
белім  сынып  барады.  мың-миллион  қозы  маңырап  қоршап 
алғандай  құлағым  тұнып,  ештеңе  естімей  қалдым.  Әйтеуір, 
кіресілі-шығасылы  ғана  есім  бар  –  қалайда  табалдырықтан 
аттап барып, жығылу керек. Неге екенін білмеймін, жан терім 
шығып қанша қиналсам да, өлемін-ау деген жаман ой санама 
келген  жоқ.  Тіпті  аман-есен  босанатыныма  көзім  жеткендей. 
Тек  қана  шыдау  керек!  Өз  үйімнің  ауласына  жеткенімді 
сездім.  Жаңа  қазылған  дымқыл  картошканы  кептіру  үшін 

285
күннің  көзіне  жайып,  дәл  есік  көзіне  жайып  тастаған  екен, 
қырсыққанда айналып өтер жер қалмаған екен. Неде болса деп, 
ішімді қапсыра құшақтап, аттап-бұттап өте бергенімде тайып 
жығылдым. Одан арғысын білмеймін. Есімде қалғаны, күбірлеп 
айтқан  жалғыз  сөзім:  «атамнан  ұят  болды-ау».  Әлгінде  ғана 
құлақ  тұндыра  маңыраған  мың-миллион  қозының  ғана  шар 
еткен  даусы  –  жарық  әлемге  жар  салған  ең  алғашқы  айғайы 
естілді, естілді де қара жер қақ айырылды... Одан соң дүние 
шыр көбелек айналып жүре берді... Содан соң... білмеймін. 
Есімді  жиғанымда:  төргі  үйдің  іргесіне  таман  салынған 
төсекте жатыр екенмін. апам, Сақыш, ғайша отыр жанымда. 
Сақыш  қолындағы  орамалымен  маңдайымнан  шып-шып 
шыққан терді дәместеп сүртіп қояды. 
–  арыстай  ұл  таптың,  алма!  –  деді  күліп.  Еңкейіп  келіп 
бетімнен сүйді.
– Кіндігін мен кестім. Үлгердім-ау, әйтеуір. 
Бауы берік болсын, – деді ғайша. 
– ақанымның арманы орындалды, құдайға шүкір, ат ұстар 
келді дүниеге! – деді апам шылауышының ұшымен көзін сүртіп. 
атам ақ ешкінің лағын жетім қалдырып сойып тастаған екен, 
обал-ақ болды, бірақ лағы жетіліп қалған еді. 
міне,  айналайын,  жалғыз  ұлды  дүниеге  келтірдім.  Қуа- 
нышымда шек жоқ. Құлыным-ай, картошканың үстінде туып 
еді, осы қадірсіздеу тамақты күні бүгінге дейін жақсы көретіні 
содан-ау. ауылға келсе болды, әуелі сұрары, картошка; ол келе 
жатыр деген хабарды естісек, тайқазандап асып қоямыз, қызық, 
әйтеуір,  жеңсік  асына  айналып  кетті.  Жыл  бойы  жертөлеге 
бүлдірмей сақтап қоямыз. 
Жер  бетіндегі  ананың,  меніңше  жалғыз  ғана  арманы  бар, 
ол – ұл табу. Әсіресе қанды майданда, күн-түн сайын жүздеген 
азаматтың басы оққа ұшып жатқанда, өмірге Ұл әкелу, әрине, 
ұлан-асыр той – ұлы қуаныш еді. Қалжаға ақ ешкінің сорпасы 
бұйырып, тұла бойым жіпсіп, бұлаудай болып терлеп жатыр- 
мын.  Дүниеге  өзіңмен  бірге  қуана  білетін  адамың  болғаны 
қандай  жақсы.  Таң  құланиектенгенше  әңгіме-дүкен  құрып, 
қасымнан  қарыс  кетпей  отырған  құрбыларым  –  Сақыш 
пен  ғайшадан  озар  қымбат  әйелдер  жоқ  еді  мен  үшін. 
Әрқайсысының  өз  үйі,  өз  мұңы  бола  тұрса  да  менің  сәулелі 
түніме ортақтасып, емен-жарқын шыраймен қызыға қарайды. 

286
Сонда  өздері  еншілемеген,  тағдыр  талақ  қылған  әйелдердің, 
менің  бақытыма  зәредей  де  қызғаныш  жасамай,  жайраңдап 
қызмет қыла құрақ ұшқан құрбыларымның жүзінен адал да ақ 
ниет нұрды көріп, шыншыл көңілмен көзіме қуана жас алдым. 
– Ұлымның атын Баламер қоямыз, – деді бір ауыздан. мен 
келістім. Олар тек күн шыға ғана тарады. 
айналайын,  Күмісжан,  осынша  жетпіске  жақындаған 
өмірімде менің бір нәрсеге көзім жетті. адамның тағдыры ауа 
райы  секілді  екен.  Жаңа  ғана  шайдай  ашық  тұрған  аспаның 
әп-сәтте қара құрықтанып, бұлт басып шыға келеді. Бірыңғай 
бақыттың да, бірыңғай қайғының да болғанын көргенім жоқ. 
Сол  секілді  қара  басымның  қуанышы  қандай  оқыс  келсе, 
соншалықты  келте  қайырылады.  Қос  құрбым  Сақыш  пен 
ғайша біздің үйден шыға бере, Жақияр ақсақал кірді. Ол кісі 
ең әуелі: «Баланың бауы берік болсын», – деп жас нәрестені 
құттықтады.  Содан  соң  төр  алдына  малдас  құрып,  жайғаса 
отырды да, маңына атам мен енемді шақырды. 
–  Оқыс  болайын  десе  быламыққа  да  тіс  сынады,  –  деп 
тамағын кеней оспақтап бастады, – Өз-өздеріңе берік болың- 
дар.  Пайғамбардың  жасындағы,  ақыл  тоқтатқан  адамсыңдар. 
Еңбек  аулындағы  Сандуғаш  атты  қыздарың  суға  кетіп,  жас 
өмірі қыршын кеткен екен. 
Енем дауыс сала жылап қоя берді. атам сол міз бақпаған 
қалпында:
– Сүйегі табылған ба екен? – деп сұрады. 
–  Табылыпты.  Бұқтырмадан  арбамен  шөп  алып  өтем  деп 
жүріп, иірімге түсіп кетіпті.
–  Қазаныма  ас  салып  беріп  отырғандай  балаларымды 
көпсіне  беруші  еді,  айналдырған  он  күнде  екеуінен  бір-ақ 
айырылдым-ау, – деп атам басын ұстап, қабырғасы сөгіле жер 
шұқи  отырып  қалды.  Содан  соң  қолына  таяна  әрең  дегенде 
орнынан тұрды. – Бәйбіше болар іс болды. Қызың енді қайтып 
келмейді. арулап көміп қайтайық, сыңси бермей жол қамына 
кіріс. 
менің  қалжама  сойылған  ешкінің  етін  арқалап,  атам 
мен  Енем  Еңбек  аулына  аттанды.  амал  жоқ,  жылай-жылай 
орнымнан  тұрдым.  Белімді  тас  қылып  байладым  да,  сиыр 
саууға шықтым. Жөргекте іңгәлап жалғыз ұлым жатты. 

287

...Бураны  бұлайша  азаптағанша  соғысқа  аттандырар  ма 
еді,  –  деп  ойлаймын,  –  алдындағы  қымыздан  бірер  ұрттап 
тамағын  жібіткен  ақан  шал  әңгімесін  одан  әрі  сабақтады. 
–  ағайын-туғаннан  ада,  жалғыз  басты  жігіттің  не  ойы  бар, 
неге  ғана  осыншалық  тұйық  күйге  түсті,  оның  себебін  ол 
ашып  айтпайды,  ал  біз  тап  басып  таба  алмадық.  Әлденеше 
рет оңашада сыр тарттым, амал не, «әншейін» дегеннен басқа 
жарытып жауап бермеді. аяқ астынан ұшына жабысқан ауру 
іспетті, әлдеқайда алысқа қарап, екі тізесін құшақтай бүрісіп, 
меңірейеді де отырады. 
Қазан  айы  –  Орал  тауында  салқын,  ағаш  жапырақтары 
саулап түсіп, дымқылдана бастады. ауық-ауық жаңбыр жауып, 
ауа  сыз  тартып,  жер  қойбатпақтанып  кетті.  Бір  топ  жігіт 
қарағай кесіп, құрылыс ағашын дайындап жүр. мен сол баяғы 
рельс  төсеп,  вагон  жылжыту  жұмысындамын.  Жағдайымыз 
қалпынша,  пәлендей  өзгеріс  бола  қойған  жоқ.  майданнан 
ұзынқұлақтан ғана хабар естиміз. 
Дәрі көміп, жер қопаруда жүрген Құмырай әдетінше саяқ, 
жұқпалы індетіміз бардай-ақ ешқайсымызға жоламайды... Оны 
мүлдем  ұмытқандай  біз  де  жантарта  қойған  жоқпыз.  ақшам 
жамыраған шақ еді. Сонау бір тұсқа дәрі қойып, қайтып келген 
Құмырай Бура екеуміздің жанымызға жайғасты. 
–  Иә,  жігіттер,  амансыңдар  ма?  –  деді  ойда  жоқта  ерлік 
жасап. 
Көріп отырсың ғой, – дедім мен қитығып.
– Осы, сенің мен дегенде қозатын жының бар ма. Әй, бала, 
хал қалай – деп Бураның арқасынан салып қалды. – Бүгіннен 
бастап  жер  қопару  жұмысын  саған  беремін.  Шаршап  жүрсің 
ғой.
– рас па? – Бура қуана сұрады.
– рас. Жалықтым.
Осы кезде десятник айғай салды. – Құмырай көмген дәрің 
атылмай қалды. Бар тексер. 
– Сен тексеріп келші, – деді Бураға. – менің аяғым ауырып 
отыр. Неге екенін білмеймін, соңғы күндері қақсап жанымды 
шығарады. 
Орнынан лып етіп тұрған Бура ұзай берді де: – Әй, Құмеке, 
осыдан  бастап  сенің  жұмысыңды  мен  атқаратын  болайын. 
Уәде ме. 

288
– Уәде, – деді Құмырай тізесін уқалап.
Құстай ұшып жүгірген Бура дәрі көмілген тұсқа енді жете 
бергенінде... жете бергенінде құлақ тұндырар қатты жаңғырық 
естілді  де,  қара  жердің  күлі  көкке  ұшты.  Қопарылған  тас, 
топырақпен  күйкентайдай  Бура  да  қоса  аспанға  атылып  еді. 
Тұра ұмтылдық. Ішек-қарны ақтарыла жарылған жерде бір аяқ, 
бір қолы жоқ Бураның сүйегі ғана жатыр еді... 
Сабанға  орап  теректің  түбіне  жерледік.  Сонда  ғана  мен 
оның неше күннен бері өлімін сезіп, сезіктеніп жүргенін білдім. 
Сонда  ғана  мен  оның  жұмыстан  емес,  өлімнен  қашқанын, 
артынан  бекер  іздеп  барғаныма  өкіндім,  жоқ  дегенде  жауын 
жастана  шейіт  болмағаны  жүрегімді  мұздатты-ақ.  Қайтейін, 
ажал айтып келе ме. 
Осы  оқиғадан  соң  еріншек  деп  тапқан  жігіттерге  қосып, 
Құмырайды да соғысқа алды. 
Осы оқиғадан соң, дүниеде мен үшін Құмырайдан сұмдық 
жау жоқ еді. 
Қарашаның  басын  ала  алғашқы  қар  жауды.  Орман-тоғай, 
тау-тас,  жердің  беті  –  барлығы  аппақ  ұлпа  қар  жамылып, 
соншалықты  әдемі  түрге  бөленіп,  қысқы  киімін  киді.  Биыл 
қар  ерте  түсті.  Бірақ  қара  суығы  аз,  жанға  жайлы.  Қарбалас 
қимылдаған  еңбек  әскері,  жылдың  басындағыдай,  тағы  да 
нәумездіктерін білдіре бастаған. ашып айтпаса да боран соғар 
алдындағы қарғалардай топ-топ болып күңкілдесіп, бір үлкен 
тәуекелге дайындалыс байқалады. 
Қар түсе қарнымыз ашқан соң, көршілес жатқан деревнядағы 
иесі  әлдеқашан,  тіпті,  сентябрь  айында  қазып  алған  бақшаға 
барып, жер астында жасырынып байқалмай қалған картошканы 
күрекпен  қопарып  іздей  бастадық.  Жердің  беті  ғана  ептеп 
тоңданғаны  болмаса,  ар  жағындағы  қара  топырағы  қопсып 
шыға  келеді.  Едәуір  жерді  көртышқандай  түрткілеп,  итше 
тіміскілегенде ғана бірлі-жарым картошка күрегіңе ілінеді-ау. 
Кейбіреулер айғайлап қуып, маңайын бастырмайды, ал кейбір 
иманын  жоғалтпаған  қожайындар  қашаға  сүйеніп,  жағына 
пышақ  жанығандай  азып-тозған  біздерге  жаны  аши  қарап 
тұрар  еді.  Орыстың  қауға  сақал  шалы  шақырып  шай  берді. 
Дорбамызға  азын-аулақ  картошка  салып  жып-жылы  сөздер 
айтты. 
Бір  күні  осы  кәніккен  жігіттерді  милиция  ұстады. 
Еңгезердей неме екен, қолымыздағы дорбамызды тартып алды. 

289
Байдың асын байғұс қызғанады деп, қорқытып-үркітіп, ауыр-
ауыр  балағат  сөздермен  тілдеп,  Қаймақтың  жағынан  ұрып 
ұшырып жіберген соң, мен шыдап тұра алмадым. Енді маған 
ұмтыла берген кезінде жағасынан ұстап, қырқай шалып алып 
ұрдым.  Ол  жамбасында  салақтаған  тапаншасына  жармасты: 
– Скоты! Бандиты! Убью! – деп оқтана бастағанда, қолындағы 
қаруын  бір  теуіп  ұшырдым  да,  одан  бұрын  ұмтылып  барып, 
ағаш  арасына  қарай  шырқата  лақтырып  жібердім.  айбаты 
тапаншасында  екен,  сасқалақтап  солай  қарай  жүгіргенде  біз 
қашып құтылдық. Осы уақиғаны бағанадан бері бағып тұрған 
қауға сақал шал, үш-төрт әйел ләм деп аузын ашқан жоқ. Болар 
іс болды, үлкен дауға қалғанымызды да білдік. Ертеңіне әлгі 
милиционер  көрген  адамдарды  куәге  тартып,  бараққа  іздеп 
келді.  Біз:  «Ештеңе  білмейміз,  олай  қарай  аяғымызды  аттап 
басқан  жоқпыз»,  –  деп  танып  шыға  келдік.  Енді  үш  жігіттің 
тағдыры куәлерге барып тірелді. Олар «рас, осылар болатын» 
десе, «қош туған жер» деп, сұп-суық мылтықтың түрткілеуімен 
итжеккенге айдалып кете бермекпіз. мен соншалықты мұңды 
да мүсәпір жанармен қауға сақалды шалға қарадым. Ол «саспа» 
дегендей көзін қысып, басын изегендей болды. Осы кезде маған 
тағы бір ой келді де: 
–  Егер  шынымызды  айтсақ,  майданға  жібересіздер  ме? 
– дедім. 
– Жібереміз, – деді бастықтың орынбасары. 
– Ендеше милицияны сабағанымыз рас. 
– Осы, осы азамат менің пистолетімді тартып алған.
– Өтірік айтады, – деді қауға сақал шал. – Біз оларды түсімізде 
де көрген жоқпыз. – Әйелдер де бір ауыздан қостады. 
Бар әңгіме осымен тамамдалды. милиционер жігіт: «Сен 
шалдың сақалын күзермін», – деп боқтап, күш көрсете сөйлеп 
аттанып  кетті.  «Картошка»  мәселесін  қайтып  қайталаған 
жоқпыз.  Соғысқа  бару  үшін  жасаған  бұл  әрекетім  нәтижесіз 
аяқталған соң, маңдайға жазылған жұмысымды атқарып жүре 
бердім.  мен  сонда  қазақтардың  «Көресіңді  көрмей  көрге 
кірмейсің» деген сөзіне алғаш рет құдайдай сендім.
Иә,  біз  не  жемедік,  зардабын  кейін  бейбітшілік  орнап, 
мамырстан заман қайта туғанда тарттық қой. Үсіген картошканы 
жей берген соң, асқазанымыз ауырып, ішіміз бұзылды. Өлмес 
үшін не істемейді кісі, бәріне көнесің, бәріне көндігесің. 

290
Пенденің басына қиыншылық іс түскенде, бойындағы бар- 
лық қадәр-қасиеттері біртіндеп сөніп, жынын алған бақсыдай, 
өз-өзінен жүдеп жүні жығылары бар. Әншейін уақытта аяқтыға 
жол,  ауыздыға  сөз  бермей  жүретін  ауылдың  аусар  мінезді 
жігіттері бұл күнде тасуы қайтқан тау өзеніндей жылап ағатын 
– жуас, арқасын желқом қажаған атандай көмпіс, көкіректегі 
шер, көңілдегі сырын айтарға адам таппай құсталанған мәңгүрт 
болып қалған. Елде жүргенде осы менің құрдасым Қожақтан 
қалжыңбас,  бүлдіргі  ешкім  жоқ  секілді  еді,  қазір  өз  денесін 
өзі  әрең  көтерген  көтерем.  ал  Қаймақ  ағамыз  әлдеқашан  аш 
аруаққа айналып қалған. Ішіміздегі «сорпалығы бар» Құмырай 
еді,  одан  да  айырылдық.  Бірақ  қаншалықты  тағдырдан  таяқ 
жеп,  екі  жастың  біріне  келмей  жатып  азып-тозсақ  та,  өмірге 
өкпелеп, замананы ғайбаттауға болмайтын еді... Қаншалықты 
қайғы  жұтып,  қан  құсып  қиналсақ  та  жалпы  ортақ  тәртіпті 
бұзып,  соғысты  пайдаланып  қалар  сойқандыққа,  сотталып 
кетер сатқындыққа барғамыз жоқ. Торғай екеш торғайда да ашу 
бар ғой, бауыздалар алдында ешкі де бір бақырап өледі деп, ер-
тоқымымызды бауырға алып мөңкісек, қалың орманның ара-
арасын паналай қаша жөнелсек, түн жамылып ұрлыққа түссек, 
күндіз-түні мылтығын шошаңдатып тұрған ешкім жоқ еді. Біз 
ондай  Отанды  сатар  оспадарлыққа  барған  жоқпыз.  Сол  бір 
қиын-қыстау заманда ар тазалығына сызат түсірмеудің өзі асқан 
ерлік  сынды  еді.  Ешкім  ақыл  айтып,  үгіт-насихат  жүргізбей-
ақ,  әр  жұмысшының  өз  ожданы  «ақылшы»  болған  кездердің 
кейінгілерге өнеге етер осындай-осындай мықтылықтары есіме 
түскен  сайын,  бүгінгі  тоқ  күлкі мезгілдің  мерез  қылықтарын 
көрген  сайын  сай-сүйегім  сырқырайды.Неге?  Өзім  де  әдібін 
сөгіп түсіне алмаспын. Соғыс жылындағы әр адамның бойына 
оқу-тоқусыз-ақ  құт  болып  қонған  ақ  көңіл,  адал  да  аңқау 
мінездің азғана түлеп, қоғам қоңданған сайын қоламталанып, 
білікті білімділіктен туған, «сауатты» сезімнің құлы болып бара 
жатқан жоқ па деген ұры ой ұялайды. Иә, ол шақта, әйтеуір, бір 
нәрсеге сенетін едік, тіпті балаша қуанып, балаша алдана алар 
едік.  Егер  қазіргі  бейбіт  те  берекелі  заманды  айдын  шалқар 
Бұқтырма су қоймасы десек, біздер жасаған ересен ерлік пен 
есіл  еңбек  сол  теңізді  қордаландырған  мөлдір  бұлақ  едік-ау. 
ал бұлақтың басы әрқашанда таза басталмақ, ал біз байытқан 
теңіздің  астында  не  барын  қайдан  білейік.  рас,  қайықшылар 
жағаға шығып, ақшағаладай кемелер жүзе бастады. Сол әдемі 

291
кемеге  міне  алмағанымызға  өкінбейміз  де,  бәлкім,  жағада 
тұрып  қызықтауға  жаратылған  жандар  шығармыз.  Кейде 
ойлаймын,  соғыс  кезінде  «трудармияда»  болған  адамдар  бал 
арасының ішіндегі қызығын ешқашан да көрмейтін «еңбеккер» 
араға тым ұқсаймыз-ау, байғұс «еңбеккер» ара ең соңғысы өліп 
бара жатып, ең соңғы балды ана-араның аузына тосады екен. 
Сондықтан да бүкіл ұяның өмірін жалғастырады. 
–  лағып  кеттім  білем.  Негізгі  әңгіменің  арнасына  қайта 
оралайын, – деп алақанындағы насыбайдың қалдығын қағып 
тастады.  –  Дегенмен  біз  де  екі  аяқты,  жұмыр  басты  пенде 
едік қой, ал дегенде көп дүниенің парқын ажырата алмадық. 
Соңғы  он  жылдағы  бейбіт  өмір,  берекелі  тірлікке  үйреніп, 
арқа-басы  кеңіген  жұрттың  жалғыз-ақ  күнде  апай-топай 
болуы  талайымызды-ақ  мәңгіртіп  тастаған.  Оқу-тоқуы  аз, 
дүниенің  төрт  бұрышында  не  болып,  не  қойып  жатқанынан 
бейхабар  қыр  қазақтары  үшін  «ата  жау»  деген  сөздің  мәнін 
жыға  танып,  түсінудің  өзі  ауырлау  тиген  еді.  Сонау  жоңғар 
шапқыншылығынан бергі уақытта «жау шапты» деген аттансал 
ұранды естіп отырғандары осы. Ол шақта дұшпандары іргеден 
бас салып еді... ал «қызыл» , «ақ» болып атойласқан жылдар 
бұдан гөрі жеңілдеу ме, қалай еді? Әйтеуір, айтыссаң да, атыссаң 
да  өз  ағайының,  өз  жұртың  болатын.  Сонау  құлақ  естіп,  көз 
көрмеген батыстан шыққан жау бұлар үшін – қазақтар үшін «ата 
жау» санала ма, жоқ па? Тіпті, осы сұрақтың өзін Құмырай сан 
рет қойып, құлақ етімізді жеп еді-ау. «Идея, мақсат пен мұрат, 
басқарып отырған үкіметіміз біреу болғанда, жау да ортақ емес 
пе.  Орыс  ағайындар  сан  рет  қазақ  жерін  қорғап  қалған»  деп 
шама-шарқым жеткенінше түсіндіріп-ақ бақтым, амал не, «әй, 
қайдам» деп басын шайқай береді. ал Қаймақ шал мен аусар 
Қожақ, жуас Бура үнсіз тыңдап, басын шұлғи береді. Оларда 
неге  болсын  дау-дамайсыз  келісу  бар,  пәлесінен  аулақ,  осы 
күйімізден айырылып қалармыз», – деп көндігу бар. 
–  Иә,  көкейдегі  көп-көп  сұрақтарды  соғыстың  өзі-ақ 
ұқтырып  берді  ғой.  Сондықтан  да  тек  немістерді  кінәлап 
келеміз. 
Жоқшылыққа  қазақтардан  төзімді  жұрт  болмай  шықты. 
Ондай аш құрсақ күйдің зардабын талай-талай тартқан елдің 
азаматтары  үйренбеген  асын  жей  алмай  бір  ашықса,  үй  ішін 
сағынып  екі  ашықты.  алғашында  ауыздарына  нәр  салмай-ақ 
апталап жүре беретін. 

292
– Қышымадан жасалған көже, бір тілім нан – біздер үшін 
үлкен байлық. Баяғыда бұдан да зорын көргеміз, – дейді Қаймақ 
ақсақал алдындағы бір аяқ жап-жасыл суды сапырып отырып. 
–  Қайғысыз  қара  суға  семірген  заман  қош-қошын  айтқан. 
Қанағат керек, жігіттер, қанағат. Таудың бегін қазып жегенде 
де өлмегенбіз. Өкімет аман болса бұлайша ашықтырып қоймас. 
Барлық  мақсат  тойып  тамақ  жеу  ме  екен.  Соғымға  үйірлеп 
жылқы,  қора-қора  қой  сойған  атақты  байлар  да  өткен  бұл 
дүниеден.  Жоқтан  өзгеге  тарылмаңдар.  Құдайдан  Гитлердің 
өлімін тілеңдер. 
– Жаудың жеңіліп, Гитлердің өлгенін көру үшін де аштан 
өлмеуіміз керек қой, – деп сөз жүгіртті аусар Қожақ. – Өл-тіріл 
еңбек  ет,  өл-тіріл  тамағыңды  асыра.  Суішкілігің  таусылмаса 
балталаса да өлмей сол көксеген күніңе жетесің. 
– Кеше станция маңына бір вагон картошка төгіп кетіпті, 
күзетшісімен  келістім,  бір  дорба  беретін  болды,  –  дедім  мен 
жолдастарымның сарыуайымын азайтқым келіп. 
– Ой, ол ұрлық қой, – деді Қожақ. 
– Ұрлық болғанмен, игілікті ұрлық, – дедім мен. 
Үйден  хат  келді.  Көптен  бері  хабар-ошар  ала  алмай, 
уайымдап жүр едім, төбем көкке жеткендей қуанышқа кенелдім. 
Хат  болғанда  қандай  десеңізші,  жанымды  жайлау,  көңілімді 
көктем еткен сүйіншілі, мың жылға бір-ақ жетерліктей нұрға 
бөлеп, жарқыраған құдіретті, бой тұмардай мәңгілікке сақтар 
қасиетті. Жанарымнан жас саулап, қайта-қайта көз жүгіртемін, 
тіпті, өзіме өзім сенбей ауылдас жігіттерге оқыттым. Олар да 
ойран-асыр қуанып, құттықтап жатыр. «Бәсе, – деймін ішімнен, 
– бәсе, менің де атар таңым, ат ұстар ұлым болу керек қой. Не 
жазыппын жаратқанға».
«...аса  құрметті  асылым!  алыста  жүрген  ерім  менің! 
Сүйінші, ұлды болдың! аман-есен босандым. Дүниеге құлын 
келді.  атын  –  Баламер  қойдық.  Ұзағынан  сүйіндірсін,  артық 
қуанбайық, арты қайырлы болсын, тәубе-тәубе! 
Жағдайымыз  жақсы.  ауыл-аймақ  аман.  апам  мен  атам, 
балалардың дені-қарны сау. Қайнағам мен қайнымнан жалғыз-
ақ  хат  келген,  әдірісі  анық  емес,  ауысып  отырады  екен. 
Соғыстағы  кейбір  жігіттерден  қара  қағаз  келді.  атын  атап 
жүрегіңді  ауыртпай-ақ  қояйын.  Өзім  қазір  наубайханада  нан 
пісіріп жүрмін. Жұмысым жеңіл. Біздің жақта күн жылы. Шөпті 
жеткізіп, картошканы қазып алғанбыз. Қайғы жоқ, тамақ тоқ 

293
дегендей. Жалғыз-ақ арман – сендердің аман-есен оралуларың. 
Бізді уайымдама. Денсаулығыңды күт. Босанған күні шаршап 
барып  көзім  ілініп  кетіпті.  Түсіме  сен  кірдің.  Бұлақтың 
басында жүзің аппақ қудай болып, бетіңді жуып отыр екенсің 
деймін. Соншалықты жүдеусің, ақан, бір жерің ауыра ма? Әр 
жазған  хатыңда:  «Барлығы  керемет,  барлығы  тамаша»,  –  деп 
мақтайсың... «арқада қыс жақсы болса арқар ауып несі бар» 
демекші, тәңірім-ау, мынау қан сасыған заманда «тамаша» өмір 
болушы ма еді. ал Құмырайдың әйелі «итқорлығын көрсетеді 
екен» деп зар еңірейді. Жасырмай шыныңды айт. Шүкіршілік, 
соғыста  жүрсең  қайтер  едім.  ақаным  менің,  күмістелген  ер-
тоқымың  сақтаулы.  атқа  ер  салып,  Баламерді  алдыңа  алып, 
мені ертіп өзіміздің ен жайлау Көкжотаға шығар күн де туар. 
Шыдайық. 
Жағдайыңды жасырмай айтып, толық етіп хат жаз.
Көріскенше күн жақсы болсын, ерім. 
Сәлеммен, алмаң».
«Көріскенше  күн  жақсы  болсын»,  –  деп  ішімнен  қайта- 
ладым. 
1943  жылдың,  яғни  жаңа  жылдың  басында  жүздеген 
жұмысшы  аудан  орталығына  жаяу-жалпылы  сапар  шектік. 
Қысқы  орман  ішінде  қар  кешіп  ширыға  шұбырған  халықты 
тоқтатар  күш  жоқ  еді.  Директор,  цех  бастығы,  десятниктің 
жолымызды  кес-кестеп,  ақырып-бақырғанына  аялдап,  сөз- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет