дерін тыңдаған адам болмады. Жұмысты бір кісідей бірігіп
бастадық та, күннің суығы, жолдың қиындығы, ауданның
алыстығына қарамай соза тартып келеміз. Сандаған ұлт өкіл-
дерінен құралған жұмысшыларда жалғыз ғана тілек бар. Жағ-
дайымызды түсіндіру, майданға алуын өтіну. Бұл қайнаған
қан, жұлқынған жүректен шыққан адал да батыл тілек. ары
қарай шыдау мүмкіндігі біткен соң, әупірімдеп бастап кеткен
орыс ағайындарына ердік те, бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығара дегендей білек сыбана беттедік. Былтыр жазда менің
досым Иван қозғау салған, ұятымыз бен ар-ұжданымызды
оятқан бастаманың сөніп барып, қайтадан қар бетінде тұтануы
еді. Не болса да көріп алмаққа аттандық.
ауданға жетіп, райком мен райвоенкоматтың алдына топ-
талдық. Жұбымыз жазылмастан иықтасып тұрған біздерді
таратпаққа әрекет жасап безектеген директорымыз Шах-
тинскийде зәре жоқ, амалы қайсы, бұл қарекеті өте кеш еді,
294
ештеңе өндіре алмады. Есік алдына аудан басшылары мен
әскери комиссариат шықты. Ұзын бойлы, көзілдірікті орыс
жігіті жағдайымыздың нашар екенін, сондықтан да қолымызға
қару алып, Отан қорғауға жіберуді өтінген талап-тілегімізді аса
мұқият тыңдады.
Біз кен орнына жеңіспен оралдық. Сол кездегі бастық-
тарымызды түгелдей орнынан алды. Шахтинский қой терісін
жамылған пиғылы жат адам екені анықталып, сотқа тартылды
да, оның орнына директор болып Карпов тағайындалды.
Бараққа радио орнатылды, әр күн сайын саяси хабар жүргізіліп,
майдан, тыл өмірінен толық мәлімет алып отырдық.
Қазақтың «Көп қорқытады, терең батырады» дейтін сөзі
тегінде рас екен. Соғыс басталғаннан бермен арқамызға ерттеп
мініп алған шолақ төрелер жалғыз-ақ күннің ішінде сайда саны,
құмда іздері қалмай көзімізден құрыды, көңілімізден өшті.
Сөйтсек, жат пиғылды жандардың жұмысшылардың өкіметке
қарсы жаппай наразылығын туғызбақ қастандық әрекеттері
екен-ау. Бірақ біздер сенімімізді жоғалтқан жоқпыз, сағымызды
сындыра алмады. Иә, рухы мықтылар ғана жеңеді. Сондықтан
да шындықтың бетіне тура қарай аламыз. Іріткі салмақ болған
арам ниеттің күл-талқанын шығардық та, жан тазалығымызды
арашалап алып қалдық. Тегінде, адамның ниеті бұзылмасын де,
егер адамның ниеті бүлінсе, онда оған ешбір қару да, үгіт-насихат
та төтеп бере алмақ емес. «Трудармияның» солдаттары ең әуелі
Отан, туған жердің алдындағы борышын шыдамдылығымен,
қайсарлығымен, қаншалықты тозақ отына өртеніп жүрсе де,
ақиқатқа сеніп, жақсылықтан күдерін үзбеуімен дараланады.
Әрине, бар кінәні, «уақыт талабы, заман солай» деген сөздерге
сілтеп, өз-өзімізді алдарқаттық. Дегенмен түптің түбінде,
яғни бейбітшілік орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
мезгіл келгенде, сол уақыт пен Отан алдында есеп беретін
күн болмай ма... Иә, сол шақта кімді кім жеңгені айдан анық,
күннен жарық болар, бірақ кімді-кім сатқанын тайға таңба
басқандай таба аламыз ба. Нағыз шындықты білетіндер шейіт
болып, олардың күні ертең куә боларын алдын ала сезген
соң өліміне себепкер болған аНаУларДыҢ аты-жөнін айта
аламыз ба. Бізге жеңісті көксегенде сен тимесең мен тимен
деп, тып-тыныш ғұмыр кешу үшін емес, адамдардың ақ-
қарасын ажыратып, сатқындарды ақиқаттың сотына тарту
үшін көксеген шығармыз. Шүкір, ондай атты күн туды. Шүкір,
295
біртіндеп ОНДаЙларДаН арамызды аршып та жатырмыз.
Жауға қызмет етіп, жау жеңілген соң бет-пердесін сыпырып
тастап, баяғыша баянды өмір сүрмек болғандарды іздеп тауып
та жатырмыз. Әттең, тауысып бітпегенімізге, қайсысы екенін
әлі де таба алмағанымызға өкінемін де... Кімдер олар? Қандай
қызметте жүр? Жаман айтпай жақсы жоқ, Отанымызға қауіп
бұлты төнсе тағы кімдер бір бармағын ішіне бүгіп жүрген? Ең
қиыны осы еді. мәңгілік майдан аяқталған жоқ дейтініміз де
содан-ау.
рас, ел басына күн туғанда ербитіп басын қайта көтерген
ежелгі жаулардың орман арасына паналап, екі жыл бойы
жұмысшыларға жасаған қысастығынан осылайша құтылдық.
Іштен шалмаққа әрекет еткен ескіліктің сарқыншақтары сол
шақта кең-байтақ еліміздің қай-қайсы түкпірлерінде бар еді ғой.
Таптық мүддені түсінбей, саясат сауаты жетілмесе де, пенделік
пасық та сасық қулық-сұмдықтардың ауылда да ойран салып,
ойына келгенін істеп баққанын артынан естіп білдік қой. Әсіре-
се заманның тыныш, азаматтардың бар кезінде бұғып жүрген
жабылардың, ит жоқта шошқа үреді қораданың керін жасап,
атқа мінгені – жуас жұртты жұдырықпен, айқаймен басқарар
шолақ төреліктің бағының жүргені мерейінің тасығаны-
тын. Құрғақшылықты ауыр жылдары құрт-құмырсқа, бақа-
шаянның қаптап кететіні секілді, соғыс жылдары одан қашқан,
бұдан қашқан, жамандықпен көзін ашқан ашқарақтардың
асығы алшысынан түсті. 1943 жылдан бастап жау қашып,
совет әскерлерінің жер жаңғырта уралаған даусы естілгенде
ондай шолақ төре, әпербақандардың да жүні жығылып, кеме
келген кезде толқып жағаға лақтырып тастаған салындыдай
қайраңдай бастаған.
Осындай жаппай шабуыл тұсында, Ұлы Жеңістің нышан-
дары сезіліп, сенім мен жігер ұштасқан ұмтылысты шақта
коммунистік партияның қатарына өтуге өтініш бердім.
майданға сұранған тілегім қанағаттандырылмағанмен, мұнда
да мықты жігіттер керек деп, броньмен мүлде қалдырған
соң, қазіргі жұмысымды адал атқаруға білек сыбана кірістім.
Көктем туа партия қатарына қабылданып, десятник болып
тағайындалдым. Бірақ асқазанымның ауруы оңалмай-ақ қойды.
Күн өткен сайын жүдеп, ішкен тамағымды іле-шала құсып
тастаймын. Елден көптен бері хабар алмай жүр едім. Түнде
кезегім бітіп, шаршап келіп ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет
296
ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей
шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы
кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп
апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен
айғайлап соңдарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-
жырт. Шошына ояндым.
Екеуінен де мәңгілікке айырылғанымды жүрегім сезіп еді.
10
– Белімді тас қылып байладым да,сиыр саууға шықтым.
Жөргекте іңгәлаған жалғыз ұлым жатты, – деп алма кемпір
әңгімесін бұдан ары жалғастырды.
– алғаш босанған күні жөргекте құндақтаулы жатқан
баланың бетіне қарауға мұршам келмеп еді. Сиыр сауып келген
соң қыңқылдап, қозғалақтаған нәрестені алғаш рет қолыма
алдым. мен шошынып қалар деді ме екен, баланың жалқақта-
нып туғанын жасырып айтпапты. Өз көзіме өзім сенбедім:
денесі, беті сап-сары... Сол сарғыш түс қырқынан шыққанша
тарқамай қойып еді. Көршіміз анна деген орыс кемпірі емдеп-
домдап әрең кетірді. Баланың сарғайып туғанын біреулер –
оттың жалыны өтіп кеткен дейді, ал аннаның топшылауынша
– шырмауықты көп қайнатқандікі, у шөптің иісі сіңіп кеткен
көрінеді. Не керек, әйтеуір, тірідей дүниеге келгеніне қуандым.
Құлыным аумаған әкесі: қыр мұрын, жіңішкелеу көзі – бәрі-
бәрі ақанның аузынан түсе қалғандай-ау. Өзі тынышты, әбден
қарны ашқанда болмаса, мұрны пысылдап ұйықтай береді.
Емшек сүтіне де жарымай жетілді ғой. Туғанына жеті күн
өтпей жатып-ақ оны үйге тастап, жұмысқа қайта шықтым.
Енем аннаның ақылымен ешкінің сүтіне мак қосып қайнатып
береді, тойып алған нәресте мен наубайханадан келгенше
масайып ұйықтай беруші еді.
Тағы да қыс түсіп, сақылдаған сары аяз келді. Сол жылы қар
қалың жауып еді. Ел адам танымастай болып жүдеген, әсіресе
біздің үйге ауырлау тиді. Кісі саны көп, он шақты жанбыз, тек
қана картошкаға қараған күн. Шиеттей балалар ертеден кешке
дейін жей-жей одан да шықты. Жалғыз сиырдың сүті Баламер
мен өлсе де қара шай ішпейтін қарттарымыздан артылмайды.
Төркінімнен келген бөртпе шәлімді белге байлап, ақанның
етігін алып, қол шана сүйреп сол ауылға бет түзедім. Ондағы
ойым бөртпе шәлі мен етікке айырбастап жарты қап болса да
297
бидай сатып алу. Баламерді тырбаңдатып жалаңаш қойныма
тастап жібердім, жалаңаш денеге жабысқан бала тоңбайды,
естігенім бар еді.
Күн суық. Жер шалғай. Жаяу-жалпылы салпақтап келемін.
Орта жолға жеткенде артымнан шана жеккен шал қуып жетті.
Қуана алдын кес-кестедім. «ала кетіңіз»деп өлердегі сөзімді
айтып жалбарындым. Безбүйрек кісі екен, «жүгім ауыр» деп зу
етіп өте шыққаны.
Қойнымдағы ұлымның өлі-тірісін анда-санда тексеріп
қоямын да, қысқа жолмен безектеймін-ай. Сонадайдан Құндыз
ауылының түтінін көргенде, алдымнан астау-астау жал-жая
алып, құшағын жая қарсы алатындай көзімнен жас шыға
қуандым. Қуанбасқа шарам жоқ еді.
Бұл ауылда Күләнда деген қайын сіңлім тұратын еді. Бос
қол шанамды сүйреп, солай қарай беттедім. Бөтен кісі екенімді
сезген иттер шықты алдымнан абалап. Қолымдағы таяқпен
жасқап, қорқа-қорқа межелі үйіме жеттім-ау. Күләнданың
өзі де жаңа босанған, будақ-будақ суық ала кіріп барғанымда
баласын бөлеп отыр екен, алғашында тұмшалана оранған мені
танымады. – аманбысың, Күләнда, – дегенде ғана барып:
«Ойбау-ау, тәтембісің», – деп ұшып түрегелді. ал дегенде
сұрағаны:
– Тәтем-ау, жас босанды, ұл тапты деп естіп едім, ол
қайда?
– Ол міне, – деп, тіршілік белгісін танытып, жалаңаш
қойнымда тырбаңдап жатқан Баламерді қоянның көжегіндей
суырып алдым. Етжеңді денем бұлтиып тұрғанын байқамаса
керек, көзі бақырайып өз баласын тастай ұмтылып бас салды.
– Құдай-ау, мұныңыз не?Тірі ме өзі? – Қолымнан жұлып
алып, тынысын тыңдап, бетінен сүйді. – Омырауың суық
шығар, мен емізейін. айналайын-ай, құйып қойған ағатайым
ғой. – Өңірін ашып жіберіп, емшегін берді. Әбден қарны ашқан
қызылшақа бала сорпылдатып сора бастады. – апам мен атам
сау ма? ақан ағамнан,Бағдаттан хат бар ма? ақтайлақтың
құрбан болғанын естігенмін. Барайын-ақ дедім, дәл сол кезде
босанып қалдым ғой.
– Бауы берік болсын. Тұңғыш балаң ғой. атын кім
қойдыңдар? – деп бесіктегі сәбиге үңілдім.
– Клара. Тынышсыздау. алғашқым болған соң ба, бабын
білмей көп әурелендім.
298
– ал ерте күнді кеш қылмай, бұйымтайымды айта отырай-
ын. Тамақ іздеп шықтым. Бір айдан бері картошкеге қарап
қалдық. Ұн жоқ. – Беліме орай байлаған бөртпе шәлімді
шештім. – ақанның етігі мен мынау төркінімнен келген жалғыз
жасау – шәліні алып, астық беретін адам табыла ма?
– апыр-ай, тәтем-ай, ең бір қимас заттарыңды алып шыққан
екенсің, шындап ашыққан екенсіңдер-ау. мен көршілерге
жүгіріп барып келейін, біреу болмаса біреу келісер, сен
балаларға қарай тұр, – деп, асыға тонын киді де, үйден лып
етіп шыға жөнелді.
мұса деген молда шалды ертіп, қайта кірді. мен оны бірден
таныдым. Бағана шанасына отырғызбай кеткен қақбас осы
кісі еді. Ол етік пен бөртпе шәліні бит қарағандай ұзақ ұстап,
мұқият тексерді. ыңыранып, ойланып, басын шайқап, бұлдана
тіл қатты.
– Жарты қап рошқа келісем. Одан артыққа бағаласаң, басқа
алушы ізде, – деді, қолына жағымсыз зат жұғып қалғандай
жиіркене тастай беріп. Жыным келді-ақ, терісін басына қаптап,
үйден қуып шығайын деп ойладым да, қайта айныдым. расында,
осы шәниген шалдан айырылып қалармын деген қауіп жеңді.
– Жарайды, ақсақал, сіздің айтқаныңыз болсын. – Ол шәлі
мен етікті қолтығына қысып, тез шыға жөнелді. Жарты қап
рошты баласы әкеліп тастады.
– Қайран, асыл заттар-ай! – деп Күләнда қатты өкінді.
– Ол молда енді әлгі заттарды үш қап бидайға да сатпайды.
Етікті сықырлатып өзі киеді, шәліні жаңадан алған тоқалының
басына тартады. Жұтшылық жылы ит молда семіреді деген сол.
Осы ауылға қара қағаз келген сайын қақшиып төрде отырады,
қақбас.
– Оның жазығы жаназа шығарғаны ма, – дедім мен.
– Тыныштық кезінде бірсәрі, соғыста шейіт болғандарға
бағыштаған құранды тегін оқуға болады ғой.
– Тегіннің атасын теңге теуіп өлтірген. Шайыңды тездетіп
қайнат, мен қайтайын.
– Қайтқаны несі, құдай-ау, кеш болды ғой.
– Ертең ерте жұмысқа шығуым керек. Онсыз да құлағалы
тұрған тауға қой жайғым келмейді.
– Жалғыз ұлды өлтіріп аласың ғой, тәте. Қонып, ертең
аттансаң қайтеді.
299
– Жоқ, Күләнда, қазір жүремін. Тәңірімнің маңдайға жаз-
ғанынан қашып құтыламын ба. Өлер бала болса, құс төсекте
жатса да өліп қалады.
– Күн ұясына қонып, апақ-сапақ мезгіл түскен шақта,
үстінде жарты қап астығы бар қол шананы сүйреп, Баламерді
қойныма тығып қайтадан жолға шықтым. Қайын сіңлім мені
жылап-еңіреп ауыл шетіндегі қабаққа дейін шығарып салды.
«атам мен апама бер», – деп, аузындағысын жырғандай болып,
бір аяқ ұн, бір асым ет берді.
Төңіректі қараңғылық жайлап, жұлдыздар самсай бастады.
алтайдың шыңылтыр аязы бетті шымшылап, аузы-мұрныңнан
бу болып будақтайды. Құлаққа ұрған танадай тыныштық,
барлық әлем өлікке айналып, қардан жасалған аппақ кебінді
жамылып жатқандай. ақша қарды басқан табаным мен қол
шананың бір қалыпты сықыры түн ішінде алысқа талып
естіледі. Қарсыдан соққан ызғырық жел бар еді, жанарымды
жалап, көзімнен жас сорғалайды. Нәресте мені жылытып,
мен нәрестені жылытып жылжып келемін. Бетімнің аяздан
домбыққаны болмаса, өне бойым жаураған жоқ, тынбай
қозғалған соң, денемнің бала жатқан тұсы ептеп жібіген. анда-
санда омырауымды далдалай ашып, Баламердің өлі-тірісін
тексеріп, ауа кіргізіп қоямын. Кейде тұра қалып емшегімді
аузына саламын. ыңыранып ай туды. Соқыраңдап келе
жатқан кезіңде жарықтық ай да елегізген жаныңа сеп екен.
аппақ қарға нұры саулап, жылт-жылт етеді. Сол жақ бүйірде
жағалауын тоғай көмкерген Бұқтырма жатыр. Өзеннің өне
бойын қуалап, шудадай шұбатылған ақ ұлпа тұман бар. Күндіз
бері қарай келгенімде өткен тұсқа жақындадым. Қырсыққанда
мұздың бетінен қызыл су жүріп, енді-енді ғана қаймақшып
қата бастаған екен, амалым таусылып тұрып қалдым. Өзенді
қуалай өткел іздедім, қызыл судың ақыры болмады. Енді не
істеу керек? аяғымдағы пимамен кешіп өте шығуға тәуекел
жасағым келді. Болмайды. ай сәулесі түскен өзен беті айнадай
жарқырайды. Көңілі хош, киімі жылы, тамағы тоқ түлкі тымақ,
қасқыр ішік киіп еріккен адам болса, түнгі табиғаттың анау
сылқым көрінісін қызықтап, «қандай керемет» деп, таңдай
қаға тамсанары рас... менің түрім болса мынау – құлыны аққан
жылқыдай олай шауып, бұлай шауып, арғы жағаға өте алмай
діңкем құрып жүр. Құр бекерге тұра беру – үсіп өлумен тең.
Тәуекелге бел байладым. аяғымдағы табандаған пимамды
300
ішіндегі байпағымен қоса шешіп тастадым да, «Бисмилла, су
иесі Сүлеймен, жар бола гөр» деп, қызыл суды тобықтан кеше
тайғанақтап жалаң аяқ өте шықтым. Құдай сақтады ғой, әйтпесе
су астындағы жылтыраған мұздан табаным тайып, жалпамнан
түссем не болар едім... Баламерімнің көз жасы шығар алып
қалған, басқа кім дейсің? Өте шықтым да, аяғымдағы қар
мен суды шапанымның етегімен сүртіп жіберіп, жан-дәрмен
кие қойдым. Башпайларым тоқылдап қатып қалған секілді
дызылдай бастады.Әлгіден бері үнсіз жатқан бала қыбырлап,
жылады. Қойныма қолымды тығап, емшегімді аузына салдым.
Құлыным-ай, омырауымды бүлкілдетіп, сүтсіз болса да емеді...
тіршілікті таусағаны ғой... Құлыным-ай, сорпылдатып сорғанда
менің да бойыма өзім де білмейтін тың күш бітіп, қайратыма
қайта міндім. Қол шананың бас жібін мойныма іліп алдым да,
қос қолдап баламды құшақтап жүгірдім. Жын ұрғандай, айлы
да аязды түннің астында елбеңдеп келемін. ауылға әлі де екі-
үш шақырым жер бар.
Қойнымда бала, қолымда шана, қол шанада – жарты
қап астық, көзімде жас, көңілімде – өмірге деген іңкәрлік...
безектеймін. Иә, Баламердің бақыты шығар мені ажалдан алып
қалған. Солқылдап тынышы кетті ме, ол тағы да қыңқылдап
жылады. Жүрісімді баяулатып, ентігімді бастым. Неге екенін
өзім де білмеймін, әлде баланы уатқаным шығар, әлде әлемнен
әділдік іздеп, тұңғыш рет көңілім көбең тартып, жалғызсыра-
дым ба – тамағымды кенеп, таңдайымды тіліммен сулап ән
бастадым. Ән бастағанда да қайырмасын қайталай беремін.
Сонда аязды түні ай астында қол шана сүйретіп, қойнына
баласын тығып келе жатқан әйелдің айтқан әні мынау еді:
ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым,
Дариға-ай, арманым көп
Неғылайын...
...Дариға-ай, арманым көп неғылайын деп, мұң мен налаға,
қайғы мен қасіретке, өкініші мен аһ ұрған уайымы мол өмірдің
қысқы жолы таусылып, туған үйдің ауласына келіп кірдім.
атам мен Енем: «Жарығым-ай, тірімісің», – деп құшақтарын
жая қарсы алды. Сондағы атам жарықтықтың аузына түскені
«азаматым-ай» деген сөзі күні бүгінге дейін құлағымда.
Қысқы жол мұнымен де таусылған жоқ еді. Ертеңінде
тұлып болып ісініп кеткен аяғымның ауырғанына қарамастан,
301
елең-алаңнан жұмысқа шықтым. Енем де қарап отырмайды.
майдандағы жауынгерлерге деп, көйлек тігеді, шұлық тоқиды,
кендір сындырып, арқан еседі. Әйтеуір, баланың басы бар,
колхоз тапсырған ұсақ-түйек шаруаны тез бітіріп тастайды. Ол
үшін еңбеккүнді кейде жазады, кейде жазбайды. Әсіресе, жанға
батқаны «трудабойда» жүрген ақан үшін салған «военсалық»
болды. Биылғы жылдыкін төлемеп едік, тіпті, беріп құтыла
қоятын елу сомымыз да жоқ-ты. Бір күні едіреңдеп ауыл
сәбеттің хатшысы келді. Төрт емшегіне қарап отырған жалғыз
сиырды аламыз деп тізімдей бастаған соң, амал жоқ, бұл
үйдегі ең ақырғы байлықты ортаға салдық. Баяғыда Черново
деген ауылдағы орыс байынан екі жылқы беріп алған дәу сары
самаурынды ауыл сәбеттің өзіне сатып, әскери салықтың бір
жылынан тағы да азаттандық-ау зорға дегенде.
Ол уайым емес, бар уайымым – жалғыз ұлды тірідей
әкесіне көрсету. Басқа балалардың қашан туып, қалай бақ-
қаным да есімде жоқ. Бейне бір қыздарым емес, өзгеден
асырап алған секілді, белгісіз де бейбіт өсті. Күні бүгінге дейін
шеше болып мекіреніп, «айналайын» деп беттерінен сүйген
емеспін. Әйтеуір, қырқынан шықса болды, ары қарай енемнің
баулуымен бауырында жетілетін. Қартайғанына қарамастан еті
тірі, пысық адам ғой, бала бағудың азабын ешқашан көрсеткен
емес. ал үлкен кісінің тәрбиесінде өскен шағалардың біртоға,
ақылды болып өсеріне қазақтардың көзі баяғыда жеткен.
рас, Баламердің де ауыртпалығын түсірген жоқ. Оқта-текте,
жұмыстан шаршап келгенімде, мауқымды басайын деп, алдыма
алып, аймалай бастасам: «Тәйт әрі, бала көрмеп пе ең», – деп
қолымнан жұлып алар еді.
Енемнің өз тағдыры да талай-талай сүргіннен өткен
қияметке толы екенін кейініректе естіп білдім. Ол кісінің
тегі ауқатты адамдар болған көрінеді. алтайдың күнгей бетін
жайлаған қалың абақ Керей руынан. атақты байдың оң
жақтағы қызы болып, үлде мен бүлдеге оранып отырғанында
атамыз алып қашыпты. Содан екі ел арасында үлкен дау туады.
«Сілкіп салар сырмағы, шек деп қайырар лағы жоқ тақыр
кедейге қызымызды бере алмаймыз», – деп, жүз шақты жігітпен
келіп қайтадан алып кетіпті. Енеміз өз үйінің оң босағасында
отырып босанады. Соның өзінде ар-намыс көрмей, сол жақтың
бір жігітіне ұзатқалы жатқанында, баласын алдына алып,
алтай асып атамызға қашып кетіпті. Төркіннің бетін содан
302
қайтып көрмей кеткен екен. Екі-үш жылдай мезгіл өткен соң,
әке-шешесі: «Қыздың кәрі қиын болушы еді, өкпеге қисақ та,
өлімге қия алмадық, кешсін», – деп, түйеге теңдеп жасауын
беріп жіберіпті. Сонда арғы беттен қойнына тығып келген бала
ақмет екен... Содан бері қанша жыл өтті, қанша су ақты. Енді
міне, қара шаңырақтың ару анасы болып отыр.
мен туасы балажанды адам емеспін. Балаларыма қолым
тиген шақтарым да болды. Бірақ ұрсып, соғудан өлген, жасқан-
шақ болып өскен баланы көргенім жоқ.
Қызық, бір күні ата-Енем құрман айтқа кеткен болатын.
Бесікте қолындағы қойдың асығымен былдырлап ойнап жат-
қан Баламерді шешіп алдым да, шөпілдетіп сүйіп, әлдилеп
отырғанмын.
Әлди-әлди абайым,
атқа тоқым жабайын,
Сенің апаң қыдырмаш,
Қайдан іздеп табайын, –
деп әндетемін-ай.
Көңілімдегі әсте де кетпей жүретін уайым көлеңкесі,
санамды сартап етіп сарғайтқан сағыныш, белгісіз бір аңсау,
үзілмес үмітпен іздеу сынды жүректі шабақтар сезімдер
бойыма тарап, денем қорғасындай еріп, көзімнен ашу-ызасыз,
қуаныш-қайғысыз әдемі жас шықты. Ондайлық мұнтаздай
мұңлы жас кісінің жанын жарылқайды екен. Осындай өң мен
түс арасындағы іңір сәттің қоңыржай самалын таусап, әлдендім
бе, омырауымнан саулап сүт шықты. Өңірімді ағытып жіберіп,
емшегімді Баламердің бұлтиған аузына салып едім, қолдан сүт
ішіп үйреніп қалған ол тыжырынып еме қоймады. Дәл осы
мезетте Енем есік ашып, кіріп-ақ келгені.
– Оның не? Емшек сүтіне үйренбеген баланың іші өтпей ме,
құдай-ау! – деп қолымнан ала қашқаны. Бетімнен отым шығып
қатты ұялдым. Әне, жалғыз ұл солай өскен.
Күндер артынан күндер күндер өтіп жатты. ауыр кезеңде
тіпті осы күннің өзі жылжымай, бір орында тұрып қалғандай
көрінуші еді. Ертедегі шалдардың «күнім өтіп барады» деп
жылайтыны еріккендігі екен. адам үнемі бір алдан, әлденеден
жақсылық күтіп, үміттенеді. Соғыс жылдарында бізді аман
алып қалған сол – үзілмес үміт пен мұқалмас сенім ғой. Тамам
жұрт секілді мен де әр күн, әр ай, әр мезгілді сағына тосамын.
Қыс өтсе соғыс бітіп, бейбітшілік орнайтындай асықтық, енді
303
көктемді көксеп жүрміз. Көктем шықса болды, осы ауылдан
аттанған алпыс азамат маңдайлары жарқырап, аман-есен келе
жататындай...
Қар еріп, топырақ қызып, қараған басы бүрлеген шақта жан-
жануар мен бірге біз де жасарып, жайнап қалғандай болдық.
Қыстайғы ауыртпалық адыра қалғандай, аш жүрейік, жалаңаш
жүрейік, әйтеуір, күннің қызуына мәз болып, сергіп, серпілдік.
мал ұзап жайылып, балалар ауладан аулаққа шығып, асыр
салып ойнайды. Қолдарында өздері жасап алған ағаш мылтық,
уралап «жауды» қуады да жүреді. Ертеңгі әскерлер осылар
ғой, менің Баламерім қашан ер жетіп, соңымнан еріп жүреді
екен деп қызыға қараймын. Кеше кешке Жұлдыз колхозының
басқармалары жиналыс ашып, ақан әскерге кетерде 170 сом
қарыз ақша алған, соны төлесін деп, кісі жіберіпті. ақанның
ерін ала алмаған Нартайдың әбден өшіккені соншалық, қырық
жылғыны қылға тізіп, алдымызға келтіреді де отырады. Өйтіп-
бүйтіп жүріп ол қарыздан да құтылдым.
Наубайханада ұн илеп тұр едім, үлкен қызым Шолпан келді
жүгіріп. Жылаған.
– Үйді бұзғалы жатыр.
– Кім, ойбай?
– Бастықтар.
Қолымдағы жабысқан қамырды етегіме сүрте салып,
құстай ұштым. Келсем, есік алдында ат ойнатып, Нартай жүр.
Балта, ломдарын сайлап, арба жеккен адамдар үйді қопарғалы
жатыр. Енемде ес жоқ, «өлемін» деп бұзаудың мойын жібін
алып, Нартайға ұмтылды. «Қайран, апам-ай, «өлем» дегенше,
«өлтірем» деп неге айтпайды екен», – деп ойлаймын. атам
болса сол сабырлы қалпы, қолында таспиғы: – Қарғыс, – деп
табалдырықта күбірлеп отыр. ақсайтаным мұндай түспесін бе,
келе долданып Нартайдың шаужайына жармастым.
– Не жазығым бар еді. Құдай-ау, бала-шағаны шулатып,
үйді бұзғаны несі! Елім-ау, жұртым-ау, қайдасыңдар, қорлатпай
«қой» дейтін адам табыла ма... – Зарлап барып, ақ боз аттың
үстінде шіренген Нартайдың үзеңгі бауынан ала түстім.
– Кет, албасты! Құтырып кеттің бе? – деп қамшымен
арқамнан осып жіберді. арқам удай ашыды, көзіме қан толды.
Сол кездегі-ай десеңші, ат үстіндегі еңгезердей адамды
жалғыз-ақ жұлқып аударып түсірдім. Тіпті, тұрықты аттың өзі
304
тәлтіректеп кетті. Есті жануар екен, иесі жерге топ ете түссе де,
қашпай құлағын тіге осқырынып тұра берді. аяғымның астына
бір қап бидайдай былш ете қалған Нартайдың кеудесіне қарғып
мініп, тыпырлауға шамасын келтірмей армансыз қойғыладым-
ай, тепкіледім-ай. Үй бұзуға келген кісілер әрең дегенде
ажыратып алды. Үсті-басын қағынып, орнынан тұрған Нартай
қатыннан таяқ жегеніне ұялды білем: «албасты, ашуың қандай
қатты еді, өлтіріп тастай жаздадың ғой», – деп әуелі ырсиып
күлді. Содан соң есі жаңа кіргендей тістенді.
– Қанына қарайған қара қаншық, түрмеде шірітемін. маған
керегі де осы пәкті еді. Жаз, түгін қалдырмай актіле, сендер куә
боласыңдар, – деді колхозшыларға. ауыл кеңестің хатшысы
болып жүрген келіні қағаз, қарындашын алып сусылдатып
жаза бастады.
– Біз ештеңе көрген жоқпыз, – деді Жақияр ақсақал. –
Сондықтан куә бола алмаймыз.
– Немене, көзіңді шел басып тұр ма, кәрі ит! – деп ақырды
Нартай. – Сені қоса айдатамын.
– Қатқаныңның басы. Жазықсыз жандарды жазалаған
өзіңді соттау керек. Тіліңді тигізе берме. Әйтпесе жегеніңді
қайта құстырып, қырық жылғыңды жазып беремін.
Осы сөзден кейін Нартай жуасиын деді. Жақияр шалдан
үнемі тайсақтай беруші еді, тегі ішіп-жеген, істеген қылмысын
түгелдей жатқа білетін осы кісі секілді.
– Кәмпеске кезінде байдан қалған үйді сутегін алған, ешбір
қағазы жоқ, ендеше, бұл үй колхозға қарайды. Бұзып әкетіп,
қойма саламыз, – деді Нартай атына қайта мініп.
– Құдай-ау, біз қайда паналаймыз, – деді енем.
– Оны өздерің біліңдер. анау жалмауыз келіндеріңнің күші
тасып жүр екен, қарағай қиып, үй салып алар. Әйтпесе анау
монша да жетеді сендерге.
– Үйдің ақшасы төленген, – деді атам таспиғын санаған
қалпында. – Бес жүз сом ақша және қара бас қойды бергенмін.
Келінің өртеп жібермесе, кеңсенің бір жерінде жатқан шығар.
– Ондай қағазды көргенім жоқ, – деді хатшы әйел безбүй-
ректеніп.
– Ендеше, сенің де көзіңді шел басқан екен, – деді атам.
– Селсәбетке тіл тигізбе, – деп ақырайды Нартай. атам сол
таспиғын санаған қалпы, құманын алып үйді айналып кетті.
305
Бұл қоқан-лоқыларынан түк шықпасына көзі жетті ме,
Нартай атын тебініп қалып, шоқырақтай жөнелді. Ұзап барып,
қайта оралды.
– Тең бұзғызамын, ал сен албасты, дайындала бер, түрмеге
қамаласың. Басқармаға қол көтергеніңнің арты не боларын
көрсетейін. – Зілмен, бітіспес кекпен айтты.
Жұрт тараған соң атам айтты: – Жаман болса да еркек аты
бар ғой, азаматтың абыройын төгіп, бекер қол жұмсадың.
асқардай тұтқан атамның алдында Нартайдың кеудесіне
міне түскенім, расында да ағаттық еді. мұндай ұялмаспын ба.
апам айтты: - Өзіне де сол керек. айызым қанды-ау. арты
тыныш болсын.
Істерімді істеп алсам да, қорқа бастадым. мылтығы
шошайған мелица келіп, алдына салып айдай жөнелсе,
қайтемін. Бауырын көтермеген балам бар. масқара болғанда
ақанға не деймін. Бастықты соғып абақтыға қамалыпты деген
аты қандай жаман еді. Жоқ-жоқ, қол қусырып қарап отыруға
болмайды, ауданға олардан бұрын өзім барайын.
менің мінезім қызық еді: көп сөйлемеймін, ал бір сөйлесем
тоқтау қиын; көпке дейін ашуланбаймын, ал бір ашулансам
алтайдың барлық тасын лақтырып, Бұқтырманы теріс
ағызып жіберердей долданатынмын. Өзімнің орныма Енемді
наубайханаға жібердім де, нар тәуекел деп аудан орталығына
тарттым. Шыдамның да шегі бар, жер бетінде зәредей болса
да әділет, шындық дегендер қалса, тексеріп, көздерімен көрсін,
ақ-қарамды ажыратып берсін, бірақ қорлауы мен қорқытуды
қойғызсын. Жаяу жүріп үйренген басым, отыз шақырымдағы
Катонға түс ауа жетіп баруым сөзсіз еді. Жаулығым ағараңдап
қара жолдың бойымен сыдырта тартып келемін. Дәл сол ретте
жылап-сықтаған жоқпын, тас-түйін дайындық бітті бойыма.
Шешінген судан тайынбас, қазір атып тастаса да тайынатын
түрім жоқ. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен жармасып
әбден қажытып еді, жасымызға жеткізбей әбден қартайтып
еді. Осылармен алысам деп, шашымның жартысы ағарып
кетті. Егер осы жолы шындыққа көздерін жеткізе алмасам,
онда Бұқтырмаға ағып өлгеннен басқа амал қалмады. Елде
бардың ерні қимылдайды деген, артымда қалар үш қыз, бір
ұлымды өкіметтің өзі де өлтірмес. Бұдан жаман кезімде де
тойға барғанмын демекші, шегінетін жер жоқ, артымда – ар-
намысым. Көрінгеннен сөз естіп, көлденең көк аттының көңілін
306
тауып, аяғына бас ұрып, жетім баладай әркімге бір жаутаңдап,
жалтақтап ғұмыр кешкеннен ақ-адал өлімнің өзі иманды. Осы
сапарым – соңғы сапар, не жеңем, не жеңілемін – үшіншісі жоқ.
Не өлім, не өмір. Қызық, ашу қысып алжасқаныма көрінсін,
кісінің есіне қайдағы-жайдағы оралады екен. «Өлемін» деген
сөз ойыма түскенде, зәуде көзім жұмыла қалса, балаларымның
халі қандай күйде болады, ақан кімге үйленеді, өгей шеше
ұл-қыздарыма ана бола ала ма... міне, осы секілді мантырақ
қиялдар арадай анталады. Жаныма келгенше шырамытпадым.
«апай, амансыз ба, жаяу қайда барасыз?» дегенде ғана жүз-
дерін ажырата бастадым. «Бәсе-бәсе, деймін ішімнен,
– құдай көктен тілегенімді жерден берді». Іздеп келе жатқан
адамдарымның өздері алдымнан шықты. Қос салт атты –
аудандық прокурор мен тергеуші екен.
– мен сіздерді іздеп шықтым. айналайындар-ай, менің жай-
күйімді сезгендей-ақ, өздерің келе жатыр екенсіңдер. – Көзім
ашып, иегім кемсеңдеп ботадай боздап жылағым келді, бірақ
дірілдеген ернімді қан шығара тістелеп шыдадым-ау.
– Не болды, кім жәбірледі, апай? – деп сұрады прокурор
жігіт.
– Келіңіз, менің атыма мініңіз, – деді тергеуші жігіт.
– рақмет, қалқам, мен жаяу жүруге жаралған жанмын. –
Олар аттарын ақырын аяңдатып, менің жүрісімнің ыңғайына
түсірді. ауылға жеткенше көрген қорлық-зорлықты, жүректегі
мұң, тағдырымның мән-жайын ағыл-тегіл армансыз айттым-
ай.
– Өзіміз де Нартайдың үстінен түскен арызды тексерейік
деп шығып едік, – деді прокурор.
мен жеңдім. ауыл сәбеттің архибін ақтарып, үйді сатып
алғанымыз, он екі жылдан бері салығын төлеп келгенімізді
айғақтайтын қағаз табылды. Оны хатшы әйел Нартайдың
бұйрығымен тығып тастаған екен. Келесі жылдан бастап әскери
салық та төлемейтін болдық.
– азамат ақан ойнап жүрген жоқ. Ол да майданға қызмет
жасап жүр. артында қалған семьясы үлкен, он шақты жан
бар екен. Оларды асырап сақтауға жалғыз әйелдің күші
қалай жетсін. Сондықтан да әскери салықты төлеткендеріңіз
бекершілік болған. Бұдан былай жұмыстың жеңілін беріп, үй-
жайына мүмкіндігінше, – деді прокурор жігіт. – ал басқарушы
жолдас, сіздің мәселеңізге келетін болсақ, асыра сілтеп
307
алғансыз. Халық жауының қылығын жасағансыз. Өзіңіз –
колхоз бастығысыз, ініңіз есепші, келініңіз ауыл кеңесінің
хатшысы, тіпті әйеліңізге дейін басқарманың мүшесіне сай-
лағансыз. Бұны қалай түсінуге болады?! Тіпті патшалар да
бүкіл өкіметті семьясымен басқармаған. Ертең ауданға келіңіз,
анық-қанығын сонда анықтап, тиісті жаза қолданамыз. Бұл не
деген масқара!
Тәңір асыраған тоқтысын қасқыр жемейді деген сөз тегі рас
екен. мерейім мұндай үстем болмас-ты. Ой, бір айызым қана
рақаттандым-ау. Бұл менің жеңілген ит желкелегенге жақсы
деп Нартайдың аттан жығылғанын табалағаным емес еді. Бұл
менің жер бетінде әділдік барына тұңғыш рет көзім жетіп,
қуанғаным еді ғой. Әттең, шіркін, сол әділдік бәрімізге жете
бермейді екен-ау...
Нартайдың келінін ауыл сәбеттің хатшылығынан, інісін
есепшіліктен шығарғанымен, өзін колхоз бастықтықтан босат-
қан жоқ. Бұдан былай асыра сілтеп, шаш ал десе, бас алатын
әпербақан болмауын қатаң ескертіп, сөгіс беріпті. Тіпті оны
орнынан алған күннің өзінде сауаты бар, шаруашылықтың
жағдайын білетін есті еркек таба қою қиын еді сол уақытта.
ауыл азаматтарының жоқтығы жанға бататыны содан-ау. Енді
ойлаймын, азаматы жоқ ауыл сарғайған ескі жұрт екен де,
еркексіз әйелдер қаңсыған итаяқ екен... «Бар пәле сенен келді,
албасты», – деді ол ауданнан қайтып оралған күні кеңсеге
шақырып алып.
– Жеңдім деп тұрсың ғой. Жыланды үш кессе де кесірткелік
қауқары бар. Көрерміз... Ертеңнен бастап наубайханадан
шығасың. Балаң жетіліп қалды. Күшің тасып жүр екен, егін
суғару жұмысына бар. Сенің орныңа Бәтіш нан пісіреді.
Жуындыға семірген иттей дүмпиіп алып едің, енді қайтер
екенсің.
– Тіліңізді тарта сөйлеңіз. Әттең әкемдей адамсыз, әйтпесе,
әне күнгіні есіңізге қайта түсірер едім. – Есігін бір теуіп шыға
жөнелдім.
Жаз шыға бес адам ауданда звеноводтың оқуына бардық.
Он күн бойы егін суғарудың жай-жапсарын үйреніп, қайтып
оралдық та, қиядан арық қазып, құдық шығару жұмысына
кірісіп кеттік. менің бойымда қайран қалдырар бір қасиет бар
еді: қандай істі болса да жан-тәніммен беріліп істейтінмін.
Өзімізге бекітіп берген жерді бес әйел балаша баптап, ай
308
жарығымен суарып, арамшөбін жұлдық, әбден жайқалып өсіп,
дәні толып сарғайып піскен соң барып бастырдық, маржандай
бидайды өкіметке өткіздік. Жанталасып қол орақпен масақ
орып, баулап жүргенімде білегімді оңдырмай кесіп алдым
(алма шешей білегін түріп, сара тілінген тыртықты Күміске
көрсетті). міне, соғыстан қалған белгі... Қан саулап тоқтамаған
соң, жаулығыммен орап, шандып байладым да, амал жоқ, ауылға
қайттым. Ол шақта дәрігер жоқ. Әйтеуір, қазақтың ем-домын
жасап, қанын тыйдық. Қанжапырақ тарттық. ауырсынып үш
күн жұмысқа шыға алмадым. «Дем алу үшін әдейі істедің,
албасты, – деді Нартай. – мұғалімдерге қосылып шөп шабуға
барасың».
Қайтесің, жылайсың, жылайсың шыдайсың. Баяғыда
біреу: «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына
жылаймын», – деген екен. Сол айтқандайын мен де көзге шық-
қан сүйелдей болып, көрінгеннен сөз естігенше, көз көріп,
құлақ естімейтін барсакелмес, белгісіз жаққа қаңғып кеткім
келетін. Қ-ай-й-дан... балапанын ерткен қаздай, аспаннан
қырғи көрінгенде қанатымды сабалап, қаңқылдағаным
болмаса, қолдан келер қайран бар ма. адамның басы алланың
добы демекші, колхоз басқармасы қайда айдаса – сонда елпең
қағып жүгіре бергеннен басқа шара не. Дегенмен осы мазасы
жоқ, сынаптай толқып, сағымдай сусыған өміріме ризамын.
Несін жасырайын, дәл сол кезде, күндіз-түні талмай, шаршап-
шалдыққаныма қарамай белсенділіктен гөрі қолына қарап,
қарлығаштың балапанындай тамақ сұрап, аузын ашып отырған
бала-шағамды асырау тілегі бірінші тұратыны санамда. мен
бейбіт те жомарт, жылқының жусағанындай тыныш тіршілік
үшін күрестім, отбасымның амандығы үшін қу жанымды
аяғаным жоқ. Әрбір қиналған сәтімде ел мен жерді осындай
күйге душар қылған дұшпанды қанша рет қарғап-сіледім,
қаншама рет шашымды жайып, батысқа жүз беріп лағынет
айттым. мұғалімдерге қосылып пішен шауып жүрген шақта өз
нормамды ылғи да артығымен орындап тастап, шөпшілердің
бәрінен бұрын үйге безектеп жүгіремін. Үйге келе салып, қара
жер қойнына алғанша таусылмайтын шаруаға кірісемін. Кей
күндері мұғалімдер қайтып кеткен соң тартпамды шыңдап
жападан-жалғыз қалып қоямын. ай туа тоғайдың арасына
кіріп аламын да, жалғыз сиыр мен бес-алты қой-ешкіге шөп
шабамын.
309
мұғалімдердің ішінде Зәбила атты сүп-сүйкімді қыз бар
еді. Оны сен де білесің, Күмісжан, бұл күнде ақарлы-шақарлы
семья, тіпті немере сүйіп отыр. Сол қыз мені жан тартып,
аузындағысын жырып беріп, үйірсектеп жүретін. Құрбы-
ларымен бірге ауылға қайтуға ыңғайлана берді де, менің төс
темірге салып балғамен шалғы шыңдап отырып қалғанымды
көріп, кері оралды.
– апай, сіз неге қайтпайсыз? – деді жаныма шоқайып
отыра беріп.
– Өз малымызға арнап шөп шабамын.
– Түнде ме? – таңдана сұрады. – Қараңғы ғой.
– Енді бір сағаттан соң ай тумай ма.
– апырай, апай-ай, қалай ғана шаршамайсыз. Сізден
әлдеқайда жас менің белім үзіліп, екі қарым талып әрең
отырмын.
– Үйренбегендікі шығар, – дедім мен. – Басқа түссе бас-
пақшыл деген емес пе. Жұмыс мені емес, мен жұмысты
шаршатар шама бар.
– Жұмыс шаршаушы ма еді, – деді Зәбила күрсініп. – мен от
жағайын, шалғының жүзі көрінбей барады, қолыңызды кесіп
аларсыз.
– Жаға ғой. Шәугімге шай қоя сал.
ай туғанша сырласып отырдық. Шегіртке шырылдап, елік
әупілдеді. Ол кезде аң-құс бықып жүруші еді ғой. Сымпылдап
үйрек ұшады. Өзеннің беті қарабарқынданып, анда-санда бір
нәрсе шолп ете қалады, тегі шабақ аулаған балық болар. Екі
тізеңді құшақтап, үн-түнсіз отыра берсең, бойыңды қуанышты
да мұңлы үрей билейді екен. Бірақ сен шошынбайсың, ләззат-
ты әсермен терең күрсінесің де әлденені іздеп елеңдейсің.
Іздеген затың не, білмейсің. Білмегендіктен де елегізіп іздейсің.
Осындай жым-жырт ертектегідей отырғанымызды Зәбиланың
майда үні бұзды.
– апай, бақыт деген не, білесіз бе? – мен бірден жауап бере
алмадым.
Осы сұрақтың төңірегінде, тіпті, ойланбаппын-ау.
– Бәлкім, бақыт дегеніміз – ер-азаматқа еркелеу шығар.
– рас айтасыз, әйелге одан артық бақыт жоқ.
– Сен әлі жассың ғой. – Сөзімді аяқтатпады:
– Жас болсам да білемін. Бізді соғыс есейтті. Өзіміз
қызығын көріп, қуанышын бөліспесек те, сіздерді көргенде
310
сай-сүйегіміз сырқырайды.Жауды жеңген күні алматыға оқуға
аттанбақпын.
– Оқы, айналайын, мен үшін де оқы.
Ол мені құшақтап аялады, аяғаны шығар.
Осы кезде шығыстан дөп-дөңгелек айдың шеті қылтиды
да, «мені зарыға тосып отырсыңдар-ау» дегендей шапшаң
көтеріле бастады. мен орнымнан тұрып, алақаныма түкірдім
де, тартпаны ептеп шықтана бастаған шалғынға салдым.
– Көмектесейін, апай, – деп Зәбила да өз қол шалғысына
ұмтылды.
– Әуре болмай-ақ қой.
– Ештеңе етпес, сізден жаным артық па, – деп менің соңым-
нан ересілтей жөнелді. ай жарығына шағылысқан шалғының
жүздері жалтылдап, ұйысқан шөпті жайпап барады. артымызда
түп-түзу десте қалды жол болып.
Күз туа мен және екі-үш адам солдаттарға арнап пима басу
жұмысына кірістік. Біз әуелі Пилат деген орыс шалына барып
бір апта үйрендік. Пима басуды тағы да мен бірінші болып
игеріп әкеттім. Қалып біреу ғана болғандықтан алғашында бір
сыңардан басып, кезек күтіп жүрдік. Күзді күні қозылардан
қырқып алған тері жүнді ең әуелі жақсылап тұту үшін судың
арғы жағындағы Еремей деген орыс шалына қапқа салып
апарамыз. Оның жүн түтетін машинасы бар. Бұл жұмысты
Сақыш екеумізге тапсырған. Қыс түсіп, Бұқтырмаға мұз
қатқанда да қанатсыз жайдақ шанаға бір центнер жүнді тиеп,
ымырт жабыла жолға шығамыз. машинаның құлағын кезек-
кезек бұрап тұрып түні бойы бұрқыратып түтеміз де, ертелетіп
қайта ораламыз. Екі-үш сағаттай мызғып алған соң, соғушылар
әзірлеген түйлектеген жүнді қазанға салып қайнатамыз.
Әбден піскеннен кейін сорғытып, қол ағашпен тарсылдатып
соққылаймыз. Бөлменің іші көзге түртсе көргісіз буға айналып,
үсті-басымыз малмандай су болады. Дымқыл ауа тынысқа тар,
тұншықтырып шыдатпайды. атып далаға шығамыз. Сонда
әбден буланған құлағымыз тарс бітіп, естімей қалушы едік.
Оған қарап жатқан біз жоқ, таза ауадан қарпып-қарпып жұтып
аламыз да,қалың будың арасына қайтадан сүңгиміз. Бір күні
мұздың бетін қызыл су қаптап кетті. Өзеннің дәл ортасына
барғанда жамандатқыр тырақы ат бір центнер жүн мен Сақыш
екеумізді тарта алмай арындап тұрып алғаны, әрі қамшыладық,
311
бері қамшыладық, тіпті сабаған сайын көткеншектеп, баспай
қойды. Сақыштың аяғында көн етігі бар еді, шанадан қарғып
түсіп барып, дізгіннен жетелеп көрді, қозғалмады. Енді
шана үстіндегі мені ауырсынып тұрғандай. ал менің кигенім
– табынына тақтай жапсырған ескі пима. Сақыш ер еді-ау,
тырақыны басқа бір салды да, долданып қайтып маған келді.
– мін арқама, – деді.
– Денем ауыр, көтере алмайсың ғой...
Жас балаша мойнынан құшақтап арқасына жабыстым.
Ол менің екі қалтамнан қыса ұстап алды да, қызыл суды
шалпылдата кешіп, арғы жағаға тартты. Жағалауға енді жете
берген кезде:
– Әй, қатын, қалтаңнан қарманың иісі шығады ғой, – деді.
– Бағана Енем пісіріп беріп еді.
– аузыма сал, әйтпесе суға тастай саламын,– деп үстіндегі
мені сілкіп-сілкіп қалды. амал жоқ, бір үзіп тістеттім. Ол
қарманы ұртын қомпаңдатып шайнаған қалпы мені арғы бетке
алып шықты. Содан соң суды қайта кешіп барып, көлікті
жетелеп еді, қырсық неме «сендерден құтылмадым-ау»
дегендей тапырақтай тартты шананы. Сақыштың көн етігінен,
әрине, су өтіп кетіпті. Еремейдің үйіне жеткен соң шылғауын
отқа қақтап кептіріп әрең жылынды. Осы оқиғадан кейін
Сақыш, суық тисе керек, қалтырап-дірілдеп қатты ауырды. Екі
аяғының қақсағаны асқына келе жүрегіне шапты. Ертең жеңіс
деген күні бұл дүниеден қайтты жарықтық.
Еремейдің үйінде жүн түтіп жүргенде қарнымыз ашып
қоймаған соң бір килодай жүн сатып, картошка қайнатып
жеп едік. Енді орнын толтырудың амалын іздегенбіз. Әдетте
түтілген жүнді бір бөлек, түскен қоқымды бір бөлек өлшеп,
жалпы салмағын шығаратын. амалсыз қоқымның арасына
тас салуға тура келді. Бұл жалғанда Нартайдан иісшіл кім бар
екен... Біліп қойды. Қулығымыздың беті ашылды. аузына ақ
ит кіріп, көк ит шығып ұрысты. Соттатпақ болды. айналайын,
Сақыштың сұлулығы бұл пәледен де құтқарды.
Иә, біз не көрмедік. Сонымен ұзын-ырғасы – пима бастым,
нан салдым, өмір бойы шөп шаптым. Егін ордым, бау байлап,
масақ тердім. мұнымен де біткен жоқ. Келесі, 1944 жылдың
қысында тері илеуге жіберді.
312
11
– Екеуінен де мәңгілікке айырылғанымды жүрегім сезіп
еді,– деп ақан шал далаға шығып, бой жазып келген соң,
әңгімесін одан ары соза тартты.
Жағдай жақсарып, тамақ түзелгенмен, сырқатым асқына
түсті. Екі бетім суалып, көзім шүңірейіп, мойным ырғайдай
болып, адам танымастай жүдедім. Әсіресе 1945 жылдың
қысында жұмысқа бір күн шықсам, екінші күні төсек тартып
жатып қалатын жарымжан күй кештім. Ішкен асым батпайды,
қара су ұрттасам да, лақ еткізіп қайта құсамын. Көктем туа ептеп
сергігендей едім, «бүгін жеңіс» деген күні ішімді жалын жалап,
қатты қысылып ауырдым. Ұлыстың ұлы күні қуанышында
нардың үстінде аш иттей бұралып, ыңырсып жатқан менімен
елдің ісі бар ма, көздеріне жас алып, жүректері жарыла жаздап
бақытқа кенелуде. Иә, көптен күткен таң да атты!
Жеңіс!
«Соғыс!»деген сөздің су құйып, тамырына балта шапқан
айналайын, ЖЕҢІС– сені де құлақпен еститін, көзбен көретін,
төбеміз көкке жеткенше қуанатын күн бар екен-ау! – деп
күбірледім басымды зорға дегенде көтеріп. Күлге аунаған қотыр
түйедей жата бергенше далаға шығуға талпындым. Барақтың
қабырғасына сүйеніп, бір басып, екі басып тысқа шыққанда,
май айының жарқыраған күні нұрын аямай-ақ төгіп тұр екен,
көзімді жасауратып, жанарымды жеді. Жұмысшылардың
тайлы-таяғы қалмай жеңіс құрметіне арналған салтанатты
жиналысқа кетіпті. маңайда тірі жан көрінбейді, тек мен ғана
асқазанымды алақаныммен басып, жалғыздан-жалғыз бүкшиіп
тұрған. Табиғат бейне бір ұзатылатын қыздай-ақ қылымси
жымиып, наздана тамылжиды. Енді-енді ғана бүршік ашып,
жапырақ жая бастаған орман осы тұстан қарағанда жасыл ала
– бірі ерте, бірі кеш бүрлегендіктен бояу теңестіре алмай тұр.
Бағана басына орнатылған қара табақтан левитанның жігерлі
де қуанышты үні саңқылдап естіледі. менің, жадымда әсіресе
қалғаны: «Капитуляция» деген сөз болды. «Енді елге қайтатын
шығармыз», – деп ойладым.
Жеңіс!
Бұл сөзге менің қаншалықты үлес қосқанымды күні бүгінге
дейін білмеймін. менің білетінім: өзіме жүктелген жұмысты
барлық күш-қуат, ынта-ықыласыммен орындағаным ғана. Тіпті
кімнің қанша үлесі барын таразылап, талапайға салу артық еке-
313
нін сол кезде-ақ ұққан едім. Ендеше ел басына күн туған шақта
Отан алдында – ар-ожданның тазалығынан асқан үлес бар ма?..
мүмкін, барлығымыздан – аяқ-қолдан айырылса да, әйтеуір,
татар дәмі, атар таңы таусылмай тірі қалған барлығымыздан
әлдеқайда батыр, әлдекім ешкімге белгісіз күйде шейіт болған
шығар. Соғыста қаза болғандардың барлығы батыр дейтінім
содан. Кейін ойладым: – бәлкім, менің еңбегім белгісіз, аты-
жөні жазылмаған жауынгердің рухына айналып кеткен шығар.
Иә, батыр болу дегеніміз – кеудеге алтын жұлдыз тағып, алты
алашқа әйгілі болу ғана емес; есімің, еңбегің аталмай-ақ
ерлік жасау мүмкін екендігін кейін білдік қой. Демек, әдемі
тізімге соғысқа қатысқандардың барлығын тізіп шығу міндет
емес, олардың адал еңбегі, асқар ерлігін ЖЕҢІС деген сөз бен
БЕлГІСІЗ БаТыр рухынан іздейміз.
– мен алпыс жылдық өмірімде, – деді ақан шал қолындағы
қымыз құйылған кесені шайқап, – ешкімнің ала жібін аттамаған
екенмін. міне, түн жамылып отырмын ғой, асырып айтсам,
құдай төбемнен ұрсын. Бірде-бір ескерту, сөгіс те алмаған
екенмін. Егер тазалық, адалдық үшін берілер сый-құрмет
болса, омырауым толып кетер еді... мен тек қана өз қолымнан
келгенін істедім, қадери-қалімше еңбек еттім, тағдырдың
талайыма жазған ырзығын ғана көрдім, одан артық дүниеге
иек қышытқан емеспін, өйткені алуан-алуан жүйрік бар, әліне
қарай шабатын. мен бұл өмірге алу үшін емес, беру үшін
жаратылғанымды баяғыда «трудармияда» жүрген кезде-ақ
ұққанмын. Сондықтан шамасына қарай шанасы деген қағиданы
берік ұстадым да, ешкімнің де бақытына қызықпадым, ішімді
өрт жалап қызғанбадым да. мынау қара жердің бетінде мЕН
секілді озбай да қалмай қарапайым ғұмыр кешетіндер саны
БЕлГІлІлЕр тізімінен әлдеқайда көп екенін білемін, соған
шүкіршілік жасаймын да. алайда өзім сияқты ұшпақты әсте
аңсамайтындардың саны азайып бара ма деп шошынамын...
аспанға ұшпай тұрып, жұмыр жердің бетімен дұрыс жүруді
үйренбегендерді көргенде налимын-ау... «Кірмей тұрып, қалай
шығатыныңды біліп ал» деп халық біліп айтқан ғой. Осындай,
ойдың дені кейін, заман тынышталып, бейбіт өмірге еркелегенде
ғана сана сарабына түсті, әйтпесе қа-а-й-д-ан... Көктемгі көкке
аузы зорға ілінген көтерем сиырдай тарамысына ілініп тұрған
менің көкейімде жалғыз-ақ арман бар еді, ол – өлмей ауылға
жетіп, өзім жоқта дүниеге келген Баламерді көру. Содан соң
314
ажал ала жөнелсе де қарсы емеспін. Бұған дейін сүйретіліп тірі
жүргенім суішкілігімнің әлі де таусылмағаны шығар-ау.
Жатақтың босағасына сүйеніп тұрғанымда, анадай жерден
ақ көйлегі желбіреп маған қарай жүгіріп келе жатқан қызды
көзім шалды. Ол анадайдан қос қолын жая ұмтылып, менің
мойнымнан құшақтады да, екі бетімнен кезек шөпілдетіп
сүйді-ай. Жүзінде күлкі, жанарында жас.
– ағатай-ай, бауырым-ай, біз жеңдік қой. Жеңдік!
– рас, жеңдік, айналайын, қарындасым! – дедім мен ақ сары
шашынан сипап.
– Бірақ бұл жеңіс бомбаның астында қалған әке-шеше,
туған-туыстарымды тауып бере ала ма? – деп өксіп жіберді.
– Жалғыз сен ғана емессің ғой, қалқам...
– Бірақ әркімнің өз қайғысы өзіне ауыр емес пе. Енді мен
батысқа бармаймын. Шығысқа аттанамын.
– Қиыр Шығыстан жапон деген пәле шыққан жоқ па?
– Сіз мені түсінбедіңіз, жаудан қорқады деп ойлайсыз ба?
Жо-жоқ. Көз алдымда аяқ-қолы бөлек-бөлек қалған мамам,
қалай ғана сол хуторға бара аламын. Әр күн сайын есіме түсіп,
жүрегімді жараламай ма. Одан да Сібір тайгасын аралап кетейін
де. Бастықтар рұқсат етсе ертең жолға шығамын. Сіз сондай...
жақсы адамсыз. Я Вас... хокаю! Бұл сөзді кейін түсінерсіз. Хош
болыңыз. – мойнымнан құшақтады да, жалт бұрылып асыға
басып кете барды. Сезімім қаншалықты сірне болса да, көңілім
толқып, басым айналған, масайғандай дел-сал тұрып қалдым.
ақ көйлегін жел желпіген қыз, әне, Орал ормандарына қарай
беттеп барады. Өзімен бірге бір нәзік сәулені ала кеткен украин
қызы менің де жүрегімнен орын алған. Ол маған ЖЕҢІС
деген ұлы ұғымның адамға айналып, дөңгелене билеп, күні
бүгінге дейін жер шарын аралап жүргендей: ол мәңгілікке
солмас бәйшешектей, қайта жасарып, қайта гүлдеп, мынау
монданақтай жерді алақанына салып әлдилеп жүргендей...
– Әңгімем аяқталып келеді, таң жақындап қалған секілді,
жүр далаға шығып, бой сергітіп қайтайық,– деп ақан шал
орнынан тұрды.
Олар тысқа шыққанда, шынында да, шығыстан таң саз
берген екен. аспан ашық, Шолпан жұлдыз ғана түнгі ару-
лардың, отырыңқырап қалған ең соңғы қонағындай, сөнбей
жарқырайды. Батыс жақ алқаракөк те, шығыс көкжиек
жұқалаңдап ағараң тарта бастаған. Қозының, жылқы
315
даусы естіледі. Көбен тауының оймақтай ғана көлі бетінде
мойындарын қайырып,тұмсықтарын қанаттарының астына
жасырған қос сары ала қаз бейбіт қалғиды. арғы жақ шетінде
судан әлдене алып жеп, таңсәріден ашқарақтанған бір топ
қоңыр үйрек жүзеді. Көл жағасындағы жалғыз үйлі қойшының
аң-құсқа деген адалдығын жарықтық үйрек-қаз да сезгендей,
өзгеше кәперсіз, секем алар сескенісі жоқ алаңсыз... Табиғат
пен адам арасындағы береке, ырыс дарыған шалқар достықтың
жарасып табысқан жаршысындай. ақан шал осына көріністі
көптен бері көрген жоқ-ты, қызықтағандай екі қолын артына
ұстап, сәл үнсіз тұрып қалған. «Үйге бой жазып, анау төбенің
басына шығып қайтайық», – деп, алға түсіп аяңдай берді.
Шопан жігіт мақұл көргендей қатарласа жөнелген.
– 1945 жылы да елге қайта алмадым, – деді ақан шал. –
Соғыстан қайтқан солдаттар емеспіз, еңбек әскері болғандық-
тан, тағы да бірер жыл жұмыс істеуді талап еткен соң, амалсыз
қалдық. Жаз шыға қыстай асқынып келген аурудың беті бері
қарап, өзімді тәуір сезінгенмін. Әйелдердің көбі дерлік тарап,
бұрынғыдан гөрі бір жайма-шуақ тыныштық орнағандай еді.
Тіпті ептеп көңілсіздік басып, ел деп елеңдеумен жүр едік.
Өйтпеске шарамыз қайсы, түпкілікті қалып, жұмысшы болып
кетудің реті жоқ, көпшілігіміздің ауылда екі көзі төрт болып
тосып отырған бала-шағамыз бар, шаруа баққан адамбыз, егін
екпей, шөп шаппай өмір сүре аламыз ба. ал кен қазып жүрген
бәріміз көгенін ағытқан қозыдай жамырап, қайла-күректі
лақтырып тастап боса жөнелсек, жүрегі дүрсілдеп соғып тұрған
мұқым завод, фабрика өлікке айналмай ма. Негізгі жұмысшылар
майданнан толық оралған жоқ, тірі қалғандарының өзі аяқ-
қолдан айырылған мүгедек, жаудан енді-енді ғана арылған
ел ес-ақылын жиғанша бұл жерден аттап басуға қақымыз
жоқ еді. ағайын-туған «бұл қайда жүр» деп елеңдемес үшін
барлық жағдайымызды айтып хат жазып жібердім. Сөйтіп,
Орал тауының дәмін әлі де бір жыл татуға тура келген. Әрине,
бұрынғыдай емес, жағдай жақсарған, жұмысшылар да көңілді.
Саршатамызда ауылдан менімен бірге келген Қожақ пен
Қаймақ үйлеріне қайтатын болды. Партия қатарына жаңадан
өткен мені босатпады.
Жігіттерді шығарып салып тұрғанда көңілім алабұртып,
көзіме жас алдым. Бірге өсіп, біте қайнасқан ауылдастарымды
қимай қиналдым да. Оралда өткен үш-төрт жылдың ішінде бір-
316
бірімізге бұрынғыдан ары жақындасып, бір шаңырақтан өрген
тумалардай айнымас достық, ажырамас туыстықпен үйренісіп
кетіп едік. Олар кетіп, жалғыздан-жалғыз мен қалғанда
үйірінен айырылған жылқыдай кісінеп, көбінесе, саяқ жүретін
болдым. Қаймақ пен Қожақ мен үшін мұқым Қаратай елі екен,
тұра аттанып кеткенде, ел көшкендей құлазып, жұртта қалған
күшіктей қыңсылағаным, бұзауы өлген сиырдай азан-қазан
мөңірегенім де содан-ау...
Қаймақшал тарамыс-тарамыс қолын ұсынып: – ал, аза-
матым, аман бол. Көріскенге жазсын, – дегенде ұмтылып барып
құшақтай алдым.
– ағатай-ай, жалғыздықтан жаным күйзелетін болды-ау.
– Көп ұзамай сені де босатар. Денсаулығыңды күт. Шыда,
көбі кетіп, азы қалды ғой,– деп төсіме төсін тигізіп жұбату
сөзін айтты.
– алмаға не сәлем айтасың, – деді аусар Қожақ арқамнан
қағып.
– Не айтайын, аман-есен де... ауыратыным жайында
жұмған аузыңды аша көрме, жүрегін жаралап қайтесің. мен
үшін балаларымның бетінен сүй.
Олар аудан орталығына қарай жаяу беттеді. арқаларында
түйіншек дорбасы бар. Сырты қомпайғанмен, ішінде түгі жоқ
бос дорбаны тек ырым үшін ғана таңып алған – жолаушылық
әдет қой. Жүдеп-жадаған ауылдастарымның артынан қарап
тұрып, қатты аядым. Бұлар да соғыста болдық деп барады-ау.
Жолдастарыммен қоштасып, жатын орынға қайтып оралған
соң да, екеуінің бос дорбасын арқалап аяңдап бара жатқан
жүдеу бейнесі көз алдымнан кетпей-ақ қойғаны. Тіпті, ұйқым
келмеген соң, сыртқа шықтым. Тыныштық ұйып тұр екен.
Жұмысшылардың барлығы да алаңсыз ұйқыда, бейбіт күннің
алғашқы алаңсыздығына еркелеп жатыр. ауадан ептеп салқын
сыз сезіле бастаған. Қар биыл да ерте түсетін сыңайлы. ағаш
жапырақтары да асығыс сарғайған. Үркер көтеріліп келеді екен.
Сол үркер туған жақта менің туған ауылым бар. Белгісіз бір
үміт солай қарай жүр-жүрлеп жетелейді. Неге екенін білмеймін,
күншығысты бетке алып еріксізден еріксіз адымдадым. Қанша
жер ұзағаным есімде де жоқ, тек Шолпан жұлдызы ауа ғана
кері бараққа оралдым. Одан ары ұзай берсем, сөз жоқ, қашқын
атанамын. ал мен өмір бақида ештеңеден қашып, ештеңеден
қорыққан емеспін.
317
Орал өңіріне тағы да қыс түсті. Күн суық. Сырқатымнан
айығып кете алған жоқпын. Бұрынғыдай күбір-күбір өз тілімде
сөйлейтін жігіттен айырылған соң бір түрлі бұйығы тартып,
жетімсіреп жүрдім. ауыл-аймақты өлердей сағындым. Бала-
шағам күндіз есімнен, түнде түсімнен шықпайды. Тарамысына
ілініп әрең жүрсем де жұмыстан бір рет те қалған емеспін. Кен
директорының атынан мақтау естідім, озат жұмысшы, нағыз
коммунист атандым. амал не, жүректе сағыныш салғаң мұң
бар. Қанша көңілденейін, сергиін десем де, көңілімді әлде не
зіл болып басады да тұрады. «Топырақ Оралда бұйырмаса игі
еді»,– деген ұры ой ұялай бастады.
Иә, соғыс аяқталды.Бірақ күрес аяқталды ма?..
Кімнің қайда, не істегенін есепке алып, түгендейтін уақыт
келді.
Жолым түсіп аудан орталығына барып қайтып едім. Онда
ұлан-асыр той: пилоткаларын бір шекелеп киіп, омыраулары
сылдырлаған орден-медальдар толы солдаттар қос-қостан
қыз-келіншектерді құшақтап гармоньдатып, көшеде билеп
жүр. Оларға сонадайдан қызыға қарағаным болмаса, тіпті
жақындауға сескендім әрі «бұл қайдан шыққан ақ қарға»деп
сөгетіндей жерге кіре ұялдым да. «Бәрі де майдан, мұндағы
біз де қарап жүргеміз жоқ» деп кімге дәлелдерсің, кімге
түсіндірерсің... амал не, салым суға кете бараққа оралдым.
маған ондай сұрақ қоймауы да мүмкін ғой, бірақ үстінде
әскери киім, кеудеңде соғыс куәгері медалің жоқ болған соң
ба, өз-өзіңнен қуыстанады екенсің. Кен басшылары тарапынан
алған сан алғысымды қағазға жазып алып әркімге тарататын
емес... Шынымды айтсам, елге қайтуға да қорындым. Әттең,
шиеттей жас бала-шағам бар, әйтпесе осы жақта түпкілікті
қалып қойғым-ақ келді. алма кезекті хатында: «Соғыстан аман
қалған азаматтардың біртіндеп келіп жатқанын, оның ішінде
бір аяғынан айырылған Құмырайдың да бар екенін жазыпты.
Денеме сызат түспей ауылға барудан азапты не бар? ал ішкі
жараны кім көріп тұр. Бейне бір бес жыл Орал орманында
тығылып жатып, жау жеңілген соң уралап шыға келгендей
көзге күйік боларым тағы рас еді...
«Тыл да, трудаармия да – барлығы да майдан, жолдастар,–
деген сөзді дәл сол кезде дәлелдеу мүмкін емес-ті. Жұрттың
назары тек қана қолына мылтық ұстаған жауынгерлерге ауған.
Қазірдің өзінде қарт солдаттар соғыс ардагерлері атанып,
318
«немісті тырқыратып қуып барамыз, жолдасыма оқ тиді,
мен аман қалдым»,– деп естелік айтып, есінеп отырғанда
күн демей, түн демей кен қазып, топырақ тиеп жатырмыз»,–
деп әңгімеге араласудың өзін әбес санаймыз. Бірақ менің,
жарылыстың астында қалған Бураның, ауылға келген соң көп
ұзамай дімкәстік пен жіңішке аурудан қайтыс болған Қожақ
пен Қаймақтың жазығы не? Жазығы сый-құрмет дәметпей
жанталаса еңбектенгені ме, жазығы жауынгерге қару дайындап
бергені ме? Отыз жыл бойы осы оймен соғысып келемін.
Жеңістің отыз жылдық тойына шақырылмадық. Оны былай
қойғанда, «ата, сенің наградаларың неге жоқ. Әлде соғысқа
қатыспадың ба?» – деген немеремнің сұрағына жауап бере
алмадым-ау. Ол сұраққа әсте де мен емес, басқа біреулер жауап
беруі керек еді...
1946 жылдың жазында асқазан ауруым асқына берген соң,
еңбек әскері қатарынан біржола босатты.
– мінеки, Орынбай, ағаңның қысқаша өмір-тарихы
осындай,– деп ақан шал әңгімесін тамамдады.
Таң атты. Күн шықты.
* * *
Көбен тауының ирек-ирек жолымен жалғыз салт атты
ауылға қарай құлдырап келе жатыр. Түндегі ішкен қымызы
батпады ма, аттың жалын құша лоқсып, қолқасы үзілердей
болып ұзақ құсты... алғашында түндегі жеген еті мен қымызды
лақылдатып еді. аттан әрең дегенде сусып түсті де, жерге
найзадай кіріп жатқан тасқа сүйене отырды. Тынысы тарылып,
ауа жетпей өз-өзінен тұншыға берген соң омырауын ағытып,
«Уһ, аллай-ай, жаным-ай» – деп ауыр күрсіне шалқалады да,
анау тегенедей төңкеріліп тұрған шайдай ашық аспанға қарады.
Ол тіршілігінің ең соңғы сапары дәл осы ендігі сәтте сонау
етекте құмалақтай шашылып жатқан ауылға аударған. Сол
көк түтіндері көкке өрлеген көп үйлердің ішінен өзінің қара
шаңырағын іздеп әрең дегенде тапты да, аса бір қимас тілекпен
ұзақ қарады. «Тәңірім-ау, түтіні шығып жатыр»,– деп қуанды.
амал қайсы, қолқасы үзілердей болып тағы лоқсыды. Өңешін
кермек татыған қан жауып, тамыр соғысы баяулай бастаған-
ды. Жүрек шіркін шаршаған, әбден тозығы жеткен, «бұдан ары
шамам жоқ» дегендей, әлсіреген қанатын анда-санда болар-
болмас қаққаны болмаса, өмір үнін шырқата алмады. Кірпігі
319
қатып, қарашығы бір орында тұрып қалған көзінен саулап
жас ақты, бірақ сүртуге дәрмені жетпеді. Жанары жайнап
жатқанымен, айдай аппақ әлем біртіндеп сөніп, дүниенің бар-
барлығы қап-қара қапасқа айналды. Сол қараңғы түнектің ар
жағынан мойнында иін ағашы бар алма шықты да, су толы
шелекті шайқалақтатып, әне, асықпай аяңдап барады. «Тоқта,
– деп жан ұшыра айғайлады ақан. – мені ерте кет. Суды қайда
апарасың?».
Қарашығы қатып жатқан ақан шалдың кеудесі қарс
айырылды да, шыбын жаны пыр етіп ұша жөнелді...
...мұнымен де біткен жоқ. Келесі, 1944 жылдың қысында
тері илеуге жіберді, – деп алма кемпір әңгімесін ары қарай
жалғастырды. – Бұған дейінгім ойыншық екен, дүниедегі ең
ауыр жұмыс – осы тері илеу болып шықты. маған дейін істеген
талай әйел шыдай алмай, ақыры ауруға ұшырап, үйлерінде
төсек тартып жатқан. Сол күні де әдеттегідей ерте тұрып, сиыр
сауып, шайды шала-пұла ішіп үйден шыға бергенімде Енем:
– Сенің де сорың ашылмай-ақ қойды-ау, байғұс. Тірі қалсаң
жарар еді, – деді.
– Олай айтпаңызшы, тәңірдің басқа салғанына көнеміз
де...
– Барлық істі бір күнде бітіріп тастайтындай жұлқына
кірісетін мінезің бар еді, аспай-саспай байқап, байырқалап
қимылдасаңшы, келінжан.
– Ілбіп жүре алмаймын, апа, сүйекке сіңді әдет қой.
– ақан мен Бағдаттан хабар болмай кетті-ау, – деп күр-
сінді.
Тері илейтін завод (солай атар еді) ағаштан қиып салған дара
үйде орналасқан. аты завод болғанымен, мұнда осы Жұлдыз
аулындағы жалғыз орыстың шалы Гриша істейді. Одан басқа
маман жоқ, деректірі де, жұмысшысы да бір өзі. ал көмекшілікке
келген менің міндетім – жерге қазып орнатқан әрқайсысы 300
литрлік ағаш бодияларға су тасып құю. Өзенге дейін қозы-көш
жер. Иінағаштың екі басына ілінген қос шелекті салақтатып
безектеймін-ай. ағаш күбінің түбі тесіліп қалғандай, тіпті
толып болмайды. маған дейін істеген әйел екі-үш күнде әрең
толтырады екен. Ертеден қас қарайғанға дейін тыным таппай
жүгіріп жүріп ел орынға отыра бітіріп тастағанымда, Гриша
шал өз көзіне өзі сенбеді. Суы мөлтілдеген дәу үш күбіге қарап
тұрды да, таңдайын қағып, басын шайқады.
320
– мықты екенсің. Бірақ ертең жатып қаласың ғой. Жұмыс
осымен бітті деп ойлайсың ба, келіге қабық түйіп, теріні иге
салу керек.
расында да, Гриша шалдың айтқаны келді. Екі иығым, жон
арқам, қара саным удай ашып, таңертең орнымнан қозғалуға
дәрменім жетпеді. Күн арқан бойы көтерілгенше сұлық
жаттым.
– Келінжан, Гриша шал шақырады сені. Шамаң жете ме?–
деді Енем. Бойым жансызданып, сал болып қалғандаймын.
амал жоқ, тұру керек.
– Етпетіңнен жат, денеңді уқалап берейін. – менің ұял-
ғаныма қараған жоқ, жүн көйлегімді түріп тастады да, тарамыс
қолымен жауырынымнан ысқылай бастады. Қартайған адам-
ның саусақтарында қайбір қару бар дейсің, кісінің қытығын
келтіргені болмаса, қанын таратуға қауқары жетпеді. Енеме
ересек екі қызым қосылды. Олар да өз шамаларынша, киіз
басқандай түйгіштеген болады. Дегенмен, бұл әлсіз әрекеттің
өзі сеп болғандай, бірер сағаттан соң қалқайып басымды
көтердім. Гриша шал ақылды адам еді ғой, осы ауылдағы көп
қазаққа бергісіз, кешігіп барсам да, әлдекімдердей шу көтеріп,
басқармаға үстімнен арыз айтқан жоқ. аяғыма тас байлағандай
сүйретіле басып келгенімде, ол қарағайдың қабығын ұсақтап
отыр екен, мені көріп күлді.
– Хал қалай, қызым? – деді.
– мұқым колхоз жабылып сабап тастағандай.
– Әрине, үш кісілік жұмысты жалғыз өзің істесең...
Жоңқалаған қабықты келіге салып, ұшында үш айрық темір-
жүзі бар келсаппен түйгіштей бастадым. алғашында қолым
көтертпеді, екі-үш рет түйсем болды, жауырынымның екі ара-
сы ашып, қарым талады. Әрі-беріден соң оған да көндіге бас-
тадым. Өлсем өліп-ақ кетейін деген оймен жанталаса түйдім.
Қатты қимылдаған соң, денеде ұйып тұрған кешегі шаршау мен
ауырсыну біртіндеп тарқап, маңдайымнан сұп-суық тер бұрқ
ете түсті. Құрыс-тырысым жазылып, тас моншаға түскендей
ақ сорпам шықты. Тері илеп менің қапшағай қимылыма көз
салып тұрған «деректірім» тағы да басын шайқады. мен сонда
алғаш рет еңбектен ешкімнің де өлмейтінін санама сақтап едім.
адам ересен жұмыстан емес, жанын аялағаннан ауру боларын
көкірегіме түйдім. Түске дейін қабықты талқандай түйіп, түстен
кейін иде бөгіп жатқан ауыр-ауыр үлкенді-кішілі терілерді таза
321
суға қайта салып иінен тазартып алған соң,келесі күбідегі
қабықтың ніліне тоғытамын. Оның бер жағында отын жарып,
от жағып тайқазандағы қарағайдың қабығын сақылдатып
қайнату жұмысы тағы бар. Екі күннен соң, үш бірдей күбіні
үш жүз литр сумен толтыру керек. Егер әр шелекке он литр су
сыяды десек, өзеннен екі ортаға 45 рет қатынап, шелек су әкелу
керек екен. Күбірлеп, ішімнен санаймын да жүремін.
– Сіз, апа, күніне 900 килограмм жүк көтерген екенсіз, –
деді Күміс кемпірдің мойнынан құшақтап.
– алғашқы шаршау бәсеңсігенімен, он екі мүшем де әбден
титықтап, амалсыз болдыру бар еді. Бұл қырсауы кете, қиюы
қаша бастаған болдырыс қанша көнтерімін деген адамның
қай-қайсысының да басында болар хал ғой: ой мен қырға, ұра-
жыраға сала берсең машина да тозып, қажалып бітпей ме, тау
мен тасқа күндіз-түні шапқылай берсе жануар екеш ат та аяғына
қан түсіп, зорықпай ма?.. Жау қаша соғысып, батысқа шегінген
сайын менің де жүйке-жүрегім әлсіреп, көңілімнің көк мұзы
еріп, шаттанғанмен, денем майланбаған арбадай салдырап қажи
бастаған-ды. Әсіресе тері илеу жұмысында жүрген жалғыз
қыстың өзі-ақ жүз жылға жетерлік азабын арқалатқандай еді.
Талықсып барып төсекке құлаймын. Кісі қатты шаршағанда екі
көзі удай ашып, жанарың жұмылмай бақырайып жатып алады
екен. Шеке тамырың білеулене ісініп соқпай тұрып алады
да, басың тастай қатып, сана-сезімсіз тірі өлік күй кешесің.
Осы кезде «тәтелеп» аяғын апыл-тапыл басқан жалғыз ұлым
келеді жаныма. мекіреніп бауырыма тартамын. ал ол болса
мұрнын тыржитып қаша жөнеледі. Әбден терінің иі, қайнатқан
қабықтың иісі сіңіп қалған өне бойымнан, өзім үйреніп
кеткенмен, өзгені жиіркендіре жағымсыз қоңыс шығады білем.
«апыр-ау, ақан келгенде де осылайша сасып-борсып қарсы
аламын ба», – деген күлкілі ой ұялайды.
Осылайша алты ай қысты артқа тастап, 1945 жылдың
көктемін қарсы алдым.
ЖЕҢІС!
Осы сөзден алтайдың алып шоқылары жаңғырықты. Бір-
бірінен сүйінші сұрап, алаөкпе болып жүгірген ауыл адамдары
қолда бар малын сойып, ұлан-асыр той тойлады. Бұл сөздің
құдіреттілігі сондай, тіпті күйеуі шейіт болған жесірлер де
бастарына ал қызыл орамал тартып бар күнәдан арылғандай
«бисмилла» деп Ұлы қуаныштың қойнына кіріп еді. Енді бұдан
322
былай ЖЕСІрлЕрДІҢ өмірлік жолдасы ЖЕҢІС деген сөз
боларын, соғыс кезіндегіден де қиын ұйқысыз түндер сұп-суық
құшағына аларын, тірі қалғандардың ермек қыла бастайтынын,
осылайша жасына жетпей қартайып, қырықтан аспай шаштары
ағарарын қайдан білсін бишаралар... көйлектері желбіреп:
«Біз жеңдік!» – деп далақтап жүр. Осы күннен былай әкесіз
балалар туа бастарын да ойлаған кім бар. Бірақ осылардын,
барлығы «жасасын өмір» деп,ертеңіңе ұмтылған адамдардың
игілікті қадамдары-тын. «Дүниеде үш арсыз бар: күлкі, тамақ,
ұйқы» деп бұрынғылар бекер айтпаған ғой. Ендеше, отызға
да толмай қара жамылып жесір қалған келіншектер төртінші
«арсыздықты» (егер оны арсыздыққа жатқызсақ) бастан
кешері сөзсіз еді. Ол – нәпсі. алдыңғы үшеуін кешіре білген
жұрт төртіншісіне келгенде төменшіктей беруші еді, бетін
шымшылап ұятсыздыққа балаушы еді... Неге? Оның сырына
күні бүгінге дейін түсіне алмай-ақ қойдым. Бірақ тірі адам
тіршілігін істейді екен. Соғысқан төрт жылдың ішінде қайғы
мен жұмыстан қабырғалары қайысып жүрген әйелдер ЖЕҢІС
деген сөзден соң барлығын ұмытты; әлде де сенбей, өлді деуге
қимай жүрген ерлерінен мүлдем күдерін үзді де, «айналайын,
жарық дүние» деп бейбіт күннің нұрына алақанын жайып,
сең болып жатқан сезімдері еріп, бөгеуі ашылған бұлақтай
сарқырады-ай.
Соғыстан қайтқан солдаттардың ішінде біздің көршіміз
Құмырай да бар. Құтты болсын айтайын деп үйлеріне бардым.
Бір аяғынан айырылғаны болмаса, дені сау, айлап ауруханада
жатқандікі ме, аппақ сазандай семіз. Омырауындағы жалғыз
медалі жарқырап, қақ төрде бір шынтақтай жатыр екен. Қол
алысып амандастық. алғашқы сөзі: – Сенің байың, хахолдан
қатын алып, Оралда қалды, – деген бопсадан басталды.
– апыр-ай, төрт жылдан соң, көрдік пе, көрмедік пе деп,
жылап-еңіреп табысқанда, аузыңа жөні түзу сөз де түспеді-ау,
Құмеке, – дедім шыдай алмай ширығып.
– ашуланшақ болып кетіпсің, алма.
– Бұл елден ашуланшақ емесін табу қиын-ау бүгінде.
– мен шындықты айтамын. ал сену-сенбеу – өзіңнің
еркіңде.
– Екі айда бір хат алып тұрамын. амандық болса ол да
келер маңдайы жарқырап.
323
– Көреміз, – деді ол күліп. – ақан қайтып оралса, қалған
аяғымды кесіп берейін.
– Қойсаңшы, – деп қалды қойдан жуас әйелі.
– Өлейін десек қол тимей жүргенде, жаумай жасын
түскендей қылдың-ау...
Есіктерін теуіп жауып, шыға жөнелдім. Жылайын-ақ дедім,
жылай алмадым. Көзімнің жасы сарқылып, жанарым қаңсып
қалғандай. міне осы күннен бастап қорамызға қорамыз тиіп
тұрған көршімізбен араласудан қалдық. Бір-біріміздің есігімізді
ашыспайтындай жаулықтың себепкері Құмырайдың оғаш
мінезінен, ішегіне қыл айналмайтын қызғаншақ, ұрынарға қара
таба алмай пәле іздеп жүрер қызылкөздігінен ғана көруге болар
ма еді... меніңше, оның сыры тым тереңде жатқан секілді.
Бәлкім, сүтпен кірді, сүйекке сіңді азбайтын да тозбайтын
көнсірне «ауруымыз» шығар. Есіріп келген дұшпанды төрт
жылда тас-талқанын шығарып жеңдік қой, ал, ағайын, ауыл-
үй арасындағы мәңгілікке қатқан тонды балталап шабу, ыстық
су құйып жібіту ешкімнің де қолынан келмесі рас еді. Саған
өтірік, маған шын, сол Құмыраймен күні бүгінге дейін дәм-
тұзымыз жарасып, бір-біріміздің төрімізге шығысқан емеспіз.
міне, осылай да қатар өмір сүруге болады екен. Беттен алып,
жағаға жармасып ашық айқасқа түспегенімізбен, барлық
ашу-ызамызды қораға түскен малдан, бақшаға кірген ешкі
мен тауықтан алатын едік. Талай ешкі мүйізінен, талай тауық
сирағынан айырылды. Иесі естісін дегендей «атаңа нәлеттің
малына дейін оңбаған»деген балағат сөзді дауыстап айтып,
жазықсыз сабап, айыр алып жүгіреміз. Құдай-ау, сиыр екеш
сиыр да бір-біріне қарап мөңіреп, ит жынымызға тиетін еді.
Бірақ ат құйрығын кесісіп ешқайда көшіп кетпедік, ағаш үйді
бұзып жіберіп ауылдың арғы басына салып алуға болушы еді,
оны да істемедік, ошағымыздан түтінді қатар ұшырып, іштей
егес, бітіспес бітеу жарамен өмір сүрдік.
Жаз шығып, шөп шабатын мезгіл туса да, ақан орала
қойған жоқ. Соңғы бірер айда хабар-ошар болмай кетті. Күн
өткен сайын Құмырай сөзінің шындығы дәлелденгендей кісіні
жындандырып жіберер үнсіздік үстемдік ала түсті. Соғыста
жүрген Бағдат қайнымнан «Берлинге жеттік» деген хат келді
де, көп ұзамай,«1945 жылдың 8 майында қаза тапты» деген
қаралы хабар алдық. Бүкіл ел-жұрттың қуанышы қойнына
сыймай жүргенде біздің шаңырақты тағы бір қайғы соғып
324
өтті. Осы хабардан соң атам шөке түсіп, мүлдем жатып қалды.
Есіктен кірген адамнан «ақаннан хабар бар ма?» – деп сұрайды
да, теріс қараған күйі ләм деместен жата береді.
Көршіміз Құмырай жаз бригадир сайланып, атқа мінген.
Есік көзіне ат ойнатып, таң атпай жұмысқа шығарып,
айғайлайды да тұрады. Сол кезде небәрі он төртке толған қайын
сіңлім Қарлығашты ертіп шөп жинауға шығамын. Қолымызда
сырты күйелеш-күйелеш қара шайнек. Түскі үзілісте шай
қойып шөлімізді басамыз. Ол шақта ыдыс-аяқтың тапшы кезі
ғой, ыстық шайды қақпағына құйып, аузымызды күйгізе кезек-
кезек ұрттаймыз. Енді-енді ғана бойымыз жазылып, талдың
көлеңкесіне демімізді ала бергенде Құмырайдың «тұрыңдар»
деген айғайы естіледі.
– Күйеуің хахолдан қатын алғанына сенбеген едің, қане
қайтып оралғаны,– деп мысқылдайды.– Екі үйге бір еркек
жетеді, көршілік қақымды орындауға әзірмін.
айыр ала жүгіріп едім, ана бір жылы бастықты сабағанымды
естіген болуы керек, зыта жөнелді.
ақанның анық хабарын «трудабойдан» келген Қожақ пен
Қаймақтан естідім.
Тағы да күз туды, тағы да бір қыс түсті, тағы да көктем
шығып, жадыраған жазға жеттік. Біздің ауылдан аттанған
азаматтардың ажал алмағандары түгелдей оралды. Тек қана...
ақан жоқ.
1946 жылдың жазында шәйнегімді арқалап дәл былтырғы-
дай пішен шабуға шықтым. Құмырай да бригадир сайланды.
Бұл дүние өзгере ме, жоқ па деп ызадан жарылардай боламын.
Шыдамның да шегі бар, бұрынғыдай емес, жүйкем жұқарып,
ашуланшақ болып барамын. «аяғыңды етігің қысса, дүниенің
кеңдігі неге керек» дегендей,бір жылдан бері белі көтеріле
бастаған елдің күйі, бейбіт күн барған сайын қам көңіл тартқан
жанымды жарылқай алған жоқ. Бес жылдан бері ауыр жұмыс,
азалы өлімнен арылған кезім бар ма, темірден жаратылсам
да тозып, қуатым майланбаған арбадай шиқылдай бастаған
еді... Жаз шыға оқудан босаған ересек балаларды Шабанбай
жайлауына алып кеткен. Одардың ішінде қабырғасы қатпаған
Қарлығаш та бар. Өзгелерден әлдеқайда сүйкімді, ашық
жарқын қайын сіңлім:«мен ақан ағама тартқанмын» – деп,
тұлымы желбіреп менен бір елі қалмай әр ісіме қолғабыс жасап
жүретін. Қас-қабағымды аңдып, әсіресе жаны ашитыны да осы
325
Қарлығаш еді. Әпкесі Сандуғаш суға кетіп өлген соң, ой түсті ме,
әйтеуір, тез есейді. Өзі де үріп ауызға салғандай қыз біткеннің
әдемісі. Ол жайлауға кеткен күннен бастап бар ермегімнен,
сырлас құрбымнан айырылғандай жалғызсырадым-ай.
Көбен тауында шөп маялап жүргенбіз. Күн екіндіге таяп,
тау ішіне көлеңке ұялай бастаған мезгіл. Колхозшылардың алды
арба-саймандарын жинастырып, қайтуға қам жасай бастаған.
Тамам қыз-келіншектер көлдің суына беті-қолымызды жуып,
етпетімізден жата қалып, мұздай суық кәусардан шөлімізді
қандыра іштік. Шілденің ыстығы кеш түсе қайтып, бой сергітер
қоңыр салқын самал ескен. ғайша екеуміз басымызға жабыс-
қан шөп-шаламды тазалап, шашымызды тарап, өріп отырған-
быз. Түйетастан бері қарай салт атты құйындата шапқылап
келеді. алғашында еріккен көп баланың біріне жорыдық.
Кәперімізде ештеңе жоқ. Әлгі жолаушы шапқылаған күйі маған
қарай ентеледі. Жүрегім су ете қалды. Не жақсылыққа, не
жамандыққа жорыдым – әйтеуір тегін жүріс емес. ат үстіндегі
бала: – алма тәте, Қарлығашқа қарағай түсіп өліпті! – дегені.
– Не дейт? – деп шөге түсіп отыра кеттім. Бетіме су бүркіп
есімді әрең жиғызды. ғайша қолтығымнан демеп тұрғызған
соң, орамалымды байлауға да мұршам келмей, қолыма ұстаған
күйі Көбен тауынан төмен қарай жүгіре жөнелдім. аяғымды
тас қағып, етпетімнен құладым, тіземді жаралап, алақанымды
тас тіліп қан ақты, қарағаным жоқ, өкпем күйіп, жүрегім
тарсылдап, қолқам үзілердей болды, тыңдағаным жоқ. Етекке
қарай еңірей ұшып келемін. «Қарағым-ай, Қарлығашым-ай,
қыршын кеткен ботақаным-ай». аузымда осы сөз, бетім айғыз-
айғыз жас... бәрінен де осы өлім ауыр тиді маған.
Қарлығаштың сүйегі жатқан жерге жібермей алдымды кес-
кестеген кісілерді жалғыз-ақ итеріп жапырып тастадым да,
өліктің үстіндегі кебінді жұлып алдым. Бет-аузы шелпек болып
жаншылған бір кесек ет жатты қанға бөгіп. Өкіре құшақтаған
күйі сылқ құлап түстім... мені тағы да ақ бүркіп ұшықтап
тірілтіпті... Жүрек ауруым сол күннен басталып еді...
Шабанбай жайлауында шөп дайындап жүрген қыздар қас
қарая қарағайдың түбінде от жағып, сауық кеш ұйымдастырған
екен. Ән салып, әңгіме айтып дуылдап отырған жастар
ағаштың тамырын кеулеп жанған отқа мән бермеген. Тек қана
қарағай күтірлеп, қопарыла құлағанда ғана шыңғыра шулап,
тым-тырақай қашады. Қарлығаш та орнынан ұша түрегеліп,
326
енді жүгіре берген кезінде аяғын бұтақ шалып етпетінен
құлайды. Жығылған жерінен қайта тұра берем деген мезетте
ұшар басы аспан тіреген алып қарағай үстінен басып қалады...
Тұяқ серпуге шамасы да келмей, тіл тартпай кеткен он бес
жасар қызды ағаштың астынан арамен үш жерден кесіп жүріп
әрең суырып алады. Сонда мыжылған денеге бірде-бір адам
қарауға дәті жетпеген. Балаларға бас-көз болуға жіберген
тартпа шыңдайтын шал ғана жанына жақындап, өліктің үстіне
шапанын шешіп жауыпты.
Қарлығаштың сау-тамтығы қалмаған жас денесін жууға
да қорқып, өлікке бір адам түспеді. Өзім сатып әперген тасқа
басқан гүлі бар шыт көйлектің ырымы ғана қалған, пәрше-
пәршесі шығып жыртылған. Өне бойы қатқан қан. Сол ұйыған
қап-қара қанның қағын жуып тұрғанымда, уыздай мәйіттің бас
жағына қарауға менің де шыдамым жетпеді, бет емес, езіліп
қалған бір нәрсе. Қарағайдың қапсағай бұтағы тура белден
кірген... мұндай аянышты өлімді бұрын-соңды ешкім көрмеген
шығар. Қарлығаштың бейнесі күні бүгінге дейін түсімнен
шықпай, шошып оянатыным, сол бір өрім талдай жастың быт-
шыт болған қан-қан денесі мәңгілікке көз алдымда қалғанынан
болар-ау... Сүйекті орайтын ақырет таба алмадық. «ақ дәке тек
Нартайда ғана бар» деген соң, алғаш рет басқарма үйінің есігін
ашуға тура келді. Дөнен иттей кергіп төрде отырған бастық
төре табақ етті буын бұрқыратып енді ғана алдына ала берген
екен, мені көрген соң әйелі бетін жауып, қайтадан алып кетті.
Бұйымтайымды айттым. Ол қыржиып, салқын тыңдады. Іші
кепкен түйедей төңкерілген қарнына сүйсінгендей алақанымен
сипалап, ыңырана тіл қатты.
– Қаңғырып жүріп, қарағай басып өлген қарғадай қызға
мәрлі берер жайым жоқ, – деді.
– Колхоз жұмысында жүріп қаза тапты ғой.
– Оларға от жақ, өртенген ағаштың астында отыр деген
біреу бар ма? Ерігіп жүріп етпетінен құлады.
– Әй, Нартай, имансыз екенсің. – «Сіз» деп сызылудан
айырылдым. – Тасжүрек екенсің! Бұл өлім өз балаңның басына
келсе қайтер едің. Жүйрікке де бір томар шығар, тостым
құдайдан... алдыңа келтірермін...
– Тос, тоса бер... ешкі тулап ыңыршағын шақса мен де көріп
алдым.
327
Бұдан ары шыдай алмадым. Есік жақта тұрған орындық
қолыма қайдан ғана ілінгенін білмеймін.Нартайдың тақыр
басын көздеп бар пәрменіммен лақтырдым. Ол бұғып қалды да,
артындағы терезесіне барып тиіп, күл-пәршесі шыға сынды.
– Сотталасың, албасты! – деген Нартайдың, «құтырған қу
қаншық» деген әйелінің сөзін шала-пұла естіген күйі есіктерін
де жаппастан шыға жөнелдім.
Қарлығашты қара жерге беріп, жылап-еңіреп біз қалдық.
Санап отырсақ, бұл үйден айналдырған бес жылдың ішінде
төрт адам арғы дүниеге аттаныпты. Екеуі – қыз, екеуі – ұл.
Екеуі – ауылда, екеуі – майданда. Бірақ қайғыдан адам өлмейді
екен, атам мен енем, келмеске кеткендерден гөрі келер деген
үміттегі ақанның амандығын ойлай бастады. «ақсағын қойып,
сауын бақ»деген қазақ бекер айтпаған шығар... менде де
ақаннан басқа қандай тілек, қандай үміт бар еді. рас, он екіде
бір гүлі ашылмаған бірі суға ағып, екіншісі – колхоз малына
шөп дайындаймыз деп жүріп, қарағай басып жас өмірлерімен
тым ерте қоштасты. Жай ғана ойлап қараған пендеге оқыстан
өлгендері де шындық. Бірақ оқыс оқиғаның да себепкері бар
ғой... рас, соғыста қаза тапқан ақтайлақ пен Бағдатты атқан
немістер, ал, Сандуғаш пен Қарлығаштың қыршынын қиған
«су» мен «ағаш» атты тілсіз жау ғана ма... Ол кезде бұлайша
тереңдеп ойлауға мұрша болды ма, кейде жападан-жалғыз
отырып, кінәлі біреулерді іздеймін де. Бәлкім, соғыс болмаса,
буындары бекімей жатып ауыр жұмысқа бармас еді. Жұмысқа
бармаса тірі жүрер ме еді, тірі жүрсе ендігі ақарлы-шақарлы
семья құрып, ұрпағын жалғар ма еді... қайдан білейін...
айналайын, Қарлығашпен бірге жайлауда шөп шабуда
болған осы ауылдағы құрбы-құрдастары, әне, барлығы да
үйлі-баранды болып, сәре-сәре ғұмыр кешіп отыр. Бұл менің
Қарлығаш өліп, олар тірі қалды деп баянды өмірлеріне қызғана
қарағаным емес, жүректі сыздатқан арман, орны толмас
өкініштерімді емірене есіме алуым ғой. мен көпке дейін қайын
сіңлімді өлдіге қимай, үй ішінен елеңдеп жүрдім. «алма тәте,
мен келдім» деп, мойылдай қара көздері жаудырап есікті ашып
қалатындай немесе алыс бір жаққа – енемнің төркіні аталатын
алтайдың арғы бетіне ұзатылып кеткендей, күндердің күні
болғанда кішкентай сәбиін алдына алып, ақ боз атпен тау
асып келе жататындай... Оң жақта шымылдықтың ар жағында
жансыз жатқан Қарлығаштың сүйегін күзетіп, таң атқанша көз
328
ілген жоқпын. майшамды өлеусіретіп жағып қойдым. маған
ақ кебіннің астындағы Қарлығаш қимылдағандай көрінді.
анықтап қараған сайын қозғалатын сияқты. Шошына ұшып
тұрдым да, Енеме жүгірдім: – апа-ау, Қарлығаш тірі...
– Қой, қайдағыны айтпа? – деп ұрысып, өліктің жанына
жолатпай қойды. – Шал-ау, келініңді ұшықтап жіберші, шошын-
ған секілді. а, құдай, кәріңді бізге неге тіге бердің.
Өлгеніне күні бүгінге дейін сенбеймін де. Сол күні
аруақтың қозғалғанын өз көзіммен көргенімнен шығар. Бәлкім,
адам баласы жан тапсырған соң да бойы біразға дейін суымай,
әйтеуір, бір жерінде шырқыраған шыбын жаны сақталып
қалар да. мал сойғанда да еттерінің әр жері өз-өзінен дірілдеп
жатпай ма... ал Қарлығаштың қимылдағаны рас еді...
Ертеңінде колхоз кеңсесіне шақырды.
– Терезенің құнын төле, әйтпесе сотқа берем, – деп
қорқытты Нартай.
– Тіреп тұрған аспаның болса тастап жібер, – дедім тілімді
тартпай. Бастықтың құйрығына шала байланып, орнынан
босайды деген сөз естігенмін. Жеті басты дәу пері болса да бір
тықыр таянар уақыт жеткен секілді.
– албасты, дәл осы жолы сені құртпасам ба, Нартай атым
өшсін.
– атыңның өшкеніне тілеулеспін, сотқа бергеннің көкесін
мен көрсетермін.
Не де болса ауданға тарттым. мүмкін, менің арызым
себепкер болып, қызметінен ертерек қуар деген қулығым да
бар. Жаяу-жалпылы жолға шықтым. Егін дән салып, жайқалып
тұрған кез. Көктемде арпалысып суғарған еңбегіміз зая кетпепті.
Тау басына бұлт ілініп, ауа тымырсықтанып, көп ұзамай жауар
нөсерден хабар береді. Терістіктен сусылдап ып-ыстық жел
соғып еді, егін теңіздей толқиды. Әлгінде ғана күнбатыстан
пайда болған бұлт жел айдады ма, әп-сәтте қоғамдасып,
қордасын жинап келеді. «Бұршақ жаумаса жарар еді»,– деп
ойладым. алтай жауыны оқыс басталушы еді. Шайдай ашық
тұрған аспанда, қара жолдың шаңын бұрқырата үйіріп,
әуелі құйынға айналдырады, артынша бармақтай-бармақтай
тамшылар қиғаштау ұшып, төпеп ала жөнеледі.
мен шапшаңдата аяңдап, екі шақырымдай жердегі
Күркіреме бұлағына жете бергенімде, қаңсып жатқан даланың
329
шаң-тозаңын қопара қатты жел тұрды. Көзіме кірген тозаңды
уқалай Күркіремені әдіптей өскен қалың талдың арасына
жасырындым. Бетімді жуайыншы деп еңкейе бергенімде...
екі қолы бұлаққа малынып етпетінен жатқан адамды көрдім.
Қапелімде шошына шегініп кеттім. Соңғы жылдары соғыстан
қашқан белгісіз біреу жүр дегенді талай рет естігенбіз.
Наубайханадан нан, колхоз қоймасынан ет ұрлағаны да
есімде. Тура безейін деп бір ойладым да: «Жат адам болса
ес-түссіз былайша жата ма», – деп біртіндеп жақындадым.
алғашында өліп қалған шығар деген сезік жеңдеді. Үсті-басы
адам көргісіз, әбден азып-тозған: аяғында тісі ақсиған шәркей
бәтеңке, қолтығы сөгіліп, жаға-жеңі қырқылған ескі күпәйке,
бұтында тізесі жыртылып, құйрығы тесіліп қалған шалбар
(ыстық күнде күпәйке кигені несі деп ойладым), жалаң бас,
шаң басқан кір-кір шашы білтеленіп қобырап жатыр. Бұлаққа
салақтап қалған екі қолын ағынды су тербеп, денеге жан
бітіргендей қозғалақтады. Неге екенін білмеймін, жүрегім
тайдай тулап, тізем дірілдеді. Дүниедегі ең қимас адамым
жатқандай әрі қорқынышты, әрі аянышты сезім биледі. «Әй,
кімсіз, тірімісіз»,– деп, үнім қарлыға дауыстап едім, тіл
қатпады. Бойымдағы бар қуатымды жинадым да, тәуекелге
басып аунатып қалдым... Суалған жақ шүңірейіп ұясына кіріп
кеткен көз, тілім-тілім болып жарылған жүзі өте таныс... таныс
болғанда да – өзімнің жанымнан да қымбат көретін затымның
баяғыда жоғалтып алып, тот басып жатқан жерінен қайта
тауып алғандай толқып кеттім. Жұлынымды қуалай ып-ыстық
бір нәрсе жүгіріп өтті де «алла, алла» деп, белімді ұстаған
күйі талықсып бара жаттым. Қызық, кенеттен пайда болған
әлгі ып-ыстық пәле арқа омыртқаларымды аса шапшаңдықпен
қуалап өтіп тура белімнен ұрғаны... Көзім қарауытып, басым
айналды. Сонда да ырық бермей ернімді жымқыра тістеген
күйі сүйретіліп бұлаққа жақындадым. Сылдырай аққан мөлдір
судан алақаныммен көсіп алдым да, бетіме шаштым, ұрттадым.
Кеуіп қалған таңдайым жібіп, сарайым салқын тартты. Сонда
ғана есімді әрең жинап, кеуде кере ауа жұттым. Әлгі ып-ыстық
пәленің уыты тарқағандай болған соң қолыма таянып қайта
тұрдым. Неге екенін білмеймін, омырауым дымқылданғандай...
Өңірімді ағытып, үңіле қарасам, мына ғажапты естігенің немесе
көргенің бар ма, екі емшегімнен сүт тамшылап тұр. Тәңірім-ау,
330
мұнысы несі?! Баламер емшектен әлдеқашан шығып кетіп еді
ғой. Сол уақыттан бері беріштеніп суалған омырауым өз-өзінен
иігені қалай? Зәрем ұшып қорыққандікі ме, әлде әлгі ып-ыстық
пәленің әсері ме, әлде қуанғаннан шығар.
Күркіременің жағасында етпетінен жатқан беймәлім адам
ыңырсығандай болды. Қапсыра құшақтаған күйі етпетімнен
үстіне құладым. Сол! Сол! Сол!
Сол дегенім – ақан еді!.. Сенейін бе көзіме, сенбейін бе.
Сенсең де осы, сенбесең де осы дегендей еді қу тағдыр.
Жел тербеген ағаштың басы жан ұшыра қозғалып суыл-
дайды. Қап-қара болып түнерген аспанда бауыры қап-қара
бұлттар жөңкіледі. алдымен бірер тамшы жаңбыр жауды да,
іле қойдың құмалағындай ірі-ірі бұршақ төпеп ала жөнелді.
Бұршақтың қаттылығы сондай біз паналаған қайың мен
талдың жапырағын тесіп өтіп, төбемізден тарсылдата бастады.
Сол әлем-тапырық аспанға жүз беріп жатқан ақанның жағына
пышақ жанығандай бетін далдалай құшақтап, бүк түсіп отырып
қалдым. Бұршақ көп әурелеген жоқ, сонадай жерде ауылға қарай
жосып барады. Күркіреме бұлағынан аппақ моншақтар ақты.
Табиғаттың алты айрығынан тер сорғалап, қалжасы жағып
тұрғандай. абырой болғанда жаңа ғана масақтанып, дәні тола
бастаған егінді бұршақ соқпапты. Бастарын сәл иіп, қара жерге
тағзым еткендей суланып тұр. ауылдың дәл үстінде доғаланып
кемпірқосақ орнады. Осы тұстан қарағанда қайғы-қасіреттен
енді-енді серпіле бастаған Жұлдыз соншалықты әдемі көрінді.
аспанның батыс жағы түріле ашылып, құрымданған бұлт
бұршақтың артынан еріп кетті. Күннің көзі көрінгенде мұқым
тау, дала, тоғай жарқырап, шөлі қанғандай жымия күлімсіреп
рақатты күй кешіп еді. ал мен ше...
ақан жұмулы көзін ашты да, әлемнің осы бір көрінісін
таңырқағандай, қадала қарады. Жүзіне сәл ғана жылу пайда
болып, ерні дірілдеп күбірлеген. «арысым-ау, аман келдің
бе?» – деп жас балаша басын бауырыма баса ботадай боздап
жылап жібердім. Оның алғашқы айтқан сөзі: «Шаршадым ғой,
шаршатты ғой»,– болды.
Ерлі-зайыпты екеуміз сағынышпен, ақсаумен өткен бес
жылдан соң осылайша табыстық. Қойнында шиелеп тұрып
шүберекке түйген партбилетінен басқа дәнеңе де жоқ
«трудармияны» сүйемелдей ауылға беттедім. Үй-ішіміз ғана
331
жоғы табылғандай шексіз бақытқа кенелдік. Бес жыл бойы
жаумен жым-жырт соғысқан ақанымды ешбір батырға
айырбастармын ба. Иә, ол шақта бәрі де майдан еді ғой...
майдан болатын...
«Кісі екен десем, трудабой ғой» – деген қаңқу сөз сол
жылдардан қалған, – деп алма кемпір әңгімесін аяқтады.
Күмістің көзінде жас. Бір түннің ішінде бүтін бір ауылдың
тағдырына ортақтасып, көңілі босап жылағаны, ақан, алма
секілді белгісіз батырларды аяғаны шығар-ау.
Таң атты. Шамды сөндіріп, терезелердің пердесін ашқанда,
үй ішіне саулап табиғаттың нұры құйылды. Дәл осы шақта
алма кемпір орнынан тұрмақ болып үш ұмтылды, бірақ өз
денесін өзі көтеріп кете алмады, жазған...
– Күміс-ай, басымды сүйеші, – деп оң жамбасына қарай
қисая берген.
– апа, не болды сізге? – деп жан ұшыра ұмтылды. Құрақ
көрпенің үстіне сұлық құлаған алма кемпір: – ақан кешікті
ғой,– деп күбірлеуге шамасы әрең жетті де, қол-аяғы суып,
аппақ әлеммен қош айтысып, қап-қара түнекке сіңіп бара
жатты...
Ол КҮмІСТЕГЕН Ер-ТОҚымы Бар КӨК ЖОрғаға
мІНІП, аСығыС аТТаНғаН аҚаННыҢ арТыНаН ЕрІП
КЕТКЕН ЕДІ!..
Тыныштық.
Таңғы сағат алты болып, радиодан гимн ойнады.
Достарыңызбен бөлісу: |