тақырыбы
Сұрақтардың түрлері
Ретке келтіру
Оқушыларға тақырыппен танысуға
мүмкіндік беру.
Тақырып бойынша оқушыларды
қызықтыратын мәселелерді анықтау.
Тақырып қандай?
Неліктен осы тақырыпты
зерттеу қажет?
Зерттеуге
дайындық
Оқушыларға осы тақырып бойынша
бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау.
Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен
нысанын белгілеу.
Тақырып бойынша орындау керек
жұмыстар мен жаттығуларды
жоспарлауға көмектесу.
Біз ілгеріден бұл тақырып
туралы не білеміз?
Осы тақырыпқа қатысты не
ойлайсыңдар?
Бұған тағы кім көз жеткізді?
Сен не ойлайсың?
31
Зерттеу
Оқушылардың білімге
қызығушылығын одан әрі
ынталандыру.
Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап
беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат
ұсыну.
Болашақта зерделеу үшін басқа да
сұрақтар ұсыну.
Оқушылардың білімін, құндылықтары
мен түсініктерін тексеру.
Оқушылардың алдағы уақытта
орындалатын жаттығулар мен
жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне
көмектесу.
Біздің нақты нені білгіміз
келеді?
Мұны істеудің ең тиімді жолы
қандай?
Ақпаратты қалай жинаймыз?
Сұрыптау
Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде
анықталған ақпарат пен идеяларды
сұрыптау мен таныстырудың нақты
тәсілдерін ұсыну.
Оқушылардың жинақталған ақпаратты
өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен
таныстыруына мүмкіндік беру.
Нәтижелердің кең ауқымды болуына
мүмкіндік беру.
Ақпаратты қалай сұрыптай
аламыз?
Қандай байланыс орната
аламыз?
Ақпарат нақты, құнды және
пайдалануға тұратынына
қалай көз жеткізе аламыз?
Алға ілгерілеу
Тақырып аясын кеңейтіп,
оқушылардың тақырыпты түсінгенін
тексеру.
Оқушыларға қолжетімді түсініктер
аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат
ұсыну.
Біз қандай қорытындыларға
келдік?
Оларды қандай дәлелдермен
негіздей аламыз?
Алынған нәтижелермен не
істейміз?
Біз келесі әрекеттеріміз
қандай болу керек?
Байланыс
орнату
Оқушылардың не үйренгені туралы
қорытынды жасауына көмектесу.
Оқу үдерісінің барысы туралы және не
үйренгені туралы рефлексия жасауына
мүмкіндік беру.
Біз қандай қорытындыға
келдік?
Оларды қандай дәлелдермен
негіздей аламыз?
Нәтижелерді қалай
пайдаланамыз?
32
Шара қабылдау
(әрекет)
Оқушыларға өздерінің түсінігі мен
өмірлік тәжірибесінің арасында
байланыс орнатуға көмектесу.
Оқушылардың таңдау жасауына және
өзінің қоғамның табысты мүшесі бола
алатындығына сенімін арттыруға
мүмкіндіктер жасау.
Тақырыпты одан әрі жоспарлау
барысында оқушылардың түсінігін
ескеру.
Біз қандай әрекет жасай
аламыз?
Тақырып туралы енді не
ойлайсыз?
Кестедегі ақпарат Хэмстон мен Мердоктың еңбегінен алынды (Hamston, J. and Murdoch,
K.,1996).
33
ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндердің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын
ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі.
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді
жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда
оқушыларды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын
ресурстар ұсынылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және
т.б.) Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған
тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен
анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады.
Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады.
Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім
академиясы, 2016).
Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу
Мұғалім орта мерзімді жоспар бойынша қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері
қарастырылған жеке сабақтың жоспарын дайындайды.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне
ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақты тиімді құруға
көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр
сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау
мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа
алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын
анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына сәйкес
келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы,
«Математика» (1-сынып) пәні бойынша «Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімшесіндегі
ұзындық/масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін
өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз
болуы, ал сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының
қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу
нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау
барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір
нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл:
-
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар
аударуға;
-
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
-
оқуды бағалауды жеңілдетуге;
-
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
34
Сабақты жоспарлау
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай
жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу
тәсілдерін қолдана алады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, тұлғалық дербестігін ескеру арқылы оқу үдерісін
ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың
оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын
орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты
барынша тиімді жоспарлауы қажет.
Мысал ретінде математика бойынша жоғарыда қарастырылған оқу мақсатына байланысты
мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын әзірлей алады:
- оқушылар сызғыштың көмегімен сантиметр арқылы нені өлшеуге болатынын
қарастырады;
- жұмыс дәптерінің ұзындығы мен енін өлшеп, парталас көршісінің нәтижесімен
салыстырады ;
- өзі отырған партаның ұзындығын өлшеп, қандай қиындыққа кездескенін айтады
(партаны сантиметрмен өлшеу қиын), дециметрге көшеді;
- қасықтың ұзындығын және өшіргіштің биіктігін өлшейді;
- жасыл және қызыл баудың ұзындықтарын өлшеп, қайсысы ұзын екенін жұпта
талқылайды;
- сызғыштың көмегімен ұзындығы 1 см және 1 дм жолақтар сызып, бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімдер барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді
ескергені жөн:
- Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта мұғалім
төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 10
минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ
шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың
мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен
түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып болып
орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа
жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған
білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға
мүмкіндік береді.
- Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ
барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе,
оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс.
Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып
қолдану тиімді болады.
Сабақ жоспарында мұғалім:
- сабақ мақсатын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу
жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
- логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен
тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді
анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім
ұсынуы;
- қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.
35
Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:
- Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге
жетелей ме?
- Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар
қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
- Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның барлығын қалай қабылдар едім?
Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?
- Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты
сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан
рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?
- Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және
талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:
- Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?
- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?
- Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа
қандай әдістер қолдануым керек еді?
- Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?
- Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылық
танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?
- Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына қарай бейімдей алдым ба?
- Оқушыларым сабақта бірігіп жасаған қорытындыларымызға қалай қарады?
Сабақтан қандай көңіл-күймен шықты? Сыныптағы орта оларға жайлы болды ма?
- Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің қандай әрекеттерім жақсы
шықты, қандай әдістерім сәтсіз болды? Неліктен? Нені басқаша жасауым керек еді?
- Сабақта менің көңіл-күйім біркелкі болды ма? Мен өзімді ұстай білдім бе? Болашақта
нені ескеуім керек?
- Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Қандай жағдай ерекше назар аударуымды
қажет етті? Неге? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек?
- Сабақтағы оқу әдістерім сәтті болды ма? Оқушылардың меңгерген білімдері менің
үйрету тәсілдеріммен байланысты ма? Келешекте нені есепке алуым керек?
- Бұл сабақты басқаша өтуге болатын ба еді? Қалай? Сабақтың қандай жағына
көбірек көңіл бөлу керек: мазмұнындық, әдістемелік, эмоциялық?
- Сабақта мен оқушыларымды ынталандыра алдым ба? Оқушылардың ішкі уәжін
ескердім бе? Оқушыларды табысқа бағыттаудың тағы да қандай жолдары бар?
- Бағалауда мен қаншалықты шынайы болдым? Бағалау оқушыларға қалай әсер етті?
- Оқушыларға сабақта өздерін басқаруға мүмкіндік болды ма? Бұл қайдан, калай
көрінді?
- Сабаққа дайындалғанда оқыту теорияларына сүйендім бе? Өткізген сабағым
таңдаған теорияма қаншалықты сәйкес болды?
- Осы сабақтан кейін мен өзіме қандай жаңалық аштым, нені жетік түсіндім?
Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек?
36
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген
критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақты жиынтығының
көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау
кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып
қойылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) мен жиынтық бағалауды
(ЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және
оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы
қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарыны қол жеткізуге
көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушылардың оқу
жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар
және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда
балл, баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда
бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері оқу
үдерісі барысында ата-аналарға ұсынылады. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау пәннің
оқу бағдарламасының мазмұнына негізделеді.
Бағалау тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін
мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Өңірлік және
мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Жиынтық
бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар», «Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралдары дайындалған. Бұл әдістемелік құралдарды
критериалды бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі бойынша дайындалған
материалдармен
бірге
«Жүйелі-әдістемелік
кешен»
порталынан
алуға
болады
(http://smk.edu.kz.)
Қалыптастырушы бағалау
Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді
меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну
және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру
және бекіту;
ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға
ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері
-
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
- оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу
үдерісін ұйымдастыру;
-
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;
-
оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
-
оқыту және оқу үдерісінде бірлескен оқуды қолдайтын ынтымақтастық ортасын құру;
-
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.
37
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың
оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс.
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге
асыруды талап етеді:
-
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
-
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
- оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
-
кері байланыс ұсыну;
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларындағы бөлім/ортақ тақырып және белгілі бір оқу
кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда жүргізілетін бағалау
түрі. Жиынтық бағалау нәтижелері мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға балл, баға
арқылы ұсынылады. Бұл оқушының белгілі бір кезеңдегі оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру
деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына
сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыпты аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған
түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау
критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес
жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жүргізу тәртібі жиынтық
бағалауға қатысты әдістемелік нұсқаулықтарда ұсынылған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқушының оқу
бағдарламасының мазмұнын білуі, түсінуі, игерген дағдылары туралы дәлелдерді ұсына
отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою
кезінде ескеріледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу оқушының оқу
жетістігін критериалды бағалау ережесіне сәйкес жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды
жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі
бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы ойлау
дағдылары деңгейлерін, соның ішінде жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын (талдау, жинақтау,
бағалау) бағалайтын түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет. Тоқсандық жиынтық
бағалау тапсырмаларын әзірлеуде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген
тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта жиынтық бағалауды
жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім/ортақ тақырып бойынша, тоқсандық жиынтық
бағалау), нәтижелерді талдау, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау
үдерісін ұйымдастыру және өткізу жолдары толық сипатталған.
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау үдерісін
ұйымдастырады. Модерация барысында мұғалімдер жиналып, оқушылардың тоқсандық
жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін балл қою кестесіне сәйкес талқылап,
қорытынды шығарады. Қажет болған жағдайда балл қою кестесіне өзгеріс және/немесе
толықтыру енгізуге болады. Модерация қорытындысы бойынша хаттама толтырылады.
Хаттамаға сәйкес жиынтық бағалау балдары қайтадан тексеру нәтижесінде өзгертілуі мүмкін.
Модерация нәтижесінде тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесі көтерілуі немесе төмендетілуі
мүмкін.
Оқушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын мұғалім жыл бойы сақтайды.
38
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен,
оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, олардың өз дағдыларын
дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеген кезде
қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылуын ескеру керек.
Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы
бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалану
Жоғарыда сипатталғандай, оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді
деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталады. Оқу мақсаттары оқу
бағдарламасы, оқу жоспары және «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
жинағы» әдістемелік құралында көрсетілген. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты
біріктіруге болады. Сабақ жоспарлаған кезде бұл құжаттардың үшеуі де қолданылады (2-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |