Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ


-сурет. Оқу үдерісін жоспарлауда қолданылатын құжаттар



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата01.11.2019
өлшемі0,99 Mb.
#50969
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1)


2-сурет. Оқу үдерісін жоспарлауда қолданылатын құжаттар 

 

Қалыптастырушы  бағалау  –  оқушылардың  оқу  жетістіктерінің  дамуы  мен  өсуіне  әсер 

ететін  сабақ  барысындағы  негізгі  үдеріс.  Ол  мұғалімге  сынып  оқушыларының  білімін 

қадағалауға,  жоспарына  түзету  енгізуіне,  ал  оқушыларға  өз  оқу  жетістіктерін  өздері 

бақылауына  және  одан  әрі  өзінің  даму  бағыттарын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Осылайша 

бағалау  ынталандырушы,  қалыптастырушы  және  уәждемелік  қызмет  атқарады.  Мұндай 

бағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында 

кері байланыстың болуы шарт. 

Қалыптастырушы  бағалау  оқу  үшін  бағалауды  мақсат  ете  отырып,  белсенді  әдістерді 

тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім 

сапасын  арттыруда  бірін  бірі  толықтырып  отырады.  Демек  оқушылардың  бірігіп  талдау 

мәдениеті қалыптасады; сыни және шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтарды қолдайтын 

орта қалыптасады; өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту сенімі нығаяды; 

күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады. 

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып 

табылады  және  тоқсан  бойында  үздіксіз  жүргізіледі.  Бұл  бағалаудың  нәтижесінде  алынған 

ақпараттың  негізінде  оқушылар  оқу  барысында  өздерінің  тапсырманы  қаншалықты  дұрыс 

орындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет 

алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы 

бағалау  кезінде  оқушы  оқу  үдерісіне  белсене  араласып,  одан  қандай  нәтиже  күтілетінін 

түсінеді.  Сонымен  бірге,  өз  жұмыстарына  өзі  баға  берумен  қатар,  сыныптастарын  бағалау 

арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.  

Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мұғалім: 

оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау 



критерийлерін анық жазады; 

оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларға тиісті 



39 

 

дескрипторлар құрастырады; 



оқушыларға уақтылы әрі тиімді кері байланыс ұсынады; 

оқыту және бағалау үдерісіне түзету енгізеді. 



Оқушылар  оқу  үдерісіне  белсенді  араласа  отырып,  бағалау  критерийлерін/ 

дескрипторларын түсініп, өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын игереді 

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс 

түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады. 

Сабақ  жоспарына  қалыптастырушы  бағалауды  ықпалдастыру  барысында  оның 

төмендегі қағидаттарын ескерген жөн: 

ол оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»); 



барлық  оқу  мақсаттары  қамтылады  (оқу  мақсаттары  барлық  сыныптарда  пәндер 

бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген); 

бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды); 



бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады; 

әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі



бағалау  нәтижелері  оқыту  мен  оқу  сапасын,  оқу  бағдарламасын  жақсарту  үшін 

қолданылады. 

Сабақты  өткізуге  дейін  сабақтың  әрбір  кезеңін  қалыптастырушы  бағалау  тәсілдерін 

қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің қызметіндегі 

жақсы  тәжірибе  болып  саналады.  Сабақтан  кейін  сабақ  жоспары  бойынша  қысқаша 

түсініктеме жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре түседі. 

Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, жаттығуларды, 

ресурстарды  оңтайландыруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  бұл  басқа  мұғалімдермен 

ақпарат алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады.  

 

 

 

 


40 

 

ОҚУЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІМЕН ЖҰМЫС 

Оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – оқушының пән бойынша білім мазмұнын 

игеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы.

 

Пән  бойынша  ОӘК  оқулық,  жұмыс дәптері  және  мұғалімге  арналған  нұсқаулықтан 



тұрады.  Тілдік  пәндер  бойынша  кейбір  ОӘК-те  дискілер  қамтылған.  Компоненттердің 

әрқайсысы өз оқу мақсатын көздейді. 

 

Оқулықпен жұмыс 

Оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және пән бойынша оқу 

бағдарламасына  сәйкес  нақты  оқу  пәні  бойынша  білім  мазмұнын  ашатын  және  оқушының 

білімін  кеңейтіп,  терең  меңгеруге  көмектесуге  арналған  оқу  кітабы.  Ол  белгілі  бір  жолмен 

сұрыпталған  жүйеленген  материалдан  тұрады.  Оқу  материалы  оқушылардың  дайындық 

деңгейіне және жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқудың белгілі бір сатысында зерделенеді. 

Оқулықпен  жұмыс  істегенде  оның  мақсатты-ынталандырушы,  функционалдық, 

құрылымдық-мазмұндық белгілерін ескеру қажет: 

Оқулықтың мақсатты-ынталандырушы қыры: 

оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияны, әдістер мен тәсілдерді қолдану ережелерін 



үйрету; 

оқушыларды  өз  бетінше  ақпарат  іздеуге,  сараптамалық  және  сын  тұрғысынан  ойлау 



дағдыларын дамытуға үйрету; 

әлеуметтік  тұрғыдан  белсенді  азамат  тәрбиелеу,  ізгілік  мұрат  және  демократиялық 



құндылықтарды, 

қазақстандық 

патриотизм 

сезімін, 

ғылыми 

дүниетаным 



қалыптастыру; 

ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 



Оқулықтың  функционалдық  қырын  дидактикалық  функциялардан  көруге  болады. 

Осыған байланысты оқулықтың негізгі және қосымша функцияларын атап көрсетуге болады. 

Негізгі функция ретінде оқу мақсатына сәйкес келетін үш функцияны атауға болады: оқыту, 

тәрбие беру және дамыту. 

Оқулықтың басты функциясы болып табылатын  оқыту функциясы сын тұрғысынан 

ойлау,  білімді  шығармашылықпен  қолдану  қабілетін,  проблемаларды  шешу  қабілетін, 

ғылыми-зерттеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын (тілдік дағдыларды қоса алғанда), 

топта  немесе  жеке  жұмыс  істеу  қабілетін,  АКТ  саласындағы  дағдыларды  қоса  алғанда, 

оқушыларда білім, білік және дағдылардың барлығын қалыптастыруға, олардың қабілеттері 

мен дарынын дамытуға бағытталған. 



Тәрбие беру функциясы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас 

жасау қабілеті, өзге мәдениет пен көзқарастарға құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, 

достық, маңайындағы адамдарға қамқорлық таныту, өмір бойы білім алуға дайын болу және 

т.б. рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. 



Дамыту функциясы жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, психикалық әлеует 

пен  эмоциялық  зиятын,  жеке  тұлғалық  қасиеттерін,  ынталандырушы  ортасын  және  т.б. 

дамытуға бағытталған. 

Қосымша функциялардың арасынан мыналарды атап өткен жөн: 

 

білімнің көрнекі-ауызша мазмұнын бейнелейтін ақпараттық функция



 

оқу пәнінің қисынында материалды міндетті түрде жүйелі және тізбектеп баяндауға 



қойылатын талапты жүзеге асыратын жүйелеу функциясы;  

 



оқушыларды сол пәнді оқуға ниеттендіретін, оқуға деген танымдық қызығушылығы 

мен  жағымды  көзқарас  қалыптастыратын  ынтаның  пайда  болуына  бағытталған  



ынталандырушы функция

 



меңгерілуі  тиіс  ғылыми  білімді  педагогикалық  тұрғыдан  өңдеуді  көздейтін 

трансформациялық функция

41 

 



 

оқушыға  оқулықта  баяндалған  материалдан  іргелес  ғылымдар  бойынша  қосымша 

ақпарат алуға көмектесетін ықпалдастырушы функция;  

 



оқу  материалымен  жұмыс  істеу  барысында  әртүрлі  оқу  құралдарын  қолдануды 

(анықтамалықтарды,  есеп  жинақтарын,  карталарды,  көрнекіліктерді,  фильмдерді,  оқу 

құралдарын, электрондық ресурстарды және т.с.с.) қамтамасыз ететін және олардың тиімді әрі 

оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ететін үйлестіруші функция;  

 

оқу барысын тексеруге, өзін-өзі және өзара бағамдауға және оқу нәтижелерін түзетуге 



көмектесетін, сондай-ақ қажетті икемдер мен дағдыларды қалыптастыру үшін машықтандыру 

жаттығуларын орындауға ықпал ететін бақылаушы-түзетуші функция

 

оқушылардың білімді өз бетінше алуға (табуға) ынтасы мен икемін қалыптастыруға, 



біліміндегі  олқылықтарды  өздігінен  толтыруға  көмектесуге  бағытталған  өздігінен  білім  алу 

функциясы

Оқулықпен  жұмыс  істеудің  негізгі  мақсаттары:  мәтіннің  таңдалған  үзіндісіндегі 

ақпаратпен  танысу,  ақпаратты  түсіну,  есте  сақтау,  ақпаратты  түрлі  оқу  және  өмір 

жағдайларында  қолдану,  оқылғанды  немесе  бұрыннан  білген  нәрсені  растау,  мысал  іздеу, 

ғылыми фактілерді растау, көрнекіліктермен (сурет, сызба, диаграммалар) жұмыс.  

Оқулықтың құрамдас бөліктері:  

 



алғысөз; 

 



негізгі бөлім (бөлімдер, бөліктер, тараулар, параграфтар және т.с.с.); 

 



электронды қосымша. 

Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері: 

1) мәтін: 

 



негізгі мәтін – материалдың негізгі мазмұнын жеткізеді және оның міндетті минимумы 

болып табылады;  

 

қосымша мәтін – рубрикалар, мәтіндік үзінділер; 



 

түсіндірме мәтіндер – ескертпелер, сілтемелер, кестелер, сызбанұсқалар, рубрикалар, 

шартты  белгілерге  берілген  түсініктемелер,  қосымшалар,  анықтамалық  материалдар, 

сөздіктер және т.б.); 

2) мәтіннен тыс аппарат: 

 



игеруді  ұйымдастыру  аппараты–  қайталауға,  бекітуге,  өзіндік  және  топтық  жұмыс 

ұйымдастыруға,  өзге  адамдармен  әрекеттесуге,  қосымша  ақпарат  көздерін  пайдалануға 

арналған сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар;  

 



көрнекі  материалдар–  сызбанұсқалар,  суреттер,  кестелер,  тірек  конспектілер, 

алгоритмдер және т.б.;  

 

бағдарлау  аппараты  –  шартты  белгілер,  рубрикаторлар,  қаріптер,  графикалық 



таңбалар және т.б. 

Оқулықтарда  ереже,  әрекеттерді  орындау  алгоритмдері  сияқты  ерекше  мағынаға  ие 

маңызды  элементтер  түрлі  түстермен  және  қаріптермен  ерекшеленеді,  бұл  оқушыларға 

маңызды  бөлімдерді,  параграфтың  түйінді  жерлерін  алдымен  байқап,  кейін  оны  оқулық 

мәтінінен өздігінен таба алу қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.  

Оқулықтың құрылымдық бөлігі, яғни мәтіннен тыс компоненттері де маңызды. Мәтіннен 

тыс  компоненттерге  қабылдауды  ұйымдастыру  аппараты,  бағыттаушы  аппарат  және  оқыту 

және бақылау функцияларын атқаратын көрнекі материалдар жатады. 

Параграфтың  алдындағы  сұрақтар  мен  тапсырмалар  жаңа  тақырыпты  зерттеуге  қажет 

болатын тірек білімді анықтауға және еске түсіруге септігін тигізеді. Мәтіндегі сұрақтар мен 

тапсырмалар  оқушылардың  ойларын  жаңа  материалды  игеруге  бағыттайды.  Параграфтың 

соңындағы  сұрақтар  мен  тапсырмалар  білімді  бекітуге,  оны  тәжірибеде  қолдануға  және 

қаншалықты  игерілгенін  бақылауға  арналған.  Білімді  жалпылап,  жүйелеу  мақсатында 

сұрақтар мен тапсырмалар үлкен тақырып пен бөлімдерден кейін берілуі мүмкін. 



42 

 

Күрделілігі мен дидактикалық мақсаты жағынан жаңа ғана оқығанды қайталауға, негізгі 



ойды анықтауға, байланыс орнатуға, дәлел келтіруге, білімді таныс және жаңа оқу жағдайына 

қолдануға  арналған  сұрақтар  болады.  Сұрақтар  мен  тапсырмаларды  орындау  түрлі  білім 

көздеріне сүйенеді: мәтін, карталар, графиктер, диаграммалар, суреттер және фотосуреттер, 

сызбалар  және  профильдер  т.б.  Тапсырмалар  әртүрлі  тұжырымдалуы  мүмкін  және 

оқушылардан  әртүрлі  әрекеттерді  талап  етеді:  мәтіннен  тыс  компонент  бойынша  анықтау, 

мысал келтіру,  салыстыру, ұғымның анықтамасын беру, түсіндіру, картаға түсіру, дәптерге 

жазу, кестені толтыру және т.б. 

Оқулық мәтінінде басты ережелер (түсініктер, заңдылықтар және олардың анықтамалары, 

т.б.) қалың, көлбеу қаріптермен және басқа түспен ерекшеленуі мүмкін. Бұл – игеріліп, есте 

сақталуға тиісті оқу материалы. 

Күрделендірілген  сұрақтар  мен  тапсырмалар  ерекше  таңбалармен  –  символдармен 

белгіленеді. 

Көрнекі материалдар оқулықтың маңызды мәтіннен тыс компоненті және ажырамас бөлігі 

болып  табылады.  Олар:  мәтіндік  карта-сызбалар,  графиктер,  диаграммалар,  суреттер, 

кестелер, фотосуреттер, профильдер және т.б. Олар мәтінді нақтылап, толықтырады немесе 

жаңа ақпарат береді. Көрнекі материалдар  – оқушылар үшін оқу материалын көрнекі түрде 

елестетуге мүмкіндік беретін білім көзі. 

Көрнекі  материалдардың  тәрбиелік мәні  де зор. Олар  суреттердің сюжеттері  жайлы ой 

қозғап,  олардың  мазмұнын  талдауды  ұсына  отырып,  оқушының  жеке  тұлға  ретіндегі 

қасиеттеріне әсер етеді. Көрнекі материалдардың мазмұны және әсемдеп орындалуы белгілі 

бір сезім туғызады, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырады. 

Көрнекі материалдарды 3 топқа біріктіруге болады: 

1) жетекші көрнекіліктер – мәтінмен қатар өздігінен оқу материалының мазмұнын ашады; 

2) тең дәрежелі – мәтінмен бірдей дәрежеде білімді игеру үшін қызмет атқарады; 

3)  қызмет  көрсетуші  –  мәтінді  қуаттайтын,  оған  қызмет  көрсететін,  оның  мағынасын 

ашатын және мәнін түсіндіретін және сол арқылы мәтінді тиімді түрде қабылдауға және оқу 

барысында  игеруге  көмектесетін  көрнекіліктер  (мұндай  көрнекіліктер  оқулықта  көп 

кездеседі). 

Оқулықта пәнді оқуға қажет сандық көрсеткіштер де болады. Сандар зерделенетін басты 

объектілерге  қатысты  беріледі  және  де  негізінен  жаттауға  емес,  онымен  жұмыс  істеуге 

арналады. 

Көптеген  оқулықтардың  соңында  пән  тақырыбы  бойынша  маңыздырақ  ақпарат 

қамтылатын  қосымшалар,  терминдер  мен  ұғымдар  сөздіктері,  атаулар  сөздіктері  болуы 

мүмкін.  Мұның  барлығы  оқу  үдерісінде  пайдаланылуы  қажет.  Пән  бойынша  оқу  тиімділігі 

оқушылардың  оқулықпен  жұмыс  істей  алуына,  ондағы  материалды  игере  алуына  да 

байланысты болады. Оқулықпен жұмыс істеу қабілетінің негізінде оқушылар бағдарламалық 

білімді игеріп, мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта өздігінен білім алуға дайындалады. 

Өзінің міндеті белгілі бір балаға өз бетінше дамуға жағдай жасау деп санайтын мұғалім 

ерте ме, кеш пе мынадай проблема кездестіреді:  «Оқушыларды оқулық мәтінімен өздігінен 

жұмыс істеуге қалай үйретуге болады». Бұл мәселенің шешімінің бірі  – әрбір сабақта және 

үйде оқулықпен жүйелі түрде үш саты бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру: оқуға дейін, оқу 

кезінде және оқып болғаннан кейін. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысы кейіннен әрбір оқушыға 

өз бетінше білім алуда көмектесуге арналған. 

 

Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  (мұғалімге  арналған  әдістемелік  құрал,  оқыту 



әдістемесі) 

Мұғалімге арналған нұсқаулық оқулықпен және ОӘК-пен қалай жұмыс істеу керектігі 

және сабақты қалай өткізу керектігі туралы қысқаша түсініктеме берілген әдістемелік құрал 

болып  табылады.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулықтағы  тапсырмалар  пән  бойынша  оқу 



43 

 

бағдарламасының  белгілі  бір  бөлімі  (бөлімшесі)  үшін  белгіленген  оқу  мақсаттарына  қол 



жеткізуге бағытталған. 

Мұғалімдер: 

-  оқу бағдарламасының басқа пәндерімен байланыс орнатуға;  

-  пән мұғалімдерімен мазмұн бойынша байланыстыруға болатын мәтіндер, тапсырмалар, 

жаттығулар жөнінде ой алмасуға; 

-  пәнді  оқудағы  қосымша  қажеттіліктерді  анықтау  үшін  пән  мұғалімдерімен  жұмыс 

істеуге; 

-  оқушылар  үшін  әлеуметтік,  педагогикалық  және  функционалдық  маңызы  бар 

тақырыптардың таңдалуына жағдай жасау қажет. 

Мұғалімге арналған нұсқаулықта төмендегідей ақпарат қамтылған: 

-  оқу мақсаттары; 

-  оқу ресурстары; 

-  пән бойынша оқулық пен жұмыс дәптеріне сілтемелер; 

-  тақырыпты қандай тәсілмен қарастыру керектігі; 

-  тиісті негізгі ақпарат; 

-  оқулыққа сәйкес қызметті қолдау үшін мұғалімге арналған қадамдық жазбалар; 

-  пәнаралық байланыс; 

-  дамытушы тапсырмалар. 

Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған жазбаларда қалыптастырушы бағалау (мұғалімнің 

сауалнаманы, бақылау  және қадағалауды тиімді  жүргізу дағдыларын қоса есептегенде) мен 

оқуды саралау жолдары қамтылған. 

 

Жұмыс дәптері (оқушы дәптері) 

Жұмыс  дәптері  –  тәжірибе  жүзінде  орындауға  арналған  түрлі  жаттығулар  мен 

тапсырмалар  жинақталған  әдістемелік  құрал.  Жұмыс  дәптерінің  мақсаты  сабақта  алынған 

білімді  іс  жүзінде  бекіту  болып  табылады.  Пәнге  және  сыныпқа  қарай  жұмыс  дәптеріндегі 

тапсырмаларды сыныпта немесе үйде орындауға болады. 

Жұмыс дәптері балаға өз бетінше оқуға мүмкіндік береді және пән бойынша білім мен 

дағдыларды  бекітуге  және  дамытуға  арналған  материал  ұсынылған  жұмыс  парақтарынан 

тұрады. Сонымен қатар, жұмыс парақтарында қалыптастырушы бағалау мен оқуды саралау 

жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, әр бөлімше бойынша оқушының әрекетін шолу парағы бар. 

Ол  бағалау  үшін  (онда  өзін-өзі  немесе  өзара  бағалау  көзделген),  оқушыларға  бағалау 

нәтижелері туралы хабар беру үшін қолданылады, не болмаса қамтиды. 

Оқушыларға оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша жұмыс істеуге көмектесу 

үшін мұғалімдерге жұмыс парақтарын өз қалауы бойынша қолдану ұсынылады. 

 

 

 


44 

 

ЖҮЙЕЛІ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНМЕН ЖҰМЫС 

«Жүйелі-әдістемелік кешен» порталы (бұдан әрі – ЖӘК порталы) орта білім мазмұнын 

жаңарту  аясында  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің,  пилоттық  және  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  мұғалімдеріне  әдістемелік  қолдау  көрсету  үшін  әзірленген  ауқымды  онлайн 

платформа болып табылады. Портал smk.edu.kz веб-сайтында орналасқан. 

Бұл интернет-ресурс бүгінгі  таңда мұғалімдерге өздерінің үздік жұмыстарын жариялай 

отырып, білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісуге бірегей мүмкіндік беріп отыр. 

Порталда  әдістемелік  материалдар,  қысқа  мерзімді  жоспарлар,  дидактикалық  және 

зертханалық жұмыстар, қалыптастырушы және жиынтық бағалау материалдары, дыбыс және 

бейнематериалдар,  таныстырылымдар  және  мұғалімге  пайдалы  болатын  басқа  да  көптеген 

жұмыстар  бар.  Бұл  материалдар  мұғалімге  қажетті  компоненттерді  қолдана  отырып,  оқу 

үдерісін шапшаң ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар сабақты жоспарлау кезінде 

оқу пәнінің нақты бөлімі бойынша ақпарат іздестіру мәселесін жеңілдетеді. 

 

ЖӘК порталының бөлімдері: 

Жұмыста  қолдануға  арналған  ҚҰЖАТТАР  (МЖМБС,  Үлгілік  оқу  бағдарламалары 



(ҮОБ),  оқу  бағдарламалары,  оқу  жоспарлары,  нұсқаулық-әдістемелік  материалдар, 

күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, ақпараттық материалдар);  

САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ (сабақ жоспарларын әзірлеуде үлгі ретінде қолдануға болатын 



пән  бойынша  сабақ  жоспарлары,  қысқа  мерзімді  жоспарлар,  таныстырылымдар, 

дыбыс/бейне және дидактикалық материалдар); 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН (бастауыш мектептің пәндері бойынша оқу-әдістемелік 



кешендер,  оқу  құралдары,  ОӘК-ке  бейненұсқаулықтар,  мұғалімдердің  шеберлік 

сабақтары, мақалалар);  

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ (критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтар, 



қалыптастырушы  бағалауға  арналған  тапсырмалар  жинағы,  бейне  және  көрсетілім 

ресурстары,  жиынтық бағалау  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар,  электронды  журнал, 

нұсқаулық-әдістемелік құжаттар);  

ОНЛАЙН СЕМИНАРЛАР МЕН САБАҚТАР (онлайн семинарлар мен сабақ бойынша 



бейнематериалдар мен таныстырылым ресурстары); 

ФОРУМ  (жаңартылған  білім  мазмұнының  өзекті  бағыттары  бойынша  сұрақтар  және 



жауаптар  (ұйымдастыру  мәселелері,  оқулықтардың  мазмұны,  оқушыларды  бағалау 

және т.б.). 

Аталған бөлімдердегі файлдарды қарауға және жүктеуге болады. 

 

ЖӘК порталында тіркелу 

Порталға  кіру  үшін  алдымен  тіркелу  керек.  Бұл  үшін  порталдың  бастапқы  бетіндегі 

«Тіркелу» батырмасын басу қажет. Содан кейін ашылған терезеде тиісті мәліметтерді енгізіп, 

тіркеу нысанын толтыру қажет. Жүйе енгізілген ЖСН-ның дұрыстығын алдын ала тексереді. 

ЖСН дұрыс болған жағдайда, тіркеу нысанының келесі көзшелері іске қосылады. 

 

Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлармен (КТЖ) жұмыс 

КТЖ-мен жұмыс істеу үшін мұғалімдер: 

1. Интернет-браузерлердің  бірінде  http://sk.nis.edu.kz  адресін  теріп,  жүйелі-әдістемелік 

кешен порталын ашады; ЖСН немесе e-mail және құпиясөз арқылы сайтқа кіреді; 

2. Порталда «Құжаттар» модулін табу; 

3. Тиісті  пән  бойынша  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарды  (КТЖ)  табу,  мысалы: 

«Жаратылыстану» пәні, 1-сынып; 


45 

 

4. Пән  бойынша  қазір  қолданыстағы  КТЖ  және  ЖӘК-те  ұсынылған  КТЖ  арасында 



салыстырмалық талдау жүргізеді; 

5. Орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарына сәйкес КТЖ құру сызбасын зерделейді; 

6. КТЖ  жөнінде  сұрақ  пайда  болып  немесе  айырмашылық  анықталған  жағдайда  сол 

КТЖ-ны әзірлеушілердің атына порталда пікір қалдырады немесе сұрақ қояды.  



 

Ақпарат үшін:  

Курстың үлестірме материалдарына ЖӘК порталымен жұмыс істеу бойынша 

толық нұсқаулық және бейнематериалдар енгізілген.

 

 



 

 

 



46 

ОҚУ ЖОСПАРЫ 

Күн 

Күн тақырыбы 

Сабақтың тақырыбы 

Сағат 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет