Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата01.11.2019
өлшемі0,99 Mb.
#50969
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1)


Оқыту үшін мұның маңызы қандай

Бастауыш  оқу  бағдарламасы  спираль  тәріздес  құрылымға  негізделген.  Оқушылар 

бастауыш  сыныпта  оқу  бағдарламасы  аясында  игерілетін  негізгі  дағдыларға  мезгіл-мезгіл 

қайта  оралып  отырады.  Мысалы,  оқу  бағдарламаларындағы  кейбір  оқу  мақсаттары 

оқушылардың  шынайы  өмірде  кездесетін  проблемаларды  анықтап,  оларды  зерттеуін  талап 

етеді.  Оқушы  сыныптан  сыныпқа  ауысуына  қарай  бұл  проблемалар  күрделене  түседі. 

Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған 

және  математика  бойынша  оқу  бағдарламасының негізгі  тәсілдерінің  бірі  болып  табылады: 

проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу 

бөлімінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Проблемаларды  шешуге  арналған  жаттығулар 

оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды 

жаңалық  ашуға  және  өз  тұжырымдарын  жасауға  ынталандыруы  тиіс.  Олар  оқушылардың 

дайын  стандартты  жолдарды  пайдаланбай,  мәселенің  шешімін  іздеп  оны  табуға  ұмтылуды 

және  заңдылықтарды  зерделеуін  қажет  етеді,  сол  арқылы  белсенді  оқуына  ықпал  етеді  (4-

кесте).  



25 

 

4-кесте. Проблемаларды шешу тапсырмаларының мысалдары 



Пән 

1-сынып оқушылары... 

3-сынып оқушылары... 

Математика 

Бірдей сандар мен фигуралар 

бар жұмбақтарды шешеді 

Ықтималдық негіздерін біледі және 

оны тапсырмаларды, проблемаларды 

және әртүрлі күнделікті мәселелерді 

шешу үшін пайдаланады 

Жаратылыстану  Адамзаттың салауатты дамуы 

мен өсуі үшін талап етілетін 

қажеттіліктерді анықтайды 

(мысалы, тамақ, ұйқы) 

Мекендеу жағдайларындағы 

өзгерістер жануарлар санының 

өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін 

екендігін түсіндіреді 

Дүниетану 

Мектептегі арнайы 

орындарды зерттейді 

Қазақстандағы тұрғындардың 

мәдени, жергілікті, аймақтық, 

ұлттық, этностық, діни 

мәнмәтініндегі сәйкестігімен 

танысады. 

 

Жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқа пәндер 



бойынша  алған  білімдерін  еске  түсіруі  және  қолдана  алуы  маңызды  болып  табылады.  Бұл 

оқушыларға  өздерінің  қол  жеткен  жетістіктерін  бекітуге  және  бастауыш  сынып  пәндері 

арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бұған көмектесетін әртүрлі тәсілдер бар. 

Бастауыш сыныптардың оқу жоспарындағы ортақ тақырыптар сынып бойынша барлық 

пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді: 

 

5-кесте. Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар 



1 - сынып 

2 - сынып 

3 - сынып 

4 - сынып 

Өзім туралы 

Өзім туралы 

Тірі табиғат  

Менің 

Отаным 


Қазақстан 

Менің 

мектебім 



Менің 

отбасым 


және достарым 

Жақсыдан  үйрен, 

жаманнан жирен  

Адами құндылықтар 

Менің отбасым 

және достарым 

Менің мектебім 

Уақыт 


Мәдени мұра 

Бізді  қоршаған 

әлем 

Менің туған өлкем   Сәулет 



Мамандықтар әлемі 

Саяхат 


Дені  саудың  – 

жаны сау 

Өнер 

Табиғи құбылыстар  



Салт-дәстүр 

және 


ауыз 

әдебиеті 

Салт-дәстүр  және 

ауыз әдебиеті 

Атақты тұлғалар 

Қоршаған 

ортаны 

қорғау  


Тағам 

және 


сусын 

Қоршаған орта 

Су – тіршілік көзі 

Ғарышқа саяхат 

Дені  саудың  – 

жаны сау 

Саяхат 

Демалыс 


мәдениеті. 

Мерекелер 

Болашаққа саяхат 


26 

 

Сабақтарды жоспарлаудың басты  аспектісі  ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс 



орнатуға  көмек  көрсетумен  қатар,  оқушылардың  білім-білік  дағдыларының  артуына  қарай 

жүзеге  асырылатын  лайықты  педагогикалық  тәсілдерді  таңдау  болып  табылады.  Мысалы, 

мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема 

шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше 

жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға 

«ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн. 

Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалімнің тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге 

көбірек көңіл бөлуі орынды (мысалы, жазылым құрылымы, жауаптар модельдері және тағы 

басқалары). Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлайша тура нұсқау беруді азайып, 

мұғалім  өз  рөлін  біртіндеп  үйлестіруші,  уәждеушіге  ауыстыруына  болады.  Оқушыларды 

мұғалімге  және  сыныптағы  басқа  оқушыларға  өз  пайымдауларын  түсіндіруге 

ынталандыратын топтық жұмыс, зерттеуге негізделген оқуға арналған жаттығулар және ашық 

сұрақтарды енгізу мұғалімге сыныптағы өз рөлін өзгертуге көмектесе алады. Алайда  уақыт 

өте  келе  оқудың  барлық  кезеңдерінде  оқушылар  сабақ  барысында  жеке  жұмыс  істеуге 

қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі 

қажет.  Мұны  орындаудың  ең  тиімді  жолы  жеке  оқушыларға  жүйелі  түрде  кері  байланыс 

ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болып табылады. 

Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ: 

сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу; 



оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін 

логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу; 

оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу; 



топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу; 

оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру; 



оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру; 

оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу; 



оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою; 

оқушыларға  өздерінің  ойлау  дағдылары  мен  ғылыми-зерттеу  дағдыларын 



қолдануды ескертіп отыру; 

жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру; 



оқушыларға  өзіндік  жұмыстарда  жетістікке  жетуге  мүмкіндік  беретін  жобаларды 

жоспарлау және ұйымдастыру. 

 

Оқушыларды уәждеу 

Оқушыларды  уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі  уәж деп бөлінеді. Алайда, 

оларды  қатаң  түрде  екіге  бөліп  талдағаннан  гөрі,  ажыратуға  келмейтін  біртұтас  ретінде 

қарастырған орынды болады (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін 

факторларға  негізделген)  арттыруға  арналған  тәсілдер  Б.Ф.  Скиннер  (Skinner,  B.F.,  1953) 

ұсынған бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-

құлықты  нығайтып,  кері  тәртіпті  шектеуді  қамтамасыз  ету  мақсатында  кері  байланысты 

(соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003). 

Екінші  қырынан  алғанда,  ішкі  уәж  іштен  шығып  жатады  немесе  жеке  тұлғаның  өзінен 

туындайтын,  бастау  алатын  уәж,  әдетте  сыртқы  уәжге  қарағанда  бұл  анағұрлым  рақымды, 

ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахат 

алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі 

уәждің мысалы ретінде келтіруге болады. 

Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда, ішкі 

уәжін  қалай  арттыра  алатындығында  болып  отыр.  Мұғалімдер  жұмыстың  жақсы  екенін 

мойындап,  оны  мадақтау  арқылы  сыртқы  уәжді  қолданады,  айталық,  бастауыш  сынып 

мұғалімдері  оқушылардың  егжей-тегжейлі  орындалған  жұмысы  үшін  оқушыларды  мақтай 



27 

 

алады,  ал  оқушы  жұмысты  толық  орындамаса,  тіпті  ол  жұмысты  жақсартқанның  өзінде, 



мұндай  оқушыны  мақтамайды.  Дегенмен,  зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  сыртқы  уәжді 

қолдану  ішкі  уәжді  бәсеңдетуі  ықтимал.  Мысалы,  Деки  (Deci,  E.L.,  1971)  оқушыларға 

басқатырғышты  шешуге  өте  қызықты  жаттығу  беріп,  алдын  ала  кейбір  оқушыларға  жақсы 

орындағаны  үшін  сый  алатынын  айтады.  Эксперимент  өткізуші  экспериментке 

қатысушыларға  бұл  тапсырманы  әрі  қарай  орындамай,  пазл  және  өзге  де  кедергі  келтіріп, 

көңілді  бөлетін  нәрселер  (соның  ішінде  журналдар)  жатқан  бөлмеде  қалатындықтарын 

жеткізеді.  Осындай  еркіндік  берілген  кезде  сырттан  марапат  алатындарын  білетін 

қатысушылар  тапсырманы  орындауға  аз  ғана  уақыт  бөлуді  ұйғарып,  ал  марапат  туралы 

білмегендер  жұмыстарын  жалғастыра  берген.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  сыртқы  уәждеуші 

фактордың болуы оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті. Осы бір негізгі жаңалық басқа да 

бірқатар  зерттеулерде  дәлелденді    (Ryan  and  Deci,  2000).  Білім  беру  саласы  үшін  мұның 

айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау теориясына сәйкес (Ryan and Deci, 1985), жеке 

тұлға  өзінің  мүмкіндігінің  жетпейтінін  немесе  дербестігі  шектеулі  екенін  білген  жағдайда, 

сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады. Айта кетерлік жайт, керісінше болған жағдайда, нәтиже 

мұндай болмайды. Мысалы, өзінің құзыреттілігі жететінін сезетін оқушы ішкі уәжі мол екенін 

көрсете бермейді (Ryan and Deci, 2000). 

Ішкі  уәжді  өсіретін  немесе  өшіретін  бұл  факторлардың  сәйкессіздігі  факторлар  туралы 

зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E.,  2001) барысында да 

анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерінің уәжіне ықпалы бар 

екеніне  сенеді.  Зерттеу  қорытындысы  бойынша,  оқушылардың  білімге  құштарлығы  күшті 

болады,  алайда  білім  алу  барысында  ол  бәсеңдей  береді  (немесе  тіпті  өшіп  қалады). 

Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын қолдап, оны білім 

алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға ұмтылулары керек. Себебі 

олар  ішкі  уәжін  жоғалтқан  болса,  оны  ояту  қиынға  соғады.  Мұғалімдер  сыртқы  уәждеуші 

факторларға  жүгінуде  абай  болғаны  абзал,  өйткені  ол  ішкі  уәжге  кері  әсер  етуі  мүмкін. 

Сондықтан 

-  оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін үдеріс 

деп санаған жағдайда; 

-  мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда; 

-  оқушылар  жаттығуларды  пайдалы  және  жағдайға  сай  келеді  деп  қабылдаған 

жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады. 

Білім  алуды  жандандыратын  аспектілердің  бірі  оқушыларды  ынталандыру  болып 

табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. 

Әдетте  балалар  мектепте  жақсы  оқиды,  алайда  кейбіреулері  оқуға  деген  ішкі  уәжі  мен 

қызығушылығын  жоғалтып  жатады.  Негізінде,  оқушылар  оқу  қажет  болғаннан  емес,  өз 

еркімен  оқуға  ынталанып,  өздігінен  уәжделуі  тиіс.  Бұған  оқуды  мүмкіндігінше  белсенді, 



күрделі,  қызықты  және  маңызды  ету  арқылы  қол  жеткізуге  болады.  «Балалардың  білгені, 

тапқан-таянғаны  өмірге  жанасып,  жарыққа  шығып  отырып,  барлық  жұмысты  балалардың 

белсене,  құлшына  өздері  істеуі  шарт.  Өзі  еңбектеніп,  өзі  бейнеттеніп  тапқан  білім  берік 

болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж.Аймауытұлы, 1929). 

Бастауыш  сынып  оқушылары  өздерінің  жаңа  білімдері  мен  дағдыларын  іс  жүзінде  өз 

тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға 

негізделген  өздерінің  күнделікті  тәжірибесімен  байланысты  болғанда,  олардың  оқуға  деген 

ынтасы артады.  

Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы 

мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген 

сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. 

Кез  келген  мұғалімнің  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі  оқуға  қызығушылығы 

төмен оқушыларды оқу  үдерісіне тартып, қолдау көрсету болып табылады. Оқуға құштары 

төмен оқушыларды қалай ынталандыруға болады? 

Осы салада кеңінен қолданылатын әдістер негізінен мадақтау және жазалау жүйесін 

қолдануға  негізделуі  мүмкін.  Олар,  әдетте,  «сыртқы»  уәж  немесе  «оқу  керек»  деген 



28 

 

талаппен  байланыстырылады.  Оқушыларды  мұндай  жолмен  уәждеу  стратегияларын 



пайдалануға сақтықпен қараған жөн. Негізінде,  оқушылар  оқу  керек  болғаннан  емес,  өз 

еркімен  оқуға  ынталанып,  өздігінен уәжделуі  тиіс.  Бұған  оқуды  мүмкіндігінше  белсенді, 

ынталандырушы,  қызықты  және  маңызды  ету арқылы  қол  жеткізуге  болады. Бастауыш 

сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде 

қолдануға болатынын көргенде оқуға деген ынтасы артады және шынайы өмірден алынған 

жағдаяттармен байланысты тапсырмаларды ұнатады.  

Бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  оқу  бағдарламалары  оқушыларға  қызықты 

тақырыптар  бойынша  жеке,  жұптық,  топтық  және  ұжымдық  жұмыстар  арқылы  оқу 

үдерісіне  белсенді  қатысуына  мүмкіндік  береді.  Бұл  оқушыларды  оқуға  ынталандырып, 

ішкі  уәжін  арттырады.  Мұғалімдер  төменде  аталған  бірқатар  маңызды  мәселелерді 

ескерсе,  оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді: 

белсенді  оқу арқылы оқушылардың ұсақ моторикасы мен  қарым-қатынас дағдыларын 



жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп құру

оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  қажеттіліктеріне  байланысты  ресурстарды 



қолдану, 

әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып, сабақтардың мазмұнын түрлендіру; 



оқушыларды  жаңа  оқу  мен  оқыту  әдістерімен  эксперимент  жасауға  тарту  (бұл 

мұғалімдер  мен  оқушылар  арасындағы  өзара  байланысты  жақсартады,  нәтижелі  кері 

байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді). 

Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір 

мадақтау  немесе  жазалау  ескерілмегеніне  мән  беріңіз.  Сабақ  барысында  мұғалімдер 

оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды қолданады, 

бірақ  мұндай  мақтаулар  барлық  уақытта  оқушылардың  танымдық  ойлау  деңгейінің 

жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын таңдағансың» 

деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға ұмтылуына жақсы 

ықпал  етеді.  Мұғалімдер  оқушының  оқу  керектігіне  байланысты  «сыртқы»  уәж  түріндегі 

мақтауларды  жиі  қолданады.  Оқушыларды  мұндай  жолмен  ынталандыру  тәсілдерін 

пайдалануда аса  мұқият  болған  жөн, себебі  олар оқушының ішкі  уәжін төмендетуі  мүмкін. 

Атап  айтқанда,  жалаң  мадақтау,  жазалау  немесе  тиімсіз  кері  байланыс  салдарынан 

оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі тиіс: 

-  тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;  

-  тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;  

-  тапсырманы  орындау  үшін  аз  ғана  әрекет  етіп,  шектеулі  күш-жігер  жұмсаса 

жеткілікті деп сезіну;  

-  өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну. 

Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы 

мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген 

сенімін  нығайту  үшін  мадақтауды  пайдаланғаны  дұрыс.  Оқушының  жұмысына  құрметпен 

қарай  отырып,  оның  ішкі  уәжін  арттыруға  ықпал  етуге  тырысыңыз  (мысалы,  оның  жеке 

қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.). 

Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің 

оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі 

оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Оқушылардың 

пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар бар: оқушылардың 

қызығушылығын  туғызатын  жаттығулар,  мұғалімнің  ықпалы,  ата-аналардың  ықпалы, 

мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы мен  ынтасын арттырудың ең сенімді 

тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу 

ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, 

тиімді  қолдана  білу  мұғалімнің  кәсіби  қызметінде  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Төмендегі 



29 

 

кестеде (6-кесте) мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін 



факторлар ұсынылған. 

6-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар 

УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР 

УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР 

түрлі оқыту мен оқу әдістерін 

пайдаланатын белсенді мұғалім 

негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция 

оқитын мұғалім 

көп оқушыны қамтитын белсенді 

тапсырмалар 

аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 

қатыспайтын тапсырмалар 

белгілі бір мағынасы бар және осының 

алдында өткен тақырыппен байланысты 

жаттығулар 

айқын емес, түсініксіз және осының алдында 

өткен тақырыптармен байланыспайтын 

жаттығулар 

сабақтағы жаттығулардың күрделілігі 

тиісті деңгейде және барлық оқушылар 

орындай алатын етіп сараланған 

сабақтағы жаттығулар сараланбаған және 

басында орындау тым қиын немесе қабілеті 

жоғары оқушылардың мүмкіндіктері 

ескерілмейді 

оқыту мен оқудың сан алуан әдістері 

қолданылады –  сабақ қызықты әрі 

мазмұнды 

оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі 

қолданылады – сабақтың қандай болатынын 

алдын ала болжап білуге болады 

оқушыларға «ойлануға» уақыт бере 

отырып, сабақ қарқынын өзгерту 

сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және 

оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді  

әр оқушыға жеке қолдау көрсету 

оқушылар мұғалімнен көмек күтеді, мұғалім 

тарапынан қолдау болмайды 

орынды мақтау және мұғалімнің пайдалы 

кері байланыс ұсынуы 

мақтау айтылмайды және мұғалім 

оқушыларға тиімсіз кері байланыс береді 

оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан 

күтілетін нәтижені біледі 

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің 

нені үйренетінін білмейді 

 

Зерттеуге негізделген оқу 

Бастауыш  сыныпқа  арналған  оқу  бағдарламалары  тақырыптық  бірліктерді  құру  және 

іске  асыруды  көздейді.  Бұл  тәсіл  бастауыш  сыныптардағы  кіріктірілген  оқу  мен  оқыту 

тәсілінен  көрініс  табады,  бірақ  зерттеуге  негізделген  тәсіл  тәрізді  педагогикалық  тәсілдер 

қолданылмаған жағдайда бұл оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмауы мүмкін.  

Зерттеуге  негізделген  оқу  сындарлы  оқу  теориясына  сүйенеді.  Оқушыларға 

бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, 

қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, 

тиісті  сценарий  әзірлеу  арқылы  мәселелерді  зерделейді.  Оқушылар  тақырыптарды  зерттеу 

үшін  ресурстарды  пайдаланып,  өз  қорытындыларын  жасайды.  Бұл  анағұрлым  терең  білім 

алып,  пәнді түсіну  үшін  қажетті  айтарлықтай  жоғары  деңгейлі  дағдыларды  қалыптастырып 

дамытуға  көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын 

«жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез-келген пән үшін негіз бола алады, 

сонымен  қатар,  «дүниетану»  сияқты  әлеуметтік  мәселелермен  байланысты  пәндер  үшін 

керемет сай келеді (Hamston, J. and Murdoch, K., 1996). 

Ғылыми  әдебиетте  зерттеуге  негізделген  оқыту  мен  оқуға  арналған  үш  негізгі  тәсіл 

сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады: 

 



Құрылымдалған зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын шешімдер мен тәсілдерді 

30 

 

егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа 



біреудің) тапқан жаңалықтарының  негізінде  мәселеге  түсініктеме  береді,  талқылайды  және 

қорытынды жасайды деп күтіледі. 

 

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі 



бір  құрылым  ұсынады  (мысалы,  сұрақтар  тізімінен  зерттейтін  мәселені  таңдау).  Оқушылар 

сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады. 

 

Ашық зерттеу. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің тәсілін 



өздері таңдайды. 

Құрылымдалған  зерттеу  негізінен  мұғалімнің  қолдау  көрсетуімен  жүргізіледі. 

Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда  қолданған 

орынды  болады.  Оқушылар  өсіп,  тәжірибесі  толыға  бастағанда,  мұғалім  жетекшілігімен 

жүретін  зерттеуді  пайдалануға  болады.  Оқушылардың  негізгі  мақсаты  анағұрлым  жоғары 

деңгейлі дағдыларын дамыта отырып, ашық зерттеу жүргізу болып табылады (Krystyniak and 

Heikkinen,  2007).  Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының аясында зерттеуге 

негізделген  оқу  белсенді  оқу  қағидаттарын  ұстанатын  қуатты  педагогикалық  құрал  болып 

табылады. Сонымен бірге, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп талқылап, құрып, талдай алатын 

тиімді орта бола алады (Katchevich et al, 2013). Алайда, бұл ашық зерттеу оқуға сай келетін 

жалғыз педагогикалық тәсіл деген сөз емес. 

Зерттеуге  негізделген  оқу  әдісін  кез  келген  пәнде  қолдануға  болады.  Пән  бойынша 

негізгі  көзделген  мәселе  зерттеу  болған  жағдайда,  мұғалім  көмекшіге  ауысып,  басты  рөлге 

оқушы шығады.  

Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. 

Мұғалімнің 

жетекшілігімен 

жүргізілетін 

осындай 

зерттеу 


модельдерінің 

бірі 


«Ықпалдастырылған  әлеуметтік  зерттеу  моделі»  (Hamston  &  Murdoch,  1996)  деп  аталады. 

Модель  әртүрлі  жеті  зерттеу  кезеңін  қамтиды  (7-кесте).Зерттеу  барысында  болжамдарға, 

зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға күмән тудырылған 

жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады. 

 

7-кесте. Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі 

Кезеңдер 

Жаттығулардың негізгі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет