Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


30
31
32
33
34
35

47
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Көп нүктенің орнына бұрын орындалған іс-əрекетті білдіретін сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте слово, обозначающее ранее совершенное 
действие.
«Титаник» кемесін құрастыруға 7 миллион АҚШ доллары ... .
А) береміз
B) кетеді екен
C) жұмсалыпты
D) шашуым мүмкін
Дəл қазір орындалып жатқан іс-əрекетті көрсетіңіз.
Укажите действие, которое осуществляется в настоящий момент.
А) "Тойбастар" бағдарламасын жас актер жүргізді.
B) Теледидарда "Қымызхана" бағдарламасы болып жатыр.
C) Баспасөз конференциясында телеарнаның жетістігін айтты.
D) Алматы студиясының хабарлары қызықты ұйымдастырылған.
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант. 
Ақсақалдар күйеу жігітке батасын ... .
А) алып жүр
B) беріп жатыр
C) сыйлаған едік
D) тыңдап отырған
Орындалмаған іс-əрекетті көрсетіңіз.
Укажите несовершенное действие.
А) Телеарна ұжымы жылды табысты аяқтады. 
B) Ол авторлық бағдарламалар жобасына қатыспады.
C) «Туризм» бағдарламасында пайдалы ақпараттар беріледі.
D) «Іске сəт» бағдарламасында Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігі туралы 
айтылды.
Сөйлемді аяқтаңыз.
Дополните предложение.
Топыраққа нитраттарды көп ... .
А) өсірді 
B) игерді
C) салынды
D) қоспайды
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Биылғы демалыста не істемексің?
– ... .
А) Құпияға толы Азия сіздерді өз əлеміне тартады.
B) «Рахман қайнарлары» демалыс орнына бармақпын.
C) Ал жазда балаларға арналған лагерь ұйымдастырылады.
D) Ашық бассейндер де осы жерден табылады.
36
37
38
39
40
41

48
Мəтелді толықтырыңыз.
Дополните поговорку.
Келісіп пішкен тон келте ... .
А) бермес
B) бармас
C) болмас
D) білмес
Сөйлемді аяқтаңыз.
Дополните предложение.
Ол кезде емтиханды комиссия ... .
А) тексердік
B) өткізіп жүр
C) таныстырды
D) қабылдайтын
Сөйлемді аяқтаңыз.
Закончите предложение.
Телеарнаның басшылары апта сайын ... .
А) мəжіліс өткізетін
B) келіссөз жүргіздім
C) жиналысқа кетпексің
D) бағдарламаларды талдадық
Асты сызылған сөзбен ауыстыруға болатын нұсқаны белгілеңіз.
Найдите слово, которым можно заменить подчеркнутое слово.
Қала төңірегінде көптеген демалыс орындары орналасқан.
А) қасынан
B) жанына
C) маңайында
D) айналасы
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
... журналистер телеарнаның болашағы туралы сұрады. 
А) Артқа
B) Əрі-бері
C) Алдының
D) Жол-жөнекей
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Пияз турағанда көз ашымас ... сағыз шайнау керек екен.
А) соң
B) үшін
C) дейін
D) туралы
42
43
44
45
46
47

49
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Күн ... жұмыстың есебін талап етеді.
А) сайын
B) таман
C) бұрын
D) арқылы
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге ... жазуға болады екен.
А) əрі
B) дейін
C) туралы
D) жөнінде
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Еңбек тəжірибесі қанша жыл болуы керек?
– ... .
А) Екі жылдан соң
B) Бір жылға жетпей
C) Он жетінші жыл туралы
D) Үш жылдан бес жылға дейін
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Дағдарыстан ... экономикамызды арттыруға тырысамыз.
А) кейін
B) үшін
C) шейін 
D) жайлы
Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Қашаннан бері шипалы шөппен емделіп жүрсіз?
– ... .
А) Былтырдан бастап ойладым
B) 2012 жылдан кейін емделемін
C) 2009 жылдан бері емделемін
D) Жазға қарай емделуге барамын
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Менеджер шетелдік қонақтармен ... көрмеге кетті.
А) жуық
B) бірге
C) қарай
D) қабат
48
49
50
51
52
53

50
Көп нүктенің орнына қажетті нұсқаны қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужный вариант.
Сонымен ... ол тоқсандық есепті де дайындады.
А) дейін
B) бұрын
C) бойы
D) қатар
Қажетті сөзді белгілеңіз.
Укажите нужное слово.
Баспасөз конференциясына тек студенттер ... келді.
A) ғана
В) қана
С) ғой
D) қой
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Маған Алматының табиғаты өте ұнады, ... Медеудің табиғаты тамаша екен.
A) қой
В) қана
С) ғана
D) əсіресе 
Сөйлемнің жалғасын табыңыз.
Закончите предложение.
Туристер əуежайда екі сағат бөгелді, ... .
А) өйткені жолдама сатады
B) сол себепті ұшақты күтті
C) себебі ұшақта техникалық ақау бар екен
D) сондықтан екі сағат əуежайда кешікті
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Əлемдегі ең қысқа сөзді тіл – жапон тілі, ... ең ұзын сөзі 12 əріптен тұрады. 
А) əлде
B) немесе 
C) əйтпесе
D) өйткені 
Асты сызылған сөзбен ауыстырылатын сөзді белгілеңіз.
Найдите слово, которым можно заменить подчеркнутое слово.
Қызылша денсаулыққа өте пайдалы, сол себепті Грекияда жоғары бағаланады.
А) өйткені 
B) сондықтан 
C) не болмаса
D) дегенмен де
54
55
56
57
58
59

51
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Сөйлемді жалғастырыңыз.
Закончите предложение.
Сəбіздің құрамында сегіз түрлі дəрумен бар, ... .
А) сондықтан көп қолдану керек
B) сондықтан көп қолданбайды
C) өйткені палауға қосады
D) дегенмен денсаулықты күту қажет
Асты сызылған сөздің мағынасын анықтаңыз.
Определите значение подчеркнутого слова.
Ауылымызда бір ғана телеарна көрсетеді.
А) құптау мағынасында
В) шектеу мағынасында 
С) қуану мағынасында 
D) мақтау мағынасында 
Диалогті аяқтаңыз.
Закончите диалог.
– Апат кезінде əкімшіліктен көмек келді ме? 
– ... .
А) Көктем кезінде тауға шығу қауіпті ғой
B) Əкімшілік қана жабық тұрды
C) Ауыл түгіл, аудан əкімшілігі де келді
D) Апаттан сақтану туралы хабар көрсетілді
Дыбысты бейнелейтін сөзді көрсетіңіз.
Укажите слово, обозначающее звукоподражание.
А) Найзағай шатыр-шұтыр етті.
В) Нөсер жаңбыр түнімен толастамады.
С) Найзағай – табиғаттың ерекше құбылысы.
D) Біз тауға жақындағанда, найзағай жарқылдады.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово. 
Үйдің жанынан жүк машинасы ... етіп өте шықты.
А) гүр-гүр
В) дыр-дыр
С) шыңқ-шыңқ 
D) салдыр-гүлдір 
Қорыққан адамның əрекетін бейнелейтін сөзді көрсетіңіз.
Укажите слово, которое описывает состояние испуганного человека.
А) селк етті
В) жарқ етті
С) жалп етті
D) қисаң етті
60
61
62
63
64
65

52
66
67
68
69
70
«Тез қарады» дегенмен мəндес сөзді табыңыз.
Найдите слово, близкое по значению выражению «тез қарады».
А) жалтылдады
В) жалт қарады
С) күмп етті 
D) салдыр етті
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
– ..., бұл – біздің биылғы жетістігіміз!
А) Ой
В) Қап
С) Кəні 
D) Міне
Асты сызылған сөздің мағынасын анықтаңыз.
Определите значение подчеркнутого слова.
– Əне, екі жылда мəдени байланыс орнаттық.
А) ренжу 
В) ұнатпау
С) нұсқау
D) таңдану
Пікірді жақтағанын білдіретін сөйлемді анықтаңыз.
Определите предложение, в котором одобрено мнение.
А) Жоқ, бұл нақты ақпарат емес. 
В) Қан құю орталығы қайда орналасқан?
С) Біз ертең қан құю орталығына барамыз.
D) Рас, ақпарат қан құю орталығынан алынды.
Болжалдық мəнін білдіретін сөйлемді анықтаңыз.
Определите предложение со значением предположения.
А) Мүмкін, сараптама жасаған болар. 
В) Əрине, екі рет сараптамадан өткіздік.
С) Өзіңіз білесіз, сараптама жасау керек.
D) Бəрімізге белгілі, сараптама жасаған жоқ.

53
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Лексика-грамматикалық бөлік. 
Тест тапсырмаларын талдау
Лексико-грамматический блок. 
Анализ тестовых заданий 
2
Синонимдердің қарапайым түрі
Айтылуы мен жазылуы əр алуан, бірақ мағыналары бір-біріне жақын, мəндес 
сөздер синонимдер деп аталады. 
Синонимдік қатарды құрайтын сөздер мазмұндары бір-біріне жақын, мəндес 
болып келеді. Ал қолданыста стильдік тұрғыдан ажыратылады. Мысалы, «күшті» сөзі 
физикалық тұрғыда адамның күштілігін білдіретін болса, «мықты», «берік» сөздері 
адамның шыдамдылығын, төзімділігін білдіруде де қолданылады. 
Синонимдер – заттар мен құбылыстардың қасиетін, сапасын, көлемін нақтылай 
анықтап, бір сөзді ретсіз қайталамай, құбылыстың бір-біріне ұқсас белгілерін таныту 
үшін, кейде эмоционалды-экспрессивті мəн беру үшін қолданылатын мағынасы 
ұқсас сөздер. Синонимдер лебізде заттар мен құбылыстардың ерекше белгілерін, 
мағыналық реңктерін таңбалау үшін жұмсалады. Мысалы: жақын, таяу, т.б.
♦ Сөйлемдегі «жай» сөзімен мəндес сөзді белгілеңіз.
   Найдите слово, близкое по значению слову «жай».
Бұл өзен жай ағады.
A) тез 
B) баяу
С) теріс
D) жылдам 
1) тез сөзі  - жай сөзіне қарсы мағыналы сөз;
2) баяу сөзі жай сөзімен мəндес;
3) теріс сөзі жай сөзіне мағыналас болмайды;
4) жылдам сөзі - жай сөзіне қарсы мағыналы сөз.
♦ Мəндес сөздерді табыңыз.
   Укажите слова, близкие по значению.
А) аспан, жер 
В) əлсіз, мықты
С) арнайы, əдейі
D) арттыру, кеміту 
1) аспан, жер сөздерінің мағыналары қарама-
қарсы;
2) əлсіз, мықты сөздері қарсы мағыналы;
3) арнайы, əдейі сөздерінің мағыналары жақын, 
бірінің орнына бірін қолдануға болады;
4) арттыру, кеміту сөздерінің мағыналары қарама-
қарсы.
♦ «Дос» сөзімен мəндес сөзді табыңыз.
   Найдите слово, близкое по значению слову «дос».
А) Інім келмекші. 
В) Жолдасым келді.
С) Қарындасым сабақта.
D) Атаммен бірге келдім.
1) іні – туыстық атау, дос сөзімен мəндес 
болмайды;
2) жолдас сөзі дос сөзімен мəндес; 
3) қарындас – туыстық атау, сондықтан «дос» 
сөзімен мəндес емес;
4) ата сөзі туыстық қатынасты білдіреді, 
сондықтан дос сөзімен мəндес емес.

54
1
2
3
4
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Укажите ряд слов, близких по значению. 
А) əзіл, ойнау
В) қалам, қалау 
С) бұйым, мүлік
D) кезінде, кейбіреу
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Укажите ряд слов, близких по значению.
А) қолдау, құптау
В) тоздыру, жаңалау
С) жуықтау, қашықтау
D) жақтырмау, жақтау
Мəндес сөздер қатарын табыңыз.
Укажите ряд слов, близких по значению.
А) ескеру, елемеу
В) есептеу, санау
С) қызару, бозару
D) жағыну, жадырау
Сөйлемдегі асты сызылған сөздің баламасын көрсетіңіз.
Найдите слово, эквивалентное подчеркнутому слову.
Қазіргі жастар – тəуелсіз еліміздің болашағы.
А) өткені
В) кешегісі 
С) келешегі
D) мəртебесі

55
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Тұрақты сөз тіркестері
Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, бір ғана мағынаны беретін, құрамындағы 
сөздердің орны тұрақты сөздердің тіркесі тұрақты сөз тіркестері деп аталады.
Мысалы: бармағын тістеу (өкіну), ақылға салу (ойлану), арқаны кеңге салу 
(асықпау), бауыр басу (үйрену), т.б.
•  Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа 
сөздермен ауыстыруға келмейді;
• 
тұрақты сөз тіркестері бір сөздің орнына ғана жұмсалады;
• 
тұрақты сөз тіркестері бір сөзбен берілетін ұғымды бейнелі, көркем түрде 
жеткізеді. 
Мысалы: батыр – жүрек жұтқан; момын – қой аузынан шөп алмас; жомарт – қолы 
ашық, т.б.
Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері мағынасы жағынан бірнеше тақырыптарға 
топтастырылады: 
І. Адамның жағымды, жағымсыз қимыл-əрекеттеріне байланысты тұрақты сөз 
тіркестері: жұлдызы оңынан туу – жолы болу, ағат кету – қателесу, алдынан қия өтпеу 
– сыйлау т.б.
ІІ. Адамның жеке басының қасиеттеріне қатысты тұрақты сөз тіркестері: жүрегінің 
түгі бар – батыр, кең пейіл – жомарт, тас бауыр – қатал т.б.
ІІІ. Адамның физикалық қалпын бейнелейтін тұрақты сөз тіркестері: тілі аузына 
сыймау – шөлдеу, діңкесі құру – шаршау, көз шырымын алу – аздап ұйықтап алу т.б.
ІV. Уақыт, кеңістік, өлшемді білдіретін тұрақты сөз тіркестері: ертеден қара кешке 
дейін – күні бойы; ит өлген жер – алыс, аспанмен таласқан – биік т.б.
V. Тамақ, киім, денсаулыққа байланысты тұрақты сөз тіркестері: жүрек жалғау – 
тамақтану, нəр татпау – аш жүру, ауыздан дəмі кетпеу – дəмді тамақ туралы т.б.
VІ. Табиғат, ауа райына қатысты тұрақты сөз тіркестері: ақ қар, көк мұз – қыс, 
аспан айналып жерге түскендей – қатты ыстық т.б.
VІІ. Еңбек, өмір, тағдыр дүние туралы тұрақты сөз тіркестері: еңбегі еш болу – 
босқа еңбектену, қолын жылы суға малу – жеңіл өмір сүру, маңдайына жазғанын көру 
– өмірдің ағымына көну т.б.
VІІІ. Отбасы, үйлену, дос туралы айтылатын тұрақты сөз тіркестері: тұла бойы 
тұңғышы – бірінші бала, шаңырақ көтерді – үйленді, екі туып, бір қалғаны – жақын 
туысы т.б.
♦ Асты сызылған тіркестің мағынасын көрсетіңіз.
  Определите значение подчеркнутого слова.
Апам үй тіршілігіне байланысты кеңес берді.
А) ойланды
В) ақыл қосты 
С) амал жасады
D) іске дайын тұрды
1) ойланды сөзі асты сызылған сөзге мəндес емес;
2) ақыл қосты тіркесі асты сызылған сөзбен мағыналас, сөйлем 
мағынасына қарай ақыл сөзі кейде кеңес мағынасында да 
қолданылады;
3) амал жасады тіркесі  асты сызылған сөздің мағынасына 
үйлеспейді;
4) іске дайын тұрды тіркесі  кеңес берді деген мағынаға сəйкес 
келмейді.

56
7
5
6
♦ «Өресі биік» тіркесінің беретін мағынасын көрсетіңіз.
   Укажите значение словосочетания «өресі биік».
А) өжет 
В) өткір 
С) ақылды
D) жарамды
 
1) өткір сөзі батыл мағынасында жұмсалады;
2) ақылды - ақыл-парасаты мол, есті, саналы 
деген мағынада қолданылады;
3) өжет – өткір, қайсар деген мағынада 
қолданылады;
4) жарамды - өресі биік тіркесінің мағынасына 
сəйкес келмейді.
♦ «Шаңырақ көтеру» тіркесімен мəндес сөзді белгілеңіз.
   Отметьте слово, близкое по значению выражению «шаңырақ көтеру».
A) үйлену 
B) үй салу 
C) үй сатып алу 
D) құрылыс жүргізу
 
1) үйлену сөзі шаңырақ көтеріп, отбасын құру 
мағынасында айтылады; 
2) үй салу тіркесі шаңырақ көтеру,  отбасын құру 
мəнінде қолданылмайды;
3) үй сатып алу тіркесі шаңырақ көтеру тіркесінің 
мағынасына үйлеспейді;
4) құрылыс жүргізу тіркесі  шаңырақ көтеру 
тіркесінің мағынасымен сəйкес емес.
«Құлақ салу» тіркесінің беретін мағынасын анықтаңыз.
Определите значение выражения «құлақ салу».
А) жазу 
В) көру
С) қарау
D) тыңдау
«Ауызға алу» тіркесінің беретін мағынасын анықтаңыз.
Определите значение выражения «ауызға алу».
А) айту 
В) білу
С) ойлау
D) түсіну
«Көзді ашып-жұмғанша» тіркесінің білдіретін мағынасын көрсетіңіз.
Укажите смысл выражения «көзді ашып-жұмғанша».
A) жай 
B) ұзақ
С) лезде
D) жақын

57
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
Қазақ тілінде көптеген зат есім етістіктерге жұрнақтар жалғану арқылы 
жасалады.
Етістіктерден зат есім жасайтын өнімді жұрнақтар:
1) -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе: түй+ме, мін+бе, бөл+ме, көр+ме, кес+пе т.б. 
Бұл форма – сын есім жасауда да (қызба адам, құрама команда т.б), етістіктің 
болымсыз түрін жасауда да (бар-ма, кел-ме) кездесетін омоним жұрнақтар. Мысалы: 
Ол менің бөлмемде отыр. Мына жеміс-жидектерді бөлмей, осылай жеткіз.
2) -ым/-ім – бұл жұрнақтардан, біріншіден, абстрактілі ұғымдардың атаулары 
жасалады. Мысалы: біл+ім, ұқ(ғ)+ым, кешір+ім, келіс+ім т.б. Екіншіден, нақты 
заттардың атаулары жасалады: бөл+ім, құрыл+ым, өн+ім, тіз+ім, ки+ім т.б.
3) -қы/-кі, -ғы/-гі: күл+кі, соқ+қы, ұйт+қы, құрыл+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б. 
4) -ыс/-іс жұрнағы қимыл атауын: айт+ыс, шайқа+с, жүр+іс, ту+ыс, дағдар+ыc т.б. 
жəне мекен, орын атауларын: айнал+ыс, құрыл+ыс, қон+ыс т.б. жасайды.
5) -қ/-к, -ық/-ік, -ақ/-ек. Нақты (деректі) зат атаулары: тара+қ, күре+к, сыз+ық; 
абстрактілі (дерексіз) ұғымдардың атаулары: сұра+қ, тіле+к, бұйр+ық, сана+қ, түсін+ік 
т.б.
6) -ыш/-іш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш, күйін+іш, сағын+ыш т.б.
7) -уыш/-уіш. Кейбір құрал-жабдық атаулары мен дерексіз зат есімдерді жасайды: 
өлше+уіш, желп+уіш, баста+уыш, баянда+уыш т.б.
♦ Етістіктен жасалған зат есімдерді белгілеңіз.
   Отметьте слова, корень которых образован от глагола.
А) билік, белдік 
В) бестік, бірлік 
С) күрек, тілек
D) қапшық, үйшік 
Ескерту! Қазақ тілінде бұл жұрнақтардан басқа да етістіктерден зат есім 
тудыратын өнімді, өнімсіз жұрнақтар бар. Мұнда ең жиі кездесетіндері 
ұсынылған.
1) билік, белдік сөздерінің түбірі зат атауын 
білдіреді;
2) бестік, бірлік сөздерінің түбірі заттың санын 
білдіреді;
3) жүрек, тілек сөздерінің түбірі – етістік, жұрнақтар 
арқылы зат есімдер жасалып тұр;
4) қапшық, үйшік сөздерінің түбірі заттың атауын 
білдіреді, сөзге кішірейту мағынасындағы 
жұрнақтар жалғанып тұр.
♦ Құрал атауын белгілеңіз.
   Укажите наименование предмета.
A) шаршы 
B) ұқыпты 
С) шанышқы
D) тыңдаушы
1) шаршы - өлшемге қатысты қолданылатын сөз;
2) шанышқы сөзі – ыдыстың атауы, тамақ жейтін 
ас құралы;
3) ұқыпты сөзі адамның қасиетін білдіреді;
4) тыңдаушы сөзі адамға қатысты айтылады. 
♦ Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.
   Вместо многоточия вставьте нужный аффикс.
Екі жаққа да тиімді келіс... жасалды.
А) -ты
В) -ім
С) -ым
D) -ық 
1) келіс сөзі жіңішке дыбыстардан құралғандықтан, 
жуан дыбысты қосымша (-ты) жалғана алмайды;
2) -ім қосымшасы келіс сөзіне жалғанып, жаңа сөз 
жасайды;
3) -ым қосымшасы жуан буынды болғандықтан, 
келіс сөзіне жалғанбайды;
4) -ық қосымшасы келіс сөзіне жалғанбайды, жуан 
буынды жұрнақ.

58
8
9
10
Қимылды білдіретін сөзден жасалған атауды көрсетіңіз.
Укажите слово, образованное от слова, обозначающего действие.
А) киім
В) аспаз
С) достық
D) құрмет
Етістіктен жасалған сөздерді көрсетіңіз.
Укажите слова, образованные от глагола.
А) жез, без 
В) кең, жазық 
С) күйік, көрік
D) алтын, күміс
Қимылды білдіретін сөзден жасалған атауды көрсетіңіз.
Укажите слово, образованное от слова, обозначающего действие.
А) əнші
В) ұшқыш
С) дəрігер 
D) домбырашы
Көмекші есімдер
Дербес лексикалық мағынасы əлсіреп, солғындап, басқа бір сөзге тіркесе 
қолданылатын сөздер көмекші есімдер деп аталады. Мысалы: алды, арты, маңы, 
қасы, жаны, асты, үсті, іші, сырты, төбесі, қарсысы, ортасы, арасы т.б.
Көмекші есімдер тəуелдік тұлғада тұрып, негізгі сөздермен ілік септігінің жалғауы 
арқылы тіркеседі: үйдің іші, дүкеннің қарсысы, мекеменің алды т.б.
Көмекші есімдер зат есімдер сияқты септеледі, көбінесе барыс, жатыс, шығыс, 
көмектес септік формаларында қолданылады. Мысалы: Дүкеннің алдына гүл екті. 
Қаланың шетінде үлкен өндіріс орны салынды. Ағаштардың арасынан екі бала 
шықты. Өзен бойымен жоғары шықтық. 
Көмекші есімдер сөйлем құрамында алдындағы сөзбен біртұтас мағынада 
қолданылып, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
   Дополните предложение.
Жаңа пəтерім жұмысымның ... орналасқан.
A) қасы
B) басында
C) жанында
D) сыртынан
1) қасы сөзі орналасқан сөзімен тіркесе алмайды; 
2) басында сөзі сөйлем мағынасына сəйкес 
келмейді;
3) жанында сөзі сөйлем мағынасымен сəйкес, 
орналасқан сөзімен тіркеседі;
4) сыртынан сөзі жұмысымның сөзімен тіркес түзе 
алмайды.

59
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
♦ Сөйлемді толықтырыңыз.
   Дополните предложение.
Сырдария өзенінің ... балық өндіріледі.
А) ішінде
В) бойында
С) ортасын
D) арасында
1) ішінде сөзі сөйлем мағынасына сəйкес емес;
2) бойында сөзі сөйлем мағынасына сəйкес, «өзенінің» сөзімен 
тіркеседі;
3) ортасын сөзі табыс септігінде тұрып, алдыңғы сөзбен тіркесе 
алмайды;
4) арасында сөзі сөйлем мағынасына үйлеспейді.
♦ Дұрыс құрылымды белгілеңіз.
   Укажите правильный вариант.
A) жолдың арты 
B) вагонның іші 
С) пойыздың түбі 
D) жолсеріктің сырты
1) жолдың арты – тілде мұндай қолданыс жоқ;
2) вагонның іші – дұрыс тіркес, мағынасы айқын ;
3) пойыздың түбі – мұндай ұғым жоқ, бұлай қолданылмайды;
4) жолсеріктің сырты – дұрыс құрылым емес, мұндай қолданыс 
жоқ.
Сөйлемді толықтырыңыз.
Дополните предложение.
Алматыда көшелердің ... апорт көшеттері отырғызылып жатыр.
А) ішіне 
В) бойына
С) арасында
D) ортасында
Дұрыс құрылымды белгілеңіз.
Укажите правильный вариант.
A) кешкі астың алдында
B) кешкі астың ішінде
С) кешкі астың сыртында
D) кешкі астың астында
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужное слово.
Жаңа пəтерім жұмысымның ... орналасқан.
A) жанында
B) басында 
C) бойынан 
D) сыртынан
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет