Байлауда тұрған сиырдың тұншығу (асфиксия) әсерінен
болған өлімін сараптау мысалы.
Бір мал шаруашылығында жұмыс күнінің соңында (19 сағат 30
111
минут) бас ветеринарлық дәрігер мен бас зоотехник, ірі қара мал
фермасының жағдайын тексеру кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдары
(кеңірдек) қатты қысылған, байланған шынжырда ілініп тұрған сиыр
өлексесін анықтаған. Өлексе жылы, сіресу белгілерінсіз. Сиыр өлексесін
жарып-сою кезінде асфиксияға тән патологоанатомиялық белгілер
анықталған: іркілмелі (венозды) гиперемиямен байланысқан (көз, ауыз
және мұрын қуысы) көзге көрінетін кілегей қабықтардың цианозы;
көмірқышқылымен
қаныққан,
эритролизге
байланысты
ауада
гемоглобиннің бос оттегімен тотығу нәтижесінде ал-қызыл түске
айналатын, ұйымаған қара-қызыл түсті қан; демігу нәтижесінде пайда
болған жоғарғы қан қысымы әсерінен байқалған, эпи- және эндокард
астында, плеврада, үлкен тамырлар (Тардье дақтары) маңында нүктелі
және ұсақ дақты қан құйылулар (петехия); жоғарғы тыныс алу
жолдарында ашық-қызыл түсті көбікті массасы бар өкпе қабынуы,
альвеолярлы эмфизема, жіті іркілмелі гиперемия.
Шынжырмен қысылған жердегі мойын маңындағы терісін
алғаннан кейін, шынжыр іздері бар ойық немесе стронгуляциялық атыз
және оның маңайындағы жұмсақ ұлпалар гиперемияланғаны, ісінгені
және қанталағаны байқалған.
Мамандардың шешімі бойынша, бұл жазатайым оқиға фермадағы
күзетшінің мас болуынан және сиырға дұрыс қарамауынан болған. Олар
фермадағы шығынды өтеу мақсатында, күзетші үстінен сотқа шағым
берді. Алайда тергеу жұмыстары барысында күзетші өзінің жұмыс
уақытын сағат 15-те аяқтап, фермада жеке шаруалармен қалғаны
анықталды. Жануар өлексесінің жағдайын (негізгі екінші және үшінші
өлімнен кейін байқалатын себептерінің жоқтығы) ескере отырып,
сарапшы жануар өлімі 19 сағатқа дейін (1,5-2 сағаттан көп емес) уақытта
байқалған деген қорытындыға келген. Жануар өлімі күзетшінің жұмыс
уақыты аяқталғанда болғанын және ауысым күзетшісі белгіленбегенін
(мамандардың қателігінен), сол себептен жазатайым оқиға үшін заң
бойынша жауапкершілігі жоқ екендігін сот ескерді Сот
келесідей
шешім қабылдады: жануар өліміне байланысты күзет кезекшілігін дұрыс
қойылмауы, осыған байланысты материалдық шығынды өтеуді бас
дәрігер мен зоотехникке теңдей төлеуге (50 пайыз) жүктеген;
мамандарға фермада мас күйінде жүрген бақташымен тәрбие
жұмыстарын жүргізу белгіленді.
Суға батқан жануар өлексесін сараптау. Суға бату дегеніміз
тыныс алу жолдарының сұйықтықпен жабылуы, өз кезегінде
сұйықтықтың тыныс алу жолдарына, альвеолалар мен жануар қанына
түсуі нәтижесінде болған, обтурациялық асфиксияның бір түрі. Өлімнің
себептері – тыныс жолдарының сумен жабылуы, сұйықтық
аспирациясы, тыныс алу, қан айналу және орталық жүйке жүйесінің
қызметінің бұзылуы, асфиксия. Суға батқан кезде асфиксия алдындағы
кезең анық байқалып, ұзаққа созылады, себебі теріге судың әсер етуі
112
тыныс алуды рефлекторлы тежейді, кейін тырысу белгілерімен
инспираторлық демігу кезеңі дамиды, экспираторлы демігу әлсіз
байқалады және ауа көпіршіктерінің шығуымен сипатталады.
Инспирация кезінде тыныс алу тесіктерін жабатын су немесе
басқа да сұйықтықтар, тыныс алу жолдарына сіңіріліп, альвеолаларға
жетеді де, өкпені созады. Аспирацияланған сұйықтық мөлшері суға бату
ұзақтығы, терминалды тыныс алу саны мен күшіне байланысты өзгеріп
отырады. Альвеолаларға жеткен сұйықтық, альвеолалық эпителий
жасушаларының арасындағы тесіктер арқылы өтеді және лимфалық
жолдар мен өкпе капиллярларының қанына, ал ол жерден жүректің сол
жақ жартысына, кейіннен қан айналымының үлкен шеңберіне өтеді.
Өкпе арқылы қанға сумен қатар өсімдіктекті (фитопланктон),
жануартекті (зоопланктон) өте ұсақ ағзалар, сонымен қатар суда
болатын өзге де қоспалар, яғни шаң-тозаң бөлшектері, балшық және
басқа да қоспалар. Инспирация сұйықтығының күшті қысымынан
альвеолалар қабырғасы жыртылады және осы кезде бөгде денелер
өкпенің аралық ұлпасына енеді. Жануардың суға батқаннан өлгенге
дейінгі кезеңнің ұзақтығы шамамен 5 минутты құрайды.
Суға батқан жануарлардың өлексесін соттық-ветеринариялық
жарып-сою кезінде келесіні ескеру қажет. Өлексенің суда болу
ұзақтығына байланысты әртүрлі дәрежедегі терінің ісінуі мен
борпылдауы, жүндерінің түсуі, өлексенің қампиюы және газ түзілудің
біртіндеп үдей түсуі, су беткейіне қалқып шығуы.
Жоғарғы тыныс алу жолдары және қосалқы қуыстарда көп
мөлшерде сұйықтықтың және ұсақ көпіршікті көбіктің жиналуына,
беткейінде қабырға таңбалары бар өкпенің жіті альвеолярлық
эмфиземасына, сонымен қатар жанталасу кезеңінде қарында жұтқан
сұйықтықтың болуына көңіл аударады. Ішкі ағзалар - жіті венозды
гиперемия және гидремияның айқын белгілерімен. Келесі құбылыстар
байқалады, плевра мен эпикард астында ірі дақты қанталаулар, көкірек
және құрсақ қуыстарында көп мөлшерде жиналған транссудат және
механикалық асфиксияға тән өзге де белгілер.
Жануардың суға батқанын нақты анықтау үшін жүргізілген
зертханалық зерттеулер нәтижесінде, су қоймасында және суға батқан
жануардың өлексесінің тыныс алу жолдарының сұйықтығында, қанда
және ішкі ағзаларда (өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек, көк бауыр) фито және
зоопланктондарды анықтау. Сондай-ақ сұйықтық пен қанның әр түрлі
бактериалармен, шаң-тозаңмен және өзге де бейорганикалық
қосылыстармен ластануы маңызды.
Суға батуды балау кезінде
жануар ағзасындағы патологиялық үрдіс пен ауруларды ескерген жөн,
өйткені асыл тұқымды жануардың суға батуы сирек кездесетін жағдай
және мұндай жайттар жануарларға жауап беретін күтіп-бағушылардың
өз жұмыстарына салғырт қарауынан туындауы мүмкін. Ауру
жануарлардың батып кетуі өте жеңіл өтеді, сау малға қарағанда, мысалы
113
көптеген жануарларды суару мақсатында немесе өзендер арқылы айдап
өткенде кездеседі. Бұндай суға батулар кенеттен болуы мүмкін және
оған бейжай қарауға болмайды, сондықтан болжанбаған кездейсоқтық
деп есептеледі. Сарапшы өзінің қорытындысында, жануарлар
организмінде осындай суда жүзу сияқты толық емес, физикалық
ауыртпалықтың болатынын көрсетуі тиіс. Ескеретін жағдай, жоғары
тыныс алу жолдарынан және асқазан жолдарынан су немесе өзге де
сұйықтық табылса, бұл батудың негізгі дәлелі болып саналмайтынын
білу керек. Өлген жануарларды суға тастағанда жоғары тыныс алу
жолдары мен асқазанында да су мен сұйықтық кездесуі мүмкін.
Сонымен, жануарлардың суға батуынан болатын өлімді, кенеттен судан
өлуі немесе басқа да патологиялық процестердің жүруі және жалпы
жағдайына қарау қажет.
4.3 Кенеттен өлу оқиғаларының сипаттамасы
Жануарлардың бағып күтетін және бақылайтын тұлғалардың
ойламаған жерінде өлуі, кенеттен болған өлім деп атайды. Әдетте өлім
белгілі бір аурулардан пайда болып, оның соңы өлімге әкелетінін
белгілі, ал, кенеттен болатын өлім ол басқа ауруларға қарағанда тез
арада өліммен аяқталады.
Кенеттен болатын
өлімнің келесі себептері болуы мүмкін: шок, ішкі мүшелердің жарылуы,
тамырлар тромбозы, жүрек бұлшық етіндегі дистрофиялық өзгерістер,
өте тез өтетін инфекциялық аурулар және басқа да аурулар.
Шок нәтижесінде болған өлім. Шок деп - организмнің бүкіл
тіршілік функцияларының кенеттен қозуын айтады. Шок орталық жүйке
жүйесінің тым қозуының нәтижесі, ол орталық жүйке жүйесінің немесе
перифериялық жүйелердің қандайда бір бөліктерінің тым қозуы кезінде
рефлекторлық жүйе ретінде пайда болады.
Шоктың пайда болу себептері: механикалық зақымдалу, күйіктер,
токтың әсер етуі, сәйкес келмейтін қанды құю және т.б.
Шоктың клиникалық байқалуы, себебіне тәуелді емес, келесідей
байқалады: ең алдымен, яғни себептің әсерінен кейін, жануарларда көп
біліне бермейтін қозу сатысында (эректильді фаза) жүйке шеттерінде
немесе жүйке жүйесінің тым тітіркенуі нәтижесінде пайда болуы
мүмкін. Осы сатыдан кейін бірден торпидті фаза басталады. Соңы
орталық жүйке жүйесінің салдану фазасымен (параличтік фаза)
аяқталады.
Шок кезінде ұлпалардың зақымдалуы нәтижесінде жарақаттың
орнын көруге болады. Егер жарақат аз қансыраумен өтсе, онда құрсақ
қуысының ағзаларында, бастысы бауыр, бүйрек, көкбауыр, өкпе,
орталық жүйке жүйесі тамырларында қанның жиналуы немесе ұюы
байқалады. Күйік әсерінен болған шок үшін күйік ауданының айқын
болуы тән.
114
Гематотрансфуздық шок кезінде гемолиз, өкпе домбығуы,
плевраның, эпикардтың астында, ішектің кілегей қабатында көптеген
қанталаулар байқалады.
Гистологиялық зерттеу кезінде айқын байқалатын өзгерістер
екіншілік шок кезінде немесе өлер уақытында, біраз клиникалық
белгілері көрінгеннен кейін шок байқалады. Бұл уақытта бауырдың
дискомплексті арқалық құрылымы анықталады, яғни, бауырда ұсақ
тамшылы майлардың көбеюі, бүйректің Шумлянский капсуласында
сұйықтықтың жиналуы, жүрек бұлшық етінің гомогенизациясы мен
фрагментациясы, бас миындағы жүйке талшықтарының (хроматолиз,
жасушалардың өлуі) дегенерацияға ұшырауы пайда болады.
Шок кезінде патологоанатомиялық өзгерістер спецификалық емес
және олар жиі тұрақты болмайды, сондықтан «шок» диагнозын шоктың
клиникалық бейнесі, шокты тудырған себептер болғанда және жарып-
сою нәтижесінің зерттеулеріне қарап қояды.
Шокты балау кезінде ең алдымен жануарда шок жағдайын
тудырған себептерін анықтайды (күйік, жарақат және өзге ақуызды
енгізу және т.б). Кейіннен шоктың жағдайы дамыған шоктың шарттарын
зерттейді.
Шоктың пайда болуына әкелетін факторлар: қан жоғалту,
салқындау, шамадан тыс қиналу, интоксикация. Осыдан кейін шоктың
клиникалық пайда болу сатыларын және фазаларын белгілейді. Олар -
эректильді, торпидті және салдану. Содан кейін жарып-сою нәтижерімен
салыстырады және осы мәліметтерді жалпылап, қорытынды жасайды.
Ішкі мүшелердің жарылуынан болған өлім. Ішкі мүшелердің
жарылуы - асқазанның, бауырдың, көкбауырдың, жүректің, бүйректің-
жиі жарақат кезінде, сирек жағдайда дистрофия және мүшелердің
үлкеюімен бірге болатын ауруларда кездеседі.
Ішкі органдардың жарылуынан болған өлімді анықтау барысында
міндетті түрде, соңғысын гистологиялық зерттеуден өткізу міндетті
болып саналады. Бұл зерттеу нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді,
яғни жарылу қалыпты ағзада болды ма немесе патологиялық үрдіс
дамыған соң болғанын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Асқазанның жарылуы. Жиі жылқыларды көп мөлшерде газ түзетін
немесе бөртілетін азықпен азықтандырғанда байқалады. Асқазанның
жарылуы ол тірі кезінде де немесе өлгеннен кейін де болып жатады.
Тірі кезіндегі асқазан жарылуда оның шеттері түзу емес, қанмен
қаныққан болады. Жарылған жерге келетін қан тамырлары бос болып
тұрады. Асқазан ішіндегілері ішек байламдары арасында тепе-тең
араласқан болады.
Ал өлгеннен кейінгі асқазан жарылуда шеттері қанмен
қанықпаған, жанындағы қан тамырларында қан болады. Асқазанның
ішінде белгілі бір сұйықтық болмаса, ол жарылудың маңайындағы іш
майда болады.
115
Бауырдың жарылуы. Жарақаттар кезінде, сонымен қатар
бауырдың амилоидозбен зақымдалған кезінде байқалса, ал тауықтарда
түйірлі немесе майлы дистрофияларында кездеседі. Глиссондық
капсуланың тұтастығы сақталып, тек бауырдың паренхимасы ғана
жарылуы мүмкін. Бұл жағдайларда қан бауыр капсулаларының астында
жиналып, ағзаның қылыңдығында гематомалар түзеді. Бауыр
капсуласының жарылуы кезінде құрсақ қуысына қан құйылады және сол
жерде ұйып қалады. Жарылған шеттері қанға толған.
Көкбауырдың жарылуы. Жарақаттан басқа, жарылу себептері
болып кейбір ағзалардың кенеттен ұлғаюымен байқалатын аурулар,
мысалы, гемоспоридиоз, лейкоз, сепсис және т.б жатады. Жарылған
жердің шеттері тегіс емес, қанға толған, құрсақ қуысында ұйыған қан
жиналған болады. Көкбауырдың жарылуы көбіне сауығумен аяқталады.
Кей жағдайларда көкбауырдың жарылған жерінде тыртық қалуы мүмкін,
кейде өзіне іш майды да қосып алады.
Жүрек жарылуы. Қатты жарақаттарда және сирек жағдайда жүрек
бұлшық етінің дистрофиясында кездеседі. Жарылған жердің шеттері
қанға сіңген. Жүрек қуысында аздаған мөлшерде қан ұйындылары
кездеседі. Өлім жүректің тампонадасы кезінде байқалады.
Бүйрек жарылуы. Белдің аумағындағы қатты соғылулар, жалпы
жарақаттар алу кезінде байқалады. Мысалы, автотранспорттық соққы
кезінде және салыстырмалы түрде сирек бүйректің патологиялық
процесі кезінде. Кей уақытта бүйректің жарылу себептері жеңіл
соққыдан патологиялық процеске дейін келуі мүмкін. Әдетте бүйрек
қыртысының паренхимасы жарылады. Жарылу орны қанға толған,
саңылаулы. Қан фибринозды капсулаға жиналады. Ал фибринозды
капсуланың жарылуы ол өте сирек болатын жағдай.
Ірі қан тамырларының жарылуынан болатын өлім. Бұл
процесстің жүруі көбіне патологиялық процесстерге тікелей байланысты
болып келеді немесе қандай да бір зақымдалған қан тамырларында
болуы мүмкін. Өзгермеген қан тамырлары жүрекке ауыр күш түскен
уақытта жарылуы мүмкін. Мысалы, жылқыларды алатын болсақ, ауыр
жұмысқа жеккен кезде қан тамырларында тарылуы пайда болып, аорта
жарылуы мүмкін. Жарылу көбіне жүректің жарты айшықты
қақпақшасында болады. Жарылған шеттері тамырдың сыртынан
инфильтрленген қанмен толған болады. Қан жүрек қуысына келіп
құйылады.
Патологиялық үрдіспен өзгерген қан тамырлары зақымданған
жерінде жарылады. Себебі әртүрлі болуы мүмкін. Жылқылар және
иттерде қан тамырларының жарылуы жиі паразиттермен залалданған
уақытта болады: жылқыларды-стронгилидтермен, ал иттерде -
спироцеркпен. Сонымен қатар, ірі қара малда жарылудың себебі ірі қан
тамырларының ісікпен, туберкулез ошақтарымен зақымдануы болып
табылады. Көптеген жануарлар мен құстарда оның әртүрлі
116
саңырауқұлақтармен зақымдалуы да негізгі себеп болады, мысалы,
Aspergillus, Mucor және т.б.
Қан тамырларының жарылуынан өлген жануарларды жарып-сою
барысында, барлық органдар анемиялы, жақсы қансызданғаны
анықталады. Ал жарылған жердің қуыстарында қан ұйындылары
кездеседі. Кей жағдайларда қан ұйындылары жарылған жерден алшақ
жерде
жиналады.
Мысалы,
жылқылардың
ауа
қапшығының
аспергиллезді зақымдануында жарылған ірі қан тамырдағы қан хоана
арқылы жұтқыншаққа өткен және жұтылған. Жылқы өлексесін жарып-
сою кезінде асқазаны қанға толы болды. Ірі қан тамырларының жарылуы
тек қана қан аздықтан ғана емес, қан қысымының төмендеуінен де пайда
болады. Мысалы, миға аздаған мөлшерде ғана қан кетсе, өлу қауіпі жиі
кездеседі.
Жіті және созылмалы өтетін аурулардан болатын кенеттен
өлім. Жіті өтетін аурулар көп жағдайда инкубациялық кезеңдері мен
аурудың клиникалық байқалу уақыты қысқа түрде өтетін, жіті
инфекциялық ауруларда кездеседі.
Кенеттен өлім туындататын жағдайлар- сібір жарасы, шошқа
тілмесі, пастереллез және тауық обасы, ботулизм кезінде орын алады.
Сонымен қатар, синиль қышқылымен уланған жағдайда және т.б.
болады.
Кенеттен өлім әдетте, бас миы мен жүректің зақымдануы кезінде
болады. Мысалы, сібір жарасының бастапқы формасында бас миы мен
ми қатпарларында қанталаулар кездесіп жатады. Шошқа тілмесінің ақ
формасында миокард және т.б зақымданады. Жарып - сойып тексеру
кезінде ауруға тән белгілер көріне бермейді, оларды тек мұқият
тексерген уақытта байқауға болады, бірақ күнделікті емес. Өлексені
жарып-сою кезінде осы ауруға тән өзгерістер де және теріс бейнелер де
анықталады.
Кенеттен болатын өлім созылмалы ауруларда тіршілікке маңызды
ағзалардың зақымдануынан және қан тамырлары қабырғалары
қанталағанда болады.
Ірі қара малдың аяқ астынан өлуі травматикалық ретикулит және
перикардит әсерінен болуы ықтимал. Бұл көбіне өткір заттардың
диафрагма арқылы өтіп, жүрек бұлшық еттерін зақымдап, жүрек
қуысының коронарлы тамырларында қан ұйындалары және де жүрек
қабырғасында өтпелі тесілу кезінде орын алатын жағдайда кездеседі.
Нәтижесінде қан ұю процесі жүрек тампонадасынан өлімге әкеледі. Көп
жағдайда перикард пен миокардтың жарақаттануы созылмалы
фибринозды және іріңді процесс туғызуы мүмкін.
Қан тамырларының тромбоэмболиясынан болатын өлім.
Кенеттен болатын өлім аса маңызды ағзаларда (көктамыр, өкпелік және
ми) артерия тамарларының тромбоэмболиясы кезінде пайда болады. Бұл
жағдай негізінен адамдарда жиі кездеседі, ал жануарларда сирек
117
жағдайда
ғана
тіркеледі.
Шажырқай
артериясының
тромбоэмболиясынан болатын құрысу әсерінен өлімге әкелмейді.
Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы кезінде ірі қара малдың
тромбтарының жұлынуы немесе малдың төлдеуінен кейін пайда
болатын тромб және жылқыларда жамбас веналарының тромбозынан
және препуция кезінде байқалады. Бірақ көп кездесе бермейді. Ұсақ
көктамырлардың (вена) өкпелік артерия кезінде байқалмай өтеді. Өкпе
артериясының ұсақ тармақтарының бітелуі әдетте байқалмай өтеді;
негізгі талшықтардың саңылауларының жабылуы ауыр инспираторлы
демігуге, тұншығу белгілерімен, пульстің шамадан тыс жиілеуіне әкеліп,
өлім себебі тұншығу болады. Жарып-сою кезінде өкпе артериясының ірі
талшықтарының жарықтарынан эмболды көруге болады. Аталған қан
тамырлардағы тромбоэмболияның дамуының алдын алу мүмкін емес,
өйткені терең орналасқан веналардың тромбоз үрдісін диагностикалау
қиындықтар туғызуына байланысты.
Жануарлардың майлы эмболиясы жеткілікті зерттелмесе де, бірақ
оның кенеттен болатын өлімге себеп болу мүмкіндігі теріске
шығарылмайды. Жілік майына бай түтікшелі сүйектердің сынуында,
май жасушаларының жарақаттарында және операциясы кезінде майлы
эмболия болады. Көктамырға түскен май тамшысы өкпе қылтамырына
жүрек қанайналымы арқылы түсіп бітеп тастайды. Анаксия себебінен
кенеттен болатын өлім 2/3 капиллярдың бітелуі болған жағдайда ғана
болады деп есептеледі. Кері жағдайда кіші шеңбердегі қанайналым
қалпына келіп және май тамшылары қайта сіңіріледі.
Кіші қанайналым шеңбері арқылы май тамшыларының кейбір
бөлігі өтіп, қан арқылы миокард капиллярына және орталық жүйке
жүйесіне енуі мүмкін. Сұр түсті ұсақ инфаркт түрінде шығатын ошақ
тіліктерінде гиперемияланған ұлпалар қызыл түсті жиектермен
қоршалып және қанайналымның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Препараттарды
гистологиялық
зерттеулерінде
өкпе
капиллярларындағы және басқа ағзалардағы май эмболдары, Судан III-
пен боялғанда анықталады. Орталық жүйке жүйесінде май
эмболдарының болуы препараттың сондай-ақ түсіне байланысты. Зат
шынысында созылған капиллярдағы бүйірлі ми қарыншаларының қан
тамырларының бірігіп кетуінен майлы эмболдар байқалады.
Ауа эмболиясы күре көктамырға ауа түсу кезінде терең демалу
болса, мысалы қан алу немесе күре тамырға құю кезінде басталуы
мүмкін. Сау жануарларда салыстырмалы түрде ауаның көп мөлшерде
түсуі (иттерде 5–20 мл, жылқыларда 1 л және одан да көп) ешқандай да
зиянды салдарға алып келмейді. Қан арнасына түскен ауа із-түссіз
сіңіріліп кетеді. Сонымен қатар, шұғыл түрде инъекция кезінде шприцте
болған бірнеше миллилитр көлемінде ауаның күре тамырға еніп, ауа
салдарынан өкпе капиллярларының және миокардтың бітелуінен
кенеттен өлімге әкелген.
118
Жүрек қуысында ауа бар-жоғын анықтау үшін, өте ерекше су
астындағы әдістемесі арқылы тіліп қарауға тура келеді. Жүрек қабының
шегіне дейін кішкентай ғана тесік арқылы су құяды. Оң қарынша
қабырғасында скальпельмен тесік жасап, жүрек қуысынан ауа
көпіршіктері шығып жатқанын қадағалау қажет. Теріні алғанша және
басқа
операциялар
жасалғанға
дейін
ірі
көктамырлардың
зақымдануларымен байланысты мұндай зерттеулер жүргізіліп тұру
қажет. Сонымен қатар жүрек қарыншаларындағы қанның көпіршіктері
арқылы ауа эмболиясының бар екендігін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |