Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
index


 
9.2 
Қаңқа 
сүйектері 
құрылысының 
анатомиялық 
ерекшеліктері бойынша еттің түрін анықтау 
 
Сараптамаға ұшаның бөлігін әкелген жағдайда еттің түрін сүйектері 
бойынша  анықтайды.  Ұшаның  ірі  бөліктері  болған  жағдайда  нәтиже 
анық  болады.  Ветеринарлық  дәрігердің  тәжірибелік  жұмысы  кезінде 
сиыр  етін  жылқы  етінен,  қой  етін  –  ит  етінен,  үй  қояны  етін  –  мысық 
етінен ажырату қажет болады.  
Әр  түлік  малдың  етін  анықтауда  сүйектердің  анатомиялық 
құрылысы  ең  жеңіл  әрі  кең  таралған  әдіс  болып  табылады.  Ол  үшін 
ветеринариялық  санитарлық  сараптауда  әртүрлі  жанарлардың  сүйектер 
жиынтығы  немесе  сипаттамасы  берілген  қаңқа  құрылысының  суреті 
болу керек. Әр түрлі жануарлар етін түр сипатына байланысты шикілей 
етін  сылып  алып  және  қайнатылған  сүйектерге  де  қарап  анықтауға 
болады. 
Еттің жалғандығын анықтау мақсатында еттің түрін ұшаның толық, 
жарты немесе  ¼ бөлігінің сыртқы белгілеріне қарап анықтауға болады.  
Бұл үшін келесі белгілерді қолданылады: 
Жылқы мойны ұзын, тар, тері асты торшаларында дәнекер ұлпалары 
жақсы  дамыған,  май  қабатымен  жабылған;  сауыры  кең,  шығыңқы, 
құйымшақ  сүйегі  көрінбейді.  18  жұп  қабырғасы  бар,  енсіз,  жұмыр, 
мойны қысқа бір-біріне жақын орналасады; 
ірі  қара  малдарда  (жылқылармен  салыстырғанда)  мойны  қысқа, 
жалпақ,  жуан,  жоғары  бетінде  май  болмайды,  құйымшақ  сүйегі  бірден 

 
184 
көрінеді.  Ірі  қара  малдарда  қабырға  саны  13  жалпақ,  ара  қашықтығы 
алшақ; 
қойларда мойны жіңішке, ұзын және дөңгелек;  
иттерде  мойны жуан, қысқа; 
Н.Н.  Мари  (1929)  мәліметтері  бойынша  әр  түлік  малдың  етін 
сүйектері бойынша негізгі ажырату белгілері 4-кестеде көрсетілген.  
Бірінші  және  екінші  мойын  омыртқалары,  кеуде  омыртқалары, 
құйымшақ  сүйегі,  шынтақ  сүйегі  және  кәрі  жілік,  төс  сүйегі,  бел 
омыртқа,  тізе  сүйектері  және  қабырға  сүйек  қаңқалары  арқылы  жылқы 
етін сиыр етінен айыруға болады (4-кестені қар.). 
 
4 – кесте. Жылқы мен ірі қара мал сүйектерінің бір-бірінен 
айырмашылығы 
 
Сүйек 
Жылқы 
Ірі қара мал 
Ауыз омыртқа 
(атлант) 
Қанатында  алдыңғы    және 
артқы  тесіктер  бар,  алдында 
омыртқа 
аралық 
тесік. 
Атлант шұқыры терең 
Шұқыры 
таяз, 
артқы 
қанаттың тесігі жоқ 
Екінші мойын 
омыртқа 
(эпистрофей) 
Тісше өсіндісі қашау тәрізді   Тісше 
өсінді 
жартылай 
цилиндр тәріздес 
Кеуде 
омыртқалары 
Омыртқалар саны 18 (17-19). 
Жоталық  өсінділердің  ұшы 
жуан, бір-біріне тиіп тұрады, 
артқы жиектері доғал.  
Омыртқалар  саны  13  (14). 
Жоталық  өсінділері  артқа 
қарай 
жантайған. 
Артқы 
жиектері  қырлы,  жалпақ., 
бір-бірінен 
алшақ 
орналасады. 
Құйымшақ 
сүйегі 
Тегіс  
Шығыңқы  
Төс сүйегі  
Екі 
бүйірі 
қысыңқы, 
алдыңғы  бөлігінде  адыры 
бар, 
қабырға 
шеміршектеріне 
арналған 
буындық беттері болады 
Жалпақ, адырсыз 
Жауырын 
Қыры  бірте-бірте  жауырын 
мойнына ауысады 
Қыры 
шығыңқы 
бұрыш 
тәрізденіп  бітеді  (акромион). 
Пішіні үшбұрыш. 
Тоқпан жілік 
Үш  төмпешігі  бар  өсінді 
сүйектің  жоғары  бөлігінің 
соңында  ұршығы  жақсы 
дамыған  
Екі  төмпешікті  өсіндісі  және 
ұршығы бұдырлы 

 
185 
Кәрі жілік және 
шынтақ сүйек  
Шынтақ  сүйек  кәрі  жіліктің 
жартысына ғана жетеді. Кәрі 
жіліктің  төменгі  жағының 
кесіндісінде  торлы  құрылыс 
байқалады.  
Шынтақ  сүйек  кәрі  жіліктің 
соңына  дейін  жетеді.  Кәрі 
жіліктің  кесіндісінде  торлы 
құрылыс байқалмайды. 
Ортан жілік 
Жуан қисық цилиндр тәрізді, 
үлкен,  кіші  және  үшінші 
ұршықтары 
бар. 
Үлкен 
ұршық  екі  бөлікке  бөлінген. 
Ұршық 
қыры 
болмайды 
Жілік  басындағы  шұңқыр 
ойықпен алмасады. 
Үлкен  үйіргіш  ойық  арқылы 
ортаңғы үйіргішке бөлінеді.. 
Цилиндр  тәрізді,  қырлары 
мен  төмпешіктері  кішкене. 
Жілік  басы  мойын  денесінен 
бірден шектетілген, дөңгелек 
байланыс  шұңқыры  жілік 
басының 
ортасында 
орналасқан.  Үлкен  ұршық 
екіге бөлінбеген және ұршық 
негіздемесінде 
шұңқыры 
таяз.  Кіші  ұршық  жіліктің 
медиальды 
бетінде 
орналасқан. 
Шап байламы   Кесіндіде 
тура 
сызықты 
пішінді  
Кесіндіде  пішіні  майысқан, 
сынық сияқты 
Тізе сүйектері  Үстіңгі  қатарда  4,  төменгі 
қатарда  4  кейде  3  сүйек 
орналасқан.  Барлығы  7-8 
сүйек 
Үстіңгі  қатарда  4,  төменгі 
қатарда  2  сүйек  орналасқан. 
Барлығы 6 сүйек 
Қабырға 
Жұмыр,  енсіз.  Қабырғалар 
саны – 18 
Жалпақ,  арақашықтықтары 
алшақ. Қабырғалар саны – 13 
 
Қой (ешкі), шошқа еттерінің ит етінен айырмашылығын кеуде, бел 
омыртқалары,  жауырын,  құйымшақ  және  төс  сүйектері  арқылы 
анықтауға болады  (5 кестені қар.). 
 
5  -  кесте.  Шошқа,  қой  және  ит  сүйектерінің  бір-бірінен 
айырмашылықтары 
 
Сүйектің 
атауы 
Шошқа  
Қой  
Ит 
Кеуде 
омыртқала 
ры 
Жоталық өсінділері 
жалпақ,  көлденең 
өсінділерінің 
түбінде 
тесіктер 
болады, 
омыртқалар  саны 
14-17 
 
Омыртқа  саны  –  13-
14,    1-ден  10-шы 
жоталық  өсінділері 
омыртқаға 
дейін 
артқа,  ал  қалған 
омыртқалар 
вертикалды 
бағытталған, 
омыртқа 
аралық 
тесіктері бар.  
Омыртқа  саны  –  13,  
жоталық  өсінділері 
мен  денесі  доғал, 
10-шы 
омыртқаға 
дейін  артқа  иілген, 
Соңғы 
омыртқаларда 
қосымша  өсінділер 
мен  емізікше  жақсы 
дамыған. 

 
186 
Бел 
омыртқалар
ы 
Жоталық өсінділер  
денеге 
перпендикулярлы 
орналасқан және 
жоғары қарай 
созылған. Олардың 
саны– 5-8,  
көлденең өсінділер 
төмен қарай азырақ 
иілген. Олардың 
негізі артқы 
бөлігінде 
кішкентай ойықтар, 
құйымшақта 
тесікше құрайды.  
Омыртқа  саны  –  6, 
жоталық  өсінділер  
денеге 
перпендикулярлы 
орналасқан 
және 
жоғары 
қарай 
азырақ 
созылған, 
қатпарлы, 
құйымшаққа  қарай 
ұлғаяды.  Көлденең 
өсінділер  алға  қарай 
етік 
тәріздес 
пішінді. 
Омыртқа 
денесінің 
вентральдік 
жағында  дорсальды 
бағытқа  иілген  жота 
анық көрінеді 
Омыртқа  саны–  7, 
жоталық  өсінділер  
алға 
бағытталған,  
жоғарғы 
жағы 
қысыңқы. 
Каудальды 
буын 
өсінділері  астында 
қосымша  өсінділер 
орналасқан. 
Көлденең-қабырға 
өсінділері 
қысқа 
біріншіден  соңынан 
екінші 
өсіндіге 
дейін 
біртіндеп 
ұзарады, 
жоғары 
және 
төмен 
бағыттаған  
Төс сүйегі 
Ұзыншы  түзу  сына 
тәріздес 
тұтқасы 
бар,  екі  жақтан  сәл 
қысыңқы,  оң  және 
сол  қабырғасының 
жалпы  ойығы  бар 
сүйек  денесі  мен 
буын 
арқасы 
жалғасқан 

сегменті бар  
Тұтқасы 
азырақ 
жоғары 
иілген, 
үшқырлы, 
қалған 
бөліктерімен 
буынмен  жалғасады, 
бірінші  және  екінші 
қабырғалар үшін қос 
қуысы  бар.  Денесі 
жалпақ, 
қабырға 
шеміршектері  үшін 
әр  жағынан  6-дан 
буын шұңқыры бар.  
Тұтқасының 
шеміршек 
үсті 
доғалданған.  Денесі 
цилиндірлі,  бүйірі 
сығымдалған, 
жіңішке 
семсер 
тәрізді 
шеміршегі 
бар, жеті сегментті.  
Құйымшақ 
сүйегі 

омыртқадан 
тұрады, 
доға 
аралық 
кеңістік 
кең, 
жоталық 
өсінділері жоқ 
 
4-5  қосыла  өскен 
омыртқадан  тұрады, 
жоталық  өсінділері 
біріккен 
 
3омыртқадан 
тұрады, 
жоталық 
өсінділері 
қысқа, 
бір-бірінен 
алшақтау 
орналасады 
Жауырын 
Жауырын 
қырының 
орташа 
үштен  бірі  артқа 
қарай иілген,   
 
 
Жауырын 
қыры 
жақсы 
дамыған, 
буын 
бұрышына 
қарай  үлкейеді  де 
үзіледі.  Қыры  екі 
бөлікке 
бөліп 
тұрады  (кішкентай 
қыр 
алды 
және 
үлкен 
қыр 
асты 
шұңқырлар). 
Жауырын 
қыры 
ортасынан 
өтіп 
жауырынды 
екі 
бірдей 
көлемде 
(қыралды 
және 
қырартқы)  шұңқыр-
ларға  бөліп  тұрады. 
Жауырын 
қыры 
жақсы 
дамыған, 
буын ойысына дейін 
жетеді, 
акромион 
өсіндісін түзейді.  

 
187 
 
Саз  құндыз,  қоян  және  мысық  сүйектерінің  бір  –  бірінен  екінші 
мойын  омыртқасы  (эпистрофей),  жауырын,  кәрі  жілік  және  шынтақ, 
құйымшақ, тоқпан  және ортан жіліктері арқылы ажыратады (6 кестені 
қар.). 
 
6  –  кесте.  Саз  құндыз,  қояны  және  мысық  сүйектерінің  бір-
бірінен айырмашылықтары 
 
Сүйектер 
Саз құндыз  
Қоян 
Мысық 
Екінші 
мойын 
омыртқасы 
(эпист
рофей)  
Денесі 
қысқа, 
тісше 
өсінділері 
цилиндр 
пішінді,  жотасы  омыртқа 
сабағы  пішінді,  артқа 
қарай күшті созылған  
Жотасы  алға  қарай 
созылған 
Жотасы  алға  қарай 
созылған 
Жауырын  Бұрыс 
үшбұрыш 
пішіндес.    Краниальды 
қыры  мойынан  биік,  алға 
қарай 
шығыңқы, 
жартылай 
дөңгелек 
пішінге 
ие. 
Үшінші 
орташа 
жауырын 
деңгейінен 
бастап 
жауырын  осі  акромильді 
өсінді  түзеді.  Жауырын 
жартысына 
жуық 
акромионы    жауырынмен 
жанаспайды, 
ол 
жауырынның 
төменгі 
буын  ойпатымен  бітеді.   
Төменгі жағында акромин 
екіге бөлінеді.  
Қыры 
екіге 
бөлінген, 
бір 
бұтағы  төмен,  ал 
екіншісі 
артқа 
қарай  бағытталған. 
Ұзындығы  енінен 
екі есе артық. 
Қыры 
ортасынан 
өтеді,  өсіндісі  артқа 
қарай  бағытталған. 
Ұзындығы 
енінен 
1/3 есе артық 
Кәрі жілік  Кәрі  жілік  пен  шынтақ 
сүйек  ұзына  бойы  орақ 
тәрізді  иілген,  қосыла 
өспеген, 
проксимальді 
соңында 
буынмен 
біріктіріледі,  ал дистальді 
соңында 
талшықты 
шеміршекпен  жалғасады. 
Кәрі  жілік  және  шынтқ 
сүйектерінің 
арасында 
сүйекаралық  кең  кеңістік 
құралады 
Бір-біріне  барлық 
ұзындықта 
жабысып, 
жақсы 
жанасады. 
Сүйектер 
орақ 
тәрізді 
иілген, 
қосыла өскен 
Шынтақ 
сүйегі 
барлық 
ұзындықта 
кәрі 
жілікке 
жабысып, 
сүйекаралық кеңістік 
құрады, 
қосыла 
өспеген, 
проксимальді 
соңында 
буынмен, 
ал 
дистальді 
соңында    талшықты 
шеміршекпен 
жалғасады  

 
188 
Тоқпан 
жілік  
Қысқа,  өз осінен соңында 
бұрылған.  Шынтақ  және 
тәж  тәрізді  шұңқырлары 
тесік  арқылы  жалғанады. 
Тоқпан 
жіліктің 
латеральды  и  медиальды 
төмпешіктері тегіс. Үлкен 
төмпешік  жотасы  жақсы 
дамыған 
Жілік  басы  мойын 
бөлігінен 
бірден 
бөлектенген  және 
үлкен  төмпешікпен 
бірдей 
биіктікте 
орналасады  
Жілік  басы  денеден 
бірден 
бөлектенбеген, 
үлкен 
төмпешік 
жілік  басынан  биік, 
проксималды 
соңында иіледі 
Құйымшақ 
сүйегі 
4  жақсы  дамыған  және 
қосыла 
өскен 
омыртқалардан 
тұрады. 
Бір-бірінен 
бөлек 

омыртқа өсінділері бар.   
Ұзын  төрт  биік 
омыртқа  өсінділері 
бар 
Қысқа  үш  төмен 
төмпешік 
тәрізді 
омыртқа  өсінділері 
бар 
Ортан жілік  Жілік  басы  мойынмен 
шектелген. 
Үлкен 
ұршығы  жақсы  дамыған, 
кішкентай 
ұршығы 
төмпешік түрінде, үшінші 
ұршық дамымаған 
Кіші  және  үшінші 
ұршықтар 
үлкен 
ұршықтың астында  
орналасқан 
Бір 
ғана 
үлкен 
ұршығы бар 
Асықты 
жілік 
Кіші  асықты  жілік  үлкен 
асықты 
жілікпен 
қабаттасып 
дистальді 
соңында  үлкен  асықты 
жілік 
 
буынымен 
қосылады 
Кіші  асықты  жілік 
үлкен 
асықты 
жілікпен 
төменгі 
үшінші 
бөлігіне 
дейін 
қабаттасып 
және  сол  жерде 
қосылады, 
Үлкен  және  кіші 
асықты 
жіліктің 
ұзындықтары  бірдей 
және 
бір-бірімен 
қабаттасады 
Бел 
омыртқалар
ы 
Көлденең  өсінділері  өте 
жақсы  дамыған,  жоғары 
және  төмен  бағытталған, 
шеттері дөңгелектеу.  
Емізше 
өсінділері 
жақсы  дамыған,  бірақ 
олардың  жабайы  және  үй 
қояндарынан  ерекшелігі 
биіктігі қырлы өсіндісінің 
биіктігіне жетпейді 
Емізше  өсінділері 
алға  бағытталған, 
шеттерінде 
төмпешіктері  бар. 
Өсінділері 
өте 
жақсы 
дамыған, 
олардың 
биіктігі 
омыртқа өсіндісінің 
биіктігіне 
дейін 
жетеді 
Емізше 
өсінділері 
төмен,  өткір  болады. 
Көлденең  өсінділері 
жоғары  және  төмен 
бағытталған 
 
27-36-суреттерде  әр  түлік  мал  сүйектерінің  айырмашылықтары 
көрсетілген. 

 
189 
 
1 – дорсальді доға; 2 – вентральді доға; 3 – атлант қанаты; 4 – қанат 
тесігі;  4'  –  қанат  ойысы;  5  –  омыртқа  аралық  тесік;  6  –  қанат  аралық 
тесік; 7 – тісше өсінділер үшін буын үсті; 8 – каудальды буын шұңқыры. 
 
27 – сурет.  Ірі қараның (I), қойдың (II), ешкінің (III), 
жылқының (IV), шошқаның (V), иттің (VI) ауыз омыртқалары (атлант) 
 
 
1 – тісше өсінді; 2 – краниальды буын өсінділері; 3 –қанат аралық 
тесік; 4 – вентральды жота қыры; 5 – көлденең өсінді; 6 – каудальды 
буын өсінділері; 7 – жоталық қыр; 8 – омыртқааралық тесік. 
 
28 – сурет. Ірі қара малдың (I), қойдың (II), ешкінің (III), жылқының 
(IV), шошқаның (V), иттің (VI) екінші мойын омыртқасы (эпистрофей) 
 

 
190 
 
1 – мойын; 2 – иық сүйегінің басы; 3 – үлкен латеральді төмпешік; 4 
–дөңес (төмпешік) аралық арна; 5 – кіші медиальді төмпешік; 6 – дельта 
сияқты  бұдыр;  7  –  тоқпан  жілік  қыры;  8  –  тоқпан  жілік  тіреуі;  9  – 
латеральды (бүгілетін) айдаршық; 10  – шынтақ шұңқыры; 11 – шынтақ 
тесігі.  
 
29 – сурет. Ірі қара малдың (I), жылқының (II), 
шошқаның (III), иттің (IV) тоқпан жіліктері. 
 
1  –  кәрі  жілік;  2  –  кәрі  жіліктің  буын  құрастыратын  шұңқыры;  3  – 
шынтақ сүйек төмпешігі; 4 – шынтақ сүйек өсіндісі; 5 – шынтақ сүйек; 6 
–алдыңғы сүйек аралық кеңістік; 7 – кәрі жіліктің біз сияқты өсіндісі; 7' 
– шынтақ сүйектің біз сияқты өсіндісі. 
 
30 – сурет. Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), иттің (IV) иық сүйектері 
 

 
191 
 
1  –  көлденең  өсінді;  2  –  көлденең  өсіндінің  қабырға  басының 
ойығы; 3 – краниальды қабырға ойысы; 3' – каудальды қабырға ойысы; 4 
–  омыртқа  басы;  4'  –  омыртқа  шұңқыры;  5  –  омыртқа  денесі;  6  – 
омыртқаның  латеральды  тесігі;  7  –  краниальды  буын  өсінділері;  7  – 
каудальды  буын  өсінді; 8  –жоталық  өсінді; 9  –  омыртқаның  каудальды 
ойығы. 
 
31 – сурет.  Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), иттің (IV)  кеуде омыртқалары 
 
 
1  –  буын  шұңқырымен  буын  бұрышы;  2  –  буынның  үстіңгі 
төмпешігі; 3 – жауырын мойыны; 4 – акромион; 5 – жауырын қыры; 6 – 
қыр төмпегі; 7 – қыр арты шұңқыры; 8 – қыралды шұңқыр; 9 – жауырын 
негізі; 10 – жауырын шеміршегі 
 
32 – сурет . Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), иттің (IV) жауырыны. 
 

 
192 
 
1 – ортан жіліктің басы; 2 – басының шұңқыры; 3 – мойны; 4 – кіші 
ұршық; 5 – үлкен ұршық; 6 – ұршық шұңқыры; 7 – ұршық аралық қыр; 8 
– үшінші ұршық; 9 – ортаңғы ұршық; 10 – айдаршық үсті ойығы (кедір-
бұдыр,  төмпешік);  11  –  латералды  және  11'  –  медиалды  тіректің 
айдаршықтары; 12 – айдаршық аралық шұңқыр 
 
33-сурет – Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), иттің ортан жіліктері 
 
а – бірінші қабырға; б – бесінші қабырға; в – сегізінші қабырға;  
1  –  қабырға  басы;  2  –  қабырға  мойны;  3  –  қабырға  төмпешігі;  4  – 
қабырға бұрышы; 5 – қабырға денесі 
 
34-сурет. Ірі қара малдың (I), жылқының (II) қабырғалары 
 
 

 
193 
 
а  –  қоянның  оң  жауырыны;  б  –  мысықтың  оң  жауырыны;  в  – 
мысықтың  оң  шынтақ  сүйегі;  г-мысықтың  оң  шынтақ  сүйегі;  д  – 
мысықтың оң жақ тоқпан жілігі; е – қоянның оң жақ тоқпан жілігі; ж – 
қоянның  оң  жақ  ортан  жілігі;  з  –  мысықтың  оң  жақ  ортан  жілігі;  и  – 
мысықтың оң жақ асықты жілігі; к – қоянның оң жақ асықты жілігі      
      
 35-сурет. Қоян сүйегінің мысық сүйегінен айырмашылығы 
 
Тәжірибеде ұсақ ет бөліктерінде бүтін сүйектер кездеспеуі мүмкін. 
Бұл  кезде  сарапшыға  сүйек  кесіндісі  арқылы  еттің  түрлік  ерекшелігін 
анықтау әдістемесі көмектеседі.  
Оның  мәні  келесіде:  егер,  мысалы,  сиыр  мен  жылқының  ортан 
жіліктерінен  белгілі  бір  жерлерінде  және  сүйектердің  ұзын  білігіне 
қарай  (көлденеңінен,  ұзынынан,  қиғашынан  және  т.б.)  бір  бағытта 
кесінді  жасап,  жұқа  кесектерді  (тілімдерді)  арамен  кессе,  онда  олар 
өздерінің  кескіндері  бойынша  бір-бірінен  қатты  ерекшеленетін 
жалпақ кесінділер пайда болады. (36-сурет). 
 
36-сурет. Сиыр мен жылқы сүйектерінің көлденең кесіндісі 
 
 

 
194 
а – сиырдың ортан жілігінің жоғарғы ширегі ; б – жылқының ортан 
жілігінің жоғарғы ширегі; в – сиырдың ортан жілігінің төменгі ширегі; г 
–  жылқының  ортан  жілігінің  төменгі  ширегі;  д  –  сиырдың  шынтақ 
сүйегінің  төменгі  ширегі;  е  –  жылқының  шынтақ  сүйегінің  төменгі 
ширегі;  ж  –  сиыр  жауырынының  төменгі  ширегі;  з  –  жылқы 
жауырынының төменгі ширегі. 
 
Тәжірибе  бұл  кесінділер  бойынша  тек  бүтін  ғана  емес,  күдікті 
сүйектердің бөліктері, ал бұдан еттің шығу тегі оңай анықталатынын 
көрсетті. 
 
9.3  Мүшелердің  анатомиялық  құрылыстары  бойынша  әр 
түрлі малдың етін анықтау 
 
Малдардың  ішкі  мүшелердің  анатомиялық  құрылыстарында  келесі 
айырмашылықтар кездеседі. 
Тіл.  Жылқының  тілі  ұзын,  ұшы  жалпақ,  қалақ  тәрізді,  қабырғасы 
қабыршықтанған эпителийдің қалың қабатымен жабылған (37-сурет). 
 
 
 
1 – түбірі; 2 – денесі; 3 – ұшы; 4 – жастығы; 5 – дене шұңқыры; 6 – 
жіп тәрізді емізікшелер; 7 – саңырауқұлақ тәрізді емізікшелер; 8 – білік 
тәрізді емезікшелер; 9 – жапырақ тәрізді емізікшелер; 10 – конус тәрізді 
емізікшелер; 11 – бадамшалар. 
 
37-сурет. Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), иттің (IV) тілдері 
 
Ірі қара мал  тілі бұдырлы, тілдерінің ұштары үшкірлеу, пигментті 
аймақтар жиі кездеседі, қабырғасы білік тәрізді қалыңданады.  
Бұланның  тілі  жіңішке,  ұзын, ұшы домалақтанған, денесінде білігі 
бар.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ит тілінің пішіні жалпақ, жіңішке және ұзын, түсі қызыл, беткейі 
жұмсақ 
бархыт 
тәрізді, 
пигменттелмеген 
(чау-чау, 
шарпей 

 
195 
тұқымдарынан  басқа)    болып  келеді.  Тіл  ұшының  төменгі  бетіндегі 
кілегейлі  қабық  астында  ұршық  пішіндес  тіл  шеміршегі  болады,  оны 
«құтырық құрты» деп те атайды. 
Мысық тілінің беткейі мүйізді емізікшелермен қапталады.  
Бауыр.  Ортақ    белгілері:  семіз  малдарда  түсі  көкшіл-қызыл, 
буаздықтың соңғы кезеңінде- сарғыштау түсті; консистенциясы тығыз. 
 Жылқы  бауырында  өт  қапшығы  болмайды,  үш  бөліктен  тұрады, 
өңешке арналған терең ойығы бар.  
Ірі  қара  мал  бауырының  үш  бөліктері  нашар  байқалады,  өңешке 
арналған ойығы жоқ, өт қабының салыстырмалы мөлшері көлемді. 
Бұланның бауыры екі бөліктен және үшбұрышты өсіндіден тұрады. 
Өт қапшығы болмайды. 
Шошқа  бауыры  төрт  бөліктен  тұрады,  бөлік  аралық  ұлпа  жақсы 
дамыған,  бөлікті  құрылымы  беткейінде  және  кесіндісінде  жақсы 
көрінеді, өт қапшығы сәл ғана шығып тұрады. 
Ит  бауыры  басты  үш  бөліктен,  ал  ортаңғы  бөлігі  өз  кезегінде  2-3 
кішкене  бөліктерге  бөлінеді.  өт  қапшығы  ойықта  орналасады,  өңешке 
арналған ойығы бар  (38-сурет). 
 
 
 
1  –  оң  жақ  бөлігі;  1'  –  оң  жақ  латералды  бөлігі;  1"  –  оң  жақ 
медиалды бөлігі; 2 – сол жақ бөлігі; 2' – сол жақ латералды бөлік; 2" – 
сол  жақ  медиалды  бөлік;  3  –  шеңбер  байлам  кесіндісі;  4  –  шеңбер 
байлам; 5 – шаршы бөлік; 6 – қақпа көктамыры; 7 – көпіршікті өзек; 7' – 
бауыр-көпіршікті  өзек;  8  –  өт  өзегі;  9  –  өт  қабы  (жылқыда  жоқ);  10  – 
құйрықты бөлік; 11 – құйрықты өсінді; 12 – емізікшелі өсінді; 13 – артқы 
қуыс көктамыр ; 14 – бүйректік ойынды 
 
38-сурет. Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), иттің (IV) бауыры 
 

 
196 
Көкбауыр.  Ірі  қара  малдың  көкбауыры  жалпақ  сопақша  болып 
келеді.  өгіздер  мен  бордақыланған  бұқалардың  көкбауыры  қызыл-
күңгірт  түсті,  тығыз,  шеттері  домалақтанған  және  беткейі  шығыңқы. 
Сиырлардың  көкбауыры  күңгірт-көкшіл,  болбыр,  шеттері  өткір  және 
беткейі шығыңқы емес болып келеді. 
Бұзаулардың көкбауыры қоңыр-қызыл немесе көкшіл-сия көк түсті, 
консистенциясы жұмсақ серпімді.   
Жылқыда  –  иілген,  жоғарғы  жағы  жалпақ,  көлденең  кесіндісінің 
беткейі  үшбұрышты,  балауса  күйінде  түсі  көкшіл-сия  көк,  ал  тұрып 
қалған ағза- қоңыр-қызыл түсті. Көкбауыр шеттері домалақтанған.  
Бұғыда – жазық, сопақша келген.  
Қой  мен  ешкінің  көкбауыры  алақан  тәрізді,  үшбұрышты,  қызыл-
қоңыр түсті, жұмсақ немесе серпімді жұмсақ консистенциялы.  
Шошқаның  көкбауырының  пішіні  тіл  тәрізді,    ұзын  әрі  жалпақ, 
шеттерінен  басқа.  Көлденең  кесіндісінде  үшбұрышты.  Көкбауыр  түсі 
ақшыл-қызыл, консистенциясы жұмсақ немесе болбыр. 
Ит көкбауырының пішіні тіл тәрізді болып келеді, ағзаның бір жақ 
ұшы екіншісіне қарағанда жалпағырақ  (39-сурет). 
 
 
39-сурет. Ірі қара малдың (I), жылқының (II),  
шошқаның (III), қойдың (IV),  иттің (V) көкбауыры 
 
Өкпе. Жылқының сол жақ өкпесі екі бөліктен, оң жағы үш бөліктен 
тұрады, аралық ұлпасы әлсіз дамыған, бөліктері байқалмайды. 
Ірі қара малдың сол жақ өкпесі үш бөлікке, ал оң жағы төрт бөлікке 
бөлінген, аралық ұлпасы жақсы дамыған, бөліктері жақсы білінеді. 
Қойдың  өкпе  бөліктері  мүлдем  көрінбейді,  ал  ешкіде  керісінше 
жақсы байқалады. 
Шошқаның  сол  жағы  екі-үш  бөліктен,  оң  жағы  үш-төрт  бөліктен 
тұрады. Ірі қара мал өкпесіне ұқсас.  

 
197 
Ит  өкпесінің  сол  жағы  үш  бөліктен,  оң  жағы  төрт  басты 
бөліктерден, ал олар өз кезегінде бірнеше қосымша бөліктерге бөлінеді. 
Жиі ит өкпесі пигменттелген болады. 
Бүйрек. Жылқының оң жақ бүйрегінің пішіні жүрекке ұқсас, ал сол 
бүйрегі бұршақ тәріздес, бөліктерге бөлінбеген болады.  
Ірі  қара  мал  бүйрегі  бөлікті  құрылымды  болғандықтан  әрқайсысы 
16-28 бөліктен тұрады. 
Бұланның бүйрегі бөлікке бөлінбеген, сопақша-бұршақ пішінді. 
Қой мен ешкінің бүйрегі бұршақ тәрізді пішінді, бөлікке бөлінбейді, 
бір бүйректік емізікшемен қамтылған.  
Шошқа  бүйректерінің  пішіні  бұршақ  тәрізді,  бөлікке  бөлінбейді, 
тегіс, 10-12емізікшелі бүйректен тұрады. 
Ит бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады.  
Еттің  түрлік  ерекшелігін  ішкі  ағзалары  арқылы  анықтау  қиындық 
туғызбайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет