Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


Бастың  бұлшық  еттерінен  алынған  тартылған  еттің  белгілері



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
index


Бастың  бұлшық  еттерінен  алынған  тартылған  еттің  белгілері. 
Ұшаның  жоғары  сұрыпты  етінен  жасалған  фаршты  төменгі  сұрыпты 
еттен,  соның  ішінде,  бас  аумағынан  алынған  ет  кесіндісінен  жасалған 
тартылған  етпен  ауыстырылғанына  күдікті  жағдайларда  сарапшының 
назары  тек  бұл  субөнімге  қатысты  арнайы  морфологиялық  белгілерді 
анықтауда  жинақталуы  керек.  Бұл  кезде  тартылған  етті  гистологиялық 
зерттеу кезінде сілекей бездерінің болуын тексереді (40-сурет).  
 
 
40-сурет.  Тіласты сілекей безі (гематоксилин-эозинмен боялған) 

 
207 
Олардың  ұялы  құрылымы  интерстициалды  дәнекер  ұлпасы 
құрылымының  сақталуы  нәтижесінде  термиялық  өңдеуден  кейін  де 
сақталады. Жылумен өңдеуден кейін қалыпты түрін жоғалтатын сілекей 
бездерінің  альвеола  ұялары  мен  шығарушы  өзектер  жақсы  көрінеді. 
Жылулық  өңдеуден  кейін  жасуша  ядролары  жақсы  сақталады.  Ауыз 
қуысының  кілегей  қабығы  көпқабатты  жалпақ  эпителийі  бар  тығыз 
дәнекер ұлпадан тұрады.  
Шошқаның  бас  етінде,  жоғарыда  аталған  белгілерден  басқа,  түк 
қынабымен  баданалардың  түрлі  бөліктерінің  кесінділері  бойынша 
ажырататын тері қалдықтары (41-сурет) болады. Тұздау мен термиялық 
өңдеу бұл құрылымдық ерекшелікті бұзбайды. 
 
 
 
41-сурет.  Түгі бар тері (гематоксилин-эозинмен боялған) 
 
Қан  тамырлары  мен  шеткі  жұлын  жүйкелері,  тартылған  еттің 
құрамдас  бөлігі  ретінде  технологиялық  өңдеу  кезінде  салыстырмалы 
түрде аз өзгереді. 
Айырша  бездің  ұялық  құрылымы  бар,  сонымен  бірге,  оның 
ұяшықтарында  қыртысты  және  жүрек  тәрізді  бөліктерінің  арасындағы 
айырмашылық ұзақ термиялық өңдеуден кейін де сақталып қалады.    
Шабылған  етте  еттен  ажыратылған  сүйекті  анықтау 
мүмкіндігі.  Мемлекеттік  сауда  жүйесінде  тағамдық  мақсатта  еттен 
ажыратылған сүйекті сату қарастырылған. Бұл жағынан ең құнды болып 
шұжық өндірісінің қосалқы өнімі ретінде алынатын ортан жілік, асықты 
жілік  және  иық  (қантты)  сүйектері  табылады.  Бөлшек  саудада  бұл 
сүйектер  қою  және  құнарлы  сорпалар  әзірлеу  үшін  тағамдық  мақсатта 
сатылады.  Аталған  сүйектер  бөлшек  сауда  арқылы  өте  шектеулі  түрде 

 
208 
сатылады.  Бұдан  келесідей  сұрақ  туындайды:  тағамдық  сүйекті  сатуды 
қажетсіз  деп  қараудың  себебі  неде?  Тергеу  органдарының  қаулысы 
бойынша  көп  жылдар  бойы  бақылаулар  мен  жүргізілген  сараптамалар, 
сатушылардың  көпшілігі  бірнеше  сатып  алушыларға  азықтық  сүйекті 
сол соммаға сатқаннан гөрі, бір сатып алушыға бірден бірінші сұрыпты 
2  кг  сиыр  етін  1200  теңге  сомма  мөлшерінде  сатуды  жөн  көретінін 
дәлелдеді.    
Тағамдық  сүйек  саудасындағы  екінші  ерекшелік  болып,  ет 
бөлімдерінің  кейбір  сатушылары  шабылған  түрдегі  сүйекті  сатылатын 
сүйекті  етке  қоспа  түрінде  сатылады.  Мұнымен  қоса,  бөлшек  саудада 
еттен  ажыратылған  сүйекті  алдын-ала  ұсақ  кесектерге  шауып,  негізгі 
кесектерге қосып жібереді.  Еттен ажыратылған сүйектің өзіндік белгісі 
болып, оның беткейінде бұлшық еттердің жоқтығы анық белгісі ретінде, 
ал  кейбір  жағдайда  оны  сатуға  дайындау  етті  қайта  өндіруші 
кәсіпорындарында жүзеге асса және сондай сүйектерде арамен кесілген 
жерлердің болуы табылады. 
Ет  кесіндісін  диафрагмалық  бұлшық  еттен  ажырату.  Бұл 
субөнімдердің  бағасының  әркелкі  болуына  байланысты  оларды  бір 
сұрыптан басқа сұрыпқа көшіру мүмкіндігі туады. Шошқа ет кесіндісін 
диафрагмалық бұлшық етпен қосып сату жағдайлары белгілі. 
Түрлі  морфологиялық  көрсеткіштер  негізінде  шошқа  ет  кесіндісін 
диафрагмалық бұлшық еттен ажырату. Диафрагмалық бұлшық ет бірдей 
ұзындық  пен  қалыңдықтағы  бұлшық  ет  түзілістері  түрінде  болады. 
Диафрагмада  перефериялық  –бұлшық  етті  бөлігі  және  орталық-сіңірлі 
болып  бөлінеді.  Бұлшық  етті  бөлігі  кеуде  қабырғасынан  ажыратылған 
қалың,  ал  орталық  бөлігіне  қарай  жұқарып  сіңірге  айналады.  Шошқа 
диафрагмасының  бұлшық  етті  бөлігінен  диафрагманың  майы  да  бөліп 
алынады,  ол  құрылымы  мен  консистенциясы  бойынша  шошқаның  іш 
майына өте ұқсас болып келеді. 
Шошқа  ет  кесіндісі  кесектерінің  диафрагмалық  бұлшық  еттен 
айырмашылығы    (42,  43-суреттер),  құрылымы  мен  консистенциясы 
бойынша, ішкі диафрагмалық майға қарағанда тығыздау келетін табиғи 
байланыстағы шел майының бөлшектері бар, көлемі мен пішіні әртүрлі 
қаңқа бұлшық ет бөліктері болады.  
 

 
209 
 
 
42-сурет. Қаңқаның көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы (көлденең 
кесінді, темір гематоксилинімен бояу) 
 
 
 
43-сурет – Қаңқаның көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы (көлденең 
кесінді, гематоксилин-эозинмен боялған) 
 
Шабылған еттен жасалған жартылай дайындалған өнімдер мен 
дайын өнімдерде паренхималық мүшелерді анықтау. Тартылған етке 
ішкі мүшелердің қосылуын, әсіресе дайын өнімдерде, олардың өзіне тән 
сезімдік  көрсеткіштері  бойынша  анықтайды,  ал  күдікті  жағдайда  ұлпа 
құрылымын гистологиялық зерттеу арқылы танып біледі.  Өкпе ұлпасы 
(44-сурет) өзіне тән бүріскен және қалыңдаған альвеолярлы қабығы бар 
кеуекті  құрылымы  болады.  Ірі  бронх  қабырғаларында  шеміршек 
элементтері  көрінеді,  ал  кесінділерде  ұсақ  бронхтардың  себебінен 
олардың эпителийі жиырылып, кейбір жері бөлініп қалады. 

 
210 
 
 
44-сурет. Өкпе (гематоксилин-эозинмен боялған) 
 
Дайын  ет  өнімдеріндегі  бүйректер  (45-сурет)  ұсақтау  мен 
термиялық  өңдеуден  кейін  өзінің  құрылымын  сақтайды.  Кіші 
үлкейтілімде  мальпигий  денешіктері  мен  өзек  бөліктерінің  кесінділері 
жақсы байқалады. 
 
 
 
45-сурет. Бүйректер (гематоксилин-эозинмен боялған) 
 
Термиялық  өңдеу  кезінде  желін  көп  өзгереді,  бірақ  оның 
ұлпасының ядролары бұлшық еттікіне қарағанда көбірек болады. Желін 
ұлпасында  негізгі  бояулармен  қанық  түрде  боялатын  дөңгелек  қабатты 
түзілістер  –  сүт  тастары  жиі  кездеседі  (Кокуричев  П.И.,  Добин  М.А., 
1977). 
Ұсақталған  еттен  жасалған  көптеген  толтырғыштардың  негізгі 
бөлігі  оңай  тануға  болатын  бұлшық  ет  ұлпасы  саналады.  Бұлшық  ет 
талшықтарының ядролары жақсы сақталады, ал балауса еттен жасалған 
тартылған  етте  көлденең  иректер  байқалады.    Бұлшық  еттермен  бірге 
толтырғышқа  толқын  тәрізді иілген  ашық  түске  боялған шоғырлар  мен 
бағанашалар түріндегі талшықтары бар дәнекер ұлпасы да түседі.  
Шабылған  етте  өлшеніп  оралған  етті  анықтау.  Дүкеннің  ет 
бөлімдерінен сатудан алынып тасталған сүйектегі етті сараптау  кезінде 
шабылған  етте  өлшеніп  оралған  еттің  кесектері  кездесуі  мүмкін 
болғандықтан,  соған  көңіл  бөлу  қажет.  Шабылған  ет  кесектерінің 

 
211 
айырықша  белгісі  болып  оның  сүйектерінде  тек  бір  ғана  ортаңғы 
сагитталды  кесілген  жер,  ал  басқа  жақтарынан  бөлшектеп  шабылған 
сүйектер табылады. Өлшеніп оралған ет кесектерінде кесек сүйектерінде 
барлық  жағынан  арамен  кесілгені  байқалады.  Келесі  жағдайларды 
анықтау тергеу органдарына ет бөлімін толық жете зерттеу жүргізу үшін 
көмектеседі: сату орны мен қосалқы үй-жайларда өлшеніп оралған еттің 
орамы  мен  таңбаның  болуын  тексеру,  өлшеніп  оралған  өнімге  өнімнің 
саны  мен  сұрыбын,  жасалған  мерзімін  және  осы  өнімді  дайындаған 
кәсіпорынды айқындайтын кіріс құжаттарына көңіл аудару қажет. 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
212 
10 ТАРАУ 
 
МАЛДЫҢ СОЙЫС ӨНІМДЕРІ 
АРҚЫЛЫ ЖЫНЫСЫН АНЫҚТАУ 
 
 
10.1 Ет ұшасындағы жыныс белгілері 
 
Әр  түрлі  малдардың  ет  ұшасындағы  жынысын  анықтау  негізіне 
ұшаларды  өте  мұқият  жуғаннан  кейін  де  қалып  қоятын  еркек  мал 
ұшаларына  ғана  тән  белгілер  алынған.  Бұл  аталық  жыныс  мүшесі 
түбірінің  аяқша  қалдықтары  және  шонданай  қуысты  бұлшық  еттің  
қалдықтары, ал кейбір түрлерінде шап өзегінің болуы.  
Жынысын  анықтау  кезінде  шонданай  доғасында  аталық  жыныс 
мүшесі түбірінің аяқша қалдығының болуын анықтап алу қажет. Ұшаны 
жуу кезінде бұл бөліктер жуылып кетеді, бірақ түгелдей емес. Бұқаларда 
шонданай  доғасында  қалып  қалған  аталық  жыныс  мүшесі  түбірі 
аяқшасының бір бөлігі дөңгелек-сопақша пішінді, оның сыртқы түрінің 
түсі  ақ,  тығыз  дәнекер  ұлпалы  қабатшасы  бар,  ал  ішкісі  қызыл  түсті, 
жұмсақ –үңгірлі дене.   
Жылқыларда  аталық  жыныс  мүшесі  түбірінің  аяқша  қалдықтары 
анағұрлым 
домалақтау 
және 
диаметрі 
үлкендеу, 
бірақ 
консистенциясының  тығыздығы  азырақ.  Қабандарда  түбір  аяқшалары 
дөңгелек  пішінді  және  шонданай  доғасына  жамбас  жапсарынан  2-3  см 
қашықтықта  бекітілген.  Қоян  ұшаларында  аталық  жыныс  мүшесінің 
аяқшасы  дөңгелек  пішінді.  Қошқар  мен  текелерде  аяқшалары  пішіні, 
тығыздығы  мен  бекітілу  жері  бойынша  бұқалардікіндей,  тек  диаметрі 
кішіректеу  болады.  Ұрғашылардан  алынған  ұшалардың  шонданай 
доғаларында мұндай түзілімдер жоқ. 
Екінші  белгісі  болып  аталық  жыныс  мүшесі  түбірінің  аяқшасы 
айналасында  едәуір  дамыған  шонданай  қуысты  бұлшық  етінің  болуы 
саналады.  Ол  шонданай  төмпешігінен  шығып,  аяқшаны  жаба  отыра, 
жыныс  мүшесі  денесінің  басына  қарай  созылады.  Шонданай-қуысты 
бұлшық ет басқа бұлшық еттерден оңашаланған және жуу кезінде оның 
тек  аталық  жыныс  мүшесі  түбірінің  аяқшаларына  жанасқан  жері  ғана 
жуылып  кетеді.  Оның  қалған  бөлігі  шонданай  доғаларында  қалып, 
ұшаларды жуғанда кетпейді. Сондықтан, егер ұшаларды мұқият жуғанда 
аталық  жыныс  мүшесі  түбірінің  аяқша  қалдығы  толығымен  жуылып 
кетіп,  ол  табыла  алмай  қалса,  бұл  белгіні  ескеру  керек.  Ұрғашы 
малдардан алынған ұшаларда ондай бұлшық ет жоқ.  
Жануар  жынысын  шынайы  анықтауға  болатын  ет  ұшасындағы 
үшінші  белгісі  шап  өзегі  болып  табылады.  Ол  ұрғашы  мен  еркек 
малдарда  да  бар,  бірақ  морфологиялық  құрылымы  бойынша  әртүрлі. 
Еркек малдың шап өзегі жай қабырға тесігі емес, құрсақ және теріасты 

 
213 
сақиналары  бар  ұзындығы  бірнеше  сантиметрден  тұратын  нағыз  өзек. 
Құрсақ  сақинасы  тері  астынікіне  қарағанда  анағұрлым  тарлау, 
сондықтан,  өзектің  өзекте  жататын  ұрық  арқаншасының  конус  пішінін 
қайталайтын жалпайған конус пішіні болады (Климов А.Ф., 1950). 
Аталық  малды  сойғанда  ұшаны  іреу  кезінде  ұрық  бездерін  алып 
тастайды. Ұшада қалып қоятын ұрық арқаншасының бір бөлігі конвейер 
бағыты  бойынша  жылжығанда  және  ылғалды  жуу  кезінде  шап  өзегінің 
ішіне  түсіп,  ұшаны  жуғанда  кетпейді.  Оны  анықтау  үшін  құрсақ 
сақинасына  енгізілген  бармақпен  ұрық  арқаншасын  шап  өзегі 
қынабынан теріасты сақинасына итеріп тастау керек. Теріасты сақинасы 
арқылы шыққан ұрық арқаншасының бір бөлігі конус пішінді, ұзындығы 
5  см-ге  дейін  және  бос  ұшының  диаметрі  2-3  см.  Ұрғашы  малдардан 
алынған  ұшаларда  құрсақ  сақинасы  болмайды,  ал  теріастысы  нашар 
білінген  және  онда  желінді  алып  тастағаннан  кейін  қантамырлары  мен 
дәнекер ұлпасы көрінеді. 
Мал жынысын шынайы растайтын ет ұшасындағы төртінші белгісі 
желіннің  емесе  оның  бөлігінің  қалдығы  болып  табылады.  Бұл  белгі 
көбінесе ұсақ ұшаларда (бұзау еті, қой еті, ешкі еті) кездеседі.  
Жынысын  анықтау  кезінде  соттық-ветеринариялық  сараптау 
жағынан,  етті  қайта  өңдеуші  кәсіпорындардан  емес,  өз  ауласында  сою 
мен  браконьерліктен  алынған  ұшалар,  үлкен  қызығушылық  тудырады. 
Малды  өз  ауласында  соятын  адамдардың  ұшаны  жуу  деген  түсінігі 
болмайды.  Ондай  жағдайларда ұшаның  тіпті  жеуге  жарамсыз  бөліктері 
жартылай  алынбай  қалады.  Қашарлардың  ұшаларында  ылғи  да  маймен 
қоршалған  сары  түсті  без  болады.  Аулада  сойылған  бұқашықтар 
ұшаларында  аталық  жыныс  мүшесінің  түбірі  аяқшасы  шонданай 
доғасына  бекінген  жерінен  бос  ұшына  дейін  10-12см  ұзындықта  қалып 
қояды.  Үй  қояндарының  ұрғашыларынан  алынған  ұшаларда  иелері 
әрқашан да әдейі жатырды, ал шонданай доғасында – жалпақ жалғаушы 
байламды қалдырады. 
Р.  Остертаг  (1909),  Н.Н.  Мари  (1929),  Ю.Б.  Вольферц  (1952)  және 
тағы  басқалары  мал  жынысын  анықтауға  болатын  басқа,  шынайылығы 
аздау белгілерді ұсынады. 
Сөйтіп, асыл тұқымды бұқа ұшасы үшін мойын бөлігі мен жауырын 
аумағында  бұлшық  еттің  ауқымды  дамуы,  теріасты  және  ұмалық 
майдың  аз  мөлшері,  ашық  шап  өзегі  мен  қара  қызыл  ет  түсі  тән. 
Бүйректердің  май  капсуласы  әлсіз  жетілген;  айқын  білінетін  құрсақ 
сүйегі төмпешігімен жамбастың иілген түбі. Кейде санның ішкі беті мен 
құрсақ  қабырғасының  бетіндегі  май  ұлпасында  жыныс  мүшесіне 
арналған сайды көруге болады.   
Сиырларда  ұшаның  бұлшық  еттенуі  аздау  білінген,  ал  ет  түсі 
ақшылдау.  Май  түсі  көбінесе  сары,  ал  желінді  алып  тастағанда 
қарынның  артқы  бөлігінде  желін  бөліктерімен  желін  үсті  лимфа 

 
214 
түйіндерінің қалдығымен  ақау  қалады. Жамбас  түбі иілген  немесе  доға 
тәрізді пішінде, құрсақ сүйегі төмпешігі аз білінген, аздап шығыңқы.  
Жабайы  жануар  ұшаларының  жыныстарын  анықтау.  Жабайы 
жануарлар  жынысын  көбінесе  браконьерлік  кезінде  анықтауға  тура 
келеді.  Әдетте   сараптауға  ет ұшасын немесе оның  бассыз  және  терісіз 
бөліктерін жібереді. 
Бұғы  ұшасынан  жынысты  жамбас  аумағындағы  айырықшалайтын 
белгілер негізінде анықтауға болады (Остертаг Р., 1909). 
Аталығында  ұрғашысынікіне  қарағанда  жамбасы  жіңішкелеу, 
тарлау және қысыңқылау келеді. Ұрғашысында мықын сүйегінің сыртқы 
бұрышының  кесіндісі  аталығына  қарағанда  үлкендеу  және  50:40 
қатынасында.  Басты  ерекшелігі  құрсақ  сүйектерінің  бітісу  пішіні 
(«құлып»)  болып  табылады.  Ересек  аталығында  ұрғашысынікіне 
қарағанда  (жалпақ  және  үстіңгі  бетінде  екі  жағынан  ажырайды) 
анағұрлым  қалыңырақ және дөңгелектеу.    Құрсақ сүйектерінің бітіскен 
жерін сындырғанда айырмашылығы одан да айқынырақ байқалады.  
Ет  ұшасы  бойынша,  әрбір  жануар  түрінің  жынысын  анықтағанда, 
шонданай  доғасында  аталық  жыныс  мүшесі  түбірі  аяқшасы 
қалдығының, оның айналасында орналасқан  шонданай қуысты бұлшық 
еттің,  ішкі  және  сыртқы  сақинасы  бар,  шап  өзегінің  және  шап  өзегінің 
ішіндегі  ұрық  арқаншасы  қалдығының  конус  пішініндес  болуы, 
анағұрлым  қарапайым,  қолжетімді  және  айқын  белгілері  болып 
табылады.  
 
10.2 Малдың жынысын анықтау тәсілдері  
 
Малдың  терісі  арқылы  жынысын  анықтау.  Ветеринарлық 
дәрігерге  жынысын  анықтау  үшін  айғақтық  зат  нысаны  ретінде 
өлтірілген  жануар  терісін  әкелген  жағдайда,  маман  аталық  пен  ұрғашы 
малдарға  тән  өзіндік  белгілерін  ескеру  қажет.  Аталық  терілері 
шаптарының  бірінші  және  екінші  жартыларында  ұманың  бөліктері 
болады.  Сүтқоректілердің  көбінде  ұманың  екі  бөлігі  де  түйіскен  және 
бір  жұп  емес  бітіс  болып  қалыптасады.  Жылқылардың,  ірі  қара 
малдардың ұмасы құрсақ аумағына едәуір алдыға шыққан. Иттерде ұма 
терісі  азды-көпті  түктермен  жабылған,  ал  жылқы,  ірі  қара  мен 
шошқаларда өте нәзік, кейде әрең көрінетін түктері болады.  
Аталық  мал терісінің екінші айқын белгісі болып оң және сол жақ 
тері  етектерінде  күпек  қабының  және  күпек  тесігінде  ұзын  түктер 
шоғырының  болуы  есептеледі.  Күйістілердің  күпек  қабы  кеуденің 
семсер  тәрізді  шеміршегі  аумағынан  күпек  қабы  терісіне  қарай 
орналасатын  краниалды  күпек  бұлшық  етімен  және  де  күпек  қабы 
терісіне  ұманың  құрсақ  қабырғасы  аумағынан  бағытталатын  каудалды 
күпек  бұлшық  етімен  басқарылады.  Әрекеттері  бойынша  бұл 
бұлшықеттер  антагонистер.  Мәселен,  краниалды  күпек  бұлшық  еті 

 
215 
күпек  қабын  алдыға,  ал  артқысы  шағылысу  актісі  алдында  артқа 
тартады. Ұшаны мүшелеу кезінде бұл бұлшықеттер теріде қалып қояды.   
Жануарлардың  қылы  арқылы  жынысын  анықтау.  Жануар 
қылдарын  сараптау  кезінде  жануар,  тері,  жүн,  бағалы  теріні  ұрлауға 
күдікті  тұғалардан  алынған  үлгілер  мен  қылмыс  жасалған  жердегі 
қылдардың  ұқсастығы  жайлы  мәселе  туындауы  сирек  емес.  Бұнымен 
қоса,  тергеуші  органдар  қылдар  арқылы  жануар  түрін  ғана  емес, 
жынысын  да  анықтауға  жиі  мүдделі  болады.  Микроскопиялық  зерттеу 
әдістерімен  жануарлар  қылының  жыныстық  тұрмақ,  түрлік  тиесілілікті 
анықтау қиынға соғады.     
Дегенмен  бұл  мақсат  үшін  «Спектр  1»  және  СФПА-1  отандық 
құралдарын  қолдануымен  атомдық-  абсорбциялық  талдау  жануар  түрін 
ғана  емес,  жынысын  да  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайларда 
қорғасын,  кобальт,  хром,  темір,  никель,  мыс,  мырыш,  марганец,  маг-
ниймен натрийдің абсолютті сандық мөлшерін анықтайды. 
В.М.  Смолянинов  пен  Т.Р.  Ашурбеков  (1974)  аталық  иттердің 
қылдарында ұрғашыларға қарағанда хром мен темір 1,1 есе, никельмен 
мырыш – 1,2, марганец – 2 есе көп, ал темір мен натрий – 1,5 және 1,3 
есе аз болатынын анықтаған. Зерттеу кезінде қорғасынды іздер түрінде 
анықтаса,  кобальтты  кездестірмейді.  Магний  ұрғашы  мен  аталық 
қылдарда жақын арақатынаста болады. 
Аталық  мысықтардың  қылында  ұрғашы  мысықтарға  қарағанда 
хром 1,6 есе, темір – 2,3, мыс–1,2, мырыш–1,3, натрий –1,4 есе аз және 
марганец –1,3 және магний –1,3 есе көп болады. Никельді аталық және 
ұрғашы  мысықтарда    іздер  түрінде  анықтаса,  қорғасын  мен  кобальт 
болмайды. 
Қабан  қылдарында  мегежін  қылдарына  қарағанда  темір  4  есе, 
марганец – 3,3, магний –1,5 есе көп және мыс пен мырыш –1,5, натрий –
3,4  есе  аз.  Хром  мен  никель  мөлшерлерінің  арасында  да 
айырмашылықтар  бар.  Кобальт  іздер  түрінде  кездессе,  қорғасын 
табылмаған. 
Элементтердің  түрлі  сандық  мөлшері  зерттелетін  қыл  нұсқалары 
бойынша  ит,  мысық,  шошқа  жыныстарын  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Авторлар деректері бойынша атомдық-абсорбциялық талдауды қолдану 
қылдың  түрлік  және  жыныстық  тиесілілігін  анықтауға  мүмкіндік 
беретінін дәледейді. 
Жыныс  хроматині  бойынша  жынысты  анықтау.  эпителиалды 
жасушалардың ядроларында орналасатын көлемі 1 мк жуық үйіндішелер 
түрінде  болатын  жыныс  хроматині  1949  ж.  М.П.  Барр  және  Ф.Г. 
Бертраммен  ашылған.  Кейіннен  жыныс  хроматині  шеткі  қанның 
нейтрофилді  лейкоцит  ядроларында,  тері,  бауыр,  бүйрек,  өкпе, 
көкбауыр,  ми,  жүрек  бұлшық  еті  және  т.б.  жасушаларында  анықталды. 
Айғақтық  зат  іздеріндегі  қанның  жыныстық  тиесілілігін  балау  әдісі, 

 
216 
қанның  сегментті  ядролы  лейкоциттер  ядроларының  құрылымындағы 
жыныстық ерекшеліктерге негізделген.  
Зерттеу  әдісі.  Зат  шынысына  қан  дағынан  алынған  қырындыны 
жағып,  1  см

аумаққа  бөледі.  Қырындыға  10%  сірке  қышқылының 
ерітіндісінің  бір  тамшысын  құйып  1  мин  ұстайды,  артық  сұйықты 
фильтр  қағазымен  сорып  алады.  Препаратты  кептіріп,  метил  спиртімен 
бекітіп,  Романовский-Булде  бойынша  бояйды,  сосын  250-300 
нейтрофилден  аз  емес  зерттейді.  Ұрғашы  мен  аталық  малдарда  түрлі 
жиілікте  кездесетін  әртүрлі  ядролық  өсінділерді  (барабан  таяқшалары, 
түйіншелер,  кішкентай  шоқпаршалар,  таяқшаларды)  есептеу  негізінде 
жыныстық тиесілілік жайлы мәселені шешеді.  
 
10.3 Малдың еті арқылы  жасын анықтау 
 
Тәжірибеде  малдың  еті  бойынша  жасын  анықтаудағы  қажеттілік 
ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелеріне сәйкес оларды етке 
сою  тиым  салынатын  төлдегеннен  бастап  14  күнге  дейінгі  бұзаулардан 
алынған бұзау етін анықтау кезінде туындайды; содан басқа, етті қайта 
өңдеуші кәсіпорындарда малдарды етке сою кезінде және алынатын етке  
еттің  саны  мен    сапасы  бойынша  жеткізушілермен  есептесу  кезінде 
туындайды.  Салмағы  172-200  кг  жоғары  қоңдылықтағы  ірі  қара  мал 
төлінен  алынған  ұшалар  үшін  ұша  бағасына  35%,  ал  салмағы  201  кг 
жоғары болса– 50% мөлшерде үстеме төленеді. Ересек малдан алынған 
жоғары дәрежелі сиыр еті үшін қосымша ақы төленбейді. 
Бұзау еті бойынша оның жасын анықтау кезінде сарапшылар тұяқ, 
тіс,  қызыл  иек  пен  мүйіздердің  жағдайын  ескеруі  керек.  Жаңа  туылған 
бұзаулардың  тұяқшалары  жұмсақ,  мүйіздік  заты  қатайып  үлгермеген; 
қызыл  иегі  қызыл,  күрек  тістерге  қатты  жанасып,  олардың  көп  бөлігін 
жабады.  Туылғаннан  кейін  жетінші  күні  бұзауларда  қызыл  иектері 
біртіндеп ақшыл қызғылт бола бастайды, тәжден түсіп, білікше пішінін 
қабылдайды.  15-күнге  қарай  ортаңғы  білікшелер,  20-күнге  қарай  – 
шеттегілер босатылады. Басын қарау кезінде жаңа туылған төлдің екінші 
аптасының  соңына  қарай  эпидермистің  қалыңдауы  түрінде  білінетін 
маңдай  сүйектерінде  мүйіздердің,  ал  үшінші  аптаның  соңына  қарай 
қатты  сүйелдің  пайда  болуына  көңіл  аударады.  1,5-айлық  жаста  айқын 
білінетін  мүйіз  өсіндісі,  2-айлығында  мүйіз  төбешесі,  ал  3-айлығында 
бұқашықтар  мүйізінің  сүйір  ұшы  ұзындығы  3  см,қашарларда  –  2  см 
болады. 
Ірі  қара  мал  төлі  ұшаларының  жасын  кеуде  омыртқаларының 
өсіндісі,  кеуде  және  құйымшақ  сүйектері  сегменттері  арасындағы 
шеміршек  қабатшалары,  мойын,  кеуде  және  бел  омыртқаларының, 
жауырын  шеміршегінің  ұштарының  үстінде  қосалқы  шеміршектердің 
сүйектену  дәрежесі  бойынша  анықтайды.  Өмірінің  бірінші  жылында 
омыртқалардың  өсінділеріндегі  шеміршектер  жұмсақ,  ақ  және 

 
217 
сүйектерден  айқын  бөлініп  тұрады.  Екінші  және  үшінші  жылы  өсінді 
түріндегі шеміршек сүйек маңдайшасына дейін жетіліп, сұр қызыл түске 
ие болады. 
Кеуде  сүйегінің  сегментаралық  шеміршектері  меруерт  ақ  түсті, 
оңай  кесіледі,  екінші  және  үшінші,  үшінші  және  төртінші  сегменттері 
арасындағы ұзындығы 12-15 айында 7-8 мм, бұл сегмент ұзындығының 
14-16%  құрайды  (Чернявский  М.В.,  1977).  Жасын  анықтау  кезінде 
сарапшылар бұл жаста толығымен шеміршектен тұратын кеуде сүйегінің 
бірінші  сегментінің  алдыңғы  үштен  бір  бөлігіне  көңіл  аударады.  1,5 
жаста тұтқаның ортасында нүктелі сүйектену пайда болады, екі жылдық 
жануарларда  сүйектену  диаметрі  5-10  мм  қызыл  ошақ  түрінде,  үш 
жылдық жануарларда қалыңдығы 5 мм шеткі бөлігі сүйектенбей қалады. 
3,5  жылдық  жануарларда  кеуде  сүйегінің  тұтқасы  толығымен 
сүйектенеді. 
Бесінші 
сегменттен 
басқа 
құйымшақ 
сүйегінің 
барлық 
сегментаралық  шеміршектері  үш  жасқа  қарай  сүйектенеді.  3-4-жастық 
жануарларда омыртқааралық шеміршектік қабатшалары сәл білінеді, ал 
10 жасқа қарай жауырын шеміршегі толығымен сүйектенеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
218 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет