Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
index


Диастаза  санын  анықтау.  Диастаза  саны  –  бал  сапасының 

 
237 
маңызды  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады.  Диастаза  саны  балда 
ферменттердің бар екендігін көрсетеді. Диастаза санының төмен болуы 
дұрыс сақтамағанын немесе жалғандығын білдіреді.   Диастаза 
саны 
балда  амилолитикалық  ферменттердің  белсенділігін  сипаттайды  және 
қыздырылу  дәрежесі  мен  сақтау  ұзақтығының  көрсеткіші  болып 
табылады. 
Диастаза  белсенділігін  диастаза  саны  бойынша  анықтайды,  ол  1 
сағат  40-45 

С-ғы  1%-ды  крахмал  ерітіндісінің  миллилитрінде  1  г  бал 
құрамынан ыдыраған диастаза мөлшері.   
 
 
 
Диастаза санын анықтау үшін 10% бал ерітіндісін дайындайды және 
он бір пробиркаға келесі мөлшермен құяды: 1; 1,3; 1,7; 2,1; 2,8; 3,6; 4,6; 
6,0;  7,7;  11,1  және  15,0.  Кейін  әр  пробиркаға  10  мл-ге  дейін 
дистилденген су, 0,5 мл децинормальды хлорлы натрий ерітіндісін және 
5  мл  1%  крахмал  ерітіндісін  қосады.  Пробиркалардың  ішіндегілерін 
араластырып,  су  моншасына  40-45 

С-та  1  сағатқа  қояды  және  бөлме 
температурасында  салқындатады.  Кейін  әрбір  пробиркаға  1  тамшы 
Люголь  ерітіндісін  құяды.  Сонан  соң  көк  түске  боялмаған  бірінші 
пробирканы белгілейді және реакцияға арналған ерітіндісінің мөлшерін 
(5  мл)  белгіленген  қатардағы  таза  балдың  массасына  бөлу  арқылы 
диастаза бірлігі анықталады.  
 
 
 
 
 
Мысалы.  Алтыншы  пробиркада  көк  түске  боялған  жоқ,  таза  бал 
мөлшері 0,36 г. Диастаза саны 5:0,36=13,88 тең болады. 
 
Диастаза саны бойынша стандарт талаптарына жауап бермейтін бал
денатурленген және сатылуға жіберілмейді. 
Крахмал сірнесінің қоспасын анықтау. Балдағы  крахмал сірнесін 
бірнеше  компоненттер    бойынша,  сірне  құрамындағы  декстриндер 
бойынша және өңдеу барысында сірненің енуі (көмірқышқылды кальций 
және  күкірт  қышқылы)    анықталады.  Бал  ерітіндісін  1:2  қатынаста 
дайындайды.  Крахмал  сірнесінің  декстриндері  бал  декстриндеріне 
қарағанда  қышқылдың  қатысуымен  спіртпен  тұнады.  Бал  ерітіндісінде 
алдын-ала танинмен ақуыздар тұндырылады.   
 
 
 
Анықтау  техникасы.  10  мл  бал  ерітіндісіне  3-5  тамшы  10%  танин 
ерітіндісін  қосады,  араластырады  және  сүзгіш  қағаз  арқылы  сүзеді. 
Кейін  2  мл  фильтратқа  2  тамшы  концентрленген  тұз  қышқылының 
меншікті  салмағы  1,19  және  20  мл  96
0
  этил  спиртін  қосады.  Балда 
крахмал  сірнесі  болса,  ерітінді  ағарады.  Көмірқышқылды  кальций 
қалдықтарының мөлшерін анықтау үшін хлорлы барийді қолданады. 2-3 
мл  сүзгіден өткізілген  бал  ерітіндісіне 10%-ті  хлорлы  барий  ерітіндісін 
тамшылатып  қосады.  Бал  ерітіндісінде  крахмал  сірнесі  болса,  ақшыл 
бұлыңғырлану немесе ақ тұнба түзіледі.   
 
 
 
 
Күкірт  қышқылының  қалдық  мөлшерін  мүсәтір  спирті  көмегімен 
анықтауға болады. 2-3 мл бал ерітіндісіне тамшылатып мүсәтір спиртін 
қосады.  Қоңыр  түстің  пайда  болуы  немесе  қоңыр  түсті  тұнба  түзуі 
ерітіндіде сірненің бар екендігін көрсетеді. 
 
 
 

 
238 
 
Балда  қант  сірнесін  анықтау.  Қант  сірнесі  қант  өндірісінің 
жағымсыз  өнімі  ретінде  хлорид  қалдықтарынан  тұрады,  оны 
азотқышқылды күміс реакциясы көмегімен анықтайды. 4 мл дайын бал 
ерітіндісіне  (1:2)  5-10  тамшы  5%  азотқышқылды  күміс  ерітіндісін 
қосады.  Балға  қант  сірнесі  қосылған  болса,  қоспа  бұлыңғырланып,  ақ 
тұнба түседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балда қант құрағын анықтау. Сыйымдылығы 200 мл колбаға 5 мл 
10%  бал  ерітіндісін  және  45  мл  су  өлшеп  термометрге  қояды.  Сосын 
колбаны  80 
0
С-қа  дейін  қыздырылған  су  моншасына  қойылады. 
Колбадағы  қоспаның  температурасы  68-70 
0
С-қа  жетісімен,  оған  1:5 
қатынаста  ерітілген  5  мл  тұз  қышқылы  қосылып  араластырылады  да 
тағы  5  минут  осы  температурада  ұсталады.  Термометрді  алғанда  оны 
дистилденген сумен шайып алады.  Колбадағы  қоспаға  1-2  тамшы  1% 
метил  қызғылтының  ерітіндісі  қосылып,  10%  күйдіргіш  натрий 
ерітіндісімен  қызғылт-сары  түске  енгенше  бейтараптайды.  Колбадағы 
қоспаның  мөлшерін  200  мл-ге  жеткізіп,  алынған  балдың  0,25% 
ерітіндісін, колбаны үш рет аудара отырып араластырады.  
 
Анықтау техникасы. Колбаға 10 мл 1% қан тұзы қызылын, 2,5 мл 
10% күйдіргіш натрийді, 5 мл 0,25% бал ерітіндісін және бір тамшы 1% 
метилен  көгін  қосады.  Қоспаны  қайнағанша  қыздырады  және  әрдайым 
әлсіз  қайнап  жатқанда  0,25%  бал  ерітіндісімен  көк  түсі  жоғалғанша 
титрлейді, соңында реакция біленер білінбес күлгін көк түске боялады.
 
Метилен  көгінің,  балдың  редуциялаушы  заттарымен  қайтадан 
бұрыңғы  қалпына  келуі  кештетіп  жүретін  болғандықтан,  титрлеу 
жылдамдығы  екі  секундта  бір  тамшыдан  аспауы  керек.  Қоспаның 
салқындағаннан кейінгі көк түске боялуы есепке алынбайды. Титрлеу 2-
3  рет  жүргізіліп,  есепке  арифметикалық  орта  шамасы  алынады.  Бірақ 
қатар  жүргізілген  екі  реакцияның  алшақтығы  1%-дан  аспауы  шарт. 
Балдағы  инверттенген  қант  мөлшерін  жоғарыда  айтылып  өткен 
әдістермен анықталады.  
Балдағы  сахарозаның  мөлшерін  мына  формуламен  есептеп 
шығарады: 
 
С=(х-у)×0,95 
 
мұнда,  С  –  балдағы  сахароза  мөлшері,  %;  х  –  инверсиядан  кейінгі 
инверттелген қант мөлшері, %; у – инверсияға дейінгі инверттелген қант 
мөлшері,  %;  0,95  –  коэффициент,  инвертті  қант  пен  сахарозаны  соңғы 
гидролиздің реакциясында массалық қатынасын көрсетеді.  
 
Гүл балында сахароза 5% - дан, ал шіре балында – 10 %-дан аспауы 
керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Крахмал  және  ұнның  бар-жоғын  анықтау.  Пробиркаға 
араластырылған  2-3  мл  (1:2)  қайнатылған  және  салқындатылған  бал 
ерітіндісіне 3-5 тамшы йод ерітіндісін (1 г кристаллданған йод, 2 г калий 

 
239 
йодиді  және  300  мл  дистилденген  су)  қосады.  Ерітіндіде  көк  бояудың 
пайда болуы балға крахмал немесе ұн қосылғанын көрсетеді. 
 
Желатин 
қоспасын 
анықтау. 
Балға 
желатинді 
оның 
жабысқақтығын  арттыру  үшін  қосады.  Желатинді  табу  реакциясы 
ақуыздардың танинмен тұнбаға түсуіне негізделген. 5 мл бал ерітіндісіне 
(1:2)  5-10  тамшы  5  %  танин  ерітіндісін  қосады.  Ерітіндіде  ақ  үлпектің 
пайда болып, тұнбаға түсуі балға желатин қосылғанын көрсетеді.  Әлсіз 
бұлыңғырланудың пайда болуы  желатинге  теріс реакция деп  саналады.
 
Гүл  балында  шіре  балының  қоспасын  анықтау.  Гүл  балының 
шіре балымен жалғандығын келесі тәсілдермен анықтайды: 
 
 
1) 1 мл бал ерітіндісіне (1:2 қатынаста) 10 мл спирт-ректификатты 
қосады.  Шіре  балы  болса,  ерітіндіде  бұлыңғырланған  ақшыл  түс  пайда 
болады  және  ақ  тұнба  пайда  болуы  мүмкін.  Қарақұмық  балдарына 
қолданылмайды. 
2) 5 мл бал ерітіндісіне (1:2 қатынаста) 0,5 мл 25% сірке қышқылды 
қорғасынның  ерітіндісін  қосады.  Бұлыңғырланудың  пайда  болуы  шіре 
балы екендігін білдіреді. 
Бал жалғандығын люминисцентті талдау арқылы анықтау. Бал 
сынамаларын  кюветаға  салады,  оны  люминоскоптың  қарайтын 
камерасына көшіреді. Табиғи бал сары түспен люминисцерленеді. 
Бал  улылығын  анықтау.  Ақ  тышқандарға  тері  астына  1  мл  50% 
бал ерітіндісін егеді. Егер бал улы болса, онда бірінші сағаттарда 75%-ға 
дейін  жануарлар  өледі.  Қалғандары  бір  тәуліктің  ішінде  өледі.  Балдың 
улылығын  дәлелдейтін  қосымша  әдіс  ретінде,  тозаңдық  талдау  жүргізу 
керек,  ол  зерттеушіден  негізгі  өсімдіктердің  тозаң  дәндерінің 
морфологиясын  білуін  талап  етеді,  ол  шәрбәттан  аралар  улы  балды 
шығарады. 
Ара  балауызының  жалғандығын  анықтау.  Ара  балауызының 
жалғандығы көбінесе сирек кездеседі, өйткені бұл өнім де арзан емес, әр 
түрлі  түріне  қарай  алаяқтар  өнімді  жалған  етеді.  Ара  балауызының 
денатурациясын  анықтаудың  бірнеше  физикалық  және  химиялық 
әдістері бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Солай  болғандықтан  ара  балауызы  және  өнімдердің  көбісі,  оның 
жалғандығына  қолданады,  оны  химиялық  құрамы  жағынан  айырады, 
балауыздың  жалғандығын  анықтау  аса  қиындық  туғызбайды.  Мысалы, 
церезин  қоспасы  кесектің  беткейіне  муарлы  сурет  (дақ,  өрнек),  әсіресе 
қараңғылау  үлгілерде  көрінеді.  Церезин  және  көп  мөлшерде  парафин 
қатып қалған кезде кесек, осыдан беткейі майысқан болады. 
 
 
Жоңқа, қатты заттың (пышақ, шеге) өткір ұшымен кесектен жону 
арқылы  алынатын  қоспа  жағдайында  церезин  балауызы,  парафин  және 
әсіресе  канифоль  үгітіледі  –  табиғи  балауызда  ол  ұзын  спираль  болып 
бұйраланады.  Табиғи  балауыз  сынған  кезде  құрылымы  біркелкі  ұсақ 
түйіршікті  болады,  пышақпен  кескенде  –  күңгірт,  кесіп  жатқан 
пышақтың  жиегінде  ғана із  қалады.  Балауызға  парафинді қосқан кезде, 

 
240 
сынған  жерінде  бөлек  кристаллдар  көрінеді,  пышақпен  кескен  кезде 
тегіс және жылтыр болады. 
Блюхнер  сынамасы  –  әр  түрлі  химиялық  қосылыстардың  және 
парафиннің  ерігіштігіне  және  церезиннің  балауызбен  салыстыруға 
негізделген. 
Зерттелетін 
үлгіні 
калий 
гидрооксидінің 
(КОН) 
қанықтырылған спиртті ерітіндісінде қайнатады. Табиғи балауыз осыдан 
түгелдей  ерітіледі,  ал  жалған  балдың  ерімейтін  компоненттері 
(парафиннен,  церезиннен  немесе  техникалық  балауыздан  тұратын) 
ерітіндінің  беткейіне  азғантай  суып  қалған  немесе  басқа  құрылымды 
түрде шығады.   
 
 
 
 
 
 
 
Стеаринге  сынама  –  балауызда  стеарин  мен  канифольды  табу 
үшін  1  г  балауызды  бірнеше  минут  10  г  спіртте  қайнатады,  20 
0
С-қа 
дейін  салқындатады,  фильтрлейді  және  сумен  араластырады.  Егер 
балауыз табиғи болса, онда ерітінді әлсіз бұлыңғыр болады, құрамында 
қоспалар болса – ақшыл-бұлыңғыр немесе тұнба түзеді.  Канифольге 
сынама  –  1  г балауызды  ерітіп,  сірке ангидридінде біркелкі қыздырып, 
салқындатқаннан  кейін  ерітіндіге  1  тамшы  63%  күкірт  қышқылын 
қосады.  Канифоль  бар  болса,  ерітінді  қызыл  немесе  көк-күңгірт  түске 
боялады, кейін сары-қоңырға айналады.   
 
 
 
 
 
Жалған балды тағамдық және емдік мақсатта қолдануға  сату түрі 
және  бағасы  жағынан  табиғи  балмен  бірдей  болуы  алаяқтық  ретінде 
қарастырылады, 
ол 
қылмыс 
түрінде 
жазаланады 
(Қазақстан 
Республикасының  Қылмыстық  Кодексі  №  167  1997  жылдың  16-шы 
шілдесінен бастап ). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
241 
 14 ТАРАУ 
 
ЖҰМЫРТҚАНЫҢ САПАСЫН 
ЖӘНЕ ЖАЛҒАНДЫЛЫҒЫН 
АНЫҚТАУ 
 
 
Жұмыртқа  –  азық  өнімдерінің  ішіндегі 
ең дәмді және құнды азық тағамдарының бірі. Өйткені оның құрамында 
толық  құнды  ақуыздар,  майлар  және  көптеген  витаминдер,  сонымен 
қатар  минералды  тұздар  мен  микроэлементтер  бар.  Жұмыртқалардың 
барлық түрінен ең құндысы және кеңінен таралғаны тауық жұмыртқасы 
болып саналады. Тағамға үйрек және қаз жұмыртқасын балауса күйінде 
қолдануға болмайды, өйткені адамдардың сальмонеллезбен ауыруының 
көзі  болуы  мүмкін.  Оларды  жоғары  температурада  дайындалатын 
қамырдан  жасалатын  бұйымдарға  (печенье,  кептірілген  нан,  тоқаш) 
қолданылады. 
 
14.1  Тағамдық  жұмыртқаларға  қойылатын  техникалық 
шарттар 
 
Тауық жұмыртқасының сапасы Республикалық техникалық шарттар 
(РТШ)  бойынша  анықталады.  Сатып  алынатын  жұмыртқалар  сапасы 
жоғары және РТШ талаптарына сәйкес болуы тиіс. 
Тағамдық  тауық  жұмыртқасы  сақтау  мерзіміне  қарай  диеталық 
және  асханалық  болып  бөлінеді  (Р  МЕМСТ  52121-2003).  Диеталық  
жұмыртқаға,  алынған  күнін  есептемегенде,  сақтау  мерзімі  7  күннен 
аспаған  жұмыртқалар  жатқызылады.  Мұндай  жұмыртқалар  сауда 
желісіне  алынғаннан  кейін  екінші  күні,  бірақ  сатуға  бекітілген 
мерзімнен үш күннен кеш емес уақытта жеткізілуі керек. 
Әрбір жұмыртқаның алынған күні белгіленген таңбасы болуы тиіс. 
Сауда орындарына түскен диеталық жұмыртқалар  қолдану мерзімі 
өтіп  кеткенінен  кейін  сауда  ұйымының  актісі  бойынша  категорияларға 
сай  бөлшек  сауда  бағасының  өзгертілуімен  диеталықтан  асханалыққа 
өзгертіледі.  Асханалық  жұмыртқалардың  сақталу  мерзімі  салынған 
күнін  есептемегенде  сұрыпталу  күнінен  25  тәуліктен  аспайды,  ал  егер 
олар  тоңазытқышта  сақталса  90  тәуліктен  көп  емес.  Жұмыртқаларды 
тоңазытқышта -2...0 °С температурада сақтайды. 
Бірінші  категориялы  диеталық  жұмыртқа  салмағы  республикалық 
техникалық талаптарға сай 54 г кем емес болу керек.  
Екінші  категориялы  диеталық  жұмыртқаның  ең  аз  салмағы  40  г 
болу керек. 
Диеталық  жұмыртқаларды  сауда  желілеріне  1%  мөлшерінде 
тапсырылуы рұқсат етіледі. 

 
242 
Асханалық  деп  салынған  күнінен  жеті  тәулік  өтіп  кеткен 
жұмыртқаларды айтады. Оларды сақтау мерзімі мен түріне байланысты 
жаңа,  тоңазытқышты  және  әкті  болып  бөледі.  Балауса  жұмыртқаларға 
алынған  күнінен  30  тәулік  ішінде  тоңазытқышта  1  –  2  °С  дейін 
температурада  сақталатын  жұмыртқалар  жатқызылады.  Асханалық 
тоңазытқышты  жұмыртқалар  деп  -  алынған  күнінен  кейін  қоймаларда 
немесе  тоңазытқыштарда  1  –  2  °С  дейінгі  температурада  30  тәуліктен 
артық  сақталғандар  саналады,  ал  әктіге  -  сақталу  мерзімінен  әкті 
ерітіндіде сақталатын жұмыртқалар жатқызылады.  
Барлық  асханалық  жұмыртқалар  РТТ  талаптарына  сай  алынған 
мерзімі, сапасы, салмағы және сақталу түрі бойынша бірінші жән екінші 
категорияларға жіктеледі (Кесте-13). 
 
13 – кесте. Жұмыртқа сапасына қойылатын талаптар  
 
Санаты  
Қабығын
ың 
жағдайы 
Ауа 
камерасының 
жағдайы мен 
оның үлкен 
білік бойынша 
биіктігі, мм 
Сары уыз  
Ақуыз  
Салмағ
ы  кем 
емес, г 
Диеталық 

Таза, 
бүтін, 
қатты 
 
Қозғалмайтын,  
көп емес 
Берік, аз 
байқалатын, 
пішіндері 
анық 
байқалмаған
, аз 
қозғалатын. 
Ортада 
орналасқан.  
Тығыз, 
жарық 
өткізетін  
54 
II 
-//- 
-//- 
-//- 
-//- 
40 
Балауса асханалық  

Таза, 
бүтін, 
қатты 
 
Қозғалмайтын,  
7 көп емес 
Берік, аз 
байқалатын, 
ортадан 
аздап 
жылжытылу
ы мүмкін   
Тығыз, 
жарық 
өткізетін 
54 

 
243 
II 
Таза, 
бүтін, 
қатты,  
сыртқы 
қабығыны
ң нүктелі 
дақтармен 
шамалы 
ластанған
ы 
жіберіледі 
Аздап 
қозғалатын, 
13 көп емес 
Бостау, 
анық 
байқалатын, 
ортадан 
оңай 
жылжиды  
Ақуызы 
әлсіз 
мөлдір, 
кейде 
сулы 
болады 
40 
Асханалық тоңазытқышты және әкті 

Таза, 
бүтін, 
қатты 
 
Аздап 
қозғалатын, 
11 көп емес 
Мөлдір, аз 
байқалатын, 
қозғалатын. 
Ортада 
орналасқан, 
аздап 
ауытқуы 
мүмкін. 
 
Ақуызы 
тығыз 
емес 
мөлдір 
48 
II 
таза, 
мықты, 
бүтін, 
қабығында 
нүкте 
тіріздес 
дақтар 
жіберіледі  
Қозғалмалы, 
оңай 
жылжытылады, 
13 көп емес 
жақсы 
көрінеді, 
қозғалмалы  
мөлдір, 
кейде 
сулы  
40 
 
Жұмыртқаның сапасын тексеру. Жұмыртқаның сапасын тексеру, 
оның  сыртқы  түрін  байқау,  өлшеу  және  овоскоппен  тексеру  арқылы 
жүргізіледі.  Сыртынан  бақылау  кезінде,  оның  қабығының  тазалығына, 
бүтіндігіне,  түсіне  және  бөгде  иістердің  болуына  көңіл  аударылады. 
Өлшеу  кезінде  техникалық  регламенттің  талабына  сәйкес  бірінші  және 
екінші  категориялар  бойынша  сұрыпталады.  Құс  өндірісінде 
тұтынушыларды  қабылдау  пунктінде  тек  қана  жұмыртқаларға  жарық 
көзін  түсіріп  қоймай,  сонымен  қатар  таразы  құрылғысы  бар  жұмыртқа 
сорттайтын  машиналар  қолданылады.  Бұл  құралдар  болмаған  жағдайда 
жұмыртқаны  қолмен  сұрыптайды,  өзіндік  бақылау  үшін  сұрыптаушы 
таңдап өлшеу әдісін қолданады. 
Жұмытқаның  сыртқы  қабатының  бүтіндігін  овоскоп  арқылы,  яғни 
оған  жарық  көзін  түсіру  көмегімен  тексеру  жүргізіледі.  Овоскоппен 
тексеру  кезінде  ауа  камерасының  (пуга)  мөлшері,  қозғалуы,  ақ  және 
сары уыздарының орналасуы, олардың пішіні, нобайы, тазалығы, қанды 
және  қара  дақтар  және  т.б.  белгілері  анықталады.  Ерекше  атап  кететін 

 
244 
жайт,  овоскопия  кезінде  ауа  камерасының  үлкен  білігінің  биіктігі 
бойынша, қашан алынғандығын анықтауға болады. Мемлекеттік жоспар 
бойынша ауа камерасының биіктігі 13 мм жоғары жұмыртқаларды сатып 
алмайды.   
Жаңа ғана тапқан жұмыртқада, қабықшалар арасында ауа камерасы 
болмайды.  Жұмыртқаны  салқындатқанда  оның  құрамы  кішірейеді,  осы 
сәтте  ақуыз  және  оған  жанасып  тұрған  қабықшаны  өзімен  бірге 
кішірейтеді,  ал  қабық  асты  қабықша,  қабыққа  жабысып  тұра  береді. 
Нәтижесінде қабық асты және ақуыздық қабықшалардың арасында ауаға 
толы  кеңістік  пайда  болады,  оны  ауа  камерасы  деп  атайды.  Ауа 
камерасы  қабықтағы тесіктер саны әлде қайда көп, жұмыртқаның доғал 
ұшында  пайда  болады.  Қоршаған  орта  температурасына  дейін 
салықындатылған  жаңа  туылған  жұмыртқалардың  ауа  камерасының 
көлемі  2  мм-ге,    ал  10  күндік  жұмыртқалардікі  3-5  мм-  ге  жетсе,  20 
күндік  жұмыртқалардікі  7-8  мм,  ал  одан  ескі  жұмыртқалардікі  13мм 
және одан жоғары болады.  
Жұмырытқыны  таңбалау.  Өндірістен  алынған  жұмыртқалар 
техникалық шарттардың талаптарына сәйкес таңбалануы керек. Бірінші 
санаттағы диеталық жұмыртқаны алынған күні көрсетілген және Д-I деп 
таңбаланады;  екінші  санаттағы  диеталық  жұмыртқалар  Д-II,  бірінші 
санаттағы асханалық жұмыртқаларды А-I, екінші санаттағы – А-II болып 
таңбаланады.  Жұмыртқаларды  мөр  соғу,  шашып  жағу  әдісімен  немесе 
таңбалаудың  анықтығын  қамтамасыз  ететін  басқа  әдістермен 
таңбалайды.  Атауын,  санатын  және  сұрыпталған  уақытын  білдіретін 
санның және әріптердің биіктігі 3 мм кем болмауы тиіс. 
Жұмыртқалар түрі мен санаттары бойынша арнайы ұяшықтары бар 
ағаш  немесе  картон  жәшіктерге  салынады  және  жәшіктердің  екі 
жағынан  да  өндірушінің  атауы,  жұмыртқаның  түрі  мен  санаты  (14  - 
кесте),  ыдыстың  номері,  сұрыптау  уақыты  жазылған  таңбалар 
жабыстырылады.   
 
14 – кесте. Жұмыртқаның санаттары мен түрлерін таңбалау 
 
Түрі 
1 санат 
2 санат 
3 санат 
Диеталық  
Д
1
 
Д
2
 

Балауса  
Б
1
 
Б
2
 
БМ 
Тоңазытқышты 
Т
1
 
Т
2
 
ТМ 
Әкті 
Ә
1
 
Ә
2
 
ӘМ 
Тағамдық 
қалдықтар 
ТҚ 


Техникалық 
қалдықтар 
ТҚ 


 

 
245 
Тағамдық сапасы кем, яғни қабығы ластанған жұмыртқалар сапасы 
мен  массасына  қарай  сұрыпталып,  тек  қоғамдық  тамақтану  жүйелеріне 
немесе қайта өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі.  
 
14.2  Жұмыртқа,  адам  және  жануарлардың  инфекциялық 
ауруларының көзі ретінде 
 
Жұмыртқа  әртүрлі жұқпалы  аурулардың  таралу  және  тасымалдану 
факторлары  болуы  мүмкін.  Тауық  жұмыртқасы  арқылы  сальмонеллез, 
туберкулез,  стрептококкоз,  пуллороз,  пастереллез,  колибактериоз, 
жұқпалы ларинготрахеит, микоплазмоз, орнитоз, Ньюкасл ауруы, тұмау 
және т.б. аурулардың қоздырғыштары берілуі мүмкін. 
Жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштары  жұмыртқаның  сыртқы 
қабатында  ғана  емес,  ішінде  де  кездеседі.  Ларинготрахеит  жұқпалы 
ауруының  қоздырғышы  қабықтың  сыртында  кездеседі.  Мұндай 
жұмыртқалар  ауру  құстардан  немесе  вирустасымалдаушы  құстардан 
бөлінеді. 
Сауықтырылғаннан кейін 10 – 15 тәуліктен және кейбір жағдайда 2-
3  ай  уақыт  өткеннен  соң,    тауықтардан  алынған  жұмыртқалардан 
Ньюкасл  ауруы,  тұмау  және  басқа  да  вирустық  аурулардың 
қоздырғыштарын  кездестіруе  болады.  Туберкулезбен  көп  жағдайда 
тауықтар  ауырады.  Ауру  құстар  инфекцияның  көзі  болып  табылды, 
өйткені  қоздырғыштардың  көп  бөлігі  саңғырықпен  және  жұмыртқа 
арқылы  бөлінеді.  Пастереллалар  жұмыртқаның  сыртқы  қабатында  48 
сағатқа,  ал  өлкен  эмбриондарда  30  тәулікке  дейін  өміршеңдігін 
сақтайды.  
Респираторлы  микоплазмоз  қоздырғыштары  жыныс  жолдарының 
шырышты  қабатында  ұзақ  уақыт  сақталады.  Жұмыртқа  жұмыртқа 
жолымен  өту  арқылы  микоплазмамен  ластанады.  Микоплазмалар  
жұмыртқаның  сыртқы  қабатында  5  тәулікке  дейін  өмір  сүреді. 
Инкубациялық жұмыртқалар неғұрлым қауіптілік көзі болып табылады, 
өйткені олардан микоплазмозбен ауыратын балапандар шығады.  
Орнитозбен  ауырған  құстар  ұзақ  уақытқа  дейін,  вирустасушылар 
болып  қалады.  Қоршаған  ортадағы  қолайсыз  жағдайлардан,  вирус 
таралу  салдарынан,  тауықтардың  әртүрлі  ластануынан  жұмыртқа 
орнитоз қоздырғыштарымен  қайталап ластанады. 
Пуллороз 
қоздырғыштары 
негізінен 
сары 
уызда 
немесе 
жұмыртқаның  сыртқы  қабатында  кездеседі.  Ақуыз  көбіне  стерилді 
күйінде 
сақталады. 
Қаз 
және 
үйректер 
жиі 
сальмонелла 
тасымалдаушылар  болып  табылады.  Осыған  байланысты  суда  жүзетін 
құстардың  жұмыртқалары  адамдарда  әртүрлі  тағамдық  аурулар 
(токсикоинфекция  және  токсикоздар)  пайда  болуында  үлкен 
эпидемологиялық рөл атқарады. 
 
 

 
246 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет