7 ТАРАУ
МАЛДАРДЫ АЛЫП-САТУ БАРЫСЫНДА
ТУЫНДАҒАН ДАУЛАРҒА СОТТЫҚ
САРАПТАМА
7.1 Малдарды алып-сатудың құқықтық
нормалары
Малды алып-сату бойынша сатып алушының малды сатып алған
кезде байқалмаған кемістіктер және келісім–шартқа сай сапалардың
болмауына байланысты, анықталған кемшіліктері нәтижесінде екі жақта
туындаған даулы сұрақтар, сараптаманың негізгі нысаны болып
табылады.
Малдарды алып-сатудың өзіндік бірнеше ерекшелiктері бар; мұнда
кiнә тағулардың мерзiмi тараптардан ғана емес, анықталған ақаулардың
сипатына да тәуелдi болады. Мәселен, дамуының нақтылы
мерзiмдерiнде кейбір аурулар мен ақаулар жасырын түрде өтеді және
тiптi оларды мұқият зерттеудің өзінде анықтау мүмкін болмайды. Бұдан
басқа, көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың айқын даму
мерзімі ұзақ немесе қысқа инкубациялық кезеңнен тұрады. Кейбiр
инфекциялық аурулар, мысалы, жылқылардың инфекциялық анемиясы
дерті қозу түрінде өтеді, мал ауыру аралығында аурудың ешбір белгісін
білдірмеуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда тараптардың арасындағы даудың бастауы
болып, сатып алынған мал ауру (инфекциялық және инвазиялық аурулар
кезінде) болды ма, әлде мәмiленi iске асыру кезінде жұқтырды ма, яғни
сатушының иелiгiнде болғанда ауырды ма, немесе сатып алынғаннан
кейін ауруға тап болды ма, деген сұрақтарға жауап табу болып
табылады.
Әртүрлі аурулар белгілерінің пайда болуына қажетті мерзім
біркелкі емес болып келеді. Сондықтан ауру мен көптеген ақаулардың
дамуының бірінші сатысында білінбей өтуіне, ал жұқпалы және
инвазиялық ауруларда жасырын кезеңінің болуына немесе созылмалы
ауруларда өршу және бәсеңдеу кезеңдерінің ауысып отыруына
байланысты болып келеді.
Алып-сату кезінде туындаған қиындықтарды анықтау және малды
белгіленген кезеңге дейін қайтарып беру мерзімдерін реттейтін арнайы
заң ережелері біздің заңнамамызда жоқ. Бұл мерзімдер сатып алушының
сатушыға алған малын қайтарып беруіне мүмкіндік туғызатындықтан
(келісімді бұзу), сондықтан оларды «қайтару мерзімі немесе тазарту»
деп атайды.
Сатып алған малды қайтару туралы сұрақ сатушы айтқан сапалар
болмағанда немесе жеткiлiксiз болған жағдайда туындайды. Сол себепті,
156
дауларды соттық тексеру кезінде, малдарды алып-сату туралы сұрақтар
бойынша, арнайы бiлiмді талап ететiн, әсiресе мал дәрiгерлiк
сарапшылардың шешiмi айтарлықтай қажет.
7.2 Малды сатып алғаннан кейін анықталған инфекциялық
және инвазиялық ауруларға сараптама
7.2.1 Инкубациялық кезең қ айтару мерзімінің дәлелі ретінде
Жаңадан
сатып
алынған
малдарда
(малда)
анықталған
инфекциялық, сонымен қатар кейбір инвазиялық ауруларды сараптауға
кіріспес бұрын, сарапшы ең алдымен сатып алынған және де сатып
әкелінген мал шаруашылығы (аудан) осы аурулардан таза екендігі
туралы нақты мәліметтер алуы тиіс.
Сарапшыны сатып алушының шаруашылығына малдар қандай
жағдайда ауыстырғаны жайлы сұрақтар қызықтыруы керек: малдар
карантинде және бөліну базасында болды ма және ұзақ уақыт болды ма,
осы жерлердің індеттік шарттар сипатын, сатып алушыға малдың
жеткізілген әдістері және т.б.
Сатып алынған соң, ауырған малдарды қайтару мерзiмдері туралы
сарапшының негiзгi нұсқаулығы-мәселенiң шешiмiнде жақында
қойылған инфекциялық аурудың инкубациялық кезеңiнiң ұзақтығы
туралы мәлiметтер болып табылады.
Малды сату сәтінде оның қандай-да бір инфекциялық аурудың
инкубациялық кезеңiнде жүргенін анықтау қиын, сөзсіз бұл сатып
алушының кәдімгі заттарды қабылдау әдісі тәрізді ескеріле бермейтін
кемшілігі. Ұзақ немесе қысқа мерзімде малдарға бақылау жасаған соң
осы кемшілікті анықтауға болады; инкубация кезеңі осындай мерзім
болып табылады.
Сарапшы қорытынды жасағанда сенімділігі нақты болу керек,
өйткені кейбір инфекциялық аурулардың инкубациялық кезеңі
әжептеуір ұзақ мерзімге созылатындықтан осы жағдайды, яғни сатып
алушының иелігінде мал ауруға шалдықпағанын, сондықтан сарапшы
осы тұрғыдағы сұрақтарды шешу кезінде инкубациялық кезеңнің ең ұзақ
уақытын ескеру қажет.
Ауру жұқтыру мерзімін (яғни қайтару мерзімін) шешу кезеңі –
сарапшы үшін ең жауапты кезең, мысалы сатып алынған соң жылқыда
инфекциялық анемияның белгілерінің анықталуы. Мұндай жағдайда
жаңадан ауру жұқтырулары және де ауру созылмалы түрде өтіп
қайталама ауруы да мүмкін; сол себепті сарапшының қорытындысы
клиникалық- эпизоотологиялық мәліметтерді терең, әрі егжей-тегжейлі
зерттеуден, ал мал өлген жағдайда жарып-сою нәтижесінен және
гистологиялық зерттеуден кейін ғана шығарылады. Соңғысы көптеген
инфекциялық және инвазиялық ауруларда патологиялық үрдістің
157
дамуының уақытын анықтауда едәуір көмегін тигізеді.
Алып-сатылған малдарға наразылық білдіргенде, кейде өтініште
көрсетілген ауруды анықтау мақсатында, жекелеген малдарға
комиссиялық-диагностикалық союды жүргізуге тура келеді. Мысалы,
«Н» шаруашылығы көршілес облысқа асыл тұқымды бұқаларды сатады.
Карантиндегі бұқаларға туберкулинизация жүргізгенде, кейбіреуінде
туберкулинге күмәнді және оң реакциялар анықталды. Бұқаларды сатып
алған облыс, «туберкулезді» бұқаларды сатқан шаруашылыққа
наразылық білдірді. Ал бұқаларды сатып алған шаруашылық
туберкулезден сау болып саналған. Ветеринарлық дәрігерлерден
құралған комиссия қосымша туберкулинизация жасап, кейбір
малдардың туберкулинге ыңғай білдірген фактілерін растады. Ондай
малдар өлтіріліп, ішкі ағзалары және ұшасы мұқият тексерілді.
Гистологиялық зерттеулер жүргізілді, бірақ туберкулезге тән айқын
белгілер анықталмады. Культураны бактериологиялық зерттеулер
жүргізу нәтижесінде патогенді микобактериялар табылмады.
«П» шаруашылығындағы ірі қара малды туберкулинге тексерген
кезде, туберкулинге реакция білдірген, негізінен күмән тудырған малдар
анықталды. Мұндай малдардың бірнешеуі өлтірілді, бірақ туберкулездік
өзгерістер байқалмады. Гистологиялық және бактериологиялық
тексерістер теріс нәтижелер берді. «П» шаруашылығының ірі қара
малы, соның ішінде жас төлдері де құрамында сапрофитті
микобактериялары бар шымтезекті төсеніште ұсталған. Жас төлдерді
ағаш үгiндiлері төсенiшiне ауыстырғаннан кейін ыңғай білдіретін саны
кенет төмендедi. Демек, «П» шарушылығында малдардың туберкулинге
сенсибилизациясын қышқылға төзімді сапрофиттер тудырған, ал
туберкулез болмаған.
Осы тектес наразылықтың басым бөлігінде арбитраж сұрақты сатып
алушының пайдасына
шешеді,
өйткені
нұсқаулыққа
сәйкес
туберкулинге ыңғай білдіретін малдар туберкулезбен зақымдалған
болып саналатынын басшылыққа алады, ал туберкулинге тән емес
реакциялардың дәлелін анықтау көп уақытты талап етеді, сондықтан
сатып алушы сұрақты аяғына дейін шешу үшін малдарды оқшауда
ұстауға келіспейді.
7.2.2 Кейбір аурулардағы макроскопиялық өзгерістердің
мерзімі
Сойыс мақсатында сатып алынған малдарда, егер сойғаннан кейінгі
қарауда малдың ұшасы немесе белгілі бір бөлігі шартты түрде жарамды
деп саналатын болса немесе бракталса, сатушы мен сатып алушы
арасында дау туындауы мүмкін. Кейбір аурулар да патологиялық
үрдістердің ұзақтығын анықтау үшін төменде келтірілген мәліметтер
қолданылады.
158
Ірі қара малдың туберкулезі. Ауруды табиғи жолмен жұқтырғанда,
макроскопиялық көрінетін өзгерістердің дамуына бірнеше аптадан кем
емес уақыт қажет ( жасанды жұқтырғанда- 25 күн). Бұзауларға азық
арқылы жұқтырғанда, гистологиялық тексергенде жұтқыншақ бездерінің
туберкулезді зақымдалулары 22 күннен соң анықталды, макроскопиялық
тексеріс барысында 29 күннен соң байқалды. Ірімшік тәріздес
төбешіктер ауруды ауруды жұқтырған соң 30 күннен кейін пайда
болады, ал әктенгені – 50 күннен кейін (тәжірибе жағдайында 60-80
күннен соң алынды); толық инкапсулданған төбешіктер 136-шы күні
байқалды.
Тәжірибелік жұқтырғанда эмболидтік түйіндер көлемі, жұқтырған
соң 3-4 аптадан кейін түйреуіштей, 5-6 аптадан соң сора дәннің
көлеміндей болады. Грек жаңғағының көлеміндей түйіндер плеврада 10-
11 аптада пайда болады. Әрі қарай зықымдалудың мөлшері ұлғайған
сайын дамуының ұзақтығын анықтау қиынға түседі. Бұл жағдайда ауру
малды азықтандыру мен күту жағдайларын естен шығармау керектігі
түсінікті.
Жылқының инфекциялы қан аздығы. Жарып-сою барысында
миокардтағы тыртық, жүрекше қабырғасының фиброзы, көк бауырдың
фолликулярлы гиперплазиясы және көк бауыр лимфа түйіндерінің
созылмалы гиперплазиясы, ошақты интерстициалды (лимфойдты)
нефрит және созылмалы гломерулонефрит (ұсақ дәндер тәрізді)
анықталса, аурудың созылмалы түрде өткенін көрсетеді.
Шошқалардың трихинеллезі. Ауруды жұқтырған соң 7-8 күннен
кейін бұлшықеттерде 0,1 мм көлемінде алғашқы трихинеллалар байқала
бастайды; 3 аптадан соң көлемі 0,4-1 мм-ге жетеді; 2 айдан соң
айналасында капсулалар дамиды; 3 айдан соң толық дамиды; 3-6 айдан
соң капсуланың әктенуі басталады, ал 9 айдан соң толығымен әктеледі.
Финноз (шошқаларда). Жұқтырылған соң 20 күннен кейін финналар
түйреуіш басындай мөлшерде болады, 40 күннен кейін қыша дәніндей,
60 күннен кейін бұршақтың дәніндей, 90 күннен кейін толығымен
дамиды.
Қойлардың фасциолезі. Ауру жұқтырылғаннан соң 4-5 күннен кейін
фасциолалар бауырға өтеді; 18 күннен кейін ұзындығы 1 мм-ге жетеді,
30-40 күннен кейін ең үлкендері 6 мм-ге дейін жетеді, 50 күннен кейін
7,5 мм-ге жетіп, ал 89 күннен кейін 23 мм болады. 63-інші күннен бастап
жыныстық жетілген құрттарды байқауға болады. Жұмыртқаларын ауру
жұқтырылған соң 9 аптадан кейін қойлардың құмалақтарынан анықтауға
болады.
Қой ценурозы. Ауру жұқтырылғаннан кейін 14-19 күннен кейін
ценурозы көпіршік сора дәнінің мөлшеріндей; 26 күннен 42 күннің
аралығында бұршақтай, ал 50 күннен кейін орман жаңғағының
көлеміндей болады.
159
7.3 Малды сатып алғаннан кейін анықталған инфекциялық
емес ауруларға сараптама
Инфекциялық емес сипаттағы аурулар кезінде, ауруды тудырған
жағымсыз себеп мерзімінен бастап, клиникалық белгілерінің дамуы
үшін ұзақ уақыт өтеді, сондықтан сатып алынған малды қайтарып беру
мерзімі туралы нұсқаулықты басшалыққы алу керек. Осындай ауруларда
сатып алынған мал, сау мал сияқты көрінеді, және тек қана белгілі уақыт
өткен соң аурудың симптомдары байқалуы мүмкін. Кейбір созылмалы
ауруларда жағдайы уақытша жақсаратынын атап кету керек. Біріншіге -
қатерсіз және қатерлі ісіктер және лейкоздар, сонымен қатар травмалық
ретикулит пен перикардит; екіншіге - кезеңдік офтальмия, жылқының
оглум аурулары жатады.
Бірінші топқа жататын аурулардың соңы мал өлімімен немесе
лажсыздан союмен аяқталады, осы жағдайда сарапшы аурудың пайда
болу уақытын анықтаған кезде, патологоанатомиялық белгілерді, әсіресе
гистологиялық тексерулерді есепке алуы керек. Ісіктердің қай уақыттан
бастап дамығанын гистологиялық тексеру арқылы да білу мүмкін емес,
дегенмен белгілі негіздер бойынша дерттің ұзақтығы мен дамуы туралы
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, едәуір көлеміне жету
үшін қатерсіз ісікке ұзақ уақыт, яғни бірнеше апта, тіпті айлар қажет; ал
қатерлі ісікте керісінші (мысалы, домалақ жасушалы саркомада), көлемі
тез ұлғаяды. Осы жағдайларда макроскопиялық көрінетін метастаздар
бірнеше апта немесе одан да көп мерзімде пайда болады. Жұмсақ
консистенциялы (ми ісігі) қатерлі ісіктер, тығызға (скирр-ісігі)
қарағанда тез өседі. Жасырын кезеңі бірнеше айдан және бірнеше
жылдарға дейін созылатын гемоцитобластоз түріндегі лейкоз,
лимфоидты жетілген жасушалы лейкозға қарағанда едәуір тез дамиды.
Травматикалық ретикулитте патологиялық үрдістің пайда
болуынан бастап қабыну процесінің сипатына, яғни дәнекер ұлпаның
дамуы және құрамына қарап анықтауға болады. Өткір бөгде денемен
торша тесілгеннен кейін бір немесе бірнеше күннен соң, сірі
қабаттарының болбыр жабысуымен фибринозды перитонит дамуы
мүмкін; каналдың айналасында тығыз гиалинизирленген дәнекер
ұлпалы қабырғаның дамуына кем дегенде 6 апта қажет. Кейде
травматикалық ретикулитте пайда болатын абсцестер 3 немесе одан да
көп аптаның ішінде капсуланады.
Егер малды сатып алған соң бірден пайда болған ауруларда
патологоанатомиялық зерттеулер жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда,
айқын белгілерімен жуықтап ағым ұзақтығын анықтайды. Мәселен,
жылқының кезеңдік офтальмиясында 14 күннен 30 күнге дейін, оглум
үшін 9 күннен 14 күнге дейін қайтару мерзімі бекітілген.
Қайтару мерзімі туралы сұрақтар бойынша сараптаманың
құралына айналған барлық аурулар мен ақауларды санап шығу мүмкін
160
емес. Мұның барлығын сарапшы қажетті тиісінше әдебиеттерден алады.
Осындай жағдайда сараптама жүргізгенде төмендегілерді есте сақтау
қажет: 1) ауруды нақты диагностикалау, 2) жануардың өлімі мен
жұмысқа қабілетінің төмендеуіне осылар әсер етті ме, 3) аурудың дамып
басталғанынан бері өткен уақытын ғылыми білімдердің заманауи
жағдайымен анықтау.
161
8 ТАРАУ
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
СОТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Қазақстан Республикасының Ветеринария
саласында
заңнамасын
бұзу
Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа
тартылады. Айыппұл салу немесе басқа да жазалар кінәлі тұлғаларды
Қазақстан Ресспубликасының азаматтық заңнамасымен бекітілген
тәртіпте келтірілген залалды өтеуден босатпайды (ҚР 10 шілде 2002
жылғы № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 36-бабы, 6-тарауы).
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінде, Ветеринария жайлы заңнаманы бұзу – 310-бабы бойынша
бұзушылықтың келесі түрлері үшін:
1. Міндетті ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізуден бас
тарту және оларды жүргізу мерзімін бұзу;
2. Карантин мен шектеу шараларының жағдайлары мен талаптарын
сақтамау;
3. Жұқпалы жануарларды жою бойынша ветеринарлық-санитарлық
шаралардың уақтылы немесе толық емес жүргізілуі;
4. Жұқпалы жануарлардың таралуы;
5. Мал басын көбейту кезінде ветеринарлық-санитарлық шараларды
сақтамау;
6. Республика аумағына жұқпалы ауру малдарды енгізуден сақтау
туралы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының орындалмауы;
7. Жануарларды тасымалдау (айдау) кезінде ветеринарлық-
санитарлық ережелерді бұзу;
8. Нарықта (сауда ұйымдары), ет дайындау, сақтау кәсіпорындарын,
ветеринарлық қадағалаудағы жүктерді, қоймаларды, карантиндық
базаларды, тиеу-түсіру алаңдарын және көлік құралдарын қайта өңдеуде
ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормативтердің-талаптарын
сақтамау Ветеринария саласындағы құзіретті мемлекеттік органың
сәйкес қорытындысынсыз жаңа, жетілдірілген ветеринарлық
препараттарды қолдану;
8-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік өкілетті органдармен
тиісті қорытынды алынбаған жетілдірілген, жаңа ветеринарлық
препараттарды қолдану;
8-2) ветеринарлық-санитарлық нысандарды тұрғызу және ұстауды
қамтамасыз етпеу;
9. Індеттің таралуына немесе басқа да ауыр жағдайға әкелмейтін
ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және індетке
қарсы күрес бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың
шешімін бұзу-жеке тұлғаларға бес, кіші және орта кәсіпкерлік
162
субъектілері
болып
табылатын
лауазымды
тұлғаларға,
жеке
кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, немесе коммерциялық емес ұйымдарға-
елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға-
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.
8.1 Қате кәсіби әрекеттер үшін жауапкершілік
Ветеринарлық дәрігер, фельдшер ҚР басқа да азаматтары сияқты,
мемлекетке немесе жеке адамның мүддесіне қарсы бағытталған іс-
әрекеті анықталған жағдайда соттық жауапкершілікке тартылады.
Ветеринарлық мамандардың кәсіби қызметіндегі бұзушылықтарды
келесі төрт топқа бөлуге болады:
I.Кәсіби қылмыстар.
II.Абайсыздықтан жасалған іс-әрекет.
Ш. Дәрігерлік қателіктер.
IV.Жазатайым жағдайлар.
Кәсіби қылмыстар. Кәсіби қылмыстар тобына келесілер кіреді: 1)
індетке қарсы күрес ережесін бұзу; 2) ) малдарға рұқсат етілмеген
тәжірибелер жүргізу нәтижесінде таралған аурулар; 3) адам мен
жануарлардың улануына әкелген күшті әсер ететін улы заттарды сақтау
мен сатудағы бұзушылықтар; 4) жалған анықтамалар мен куәліктерді
беру.
Айта кететін жайт, жоғарыда аталған қылмыстар ұшқалақтық
әрекет немесе немқұрайлық деп түсіндіріледі.
Абайсыздықтан жасалған іс-әрекет. Абайсыздықтан жасалған іс-
әрекеттерге немқұрайлық, ұқыпсыздық, әрекетсіздік, ұшқалақтықты
жатқызады. Бұл санатқа ветеринарлық дәрігерлер мен фельдшерлердің
арнаулы сұрақтардағы білімсіздігі де кіреді. Бұл топқа қатысты
әрекеттердің көпшілігін немқұрайлық деп бағалайды. Жоғарғы соттың
мәлімдеуі бойынша, немқұрайлыққа тек кінәсі анықталғанда ғана айып
тағылады, сонымен бірге немқұрайлыққа қатысты болған соң
абайсыздықтан жасалған іс- әрекет болып саналады.
Абайсыздық екі түрлі болуы мүмкін:
1. Адам өзінің әрекетінің салдарын алдын ала болжау қажет болса
да, олай жасамады. Бұл қылмыстық ұқыпсыздық деп саналады.
2. Өз әрекетінің салдарын біле тұра, оның болмайтынына
ұшқалақтық оймен үміттеніп сенеді, бұл қылмыстық менменділік деп
бағаланады.
Мысалы, құс фабрикалардың бірінде обадан тауықтардың жаппай
163
өлімі орын алды. Тергеу кезінде инфекция бұрын бұл аурудан сау емес
шаруашылықтан инкубациялау үшін сатып алынған жұмыртқалармен
бірге әкелінгені анықталды. Жұмыртқалар ветеринарлық басқарманың
рұқсатынсыз технологтың өкімі бойынша сатып алынған болатын. Құс
фабрикасының ветеринарлық дәрігері сатып алынатын жұмыртқаның
аурудан сау емес шаруашылықтан екенін біле тұра, жұмыртқалардың
әкелінуіне қарсы ешқандай шара қабылдамаған және инкубацияға
жіберуге рұқсат берген. Құс фабрикасының технологы нұсқауға
қарамастан ұрықтанбаған жұмытқаларды балапандарға шикі түрінде
азықтандыруға рұқсат еткен. Оба энзоотиясы нәтижесінде үлкен
соммаға шығын әкелінді. Обаның таралуына кінәлі тұлғалар қылмыстық
менмендігі үшін соттық жауапкершілікке тартылды.
Ветеринариялық дәрігер, егер
малдың өлім-жітімі оның
ұқыпсыздығынан, өзінің менмендігі немесе өз міндетін дұрыс
атқармағандығынан болғандығы дәлелденсе ғана жауапқа тартылады.
Дәрігерлік қателіктер. Дәрігерлік қателіктер деп дәрігердің
жаңылысуын айтады. ҚР және басқа да елдердің Қылмыстық
кодекстерінде дәрігерлік қателіктер туралы ешқандай бап жоқ, бірақ бұл
түсінік соттық медицинада тамыр жайғандықтан ветринарияға да
тұтастай қатысты.
Дәрігерлік қателіктер келесі себептерден: 1) ветеринарлық
қызметкердің біліктілігінің жеткіліксіздігі; 2) диагностикалануы күрделі
ауруларда; 3) еңбек жағдайының нашарлығынан болуы мүмкін.
Дәрігерлік қателіктерге ең алдымен диагностикалық жаңылысуды
жатқызады. Бұл ветеринар маманнын ауру белгілерін дұрыс анықтай
алмағандығы негізінде болады. Дәрігерлік қателіктер жазаланатын және
жазаланбайтын болуы мүмкін.
Жазаланатын
қателіктерге
ауруға
диагноз
қою
кезінде
немқұрайлық, ұқыпсыздық, кәсіби міндетіне салғырт қарауы немесе
немесе ветеринар маманның диагностикалау құралдарды әдейі
пайдаланбауын жатқызады. Дұрыс емес диагноз қою нәтижесінде, қате
шаралар жүргізіліп немесе емдеу нәтижесі малдың (малдардың) өлуіне
әкеп соғады, соның салдарынан зор материалдық шығынға ұшыратуы
мүмкін.
Мысалы, «Н» құс шаруашылығында кремнефторлы натриймен
аскаридиозға қарсы тауықтардың дегельминтизациясы жүргізілді.
Дәрілік заттың мөлшері 1 кг құс салмағына 0,06 г есептелген,
тауықтардың орташа салмағы 1,5 кг деп алынды, ал жалпы саны 5500
құрады. Дәрілік затты бөлшекті мөлшерде азықпен бірге берілу керек
164
болатын. Дәрілік затты бергеннен кейін бірнеше сағат өткен соң
тауықтардың басым бөлігі ауырып, 800 тауық өліп, 350 бауыздалды.
Тергеу кезінде құстың тірі салмағы 800-ден 1100 граммға дейін
болғаны анықталды. Құстардың жалпы саны 5500 емес, 5336 болған
екен. Дәрілік зат бөлшекті мөлшерде емес, бірден тұтастай сол
қалпынша берілген. Сөйтіп, ветеринарлық қызметкердің мұқият
ойланбаған
әрекетінен
шаруашылыққа
зиян
келтірілді.
Жазаланбайтын қателіктер – ветеринарлық қызметкердің қолында
бар барлық диагностика құралдарын дұрыс қолданса да, ғылымның
жеткіліксіз дамығаны және аурудың өзіндік белгілері болмауы себепті
диагноз дұрыс қойылмай, соның нәтижесінде емдеу ешқандай әсер
бермегенде туындайтын қателіктер. Мұндай қателіктер жоғары білікті
мамандарда да, жұмысты жаңадан бастаушы қызметкерлерде де
байқалады, бірақ алғашқысында олар соңғысыныкіне қарағанда
сирегірек кездеседі және қиын баланатын аурларда байқалады.
Дәрігерлік қателіктерге ветеринар мамандардың арнайы сұрақтарға
мүлдем
білімсіздігі
нәтижесіндегі
дұрыс
емес
әрекеттері
жатқызылмайды.
Ветеринарлық тәжірибеде қателіктің ең көп пайызы диагностика
үшін жарамсыз, тексеруге жағдай жасалмаған жерлерде (мал қора т.б.)
малдарды қарау кезінде байқалады. Жабдықталмаған емханаларда
айқын емес клиникалық белгілері бар қиын баланатын ауруларда,
мысалы, жеке жануарлардың улы өсімдіктермен улануы, шошқалардың
Ауэски ауруының кездейсоқ түрлерінде, клиникалық зерттеуге
қолжетімсіз мүшелер зақымдалғанда және т.б. дәрігерлік қателіктер
кездеседі.
Жиі дұрыс емес диагноз ауру жануарға жеткіліксіз көңіл
бөлмегеннен немесе дәрігердің төмен біліктілігінен емес, жануарды
жан-жақты зерттеуге жағдайдың жоқтығы мен ғылымның бірқатар
ауруларды дәл балаудың құралдарын шығармауынан қойылады. Бұл
жағдайларда дұрыс емес диагноз қойғаны үшін ветеринарлық дәрігер
немесе фельдшер өздеріне қатысты барлық қолдан келгенін жасаса
кінәлі болмайды. Дегенмен, ветеринарлық қызметкердің әрбір дәрігерлік
қателігі оның беделіне ғана әсер етіп қоймай, мемлекетке де
материалдық зиян келтіретінін естен шығармағаны жөн. Әсіресе
инфекциялық аурулардың диагностикасында жіберген қателіктердің
маңызы зор, өйткені диагнозды дәл қою арқылы ауру жануарды дұрыс
емдеу мен профилактикалық шараларды уақытында жүргізуді
нақтылайды. Инфекциялық аурулар кезінде дұрыс қойылмаған диагноз
165
жануарлардың өлімі, егулер жасау мен басқа да індетке қарсы
шараларды жүргізуге қажет көп еңбек пен құралдарды босқа шығындау
сияқты ауыр салдарларға әкеп соғады. Мысалы, бір шаруашылықта
ауру шығып, шошқалардың өлімі байқалды. Шаруашылықтың
ветеринарлық дәрігері улану деп диагноз қояды. Улануға қарсы
шаралардың жүргізілуіне қарамастан, шошқалардың өлімі тоқтамады.
Жалпы шошқа санының 12% өлімге ұшырады, және тек содан кейін ғана
шошқа обасы деп нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданды.
Дұрыс қойылмаған диагноз бен обаға қарсы уақтылы шаралар
жүргізілмеуі нәтижесінде шаруашылық көп шығынға ұшырады.
Жазатайым жағдайлар. Ветеринарлық тәжірибеде жазатайым
жағдай деп ветеринария мамандарына, күтуші жұмысшыларға қатысы
жоқ, алдын-алу мүмкіндігі жоқ себептерден болған жануар ауруын
немесе оның өлімін айтады. Мысалы, айғырды піштіру кезінде ол естен
танып қалды. Дәрігер олай болатынын болжаған жоқ, себебі піштіру
кезінде естен тану өте сирек кездеседі және бұл жағдайларда кәсіби
жұмыс
ережелерімен
ешқандай
алдын
алушы
шаралар
қарастырылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |