4.6.3 Үсу және қату
Аталған жануар түрінің өзіне тән, дененің белгілі температурасы
кезінде жануар организміндегі барлық физиологиялық үрдістер қалыпты
127
өтеді. Жануар организмі дене температурасын реттеуге қабілетті, бірақ
оның ауытқуын шектік мөлшерде ғана реттеуі мүмкін.
Жануарлар айтарлықтай суыққа тұрақты, олардың терісі қалың
түкпен және қылдармен жабынған, олардың организмін сыртқы төменгі
температура әсерінен қорғап қана қоймай, жылудың жоғалуына да
кедергі болады. Дегенмен, үй жануарларында суықтың әсерінен
патологиялық өзгерістер мен өлім жиі кездесетін құбылыс. Оларда тек
үсу ғана емес, қату да байқалады.
Үсу – жануар организмінде суықтың жергілікті әсерінен дамитын
өзгеріс.Б.М. Оливков көрсетіп кеткендей, үсуге жиі ұшырайтын жерлері:
жылқыларда – жыныс мүшесі, ұма, төменгі ерін және тәжі жиегінің тері
негізі; сиырларда – желін үрпілері; бұқаларда – ұма басы; шошқаларда –
аяқтары, құйрығы және құлақ қалқаны; иттерде – аяқтарының дистальді
бөліктері, құлақ қалқаны, емшегі; тауықтарда – жотасы, сырғасы,
аяқтары; үйректерде – жүзу торсылдақтары; қояндарда – құлақ қалқаны.
Клиникалық тұрғыдан үсудің 4 дәрежесін ажыратады, олардың әр
қайсысы өзіне лайық белгілер кешені бар.
Бірінші дәрежесі – гиперемиялық, немесе іркілген, эритема,
терінің гиперемиялық іркілген түрі ретінде қан айналымының
бұзылуымен сипатталады. Егер ол пигменттелмеген болса, онда күлгін –
қызыл түске боялады. Осымен бір уақытта терінің және тері асты
шелінің болмашы ісінуі салдарынан тері қалыңдануы белгіленеді. Үсіген
жерді саусақпен басқан кезде ауырсыну реакциясы байқалады, кейіннен
жоғалады. Егер суық әсері тоқтатылмаса, онда үсудің екінші дәрежесі
(қабыну) басталады.
Екінші дәрежесі үсіген ұлпаның шектен тыс таралуымен, терінің
және тері асты шелінің ісінуімен сипатталады. Эпидермисі көтеріледі,
лимон-сары немесе қызыл-қоңыр түсті бұлыңғыр сұйықтыққа толы
көпіршіктер пайда болады. Көпіршіктер оңай жарылады, және олардың
орнын эрозиялар мен ойық жаралар басады.
Үшінші дәрежесі терінің және тері асты шелінің гангренасымен
сипатталынады. Суықтың әсері мен мүшені жылыту әсері тоқтағаннан
кейін, зақымдалған мүше сезімталдығын жоғалтады. Тері тіліктері қан
кетуді тудырмайды.
Төртінші дәрежесі терең жатқан ұлпалардың өліеттенуінің
таралуымен сипатталады. Кейде үрдіс соншалықты терең таралады, тіпті
жансызданған бөліктерді алып тастаған кезде, сүйек, сіңір, синовиальді
қалталарына дейін жетеді. Некроз жиі екіншілік инфекциямен қабынып,
дымқыл гангренаның сипатын алып жүреді.
Үсу кезінде өлім некротикалық ұлпалар өнімдерінің ыдырауының
сіңірілуінің әсерінен уланудан немесе сепсистен болады. Үсіген өлген
ұлпаларда түрлі микроорганизмдер қарқынды дамиды, осыдан олар
лимфа жолдарына, қан жүретін арналарға түсіп, сепсис туғызады.
Үй жануарларында жиі мутиляция байқалады – үсіген дене
128
бөліктерінің: құлақ, құйрық және т.б. түсіп қалуы. Бұл қорғаныш
реакцияларының бірі, нәтижесінде үсіген ұлпалардың токсикалық
ыдырау өнімдерінен және оларда дамып жатқан микроорганизмдерден
организм құтылады.
Соттық – ветеринариялық тәжірибеде жануар терісіндегі
көпіршіктерді ажырата білу керек, өйткені олар үсу кезінде де және
күйік кезінде де байқалуы мүмкін. Осындай жағдайларда үсу кезіндегі
көпіршіктер үлкен еместігін, оңай жарылатынын, лимон-сары немесе
қызыл-қоңыр түсті бұлыңғыр сұйықтыққа толы екендігін; ал күйік
кезіндегі көпіршіктер ірі, жарылуы қиын және жарық мөлдір
сұйықтықтан тұратынын ескерген жөн.
Қату – жалпы салқындаудан туындаған жануар өлімі. Қату жаңа
туған төлдерде, оларды салқын, дымқыл қораларда ұстаған кезде
байқалады. Дымқыл тері, құрғақ теріге қарағанда төрт есе жылу береді.
Қырқылғаннан кейін қойлар, жаңбыр және жел астында қалса, сыртқы
ортаның плюстік температурасында да суықтан өледі. Жануарлардың
көпшілік өлімі суықтан, кейде далада боран болған кезде, төменгі
температурамен (-40 °С) біруақытта қатты, өткір жел өткенде болады.
Сонымен бірге қар жамылғысын мұз басып, және тебіну мүмкін емес
болады. Қатуға себеп: зорығу, аштық, жүдеу және организмді
әлсірететін басқа факторлар. Қату белгілеріне жататындар: бұлшық ет
дірілі,
жүрісінің
тәлтіректенуі,
сыртқы
түрлі
тітіркенулерге
реакциясының
жоғалуы,
жалпы
температурасының
төмендеуі,
жиырылуының тоқтауы.
Қату кезінде өлім келесі себептерден болады. Суық әсері
жануардың физиологиялық бейімділігін арттырған кезде, дене
температурасы төмендейді, зат алмасуы, тынысы және қан айналымы
бәсеңдейді. Қан айналымының, оттегінің жеткіліксіздігінен, барлығынан
бұрын орталық жүйке жүйесі зардап шегеді, рефлекстері басылады.
Тіршілікке маңызды мүшелердің иннервациясы бұзылады. Дене
температурасы 20-25 °С-қа дейін төмендеген кезде өлім туады.
Өлексенің қатып қалуы, суық әсерінен болған жануар өлімінің
көрсеткіші бола алмайды, өйткені ол өлім себебіне байланысты емес,
өлгеннен кейін кез келген жануар өлексесінде болатын құбылыс.
Қатып қалған өлексені алдын-ала бірте-бірте жібітілген салқын
жерде жарып-сояды; жоғары температурада жылдам жібітілген өлексе
шіру үрдісін жылдамдатады.
Жібітілгеннен кейін өлексенің қатуы сақталмайды, гемолиз және
шіру үрдістері айтарлықтай жылдамдайды, және осыдан мүшелер
диффузды қоңыр-қызыл түске ие болады.
Медициналық тәжірибеде суықтан болған өлімнің негізгі белгісі
Вишневский дақтары болып табылады, қатпарының басында
орналасатын қарынның кілегейлі қабатында ұсақ қанталаулардың
болуымен сипатталынады. Олардың саны бірден жүзге дейін.
129
Дақтарының түсі қоңырлау немесе қоңыр, кейде күрең қызыл.
Қарынның кілегейлі қабатындағы қанталаулар қатудан болған өлімге
тән емес, өйткені ондай өзгерістер бас миының зақымдалуымен жүретін
басқа да аурулар кезінде байқалатынын атап өткен жөн.
Суықтан болған өлім белгілері: ішкі мүшелердің қанға толуы,
қуық қалбыршағының толып кетуі, бүйрек қуысындағы нүктелі
қанталаулары, жүректің сол жағының және ірі тамырларының
фибринмен бірге қанға толуы, жұмсақ ми қабығының ісігі.
Гистологиялық зерттеу кезінде ішкі мүшелердің ұлпаларында сопақша
немесе ине тәріздес саңылауларды анықтайды. Бірақ бұл өзгерістер
өлгеннен кейінгіге жатады. Тірі кезіндегі өзгерістерге: мүшелерде,
капиллярларда лейкостаздар, бүйректің бүгілген каналдарының
эпителийлерінде дистрофиялық өзгерістер, бауырда РНК-ның және
гликогеннің болмауы жатады.
130
5 ТАРАУ
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН
КҮРЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ
СОТТЫҚ-ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ
САРАПТАУ
Ауыл шаруашылық малдарының инфекциялық ауруларымен күресу
мемлекеттік іс болып табылады. Ветеринарлық заңнамада белгіленген,
үкімет бұйрықтары мен нұсқамаларына сәйкес, аурудан сау аймақтарда
инфекциялық аурулардың пайда болуының алдын-алу шараларын
жүргізу, сондай-ақ, жұқпалы аурулардан сау емес шаруашылықтар мен
аймақтарда
сауықтыру
шараларын
жүргізу
регламенттелген.
Инфекциялық ауруларға байланысты істерді қарау кезінде ауыл
шаруашылық малдардың инфекциялық ауруларының таралуына кінәлі
тұлғаларды соттық жауапкершілікке тарту жағдайларында ветеринарлық
дәрігерге келесі жағдайларда сарапшы ретінде қатысуға тура келеді:
1) карантиндік іс-шараларын бұзғанда;
2) малдарды тасымалдау ережелерін бұзғанда;
3) ауру қоздырушылары тікелей адам арқылы тасымалданғанда;
4)
ауру
малды
оқшаулағанда
ветеринарлық
маманның
нұсқауларын орындамағанда;
5) сақтандыру егулерді жүргізуден бас тартқанда;
6) өлекселерді жинау ережелерін бұзғанда;
7) дезинфекция жүргізудің нұсқамасын бұзғанда.
Аталған
шаралар дұрыс орындалмай, шараларға жауапты тұлғалардың
немқұрайлығы мен дұрыс әрекет етпеуінен жұқпалы аурулар таралып,
мемлекетке немесе жеке тұлғаларға материалдық зиян келтірілсе,
көрсетілген шаралардың бұзылуы туралы іс қозғалады.
5.1 Карантиндік іс-шараларын бұзу
Қазақстан Респубикасының мемлекеттік шекарасы арқылы
тасымалданатын
мемлекеттік
ветеринарлық
қадағалаудың
бақылауындағы жүктер міндетті мемлекеттік ветеринарлық қадағалауға
жатады.
Қазақстан Республикасының аумағына ветеринария саласындағы
құзіретті
мемлекеттік
органдармен
белгіленген,
ветеринарлық
(ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отыра, басқа
мемлекеттерден эпизоотиялық жағынан сау, мемлекеттік ветеринарлық
қадағалаудың бақылауындағы жүктерді енгізу, сонымен қатар, транзиті
жіберіледі.
Мемлекеттік
ветеринарлық
қадағалаудың
бақылауындағы
131
жүктердің енгізілуі, шығарылуы және транзиті сәйкес аумақтардың
індеттік жағдайын бағалауға сай жүзеге асырылады.
Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуі мен
таралуының алдын-алу мақсатында, мемлекеттік ветеринарлық
қадағалауды жүзеге асыру үшін, ветеринария саласындағы құзіретті
мемлекеттік органмен шекаралық және кедендік пункттерде
(мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан
Республикасының Үкіметімен белгілеген шекаралық ветеринарлық
бақылау бекеттері ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына, жануарлардың аса қауіпті
ауруларының таралуы тіркелген шекаралас елдермен шектесетін
аумақтардан енетін көлік заттары, ветеринария саласында Қазақстан
Республикасы заңнамасымен бекітілген, мерзім мен тәртіпке сәйкес
міндетті дезинфекциядан өтуі тиіс. Мемлекеттік шекара мен көліктегі
ветеринарлық бақылау бекеттерінің ветеринарлық инспекторлары
қызметтік міндеттерін атқарғанда ветеринарлық нышаны бар арнайы
киім киеді.
Мемлекеттік
ветеринарлық
қадағалаудың
бақылауындағы
жүктердің экспорты, импорты және транзитке келісім жасау алдында
жеке немесе заңды тұлға ветеринария саласындағы құзіретті
мемлекеттік орган мен оның бөлімшелерінен экспорттаушы,
импорттаушы және транзиттеуші елдің індеттік жағдайы, жануар
ауруларын қоздырушылардың келуін және шығып кетуін болдырмайтын
ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер жайлы ақпарат
алуына құқылы. Құпия ақпарат мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың
бақылауындағы жүктер, иесінің жазбаша келісімінсіз жарияланбауы
қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы
мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің
тасымалдануы кезіндегі міндетті мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды
жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен
анықталады.
Жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда карантин
тәртібі мен шектеу шараларын енгізу арқылы ветеринарлық тәртіпті
белгілеу туралы шешімді, сәйкес аумақтың бас мемлекеттік
ветеринарлық инспекторының нұсқауы бойынша сәйкес аумақтық-
әкімшілік бірліктің жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Шектеу
шаралары немесе карантин белгіленетін жануарлар жұқпалы
ауруларының тізімі ветеринария саласындағы құзіретті мемлекеттік
органмен анықталады.
Шектеу шаралары немесе карантинді алу туралы шешім
ветеринарлық шаралар кешені толығымен жүргізілген жағдайда сәйкес
аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының нұсқауы
132
бойынша сәйкес аумақтық-әкімшілік бірліктің жергілікті атқарушы
органымен қабылданады.
Тиісінше
аумақтың
бас
мемлекеттік
ветеринарлық
инспекторларының нұсқауы бойынша, сәйкес аумақтық-әкімшілік
бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен карантинді
алғаннан кейін, ветеринария саласындағы құзіретті мемлекеттік
органмен ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасында қарастырылған жағдайда шектеу шаралары белгілене
алады.
Індеттердің таралуына немесе басқа да ауыр салдарларға әкелген
ветеринарлық ережелерді бұзу, бес жүзден мыңға дейінгі айлық есептік
көрсеткіш немесе бес айдан бір жылға дейінгі кезең ішінде жаза кесілген
адамның жалақысы немесе басқа да табысы мөлшерінде айыппұлмен,
немесе екі жылға дейінгі түзетуші жұмыстармен немесе үш жылға
дейінгі бас бостандығын шектеумен немесе үш жылға дейінгі
бостандығынан айырумен жазаланады (16 шілде 1997 жылғы №167-1
Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
Кодексінен
үзінді
көшірме, 280-бап).
Ветеринария жайлы заңнаманы бұзудың келесі түрлері:
1. Міндетті ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізуден бас
тарту және оларды жүргізу мерзімін бұзу;
2. Карантин мен шектеу шараларының жағдайлары мен
талаптарын сақтамау;
3. Жұқпалы жануарларды жою бойынша ветеринарлық-
санитарлық шаралардың уақтылы немесе толық емес жүргізілуі;
4. Жұқпалы жануарлардың таралуы;
5. Жануарларды көбейту кезінде ветеринарлық-санитарлық
шараларды сақтамау;
6. Жануарлардың жұқпалы аурларын енгізуден республика
аумағын қорғау жайлы нормативтік құқықтық актілер талаптарының
орындалмауы;
7.Жануарларды тасымалдау (айдау) кезінде ветеринарлық-
санитарлық ережелерді бұзу;
8. Базарлар (сауда ұйымдары), мемлекеттік ветеринарлық
қадағалаудың бақылауындағы жүктерді дайындау, сақтау, қайта
өндіретін кәсіпорындар, карантин базалары, тиеп-түсіру алаңдары мен
көлік
заттарында
ветеринарлық-санитарлық
ережелер
мен
нормативтердің талаптарын сақтамау;
9. Індеттердің таралуына немесе басқа да ауыр салдарларға
әкелмеген ветеринария саласындағы басқа нормативтік құқықтық
актілерді, сонымен қатар, індеттермен күресу мәселелері бойынша
жергілікті
өкілетті
және
атқарушы
органдар
шешімдеріндег
ібұзушылықтар–азаматтар үшін беске дейін, лауазымды адамдарға–
жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға –жүз айлық есептік көрсеткішке
133
дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. (30 қаңтар 2001 жылғы 155-II
әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы
Кодексінен үзінді көшірме, 20-тарау, (13 желтоқсан 2004 жылғы
өзгерістермен)).
Ветеринарлық қадағалау саласындағы құзіретті органның
лауазымды тұлғалары аталған Кодекстің 310-бабында әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы істерде қарастырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және
әкімшілік жаза тағайындауға құқылы:
- Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринарлық
инспекторы мен оның орынбасарлары-азаматтарға беске дейін,
лауазымды адамдарға- жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға -жүз айлық
есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл салуға;
-мемлекеттік
шекара
мен
көліктегі
бас
ветеринарлық
инспекторлар, облыстардың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы
мен оның орынбасарлары, ветеринария саласындағы құзіретті
мемлекеттік органның ветеринарлық инспекторлары - азаматтарға беске
дейін, лауазымды адамдарға- жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға -жүз
айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл салуға;
-аудан, қалалардың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторлары,
ауылдық округтердің ветеринарлық инспекторлары, мемлекеттік
ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру өкілеттігіне ие, жергілікті
атқарушы органдар мен ведомстволық ветеринарлық қызметтің,
ветеринарлық мекемелерінің ветеринарлық дәрігерлері –бес айлық
есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарының лауазымды
тұлғаларымен келесі орындарда айыппұл алынуы мүмкін:
1) Сауда орындарында – жануарларды (соның ішінде, құстар,
балықтар және араларды), жануар текті өнімдер мен шикізатты сатудың
ветеринарлық-санитарлық ережелерін бұзғаны үшін;
2) Темір жол, су және әуе көліктерінде, тас жол мен қара
жолдарда, малды айдау жолдарында – жануарларды (соның ішінде,
құстар, балықтар және араларды), жануар текті өнімдер мен шикізатты
тасымалдаудың ветеринарлық-санитарлық ережелерін, сонымен қатар,
малды айдау ережелерін бұзғаны үшін;
3) Мемлекеттік шекарада – шет елдерден жануарлардың (соның
ішінде, құстар, балықтар және аралардың) жұқпалы ауруларын
Қазақстан Республикасы аумағына енгізуден қорғау бойынша
ветеринарлық-санитарлық ережелерін бұзғаны үшін.
Әкімшілік жазаны салу туралы қаулы, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған
жерде айыппұл алу туралы түбіртектерді шығару және сәйкес
аумақтардың мемлекеттік ветеринарлық инспекторларымен жасау
тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы
134
Кодексімен белгіленген тәртіпте жүзеге асады. Әкімшілік жазаны салу
туралы қаулы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, әкімшілік
құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл алу туралы түбіртектер
үлгілері осыған қоса тіркеледі. (30 қаңтар 2001 жылғы 155-II әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінен үзінді
көшірме, 20-тарау (13 желтоқсан 2004 жылғы өзгерістермен)).
Сырттан жұқпалы аурулардың енуінен қорғау мақсатында,
шетелден жануарларды айдау мен тасымалдау енгізілетін және
шығарылатын жануарлар, құстар, жануар текті шикізатты ветеринарлық-
санитарлық бақылауды жүзеге асыратын күзет-карантин инспекциясы
бар, белгілі бір өткізгіш пункттерде ғана өткізіледі. ҚР мемлекеттік
шекаралары арқылы жануарларды айдау мен тасымалдаудың бекітілген
ережелерін бұзғанына кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
Мемлекет ішінде инфекция таралуының алдын алу мақсатында,
инфекциялық аурулар бойынша сау емес шаруашылықтар, фермалар
немесе пункттерге карантин салынады. Карантинді АӨК аумақтық
меминспекция басшысы салады. Карантин салынатын аумақ,
шаруашылық, ферма немесе пункт шекарасын ауданның бас
мемлекеттік ветеринарлық дәрігері анықтайды. Жұқпалы ауру
анықталған кезде, карантин салудың алдында инфекция таралуын алдын
алатын шектеу шараларын белгілейді. Туберкулез бен бруцеллез
анықталса, шаруашылыққа карантин салынбайды, тек шектеу шаралары
жүргізіледі. Шектеу шаралары мен карантинді бұзуға кінәлі тұлғаларға
Ветеринарлық заңнама бойынша айыппұл салады немесе сот алдында
жауапкершілікке тартады. Мұндағы жаза ауыртпалығы карантинді
бұзудан туындаған материалдық зиян салдары мен мөлшеріне
байланысты сотпен анықталады. Карантин шараларын бұзу дәрежесі
оның қалай жасалғаны: білместіктен, немқұрайлық немесе жаман
пиғылмен жасалғанына байланысты түрлі болуы мүмкін.
5.2 Жануарларды тасымалдау кезіндегі бұзушылықтар
Ережелер Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы
«Ветеринария туралы» Заңының 5-баптың 21-тармағына сәйкес
жасалған және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы
жүктердің (одан ары–бақылаудағы жүктер) тасымалдануы кезінде
ветеринарлық заңнама нормалары мен талаптарын сақтау бойынша
жүктің иелері, тасымалдаушылары мен бақылаушы органдары
арасындағы құқықтық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және басқа
да қатынастарды бекітеді.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктер
Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдануы (орын ауыстыруы)
кезінде міндетті ветеринарлық қадағалауға жатады. Ауыл шаруашылық
жануарлардың тасымалдану (орын ауыстыру) бағыттары (мал айдау
135
жолдары) сәйкес аумақтардың бас мемлекеттік ветеринарлық
инспекторларының келісімдері бойынша ауданның (қаланың) жергілікті
атқарушы органдарымен анықталады.
Мемлекеттік
ветеринарлық
қадағалаудың
бақылауындағы
жүктерді тасымалдау (орын ауыстыру) үшін қолданатын немесе
қолданылған көлік заттары ветеринария саласындағы Қазақстан
Республикасы заңнама талаптарына сәйкес міндетті дезинфекциялануы
тиіс.
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік ветеринарлық
қадағалаудың
бақылауындағы
жүктерді
тасымалдауды
(орын
ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібі ветеринария саласындағы құзіретті
мемлекеттік органмен анықталады.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктер
жұқпалы аурулардан сау және карантинде болмаған жерден (елді мекен,
шаруашылық, қойма, ұйымнан) ғана шығарылуы мүмкін. Аудан
шегінен тыс шығарылатын бақылаудағы жүктердің барлық түрлеріне
жөнелтуші тасымалдаушыға бекітілген нұсқадағы ветеринарлық куәлік
беріп жіберуі қажет. Бақылаудағы жүктерді әкімшілік аудан (қала)
ішінде
тасымалдау
кезінде
ветеринарлық
куәліктің
орнына
ветеринарлық анықтама беріледі. Ветеринарлық
куәліктер
мен
анықтамалар жүк жөнелтушіге бекітілген тәртіпте беріледі.
Жүк жөнелтуші ветеринарлық куәлікті автокөліктің жүргізушісіне,
ал жүкті бірнеше автокөлікте жөнелтсе–автокөліктер легінің басшысына
тапсырады. Соңғы жағдайда әрбір жүргізушінің жол-сапар қағазында
ветеринарлық куәліктің нөмірі мен күні көрсетілген белгі болуы қажет.
Жүргізуші (немесе автокөліктер легінің басшысы) қажет болса, жол
жүру бағыты бойында бақылаушы қызметтердің талаптары бойынша
ветеринарлық куәлікті көрсетіп отыруы тиіс. Мемлекеттік ветеринарлық
қадағалаудың бақылауындағы жүктерді тасымалдайтын автокөлік
жүргізушісі ветеринарлық куәліксіз іс сапарға шығуға құқығы жоқ. Бұл
талапты бұзғаны үшін ол жүкті жөнелтушімен бірдей деңгейде жауапқа
тартылады.
Тасымалдайтын
жануарлар
арасында
ауыруға
немесе
жануарлардың жұқпалы ауруларын жұқтыруға күдікті жануарлар
анықталса (тиеуде, транзитте немесе түсіруде), мемлекетті ветеринарлық
инспекторлар бірден тасымалданатын партияның қалған жануарларынан
бөліп алып анықталған ауру туралы ауданның бас мемлекеттік
ветеринарлық инспекторға хабарлауы қажет және Ережелер мен
ветеринария саласындағы нормативті құқықтық актілерге сәйкес
қарастырылған шараларды қолдануы тиіс.
Егер
ауру
сипаты
бойынша
жеке
жануарлар
немесе
тасымалданатын жануарлардың барлық партиясы карантиндеу, алдын
алатын өңдеу немесе емдеуді қажет етсе, онда мемлекеттік
ветеринарлық инспекторлар аудан, облыс немесе Республиканың бас
136
мемлекеттік ветеринарлық инспекторы нұсқауымен оқшаулап ұстау
және емдік-профилактикалық өңдеулер үшін шара қабылдайды. Ауру
сипаты бойынша союға жататын малды мемлекеттік ветеринарлық
инспекторлар бақылауында санитарлық қасапханада сою үшін жақын
маңдағы ет комбинатына жөнелтеді. Ветеринария саласындағы сәйкес
нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған тәртіпте инфекцияның
сыртқы ортаға тарлмауын қамтамасыз ететін шараларды сақтай отыра,
ауру жануарларды одан ары ұстау немесе сою жеріне дейін жеткізеді.
Тасымалдау кезінде жұқпалы аурулары бар жануарлар анықталса,
мемлекеттік ветеринарлық инспекторлар ауру жануалары бар вагон,
кеме, баржа, автокөлік заттарын, ал керек болса, жануарлар мен
жемшөбі бар пойыздың барлық вагондарын ветеринария саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес шұғыл түрде
ветеринарлық-санитарлық және індетке қарсы шараларды жүргізу үшін
тоқтатады.
Жұқпалы аурулардан сау емес болған себептен жануарларды
тасымалдауға жібермеу, жол жүру бағытында мәжбүрлі түсіру немесе
түсіру кезінде шектеуші шараларды қолдану, сонымен қатар, бруцеллез,
туберкулез (құстардан басқа) және маңқаға оң реакция беретін
жануарларды тасымалдағанда (тиегенде, түсіргенде) мемлекеттік
ветеринарлық инспектор жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) мен темір
жол станциясы, кемежай, айлақ, аэропорт, автокөлік тасымалдаушы
жұмысшының қатысуымен акт толтырады. Актіде алдын ала жасалған
шектеулердің себебін (анықталған ауруды), сонымен бірге, жүзеге
асырылуы тиісті шектеуші, ветеринарлық-санитарлық және індетке
қарсы шараларды көрсетеді. Актінің бір данасы акт жасалған
ветеринарлық органның ісінде қалдырылады, екіншісі - жүк
жөнелтушіге (жүк қабылдаушыға) беріледі немесе жүк құжатына
тіркеледі
(транзитте),
үшіншісін
–облыс,
қаланың
бас
мемветинспекторына, төртіншісін - станция, кемежай, айлақ, аэропорт
басшысына (жетекшісіне) беріледі.
Мемлекеттік ветеринарлық инспектор жұқпалы ауруға күдікті
немесе ауру малдарды анықтаудың әрбір жағдайын міндетті түрде
жоғары тұрған органдарға хабарлау тиіс.
Жұқпалы аурулармен ауырған жануарларды анықтау мен олардың
одан ары жөнелтуді шешудің барлық жағдайларында, нақты
шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет.
Сәйкес
аумақтардың
бас
мемлекеттік
ветеринарлық
инспекторлары, сонымен қатар, шекара мен көліктегі мемлекетті
ветеринарлық бақылаудың аймақтық бөлімшелері тасымалданатын
жануарлар арасында сібір жарасы, аусыл; ірі қара арасында–оба мен
өкпенің жаппай қабынуы; қойларда –шешек; шошқаларда–оба мен
тілме, жылқыларда–маңқа; терісі бағалы аңдарда–оба мен вирусты
энтерит; құстарда–оба мен пастереллез анықталса, аурудан сау емес
137
жануарлардың тобы жіберілген облыстың ветеринарлық органына,
сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық
Министрлігіне хабарлауы керек.
Жануарлар мен құстарды тасымалдауға арналған автокөлік
заттары сәйкес түрде жабдықталуы керек.
Барлық жануарлар меншікті шаруашылықтың (қойма, ұйымның)
ветеринарлық дәрігерімен және тиеу алдында және түсіру кезінде
мемветқадағалау ветинспекторымен қаралуы тиіс.
Қарау кезінде жануарлардың денсаулығы мен қоңдылығын,
сонымен бірге, оларды тасымалдауды көтеру мүмкіндігін анықтайды.
Ауру жануарлар тасымалдауға жіберілмейді.
Мемлекет ішінде ауыл шаруашылық жануарлардың инфекциялық
ауруларының таралуы, жануарлардың бір жерден екінші жерге
тасымалдануы кезінде болады.
Жануарларды тасымалдау кезінде инфекцияның таралуының
алдын-алу мақсатында, оларды тек инфекциялық аурудан сау жерлерден
ғана шығару жіберіледі, бұл жайлы ветеринарлық қызметкер белгіленген
нұсқадағы ветеринарлық куәліктер беруі міндетті.
Ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына аудан
ішінде жануарларды тасымалдау немесе айдауға куәлік (анықтамалар)
беру құқығы берілген. Аудан, облыстан тыс жерге жануарды шығарған
кезде облыстың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы қол қойған
шаруашылық пен жануарлардың аурудан сау екендігін растайтын
ветеринарлық куәлік беріледі.
Ауданда аусыл немесе басқа да аса қауіпті аурулармен ауыру
жағдайлары болса, ауданнан тыс малды енгізу мен шығару облыс немесе
республиканың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының
рұқсатымен ғана іске асады.
Ветеринарлық куәліктердің бланкілері қатаң есептегі құжаттар
болып саналады және ветеринарлық жұмыскерлерге қолхат жазып
беріледі.
Темір жол немесе су жолымен тасымалдау үшін келіп түскен
жануарларды бекеттің көліктік ветеринарлық дәрігері жануарларды тиеу
алдында қараудан өткізіп, ауру жануарлар болмаса бұл жайлы
ветеринарлық куәлікте белгі жасайды.
Жөнелтілетін жануарлар арасында инфекциялық аурулармен
ауырғандары анықталса, жануарлардың барлық партиясын тиеуге
жібермей, бекет аумағынан тыс шығарып, карантиндейді. Жол үстінде
жануарлар арасында инфекциялық аурулар анықталса, шұғыл шаралар
қабылдау үшін вагон немесе барлық құрамды тоқтатып, ауру
жануарларды оқшаулап, вагондарды дезинфекциялайды. Қажет
жағдайда жануарларды түсіріп, карантиндеп, аурудың сипатына қарай
оны жоюға бағытталған басқа да шаралар жүргізеді.
Адам мен жануарларға ортақ (зооноздар деп аталатын) жіті
138
инфекциялық аурулар анықталған жағдайда, көліктегі ветеринарлық
қызметкерлер профилактикалық шараларды жүргізуге қатысу үшін
көліктегі санитарлық қадағалауға хабарлайды.
Тасымалданатын жануарлар арасында ірі қара малдың обасы мен
өкпенің жаппай қабынуы, маңқа, сібір жарасы, аусыл, қой шешегі,
шошқа обасы мен тілмесі, құстардың обасы мен тырысқағы анықталса,
көліктегі ветеринарлық қызметкерлер тек ауруды жою шараларын
қабылдап қана қоймай, одан басқа жануарлар шығарылатын, сонымен
бірге, олар тоқтатылған жерлердің жол санитарлық бөлімдеріне, ауыл
шаруашылығының облыстық немесе өңірлік бөлімдеріне телефон
арқылы хабарлауы міндетті.
Вагондарда анықталған өлген жануарлардың өлекселерін жақын
маңдағы ветеринарлық санитарлық пункті бар бекетте түсіріп, мал
қорымдары немесе утильдейтін қондырғыларға апарып, жарып союды
жүргізеді. Сібір жарасына күдікті малдарды жарып соймайды,
бактериологиялық зерттеу үшін материал (құлақ) жібереді және диагноз
дәлелденсе өлексені өртейді. Ауруды жою үшін жүргізілген барлық
шараларды сәйкес актілермен рәсімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |