Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


Соттық – ветеринариялық сараптаманы тағайындау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
index


Соттық – ветеринариялық сараптаманы тағайындау жөніндегі 
ҚАУЛЫ 
 
«28» қыркүйек 20...жылы  
Зеренді ауданы 
 
Зеренді ауданының АIIБ тергеушісі полиция аға лейтенаты ХХХХХ 
тіркелген заңсыз аңшылық іс материалдарын қарастырған соң 
   
БЕКІТТІ: 
 Ақмола  облысы  Зеренді  ауданы  Баратай  ауылы  маңында  полиция 
қызметкерлері 27.09.20.... жылы түңгі 01.30 да «Куйбышевский лесхоз» 
МБ территориясында рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында ХХХХХ 
жүргізушісі  басқаруымен  «Тойота»    көлігінен  жабайы  жануар  ұшасы 
елік табылды.  
    Жануар 
ұшасын  қарау  барысында  келесі  зақымдалулар 
анықталды:  артқы  оң  жақ  сирағының  сынғаны,  құрсақ  қуысының  және 
мойынының кесілгені анықталды.  
 Істің  нақтылығын  анықтау  үшін  ҚР  ҚПК  240—243,  202  бабын 
басшылыққа  ала  отырып,  арнайы  білімі  бар  ветеринария  саласындағы 
мамандарды тағайындау жөніндегі  
      
ҚАУЛЫ : 
1.Заңсыз  аңшылық  оқиғасы  бойынша  соттық-ветеринарлық 
сараптама 
жүргізілсін, 
бұл 
С.Сейфуллин 
атындағы 
Қазақ 
агротехникалық  университетінің  Ветеринария  және  мал  шаруашылығы 
технологиясы факультетінің сарапшыларына жүктелсін. 
2. Сарапшыларға шешу үшін келесі сұрақтарға қойылды: 
   - зерттеуге ұсынылған ұша қандай жануар түріне жатады? 

 
86 
   -  зерттеуге  ұсынылған  жануар  ұшасында  қарудан,  оқтан  болған 
жаралар бар ма? 
   -  зерттеуге  ұсынылған  жануар  ұшасында  өзге  де  зақымдалулар 
бар ма? 
   -  егер  болса  онда  аталған  зақымдалулар  көліктің  механикалық 
әсер етуінен пайда болды ма? 
 3.  Сарапшылар  құзырына  аталған  қаулының  көшірмесін  және 
жануар ұшасы берілсін.  
4. ҚР ҚПК 83 бабында қарастырылған сарапшылардың құқығы мен 
міндеттерін түсіндіру және ҚР ҚК 352 бабына сәйкес жалған қорытынды 
бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілсін. 
 
Тергеуші                                                 аты-жөні қолы 
 
Сараптама қорытындысы 
 
Біздер  төменде  қол  қойғандар,  профессор    аға    оқытушылар  және 
ассистенттер  жүргізілген  соттық  –ветеринариялық  сараптама  негізінде 
келесідей  қорытындыға  келдік,  яғни  бізге  ұсынылған  жабайы  жануар 
ұшасы  -  Сібір  елігі,  болжамды  жасы  11-12  айлық  (1-сурет-атластағы 
суретімен салыстырғанда) бұл бірінші сұрақтың жауабы. 
Екінші сұраққа жауап. Қарап зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде, 
оқтан  болған  жара  артқы  оң  жақ  сирағында  анықталды.  2  суретте  оқ 
ататын  қарудан  шыққан  оқтың  енген  жері  айқын  көрсетіліп  тұрған 
фотосурет  көруге  болады,  ол  сан  сүйегін  сындырып  жіберген,  сыртқы 
бөлігінің  бұлшық  ет  беткейінде  гематомалар  мен  терісі  сыдырылған 
жерлер  жоқ,  бұл  дегеніміз  көлік  арқылы  механикалық  әсердің  қатысы 
жоқтығын білдіреді.  
Үшінші  сұраққа  жауап;  ұшаның  сыртқы  беткейінде  ерекше 
өзгерістер  табылмады,  тек  оң  жақ  иық  буынының  аумағында  тері  асты 
гематомасы  көрінеді,  ол  3  суретте  көрсетіліп  отырғандай,  жануар 
құлаған кезде пайда болуы мүмкін.  
Төртінші  сұраққа  жауап;  Соттық-ветеринариялық  сараптама 
жүргізу үшін ұсынылған Сібір елігінің ұшасы атылғаны және жанталасу 
кезінде  бауыздалғаны  ықтимал,  өйткені  ішкі  ағзалардың  (жүрек  және 
бауыры  қанға  толған)  қансыздануы  нашар,  зертханалық  зерттеу 
жүргізген кезде еттің рH-6,5 ке тең, аминді-аммиакты азоттың мөлшері-
1,26-ға тең болды және бензидин сынамасы теріс нәтиже берді. 
   
2.5.6 Эксгумирленген өлексені соттық сараптау  
 
Соттық-ветеринарлық 
сараптау 
тәжірибесінде 
өлексені 
эксгумирлеуге  (латын  тілінен  ex-ден,  humus-жер)  тура  келеді,  яғни 
біріншілей  немесе  екіншілей  сараптау  үшін,  көмілген  өлексені  қайта 

 
87 
қазу. Соңғысы тергеу әрекеттері кезінде өлексені зерттеуді қажет ететін, 
жаңа жағдайлардың туындауы барысында жүргізіледі. 
 
Эксгумацияға  жүгінбес  бұрын,  мыналарды  ескеру  қажет.  Өлексе  
жер үстіне қарағанда, жер астында ұзақ уақыт сақталады, алайда жануар 
өліміне  әкелген  патологиялық  үрдістердің  табылуы,  көп  жағдайларда 
жүзеге аспайды. Мысалы, жұмсақ ұлпалардағы патологиялық үрдістерді 
анықтау  тек  ыдырау  басталмай  тұрып  қана  байқалатыны  белгілі. 
Сондықтан  эксгумирленген  өлекседегі  дәнді  және  майлы  дистрофияны 
анықтау  мүмкін  емес,  себебі  олар  ыдырау  сатысының  бір  бөлігі.  Осы 
себепті  бұндай  өлекселердегі  ұлпалар  гиперемиясын  анықтау  мүмкін 
емес.  Жұмсақ  ұлпаларда  жіті  қабыну  процестері  ұзағырақ  сақталады, 
бірақ  шіру  үрдісінің  даму  сатысына  байланысты  жоғалады.  Цирроз, 
созылмалы  қабынуларда,  гиалиноз  кезінде  жұмсақ  ұлпаларда 
байқалатын,  дәнекер  ұлпалардың  өсуі  және  әк  тұздарының  жиналуын 
соңғы анықтауға болады.      
 
 
 
 
 
Сүйектер жерде жылдап сақтала алады. Көмгеннен кейін бірнеше 
жыл  өтсе  де,  сынық,  бас  сүйегінің  тесілуі,  оқ  жаралары  сияқты 
патологиялар  табылуы  мүмкін.  Өлекселерде  минералды  улар  ұзақ 
сақталады,  мысалы  күшәла,  фтор,  сынап,  және  т.б.  Осыған  орай,  бұл 
улармен  улануға  күдік  туған  кезде, ыдырап  кеткен  өлексе  зерттеулерге 
оң нәтиже беруі  мүмкін.  Улануға  күдік  туғанда  тек өлексе  қалдықтары 
ғана емес, өлексе жатқан топырақ үлгісі де алынады.  
 
 
Эксгумирлеген  өлексені  сараптау  кезінде,  басқа  соттық-
ветеринарлық  сараптаудағыдай,  іске  айғақтық  зат  бола  алатын 
материалдар  таңдалып,  сақталады.  Жұмсақ  ұлпаларды  10  %-ды 
формалин ерітіндісінде бекітілу ұсынылады. Бөгде денелерді – сым, ине, 
оқ және т.б. – олар зақымдаған ұлпалармен бірге сақталғаны жөн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
88 
3 ТАРАУ 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҮШІН 
МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ 
ЖӨНЕЛТУ 
 
 
Жарып–сою  кезінде  көп  жағдайда  жануар 
өлімін анықтау мүмкін бола бермейді. Көбінесе 
қандай  да  бір  ауруға
  күмән  туғанда  оны 
дәлелдеу  үшін  химиялық,  бактериологиялық 
немесе гистологиялық зертханалық зерттеулердің көмегіне жүгінеді.  
 
3.1 Химиялық зерттеулер 
 
  Улануға  күмән  туған  жағдайда  өлексені  жарып-сою  келесідей 
орындалады, ағзалар мен олардың ішіндегісінің ластанбауы және оларға 
бөгде  заттардың  түспеуін  қадағалау  қажет,  өйткені  зерттеудің 
нақтылығына  әсер  тигізуі  мүмкін.  Өлексені    жарып-сою  барысында, 
асқазан-ішек  жолдарының  ішіндегісінің  ерекше  иісі,  ағзалардың 
дистрофиялық  немесе  қабынуы,  қанға  тән  емес  түстің  және  т.б. 
өзгерістердің  анықталуы  нәтижесінде  улануға  күдік  туындауы  мұмкін.
 
Сондықтан  да,  жарып-союды  бастамас  бұрын  алдын–ала 
материялдарды 
салатын 
ыдыстарды 
дайындап 
қою 
керек. 
Материялдарды  таза  шыны  ыдысқа  салған  дұрыс,  ал  ең  жақсы  ыдыс 
ретінде  шыны  немесе  полиэтилен  қақпағы  бар  литрлік  банкаларды 
қолданған  жөн.  Химиялық  зерттеулер  үшін  өлекседен  келесідей 
материялдар  алынады:  1)    өңеш  бөлігі  мен  зақымдалған  қарын  бөлігін 
асқазан  ішіндегісімен  бірге  кем  дегенде  0.5  кг;  2)  ащы  ішек  кесіндісін 
ішіндегі  сұйықтығымен  0,5  кг  (ішектің  шеттерін  байлайды);  3)  жуан 
ішек  кесіндісін  ең  айқын  зақымдалған  аймағынан,  ішіндегі  затымен 
бірге  0,5  кг;  4)  өт  қапшығымен  бірге  бауырдың  бір  бөлігін  (ұсақ 
малдардікін  тұтастай);  5)  бір  бүйректі;  6)  қуықты  ішіндегі  несеппен 
бірге.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сонымен  қатар,  синиль  қышқылымен  улануға  күмән  туғанда 
бұлшық ет кесіндісі алынады. 
 
 
 
 
 
 
 
Өкпе  арқылы  газдармен  уланғанда  өкпенің  қанмен  қаныққан 
бөлігін, жүректі қанмен немесе қанды жеке түрде жіберу ұсынылады. 
 
Тері  арқылы  немесе  инъекция  жолымен  улануға  күдіктенгенде 
зертханаға  тері  бөлігін,  тері  асты  шелін  және  удың  енген  жерінен 
алынған бұлшық етті жібереді.  
 
 
 
 
 
 
 
Бұзылған  азықпен  улануға  күмән  туған  жағдайда  зерттеу  үшін 
зертханаға азық қалдығының сынамаларын жібереді.  
 
 
Уланған жануар өлексесін  эксгумациялағаннан кейін  зертханаға 
сақталған  ішкі  мүшелерін  және  қаңқа  бұлшық  етінен  алынған 

 
89 
сынамалармен қоса өлексе көмілген жердің топырағының үстінен 0.5 кг 
және астыңғы жағынан 0.5 кг топырақ жіберіледі.    
 
 
 
Егер  мал  улы  өсімдіктерден  уланып  келсе,  онда  зертханаға 
жайылымның әр жерінен алынған өсімдіктер жіберіледі.    
 
 
Тыңайтқышпен  улануға  күмән  туған  жағдайда  зертханаға  жалпы 
мөлшері 100г кем емес сынамалар жіберіледі.   
 
 
 
Әрбір  сынаманы  жеке-жеке  банкаға  салып  жақсылап  қаптайды, 
мөрлейді қажет болған  жағдайда шабарманмен бірге жібереді. 
 
Зертханаға жіберілетін әрбір материалға жолдама хат толтырылып, 
конвертке  салып  жабық  күйінде  пошта  немесе  шабарман  арқылы 
жеткізіледі.  Мұнда  барлық  жағдай  жазылады,  яғни  улану  қандай 
жағдайда болғаны және  жарып-сою хаттамасы. 
 
 
 
Материялды  балауса  күйінде  жеткізуге  мүмкіндік  болмаған 
жағдайда оны таза спиртте (ректификатта) бекітеміз.  
 
 
 
Дәлелдік  заттарды  зерттеу  және  қабылдау  тәртібі  келесі  үлгіде 
орындалады.  
Дәлелдік заттарды зерттеу және қабылдау үлгісі 
Нысанның сипаттамасы. 500мл сиымдылықтағы бөтелке тығынмен 
жабылған балауыз қағазға оралған және парафинмен құйылған. Бөтелке 
тығыны екі  қабат ақ қағазбен қапталған, қағаз бөтелкеге қатты оралған 
шеттері  сүргіш  мөрмен  бекітілген.  Бөтелкеде  ақ  қағаз  жапсырылған 
қара-көк  сия  жазумен  жазылған;  «белгісіз  сұйықтық»,  «секатив»?   
П/Ж…
 
Бөтелкеде 550г тетраэтилқорғасын иісіне ұқсас қоңыр-қызыл 
сұйықтық  болған.  Бөтелкенің  қабырғасында  күңгірт-қоңыр  қатпарлар 
болды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Зерттеу.  Сұйықтық  су  буымен  айдалып,  эфирде,  хлороформда 
ацетонда,  бензинде,  вазилинде  және  күнбағыс  майында  жақсы  ериді 
және  суда  мүлдем  ерімеді.  Сұйықтықтың  жартысы  спиртті  йод 
ерітіндісінде    су  моншасында  буланып  кетті.  Алынған  сары  жылтыр 
кристалл  түріндегі  қалдық  зат  сумен  араласқан  азот  қышқылында 
өңделді.  Сұйықтық  су  моншасында  құрғақ  затқа  дейін  қайнатылды, 
қалған  қалдық  суда  ерітілді.  Алынған  ерітіндіні  хромат  калиймен 
өңдегенде  сары  тұнба,  ал  сұйықтықтың  үстінен  күкірт  сутек  қосқанда 
қара тұнба түзілді. Ерітіндіге күкірт қышқылын қосқанда ақ тұнба пайда 
болды,  оған  спиртті  құйғанда  мөлшері  ұлғая  бастады.  Тұнба  күйдіргіш 
сілтіде  және  сірке  қышқылды  аммонийде  еріді.  Сірке    қышқылды 
аммонийдегі  күкірт  қышқылды  тұздың  бір  бөлігі  мыс  ацетатының 
қаныққан  ерітіндісінің  екі  тамшысымен  аралыстырылды.  Сұйықтықты 
буландырғаннан  кейін,  алынған  тұнбаны  сірке  қышқылында  ерітіп 
нитрат  калийдің  бірнеше  кристалдарын  қосқан  соң  қара  куб  тәрізді 
кристаллдар  (микроскоппен  қарау  барысында)  пайда  болды.  Зерттеліп 
отырған  сұйықтықты  су  моншасында  айдау  кезінде    қабылдағыш 
түбінде  су  асты  қабатында,  мөлдір  және  әлсіз  сарғыштау  тетраэтил 
қорғасын  иісі  байқалатын    қабат  түзілді.    Сұйықтыққа  аталған  барлық 

 
90 
зерттеулер  жүргізілді,  алынған  нәтижелер    жоғарыда  келтірілген 
мәліметтерге сәйкес болды. 
Қорытынды.  .....  іс  материалдары  бойынша  әкелінген  бөтелке 
ішіндегі  сұйықтықты  соттық-химиялық  зерттеу  нәтижесінде,  тетраэтил 
қорғасын анықталды.  
 
3.2 Бактериологиялық зерттеулер. 
 
Бактериологиялық  зерттеулер  үшін  материал  алу  барысында 
стерильді жағдайды мұқият сақтау қажет. Ол үшін ағзалардан  алынған 
ұлпа  кесінділерін  күйдіріп,  стерильді  ыдысқа  салады.    Жүректін, 
жатырдың,  қуықтың  саңылауларын  байлайды  және  кескен  жерін 
күйдіреді.   Зертханаға ұсақ жануарлар өлексесін тұтас күйінде жарып –
соймай  жіберген  дұрыс.  Материалды  балауса  күйінде  жолдамашы  мен 
бірге  жөнелтіледі.  Алыс  жолға  жіберілерде  ағза  бөлшектері  30% 
глицрин  ерітіндісінде  бекітіледі.    Бактериологиялық  зерттеу  үшін 
материал  ретінде  күдікті  ауруларға  байланысты  әр  түрлі    ағзалар  және 
ұлпалардан алуға болады. ( 1- кесте). 
 
1-кесте. Бактериологиялық зерттеу үшін жіберілетін 
материалдар тізімі
 
Күдікті ауру 
Бактериологиялық 
зерттеу 
үшін 
жіберілетін материал 
Топалаң  
Құлақ, 
бекітілген 
қан 
жұғындысы, 
зақымдалғанына  күдік  туған,    жарып-
сойылған өлекседен алынған лимфа түйіні 
және көк бауыр бөлігі 
Бруцеллез  
Қан,  іш  тастаған  төл,  жатыр  ағындылары, 
сүт  
Туберкулез, 
маңқа, 
актинамикоз 
Зақымдалған ұлпа бөліктері 
Паратуберкулез  
Өлекседен-  мықын  ішек  бөлігі  және 
шажырқайлық  лимфа  түйіндері,  ал  ауру 
малдан  –  нәжіс,  кілегей  қабықтары  және 
тік ішектен алынған қырынды 
Эмфизематозды 
карбункул 
және қатерлі ісік 
Қабынған  ісік  эксудаты,  зақымданған 
бұлшы  ет  жұғындыларынан  дайындалған 
препараттар 
Паратиф, 
колибактериоз, 
бұзаулардың 
диплококты 
инфекциясы 
Тұтастай  өлексе  немесе  өт  қапшығымен 
бірге бауырдың бір бөлігі, талақ, ұлғайған 
лимфа түйіні, ішіндегі қанымен жүрек 

 
91 
Пастереллез  
Стерильді  жағдайда  алынған  қан,  түтікті 
сүйек,  лимфа  түйіндері,  көкбауыр.  Ұсақ 
жануарлар 
мен 
құстардың 
өлексесі 
тұтастай жөнелтіледі 
Некробактериоз  
Өлекседен -зақымданған ағзалар, ауру 
малдан- зақымдалған жерлерден 
қырындылар 
Лептоспироз  
Пробиркамен қан  және қан сарысуы  
Шошқа тілмесі 
Түтікті сүйек, буындар, көкбауыр, жүрек 
Қой брадзоты 
Түтікті сүйек, талақ, тері асты 
клечаткасының бұлшық еттері, 
зақымдалған ішек және ұлтабар кесінділері 
Торайлардың анэробты 
дизентериясы 
Торай өлексесі 
Биенің паратифозды түсігі 
Ұрық қапшығымен тастанды ұрық 
Кокцидиоз  
Зақымдалған мүшелер, ішек, бауыр 
Құтырық  
Аммон мүйіздері немесе тұтастай бас  миы 
Ауески ауры 
Бас миы 
Шешек  
Зақымдалған тері бөлігі 
 
 
3.3 Гистологиялық зерттеулер 
 
  Гистологиялық  зертеулер  жүргізу  үшін  диагнозын  анықтау  үшін 
зақымдалған 
немесе 
көптеген 
айқын 
өзгерістерге 
ұшыраған  
мүшелерден    0.5-1см  қалыңдықтағы  көлемде  кесінділер  жіберіледі. 
Кесінділерді 10% бейтарап формалиннің судағы ерітіндісінде, ал төмен 
температурада 
формалиннің 
спирттегі 
ерітіндісінде 
бекітеді. 
Бекіндіруші сұйықтықтар мөлшері бойынша алынған материалдан 10-25 
есе  көп  болуы  тиіс.  Мұздатылған  немесе  шіріген  материал 
гистологиялық  зерттеу  үшін  жарамсыз  болып  табылады.    Материал 
кесектері  жақсы  бекінуі  үшін  ыдыстың  астына  мақта  салынады  немесе 
ыдысты шайқап тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңа  алынған  материал  жәшікке  салынып,  жақсы  жабылған 
ыдыста  жіберіледі.  Бекінген  материалды  сұйықтықсыз,  формалинмен 
сіңірілген  мақтаға  орап  та  жіберуге    болады.  Мақтаға  оралған 
материалды полиэтилен қапшығына салып қорапқа қаптайды.   
 
2-кестеде аурулар кезінде патологоанатомиялық диагнозды растау 
үшін,  гистологиялық  зерттеулер  жүргізуге  қажетті  патологиялық 
материалдар тізімі келтірілген. 
 
 
 

 
92 
                                                                                                                                                                                        
2-кесте. Гистологиялық зерттеу арқылы диагноз қойылатын аурулар 
 
Күдікті аурулар  
Гистологияиялық 
зерттеулер 
үшін пат материалдар алынатын 
мүшелер 
Жылқының 
инфекциялық 
анемиясы 
Жүрек,  бауыр,  көкбауыр,  бүйрек, 
өкпе 
Жылқының 
инфекциялық 
энцефаломиелиті 
Бауыр, бас миы 
Паратиф  
Бауыр  
Некробактериоз, 
маңқа, 
актиномикоз, жалған туберкулез 
Зақымданған 
немесе 
күмәнді 
ағзалар 
Туберкулез  
Зақымданған ағзалар, ал егер көзге 
көрінетін 
озгерістер 
болмаса 
медиастенальды,  бронхиалды  және 
шажырқайлық лимфа түйіндері 
Құтырық  
Аммон  мүйізі,
 
(аммон  мүйізі 
болмаған  жағдайда  Бабеш-Негри 
денешіктері 
мидың 
басқа 
бөліктерінде    анықталуы  мүмкін-
мишықта)
 
Ауески ауруы 
Сопақша ми, төрттөмпешік 
Қатерлі катаралді қызба  
Төрттөмпешік, сопақша ми
 
Листериоз  
Ми қабыршығымен бірге  
Қаракүзеннің алеут ауруы  
Бауыр, бүйрек  
Марек ауруы 
Жуанданған  нервтер,  ісік  тәрізді 
ұлғаюлар 
Лейкоз  
Ұлғайған 
лимфа 
түйіндері, 
көкбауыр, 
жүректің 
оң 
жақ 
қарыншасы, 
бауыр, 
зақымдалғанына күмән туған басқа 
да ағзалар 
Қатерлі ісік   
Зақымдалмаған  ұлпа  мен  қатерлі  
ісік шекарасындағы ұлпа  
Дистрофия,  қабыну  және  басқа  да 
патологиялық үрдістер 
Зақымдалған 
ағзалардың 
әр 
жерінен алынған кесінділер 
 
 
 
 
 
 
 

 
93 
 
4 ТАРАУ 
 ЖАНУАРЛАРДЫҢ  
АУРУЛАРЫ МЕН ӨЛІМІН  
СОТТЫҚ САРАПТАУ 
 
 
4.1 Механикалық зақымдануларды 
сараптау 
 
Жарақат (грек тілінен аударғанда trauma – жара) немесе сөздің кең 
мағынасында  зақымдану  деп,  ұлпаның  немесе  мүшенің  бүтіндігін 
бұзатын  қандай  да  бір  патогенді  факторлардың  сыртқы  немесе  ішкі 
ортасынан  болатын  морфофизиологиялық  зақымдалуына,  жануар 
денсаулығының  бұзылуына  немесе  өліміне  алып  келетін  бұзылуларды 
атайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жарақаттану 
деп, 
бағып-күтуі, 
азықтандырылуы 
және 
пайдалануы  бірдей,  белгілі  бір  жағдайда  туындаған  бір  топ 
жануарлардың біркелкі  жарақаттарын айтады.  
 
 
 
Жарақаттану  себептері  –  организмнің  зақымдалуын  тудыратын, 
әртүрлі факторлардың жиынтығы (М.В. Плахотин, 1966): механикалық, 
физикалық,  химиялық,  биологиялық,  ғарыштық,  яғни  организмге 
зорлықпен әсер етудің барлық түрлерінен пайда болады.    
 
Жарақаттанудың 
жіктелуі. 
Жануарларда 
ол 
көптеген 
ветеринарлық хирургтармен құрастырылған.    
 
 
 
1978 жылы П.П. Герцен анатомиялық және этиологиялық белгілері 
бойынша  бағып-күтудің  өнеркәсіптік  технологиясымен  бірге  ірі 
фермаларда  және  мал  шаруашылық  кешендерінде  жануарлардың 
жарақаттануындағы жаңа жіктелуді ұсынды.   
 
 
 
 
 Жарақаттану  анатомиялық  белгі  бойынша  үш  топқа  бөлінеді: 
 
●сыртқы жарақаттану (экзогенді);   
 
 
 
 
●ішкі жарақаттану (эндогенді); 
 
 
 
 
 
 
● аралас жарақаттану.   
 
 
 
 
 
 
Сыртқы  (экзогенді)  жарақаттану  жануар  организміне  тікелей 
немесе  дистантты  рецепторлар  арқылы  әсер  ететін,  сыртқы  ортаның 
әртүрлі 
зақымдаушы 
факторларынан 
туындаған 
жарақаттарды 
біріктіреді.  Сыртқы  жарақаттану  этиологиялық  белгілері  бойынша 
келесі 
жарақаттану 
түрлерін 
ажыратады: 
ауылшаруашылық 
(тұрмыстық);  өндірістік  (эксплуатациялық);  стресстік  (психикалық); 
жыныстық  (еркектер  мен  ұрғашылардың  жарақаттануы);  операциялық 
(лажсыздан); көліктік (жолдан жарақаттану).   
 
 
 
Ішкі  (эндогенді)  жарақаттану  әсіресе  кілегей  жабындысы  немесе 
басқа  зақымдалған  ұлпалар  арқылы  және  бағып-күтуі  мен 
азықтандырылуының  ветеринарлық  –  санитарлық  жағдайларының 

 
94 
бұзылуына 
байланысты 
ішкі 
ортаның 
әртүрлі 
зақымдаушы 
факторларынан туындаған жарақаттарды біріктіреді. Этиологиялық 
белгілері  бойынша  ол  келесідей  жарақаттану  түрлерін  ажыратады: 
алиментарлы  (метаболитикалық);  биологиялық  (паразитоценозды), 
азықтық  (өсімдіктен  жарақаттану  және  бөгде  денелерден  жарақаттану).
 
 Аралас  жарақаттану  сыртқы  және  ішкі  жарақаттардың  әртүрлі 
зақымдану факторларын байланыстырады. 
 
 
 
 
Соттық  –  ветеринариялық  тәжірибеде  көбінесе  жиі  жаралар  мен 
жарақаттанулар  организмге  әртүрлі  механикалық  факторлардың  әсер 
етуінен  пайда  болады.  Физикалық  заңдар  негізінде,    егер  қозғалыстағы 
қандай  да  бір  дене  басқа  денемен  (қозғалыссыз  немесе  қозғалыстағы) 
жанасса, онда бұл жанасу екі денеге де қандай да бір ықпалын тигізетіні 
белгілі.  Бір  жағдайларда  бұл  әсер  із-түзсіз  болады,  яғни    біздің 
қабылдауымызға білінбейді, ал басқа жағдайларда  – екі дене де немесе 
олардың  біреуінің  әртүрлі  зақымдалуларға,  бүтіндігінің  бұзылуына 
ұшырауы мүмкін, яғни зақым алады. Физикалық дене жануар денесімен 
жанасқан  кезінде,  соңғысына  зақымдалудың  әртүрлі  түрлері  түсуі 
мүмкін.  Бұл зақымдалулардың ерекшелігі, олардың зардабы алуан түрлі 
болуы  мүмкін.  Олар  бірқатар  жағдайға  тәуелді  болады:  зақымдаушы 
заттардың  жануармен  жанасқан  кезіндегі  қозғалыс  жылдамдығына, 
қозғалыс бағытына, зақымданған мүшенің немесе ұлпаның табиғатына, 
организмнің  түрлік  және  жеке  ерекшеліктеріне  және  басқа  сәттерге. 
Осындай  әрекеттесулердің  нәтижесінде  жануар  денсаулығы  бұзылады 
ауырады немесе тіпті өлім туғызады. 
 
 
 
 
Тәжірибелік тұрғыдан жануардың жарақаттануын біріншілік және 
екіншілік  деп  ажырату  маңызды.  Соңғы  жағдайда  қосымша  факторлар 
ретінде  зақымдалуына  байланысты  қиындықтардың  туу  мен  дамуы 
денсаулықтың 
бұзылуына 
немесе 
өлімге 
әкеледі. 
Біріншілік 
зақымданудың 
әсері 
оның 
шоғырлануына, 
қарқындылығына, 
организмнің түрлік және жеке ерекшеліктеріне байланысты. 
 
 
Зақымдалудың  шоғырлануы  ең  маңызды  болып  табылады. 
Сонымен,  мысалы,  бас  аумағындағы  жарақат  өмір  сүргіштікке  өте 
қауіпті; сопақша мидың зақымдануы, тіпті болымсыз жара болса да өлім 
туғызады,  ал  аяқ-қолдың  кең  ауқымды  зақымдалуларының  өзі  көп 
жағдайда өлімге әкелмейді.   
 
 
 
 
 
Зақымдалудың  экстенсивтілігі  мен  интенсивтілігі,  немесе 
ұлпалардың  бұзылу  дәрежесі  және  олардың  мөлшері,  өз  кезегінде 
келесілер  кезеңдермен  анықталады:  денелердің  жанасуы  кезіндегі 
дамитын кинетикалық қуатпен, дененің зақымдалған бөлігінің ауқымды 
болуымен,  зақымдалған  мүшелер  және  ұлпалардың  сипатымен, 
зақымдаған  заттардың  ерекшеліктерімен,  зақымдаушы  зат  және 
зақымдалушы  дене  қозғалыс  жанасу  сызығының  бұрышымен.    Жанасу 
кезіндегі  дамитын  қуат,  зақымдаушы  заттың  салмағына  және  оның 
қозғалыс  жылдамдығына  байланысты.  Салыстырмалы  түрде  белгілі бір 

 
95 
жылдамдықпен жеңіл заттар да ұлпалардың терең зақымдануына әкелуі 
мүмкін. Сондай-ақ өте ауыр заттар қозғалысы баяу болған кезінде үлкен 
зақым тигізуі мүмкін.  Денемен  жанасатын  заттың  аумағы  неғұрлым 
үлкен  болса,  соғұрлым  зақымданудың  аумағы  кең  болады,  бірақ 
сонымен бірге қарсыластық аумағын да есепке алған жөн.   
 
Зақымдаушы    факторға  қатысты  зақымдалатын  мүшелер  мен 
ұлпалар  алуан  түрлі  қарсылыққа  ие.  Айрықша  қарсылыққа  сүйек,  тері, 
шеміршек,  сіңір,  қылшық  ие;  ішкі  мүшелер,  әсіресе  ми  аздап  қана 
қарсылыққа  тұрақты  болып  келеді.  Сонымен  қатар  мүшелердің 
икемділігі,  серпімділігі  бірдей  емес.  Тіпті  сүйек  ұлпасы  сияқты 
ұлпалардың  өзінде,  қаңқаның  әртүрлі  бөліктерінде  серпімділігі  бірдей 
емес  болады.  Мысалы,  аяқ-қолдың  түтікті  сүйектері  өте  сынғыш,  ал 
қабырғалар әлдеқайда жоғары серпімділікке ие және тұтастығын бұзбай, 
пішінін  өзгерте  алады.  Әртүрлі  патологиялық  үрдістер  мүшелердің 
қарсылығын  айтарлықтай  дәрежеде  өзгертуі  мүмкін.  Патологиялық 
үрдістің сипатына қарай олардың қарсылығы біресе төмендейді, біресе, 
керісінше  жоғарылауы  мүмкін.  Сонымен  бірге  қарсылықтың  түрлік, 
жастық  және  жеке  ерекшеліктерінің  маңызы  бар.  Бұдан  басқа, 
патологиялық  жағдай  кезінде  механикалық  әсерге  ұлпалардың 
таңқаларлық 
тұрақсыздығы 
байқалуы 
мүмкін. 
Жануарлардың 
минералдық алмасуы бұзылуынан, құлаған кезде  толығымен сүйектері 
сынуы мүмкін.   Соттық-ветеринариялық 
тәжірибеде 
зақымдаушы 
заттардың  сипатын  және  олардың  сипатына  қарай  қасиетін, 
зақымдалудың ерекшеліктерін анықтап, ескеруге тура келеді. Суық қару 
деп  аталатындардың  тізімі бар, ол  адам  және жануар денесін  зақымдау 
үшін  қолдануы  мүмкін:  қылыш,  қанжар,  найза  және  т.б.  Шеттері  өткір 
немесе  ұштары  үшкір  заттар  да  осы  мақсатта  әдетте  қолдануы  мүмкін: 
пышақ, шалғы, айыр, тырнауыш, күрек және т.б. Не кесетін, не қадайтын 
қасиеті  жоқ, бірақ мықтылығы  мен  салмағы жеткілікті, үй  тұрмысында 
қолданылатын  әртүрлі  заттар  зақымдаушы  қару  ретінде  пайдалануы 
мүмкін: тастар, тақтайлар, таяқтар, бөтелкелер және т.б.   
 
 
Жоғарыда  көрсетілгендей,  зақымдалудың  сипаты  жанасу 
бұрышына  тәуелді  болады.  Жануар  денесінің  беткей  және  соғатын 
заттың қозғалыс сызығынан пайда болатын бұрыш  жанасу    бұрышы 
болып  табылады.  Қарудың  қозғалыс  сызығының  перпендикулярлы 
бағыты  дененің  беткейімен  бірге  жанасқан  кезде  тік  бұрыш,  ал 
ауытқыған кезде–өткір және доғал бұрыш–қиғаш бұрыш пайда болады. 
Адамға  зақымдалудың  ең  қауіптісі  тік  бұрыш  арқылы  өтетіні  болып 
есептеледі,  себебі,  ереже  бойынша  олар  ішкі  мүшелердің  ұлпаларының 
тереңіне жетеді. Бұл тек терең ұлпалар арқылы енетін затқа емес және де 
өтпейтін  де  заттарға  қатысты.  Мысалы,  өткір  емес  затпен,  жекелеген 
түрде балтаның желкесімен тік бұрыштап ұрған кезде, шайқалу толқыны 
арқылы  тереңде  жатқан  мүшелерді,  мысалы,  бас  миды  зақымдауы 
мүмкін.  Бірақ  зақымдаудың  қиғаш  бұрышы  деп  аталатыны  терең 

 
96 
жаралануда қауіпті болуы мүмкін.   
 
 
 
 
 
Зақымдалу  кезіндегі  күш  әсері  қысым  әсері,  созылу  немесе 
олардың  аралас  түрінде  болуы  мүмкін.  Қысым  ұлпалардың  көлемін 
кішірейтеді,  созылуын  ұлғайтады.  Қысым  көрсету  кезінде  қанталаулар, 
езілген  жаралар,  созылу  кезінде-жыртылған  жаралар,  байламдардың, 
сіңірлердің  созылуы,  бұлшық  еттердің  үзілуі  болады.  Оқтан  пайда 
болған жаралар сияқты зақымдаулар аралас күштің әсерінен  болады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет