Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


  Қауырсынды соттық сараптау



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
index


2.5.3  Қауырсынды соттық сараптау 
 
Қауырсынның 
пайда  болуы  туралы  кең  таралған  теория 
бойынша,  қауырсын  бауырымен  жорғалаушылардың  қабыршақтарынан 
дамыған делінген. 
Қауырсынның  анатомиясы  теріге  немесе  қабыршаққа  қарағанда 
түбегейлі  айырмашылықтар  бар,  және  керісінше  қылмен  ұқсастығы 
(бірақ  әлдеқайда  күрделі)  бар.  Бишоп  былай  деген:  «Қауырсын 
қарапайым  көрінгенімен  олардың  құрылысы  өте  күрделі.  Әрбір  
қауырсын  миллионнан  астам  ұсақ  бөліктерден  тұруы  мүмкін». 
Қауырсынның күрделі анатомиялық құрылысы қауырсынның қызметіне 
байланысты  ерекшеленеді.  Мысалы,  «күрделі  морфологиясы»  желпуіш 
немесе  қалыпты  (контурлы)  қауырсындар  ұзын  талшықтан  (әдетте  іші 
қуыс,  бірақ  әрқашан  қатты)  және  пәрден  тұрады,  олар  талшықтан 
кеңейіп жазық сермеуіш түрінде болады.  
  Талшық  іші  қуыс,  иілімді  емес  (жиі  қалам  (очин)  немесе  жіп 
тәрізді қауырсын деп атайды) құрылымды-қауырсын сабағы,  бұғақ деп 
аталатын  берік,  бірақ  тармақтар  үшін  иілгіш  тірек  қызметін  атқарады. 
Сабағы  мен  бұғағының  құрылысы  жағынан  ағаш  діңгегі  мен 
бұтақтарына ұқсайды. 

 
54 
Әрбір 
параллельді 
орналасқан 
бұғақтар 
қауырсынның 
диагональдық    білігінен  шығады  және  көптеген  бүйірден  таралып 
жатқан  әртүрлі  бұғақтардан  немесе  пәрден  тұрады,  олар  бір-бірімен  
іргелес орналасып, шыршалы өрнек беріп, қауырсынның миниатюралық 
көшірмесін  еске  салады.  Үлкен  құстың  қаққыш  қауырсыны 
миллиондаған  желпуіштерден  тұруы  мүмкін.  Ұшатын  құстардың 
желпуіштері  бір  бірімен  тығыз  ілмек  тәрізді  бекітілген,  оларды  ілмек 
тәрізді  өсінділер  деп  атап,  «жабысқақ  ілгек»  сияқты  қызмет  атқарады. 
Қауырсын  тармақтары  және  ілмек  тәрізді  өсінділер  пәрді  құрады,  ол 
серпімді, мықты және тығыз болады, бірақ сонымен қатар иілгіш болуы 
шарт, себебі қауырсын аралығынан аздаған ауа немесе су мөлшері ғана 
өтуі керек.  
 Жеңiл,  берiк  денеге  бекiтiлген  қауырсын  жабыны  —  әуеде 
таптырмас  тiрек  болып  табылады.  Бұл  жабын  дененiң  жылуын  сақтап, 
қоршаған  ортамен  жылу  алмасуын  реттейдi:  аязда  қауырсындарын 
жайып  тон  кигендей  болады,  ал  ыстықта  болса  оларын  денесiне  басып 
жеңiл камзолға ауыстырады. 
Қауырсынның бұғақтары берік, бірақ сонымен қатар иілгіш болып, 
желге  қарсы  ұшқанда  сынбауы  тиіс.  Құстарға  олардың  дизайны, 
инженерлердің дайындаған ең үздік планеріне қарағанда, әуе ағындарда 
әдемі қалқуға мүмкіндік береді. Егер де мәселен, түйеқұстың  контурлы 
қауырсыны  секілді  болса,  яғни  ілмек  болмаған  жағдайда,  құстар    ұша 
алмас  еді.  Ілмектердің    құрылысы  бойынша  қандай  да  бір  жағдайда 
бөлінетін қабілеті бар, яғни қанаты мен қауырсынын желден сақтау үшін 
және  құс  қауырсынын  тазалаған  кезде  және  оңай  жиналып  (әдетте 
үрпиген  қауырсындар  құс  қауырсынын  тазалау  себебінен  туындайды) 
қалпына келеді. Адамдар саусақтарының арасынан үрпиген қауырсынды 
қарапайым  өткізумен  тегістейді.  Қауырсынды  тұмсықпен  тазалау 
қауырсын дизайнының күрделі бөлімін төмендетпейді. 
Тауыс  қауырсынының  көлденең  кесіндісі  кератиннің  қабаттануын 
көрсетіп, түрлі - түсті түстерге жауап береді. 
Құстың «көтерілу күшін» қамтамасыз ету мақсатында қауырсындар 
жобалануы  қажет,  қауырсынның  жоғарғы  жабыны  қанаттың  төменгі 
жабынына қарағанда, ауа ағыны тез өтуін мәжбүрлейді, сондықтан қанат 
үстіндегі ауа қысымы төмендейді (Бернулли эффектісі). Осы әсерге жету 
үшін,  алдыңғы  шеттерінде  пәрлері  шамалы  желпуіш  қанаттары 
ассиметриялық орналасады, ұшу уақытында ауамен тікелей байланыста 
болады.  «Құс  қанатының  дизайны  негізінде  күрделі  аэродинамикалық 
қағидасы»  ұшақтардың  апаттарының  негізгі  себебі-турбуленттіктің 
қолайсыз әсерін төмендететін механизмі бар.    
 
 
 
 
 Құс  қанатының  профиліндегі  арнайы    игерілген  саңылаулар 
себебінен,  ауа  ағымдарының  бөлігі  әуе  ағысын  тегістейді;  заманауи 
ұшақтарда  инженерлер  мен  авиаконструкторлар  осы  механизмді 
қолданды.  Сонымен  қатар  құстар  қанатының  формасын  ауа  ағынына 

 
55 
байланысты  өзгертетін  ерекшелігі  бар,  ол  өз  кезегінде  ұшуға,  ұшуды 
қадағалап  және  жерге  қонуға    көмектеседі.  Осыған,  сіңірлердің 
шиеленіскен жүйесі көмегімен жету-тәсілдердің бірі, ол ауа кедергісіне 
өзгеріп отыруы үшін, құстың қауырсындарын иілтуге мүмкіндік береді.
 
Қауырсын терінің туындысы болып табылады және қалыптасудан 
кейін  терімен  тек  қаламның  төменгі  бөлігімен  ғана  байланысты,  ол 
қауырсын  дорбасында  (қауырсын  қапшығы)  орналасып  қауырсын 
емізігімен  жалғасады  және  қаламның  төменгі  саңылауынан  еніп 
қаурсынды  қоректендіреді.  Қауырсын  қаламы  қауырсын  дорбасында 
тегіс  бұлшықеттермен  ұсталынады.  Жылудың  әсерінен  ыстық  сумен 
жидіткен  уақытта  қауырсынның  тегіс  бұлшықеттерінің  тонусы 
бәсеңдейді  және  қауырсындардың  ұсталуы  төмендейді.  Жылудың 
әсеріне  тек  қауырсынның  тегіс  бұлшықеттері  ғана  емес,  сонымен  бірге 
эпидермис,  дерма  және  терінің  тері  асты  қабаты  ұшырайды.  Ыстық  
сумен жидітудың тиімділігі, қауырсын дорбасы орналасқан, дерма және 
тері асты қабатының қыздырылған температурасымен анықталады. 
 
Жылытқыш ортадан тері беткейін жоғары жылумен әсер еткенде, 
дерма  және  тері  асты  қабатының  қыздырылу  жылдамдығы  жоғарылап, 
ыстық  сумен жидітудың тиімділігі артады. 
Сондықтан  жылу  берудің 
көлемі жылу жеткізу әдісімен және жылдамдығымен, яғни жидіту үшін 
қолданылатын  нақты  аппарат  үшін  тұрақты  көлемімен  және  оның 
құрылымымен анықталады.  Сол  себепті    ыстық    сумен  жидітудың 
режимі  қыздыратын  ортаның  температурасымен  және  әсер  ету 
уақытымен байланысты болады.   
 
 
 
 
 
Ыстық 
сумен 
шамамен 
45°С 
температурада 
жидітуде 
қауырсынның ұсталуы айқын бәсеңдейді. 
Жидітудің 
температурасын  жоғарылатқан  сайын  қауырсынның  берік  ұсталуы 
айқын  төмендейді.  Қауырсынның  берік  ұсталуын  тәжірибелік 
анықтағанда, жидіту температурасы әсерінің ықпалы бойынша нақтылы 
ұсыныс беріледі.  Күркетауық 
ұшасының 
арқа 
бөлігіндегі 
қауырсындарының  берік  ұсталу  күші  (бір  жетілген  қауырсынды  жұлу 
күші) 60 с ұзақтықта 50 °С жидіткен соң 12,0 Н құрады. 
 
  Құс  қауырсындарының  ішінде  контурлы  қауырсындар  маңызды 
рөль  атқарады:  олар  ұшу  уақытында  тұрақтандырғыш  фактор  болып 
табылады,  әр  бір  қауырсынның  бейнесіне  барлық  қауырсын  түсі 
байланысты.  Контурлы  қауырсындар  негізгі  қаламнан  және  оның  екі 
жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка пәрден тұрады. 
Қауырсын  сабағының  жоғарғы  пәр  бекіген  бөлімі  сабағы  деп  аталады. 
Пәр  ұзын  бірінші  дәрежедегі  мұртшалардан  қалыптасады.  Екінші 
дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы 
ілмешектер  өз  ара  байланысып,  бір  серіппелі  тақташа  желпеуіш 
құрайды.  Сондай  құрылыс  арқасында  құстар  қанаттарының  тығыз 
қауырсындануы және ұшу тұрғылары құрылады. 
 
 
 
Контурлы  қауырсындар  біркелкі  емес.  Құстың  қанаттары  мен 

 
56 
құйрығы  осы  қауырсындардан  қалыптасады.  Қанаттың  артқы 
жиектеріне  орналасқан  ұзын  қауырсындарды  –  қақпа  (маховый) 
қауырсындар  деп  атайды,  ұшу  уақытында  дәл  осылар  қанат  қағу 
барысында  пайда  болатын  көтергіш  күшті  құрайды.  Құйрығындағы  
ұзын  қанаттарын  бағыттаушы  (руль)  қауырсындар  деп  атайды,  ұшуды 
басқару  қызметін  атқарады,  онда  12  қысқа  қауырсыннан  болады, 
құйрыққа  шорт  кесілген  (қарға,  ұзақ  қарға)  немесе    үшкірленген  түрді 
береді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құстың  денесін  мамықты  қауырсын  және  мамық  жабады,  негізгі 
қызметі  —  организмдегі  жылуды  жоғалтпау.  Бұл  қауырсындардың 
сабағы  жіңішке,  екінші  дәрежедегі  ұсақ  мұртшалары  жоқ,  сондықтан 
олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық 
қауырсындардың  сабағы  өте  жіңішке  болады,  сондықтан  мұртшалары 
сабақтың  жоғарғы  жағында  бір  шоқ  болып  орналасады.  Жамылғы 
қауырсындар  қонтурлы  қауырсынмен  салыстырғанда,  құрылымы 
бойынша бірдей,  бірақ  құстың  барлық  денесін  жабады,  қауырсыны  өте 
ұсақ әрі серпімділігі шамалы және әдетте ашық боялады. 
Әр    түрлі  құстардың  қауырсыны  мен  мамығын  зерттегенде,  біз 
келесіні  анықтадық,  яғни  үйрек  мамығындағы  түбітінің  мөлшері 
қаздікіне  қарағанда  кішірек,  олардың  диаметрі  50  мм-ге  дейін  болады. 
Түстері  ақ,  сары,  сұр,  қоңырқай  болады.  Мамықтың  қоңырқай  түсті 
болуы  үйректікі  екендігін  куәландырады.  11-  суретте  ақ  түсті  жас 
үйректің мамығы көрсетілген. 
 
11

 сурет. Үйрек мамығының макроскопиялық құрылысы 
 
Үйрек  қауырсынының  талшығы  иілген  болады  (12-сурет).    Пәрі 
созылған,  сопақ  формалы  шеттері    үшкірленген.  Ең  жалпақ  пәр 
ортасында немесе сәл жоғарыда орналасады. 

 
57 
 
12 

сурет. Үйрек қауырсынының макроскопиялық құрылысы 
 
13-суретте 
көрсетілгендей,  микроскоппен  қарағанда  үйрек 
қауырсынында 
бұғақтарда 
мұртшалардың 
біржақты 
кезекпен 
орналастырылуы құрылысының  ерекшелік сипатына жатады.  
 
(А 

 ×400, Б, В, Г 

 ×1000) 
13

 сурет. Үйректің қауырсыны мен мамығының микроскопиялық 
құрылысы 
14-суретте  қаз  қауырсындарының  ерекшелік  сипаты,  талшығының 
ұзындығы  бойынша  иілгендігі  көрсетілген.  Пәрі  кең,  шеттері 
дөңгеленген және желпуіш тәрізді болып келеді. Қаз қауырсыны пәрінің 

 
58 
ұзындығы  және  жалпақтығы  үйректікіне  қарағанда  көбірек,  ал  пәрдің 
формасы мығымырақ. 
 
14

 сурет.  Қаз қауырсынының макроскопиялық құрылысы 
 
Қаз    қауырсынының  микроскопиялық  зерттегенде  (15-сурет  ),  біз 
келесіні  анықтадық,  талшықтың  бұғақтары  бір-біріне  параллельді 
орналасып,  ал  талшықтың  өзі  бамбуктың  діңгегі  тәрізді  құрылыста 
болады.  
 
(А 

 ×400, Б, В, Г 

 ×1000) 
15

 сурет. Қаз қауырсынының құрылысы 
 
Бөдене  қауырсынының  айырмашылық  ерекшелігіне,  талшық 
мұртшаларындағы 
бұғақтары 
бірнеше 
данадан 
ошақ 
болып 

 
59 
орналастырылады,    16-суретте  бұғақтардың  кезекпен  және  екі  жақты 
орналасуы көрсетілген.  
 
 16

 сурет.  Бөдене қауырсынының микроскопиялық құрылысы 
(×1000) 
 
Қырғауылдың 
қауырсынын 
зерттеген 
уақытта, 
талшық 
мұртшаларындағы бұғақтары бір жақты орналасып, бір-біріне өте тығыз 
жабысады  және  түрі  шабылған  тәрізді  болатынын  17-  суретте  анық 
көруге болады. 
 
17 

  сурет. Қырғауыл қауырсынының микроскопиялық құрылысы 
(×1000) 
 
Күркетауық  қауырсыны  құрылысы  (18-  сурет)  қаз  қауырсыны 
құрылысына  ұқсас,  талшық  мұртшаларындағы  бұғақтары  екі  жақты 
және  параллельді  орналасады,  бірақ  олардың  орналасуы  тығыз  болып 
келеді. 

 
60 
 
18

 сурет. Күркетауық қауырсыны құрылысы (×1000) 
 
Түйеқұстың  қауырсындарын  микроскопиялық  зерттегенде,  19- 
суретте  көрсетілгендей,  қауырсын  бұғақтары  тегіс  емес  төмпешікті, 
үйрек,  қаз  және  бөдене  қауырсындарымен  салыстырғанда  анағұрлым 
үлкен  мөлшерде  және  өте  морт  сынғыш  құрылымды  екендігін  айқын 
көреміз  мұртшалардағы  бұғақтар,  негізінде  жуанданады  және  ұшында 
өткірленіп екі жақтан паралелльді орналасады.  
 
(А 

 ×400, Б 

 ×1000) 
19

 сурет. Түйеқұс  қауырсынының құрылысы  
 
 
2.5.4  Балық қабыршағын соттық сараптау  
 
Балық  қабыршағы  іс  материалдары  ретінде  қарастырылған  кейбір 
соттық  тексеру  жағдайларында,  ихтиолог-дәрігерлер  сарапшы  ретінде 
қатысады.  Сондықтан  осы  саладағы  сарапшы-дәрігердің  білімі  жоғары 

 
61 
болуы қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балық  денесінің  сыртқы  қабатын  жұқа  иілгіш  сауытпен,  көптеген 
сүйекті  пластинкалардан  құралған–қабыршақпен  жабылған.  Балық 
қабыршақтырының 
көлемдері 
күшті 
құбылады-жыланбалықта 
микроскопиялықтан  үнді  қаязында  бірнеше  сантиметрге  дейін  жетеді. 
Сонымен қатар қабыршақ формасы да алуан түрлі болып келеді. Балық 
денесінде  қабыршақ  арнайы  тері  қалташаларда  орналасады  (ол  әсіресе 
тұқы балықтарының қабыршағын аршыған кезде жақсы көрінеді), кейін 
бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады. Осылайша, 
қабыршақтардың  сауыт  тәрізді  орналасуы  балық  денесінің  еркін 
майысуына мүмкіндік береді. Тұщы су балықтарының қабыршақтары 2 
түрлі: циклойдты (қабыршақтарының сырты тегіс) және ктенойдты (ұсақ 
тіс сияқты бұдырлары болады). Балық денесінде әр түрлі түрлендірілген 
қабыршақтар  және  қорғаушы  сүйекті  өсінділер  болады,  негізінен 
бекірелердің қабыршағы (20 сурет). 
 
 20

 сурет.  Қабыршақ түрлері 
Балық  денесіндегі  қабыршақ  әр  түрлі  қалыпта  орналасады  (сазан 
(айна тәрізді тұқы) балығы біріңғай жабындымен немесе бөлімдермен)), 
сонымен бірге әр түрлі пішінде және көлемде болады. 
 
 
 
 Балық  денесінің  ұзындығы  1-2  см-ге  жеткенде  кішкентай 
қабыршақтар  пайда  бола  бастайды.  Қабыршақтар  қатармен  жайғасады. 
Көлденең  қатарда  қабыршақтардың  саны  мен  қатар  саны  өзгермейді, 
бірақ  балық  жасына  байланысты  көлемі  ұлғайып  отырады.  Балықтың 
қабыршақтары  өмір  бойы  өседі,  қабыршақты  жоғалтып  алғанда 
(механикалық  зақымдалулар  және  т.б.)    олар  тез  арада  (20-50  күн 
аралығында)  қалпына  келеді.  Осы  қабыршақтар  нақты  балық  өмірінің 
ұзақтығын,  жыл  сайын  өсу  қарқынын,  уылдырық  шашу  тобына  өткен 
жылды,  тіпті  кейде  туған  жерін  және  т.б.  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Егерде  балықтың  қабыршағын  (арқа  жүзу  қанатының  астыңғы,  бүйір 
сызығынан  жоғары  жағынан)  алып,  тері  және  шырышынан  мұқият 
тазартып  және  ұлғайтқыш  шыны  көмегімен  (лупа  немесе  микроскоп) 
қараса, онда әрқайсысы сақина түзетін сызықтарды көруге болады. Бұл 
сақиналарды  склерит  деп  атайды.  Қабыршақтарды  орталықтан  алып 
тастаған сайын олардың мөлшері ұлғая түседі.   
Атап  өту  керек, 
балықтар  жыл  бойы  бірқалыпты  өспейді.  Осы  көріністі  қабыршағынан 
көруге болады. Балықтар жазда белсенді азықтанады және тез өседі, осы 
кезеңде қабыршақта ақшыл жалпақ сақиналар пайда болады. Күзде және 
қыста  балықтар  өспейді  немесе  мүлдем  өспейді,  сол  кезде  қабыршақта 
жіңішке  күңгірт  сақина  пайда  болады.  Келесі  жылы  жазда  тағы  да 

 
62 
ақшыл  жалпақ  сақиналар пайда болып ол  қысқа  қарай  жіңішке  күңгірт 
сақинаға ауысады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сол  себепті,  балық  қабыршағындағы  күңгірт  немесе  ақшыл 
сақиналардың саны оның жасына сәйкес келеді. 
 
 
 
Ескі  қабыршақтардың  астынан  жаңа  қабыршақтардың  шығуына 
байланысты  қабыршақ  мөлшері  ұлғаяды.  Сондықтан  жыл  сайын 
қабыршақ қалыңдана түседі. Ол бірінің үстіне бірі салынған бума және 
өсіп кеткен қабыршақтарға ұқсас келеді, жоғарғысы ең кішкентай және 
ескі, ал төменгісі ең үлкені әрі жасы. 
Балық 
ұзындығы 
мен 
қабыршақ көлемі бір-бірімен байланысты және де осы жылы балықтың 
қаншалықты өскенін анықтауға болады.   
 
 
 
 
 
 Балық  жасын  анықтау  кезінде  оңай  қателік  жіберіп  алуға  болады. 
Кейбір  балықтардың  қабыршақтары  ұсақ  болғандықтан,  жылдық 
сақиналары анық бейнеленбейді. Балықтың ашығуы уақытында жалған, 
алдаушылық  сақиналар  пайда  болады.  Балық  ашығуы  балық  аулайтын 
жабдықтардың 
нәтижесінде 
жаралануынан, 
күрт 
суытудан, 
саңырауқұлақты  аурулармен  ауырғанда,  қоршаған  ортаның  жағымсыз 
әсерлерінен  болуы  мүмкін.  Кейбір  балықтардың  жылдық  сақиналары 
өзгеше пішінді, мысалы майшабақтың жылдық сақинасы жіңішке мөлдір 
жолақ,  қабыршақ  шетіне  параллельді  өтеді.  Сондықтан  балық  жасын 
және өсу қарқынын есептеп, нақты нәтижелер алу мақсатында жылдық 
сақиналар  түзілетін  сүйектерін,  мысалы  желбезек  қақпақшасын, 
омыртқалары,  жүзбеқанат  сәулелерін  немесе  есту  тастарын  қолданады. 
 
 Қабыршақтың 
құрылымы 
бойынша 
балықтың 
өміріндегі 
мааңызды  сәттерін  бөліп  көрсетуге  болады.  Олардың  өсіп-жетілуі 
көбінесе  теңізде  өтеді  де,  ал  уылдырығын  өзендерге  шашады. 
Осылайша,  қара  теңіз  албырты  Қара  теңізге  құятын  өзендерге 
уылдырығын шашу үшін келеді. Оның шабақтары нақтылы уақыт бойы 
өзендерде өмір сүреді, кейін теңізге өтеді. Жыныстық жетілген балықтар 
қайрадан өзенге барып уылдырығын шашады.  Ұзақ 
уақыт 
бойы 
өзендерді  қанша  албырт  мекендейтінін  және  теңізге  қашан  өтетінін 
анықтау  мүмкін  болмаған.  Қабыршақтардың  құрылысын  зерттегеннен 
кейін,  бұл  жағдайлар  анықталды.  Бірінші  жылдары  сақиналары  өте 
жіңішке  болатыны  анықталды.  Бұл  албырттардың  өзендерде  өте  баяу 
өсетіндігімен түсіндіріледі. Теңізге  өткен соң, ол қарқынды тамақтанып 
жақсы  өседі,  сондықтан  осы  кезеңде  құралатын  сақиналар  мөлшері 
едәуір жалпақ болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 Өзендерде    су  қоймаларын  орнатқан  соң,  яғни  азықтық 
организмдердің  қарқынды  дамуымен  көптеген  балықтардың  өмір  сүру 
шарттары жақсарғанын көрген. 
Балық  өміріндегі,  яғни  алдымен 
өзенде  кейін  су  қоймасында  кезеңі  қабыршағындағы  склериттер 
арасының  алшақтығынан  байқауға  болады.  Қабыршақтың  құрылысы 
балықтың жағымсыз жағдайларда болуын, мәселен, құрғақшылық, суық 
түсу, улану және т.б.кездерін бейнелейді. 
 
 
 
 

 
63 
 
 Көптеген  балықтардың  қабыршақтарында  уылдырық  шашу 
белгілері  пайда  болады.  Санына  байланысты,    балықтың  өмір  сүруі 
барысында  қанша  рет  уылдырық  шашты  және  көбеюді  неше  жастан 
бастағанын  анықтауға  болады.  Мысалы,  қара  теңіз  албыртының 
уылдырық  шашу  кезеңінде  қабыршақ  шеттері  сынады,  соның 
салдарынан  сынған  сақина  түзіледі,  яғни  уылдырық  шашу  белгісі. 
Балықты аулап алғанға дейін, балықтар қанша рет уылдырық шашқанын 
осы сақиналар көмегімен анықтауға болады.   
 
 
 
 
 Барлық  балықтардың  өмір  сүру  ұзақтығы  әр-түрлі  болып  келеді. 
Мәселен,  тюлька,  көптеген  бұқашықтардың,  қалқыма  су  балықтары 
және    т.б.  жасы  үш-төрт  жылдан  аспайды.  Ақсерке,  бекіре,  шортан, 
жайын және басқа да түрлері ондаған жылдар бойы өмір сүреді.   
 
Балық  қабыршақтары  көптеген  сұрақтар  шешімінің  кілті  болып 
табылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Балықтардың  өмірін  қабыршақ  арқылы  анықтау  үшін  ғалымдар 
жұздеген жылдарды арнады, дегенмен кейбір сұрақтардың шешімі әлі де 
даулы болып қалды, көптеген балықтардың өсу ерекшеліктері әлі күнге 
дейін зерттелмеді.  Балық шаруашылығы саласының мамандарына және 
ғылымға осы білімдерді білу маңызды.    
 
 
 
 
 
Қабыршақты  бейнелі  сипаттап  оны  балықтың  «куәлігі»  -  өсу 
көрінісін тіркейтін сенімді құжат деп атауға болады.   
 
 
 
Терінің  дәнекер  ұлпасы  қабатында  қабыршақ  түзіледі.  Балық 
қабыршағының  бірнеше  түрін  ажыратады:  плакоидты,  ганоидты, 
ктеноидты және сүйекті (21- сурет). 
   
 
а 

 плакоидты; б 

 ганоидты; в 

 циклоидты; г – ктеноидты 
21

 сурет. Балық қабыршағының  түрлері 
Плакоидты  –  ең  көне  түрлердің  бірі,  шеміршекті  балықтарда 
сақталған  (акула,  скат).  Пластинкадан  және  оның  үстінде  орналасқан 
істіктен  тұрады.  Ескірген    қабыршақтар  түскен  соң  оның  орнына 
жаңалары шығады. 
 
 
 
 
 
 
 
Ганоидты-қазба  балықтарға  тән.  Ромбы  пішіндес,  бір-бірімен 
тығыз  байланысып  тұтасып  жатады,  сауыт  сияқты,  яғни  денесі  сауыт 
ішінде  орналасқан  болып  табылады.  Қабыршақтар  уақыт  өткен  сайын 
өзгеріп  отырады.  Қабыршақтың  бұлай  аталуы  дентин  тәрізді  зат-
ганоинның  болуы,  ол  сүйекті  тақтайшада  қалың  қабат  болып  жатады. 

 
64 
Ганоидты  қабыршақ  қазір  көпқанаттылар  мен  сауытты  шортандарда, 
сол сияқты бекіре балықтарының құйрық қанатының үстіңгі қалағында 
орналасқан  шанышқы  тәрізді  сүйек  (фулькралар)  және  бес  қатар 
орналасқан  шытыра  сүйектер  түрінде  кездеседі.    Шытыра  сүйектер  –
бірнеше  ганоидты  қабыршақтардың  қосылуынан  пайда  болған 
сүйектер.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Ганоидты қабыршақ  3 қабаттан: үстіңгі тығыз ганоин қабатынан, 
ортаңғы өзектері бар космин қабатынан және сүйекті заттан-изопедин 
төменгі  қабаттан  тұрады.  Космоидты  қабыршақтардың  ганоидты 
қабыршақтардан  ерекшелігі-үстіңгі  ганоин  қабаты  болмайды.  Бұл 
қабыршақ  саусаққанатты  балықтарда  кездеседі.  Бірте-бірте  өзгеріп 
қабыршақ  ганоин  затын  жоғалтады.  Қазіргі  сүйекті  балықтарда  бұлар 
жоқ,  ал  қабыршақ  тек  сүекті  тақтайшалардан  тұрады,  яғни  сүйекті 
қабыршақтар.  Бұл  қабыршақтар  циклоидты  және  ктеноидты  деп 
бөлінеді.  Циклоидты  қабыршақтар-шеттері  тегіс,  дөңгелектенген 
(тұқылардыкі),  ктеноидты  қабыршақтар-артқы  шеттері  кетіктелген 
(алабұғаныкіндей).  Екеуі  де  туыс,  бірақ  циклоидты  қабыршақ  төмен 
ұйымдасқан балықтарда кездеседі. Кейбір балықтардың аталықтарында 
ктеноидты,  ал  аналықтарында  циклоидты  қабыршақтар  болады,  екеуі 
де  бірдей  кездесетін  балықтарда  (мысалы,  Liopsetta  туысына  жататын 
камбалалар) болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 Кәдімгі  жыланбалық  қабыршағының  пішіні  мен  қалыңдығы 
бойынша  өте  қатты  айырмашылықтары  бар,  микроскопиялық  түрден 
өте  ірі,  пішіні  алақан  тәрізді,  яғни  үнді  өзендерінде  мекендейтін  үш 
метрлік  тор-жыланбалығының    қабыршағы  сияқты.  Тек  бірен-саран 
балық  түрлерінде  қабыршақ  болмайды.  Кейбір  түрлерде  ол  біріңғай 
қозғалмайтын  сауытқа  айналған,  сары  сауытты  балықтыкі  (кузовка) 
тәрізді,  немесе  ат  басты  кішкентай  теңіз  балығыныкі  сияқты,  тығыз 
байланысқан сүйекті пластинкалар қатарын түзеді.   
 
Сүйекті  қабыршақтар  ганоидтылар  сияқты,  біріңғай  ауыспайды 
және  тек балық  жасына сәйкес жыл  сайын  көбейіп отырады, олардың 
үстінде  айқын  бір  жылдық  және  мезгілдік  жолақтар  қалады.  Қысқы 
қабат  көп,  жиі  және  нәзік  қабаттаулар  болады,  жазғыға  қарағанда, 
сондықтан жазғыға қарағанда қаралау болады.    
 
 
 
 
 Көптеген  балық  қабыршағының  астында  гуаниннің  күміс 
кристаллдары болады. Қабыршақтан тазартылғанда олар жасанды інжу 
алу үшін құнды зат болып есептеледі.   
 
 
 
Басынан  құйрығына  дейін,  бүкіл  дене  бойына  созылып  жатқан 
бүйір  сызығы  бар.  Бұл  бүйір  сызығы  дененің  екі  жақ  бүйірінен 
тартылған  өзек  секілді.  Бүйір  сызығының  өткен  жерін  сыртқы 
қабыршағына  қарап  білуге  болады.  Бүйір  сызығы  өткел  жерлерде 
қабыршақтарында  қатарласып  орналасқан  тесіктері  болады.  Осы 
тесіктері  арқылы  бүйір  сызығы  сыртқы  ортамен  әсерлеседі.  Бүйір 
сызығы есту органдарының қызметін атқарады. 
Терінің 
бір 

 
65 
жасушалы  бездерінде  феромондар  түзіледі-ұшпалы  (иісті)  заттар, 
қоршаған  ортаға  бөлінеді  және  басқа  балықтардың  рецепторларына 
әсер етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алуан  түрлі  балықтарға  тән,  тіпті  туыстығы  жақын;  кейбір 
жағдайларда  олардың  түрлік  айырмашылықтар  жасына,  жынысына 
байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балық  жасын  желбезек  сәулелеріне  қарап  анықтауға  болады. 
Балық  жасын  қабыршақтың  өсу  аумағына,  отолиттерде  (құлақ 
жарғағындағы 
ұсақ 
кристалдар), 
омыртқаларына, 
желбезек 
сәулелерінің  кесінділеріне  және  т.б.  қарап  анықтайды.  Қабыршақтан 
анықтау  ең  ыңғайлысы  әрі  оңайы.  Егер  де  қабыршақтан  анықтау 
мүмкін  болмаса  (ұсақ,  өзгеріске  ұшыраған  немесе  мүлдем  болмаса), 
онда  отолиттерді,  омыртқаларды  және  т.б.  қарайды.  Қабыршақты 
немесе  отолиттерді  тексермес  бұрын  скальпельмен  шырыштан, 
ластанулардан  және  жылдық  суреттерді  қарауға  кедергі  жасайтын 
заттардан  тазартады.  Егер  де  материал  аса  ластанған  болса,  оны 
мүсәтір
 
спиртінің  әлсіз  ерітіндісіне  салу  керек,  одан  кейін  сүртіп 
кептіру  қажет.  Ең  жақсысы  әрбір  балықтан  денесінің  ортаңғы 
бөлігінен,  арқа  жүзбеқанатының  негізінен  және  бүйір  сызығының 
үстінен  10-15  қабыршақтан  алу  керек.  Бүйір  сызығынан  қабыршақты 
алуға болмайды. Қабыршақтар балық түріне байланысты дұрыс пішінді 
және  бүтін  (ақаусыз)  болуы  қажет.  Балықтардың  жасын  анықтау  ірі 
ағаштардың  жасын  (спилға  және  жылдық  сақиналарға  қарайды) 
анықтаумен  ұқсас.  Балықтарда  жылдық  сақиналар  болып  сүйекті 
заттардың өсу аймағын атайды, олар балық өсуіне байланысты түзіледі. 
Қабыршақта түзілген жылдық сақиналар анық көрінеді, ал отолиттағы 
немесе  сүйек  кесінділерінде  қалыңдаған  сүйек  заттары  болады;  жазда 
түзілген, қалың, ал қыста түзілгені мөлдір.  
 
 
 
 
 
 Сондықтан,  егер  балық  қыста  немесе  көктемде  ауланса  оның 
жасы  санмен  көрсетіледі  («бір  жылдық»,  «екі  жылдық»  деп  аталады), 
ал жазда немесе күзде ауланса оның жасы  + белгісімен              бір 
жылдық,
 
екі  жылдық  және  т.б.  Балық  ұзақ  уақыт  бойы  азықсыз 
болғанда  қабыршақта  және  отолиттерде
 
тағы  бір  жылдық  сақина 
түзіледі сол себепті балық жасын дұрыс емес санайды. 
 
 
 
 Қабыршақсыз балықтардың жасын кеуде жүзбеқанатының сүйекті 
сәулелеріне, 
басының 
жалпақ 
сүйектеріне, 
отолиттерге, 
омыртқаларына  қарап  анықтайды,  ихтиологтар  материалды  кептірген 
соң жинайды да сақтау үшін арнайы пакеттерге салып қораптайды.  
 
 Қабыршақты  бірінші  арқа  жүзбеқанатының  үшінші  қатарынан 
алады,  ұзындығын,  салмағын,  жынысын  және  балықтың  мекендеу 
жерін жазады. Камбала мен  вьюнаның жасын отолиттен,
 
бекірелерден, 
жайын  және  акулалардан  жүзбеқанатының  сәулеленуінен  көлденең 
кесінді  алып  анықтайды.  Сәулеленіден  көлденең  кесінді  алу  үшін 
металлмен  егеуіш  қыл  араны
 
қолданады.  Қабыршақ  арқылы  әр 

 
66 
жылдары  балықтың  қалай  өскенін  анықтауға  болады.  Норвег  ғалымы 
Эйнар Леа (1910) балықтың ұзындығы мен қабыршақ ұзындығы жасы 
ұлғайған сайын бір-біріне пропорционалды өзгеретінін дәлелдеген. 
 
  
 
Балық  жасын  анықтау  үшін  қабыршақтан  сапалы 
материалды  жинап  алу  үшін,  22-  суретте  көрсетілгендей,  бүйір 
сызығынан жоғары денесінің ортаңғы бөлігінен қабыршақ алынады. 
       
 
22 

сурет. Балықтан  қабыршақ сынамасын алу 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет