2.5.2 Қылдың (түктің) соттық сараптамасы
Жануардың қылын соттық-ветеринариялық зерттеу заңсыз сою,
малды ұрлау және де браконьерліктің қылмысын ашуға мүмкіндік
береді. Қылдың түрлік дифференциалды диагностикасы олардың
морфологиялық құрылымдық ерекшелігіне негізделеді.
Жануарлардың қылдары сезімтал, беткейлі, қорғаныштық және
мамықты болып бөлінеді. Сезімтал немесе міндетті қылдар ұзын, тік
ерінде, бетте және қабақта орналасады. Беткейлі қылдар дененің барлық
бөлігінде кездеседі. Қорғаныштық қылдар қалың және ұзын болады.
Осы қылдардан жал, құйрық, ешкілерде сақал құралады. Мамық жүндер
биязы жүнді қойларда және терісі бағалы аңдарда кездеседі, ал басқа
малдарда негізінен жүн астында орналасады.
Жіктелуі бойынша қылдар көмкеруші, қылшық, ауыспалы және
мамықты болып бөлінеді. Көмкеруші қылдар қалың, жуан болып келеді,
маңдайдың мұрынның, аяқтың маңайында орналасады. Қылшық қылдар
көмкеруші қылдарға қарағанда жіңішке болып келеді, дененің барлық
жерлерінде орналасады. Ең жіңішке қылдар – мамықты. Ауыспалы
қылдар қалыңдығы бойынша көмкеруші мен мамықты қылдардың
ортасында орналасады. Әр бір қыл тамырдан және талшықтан тұрады.
Соттық-ветеринариялық сараптама кезінде қылды айғақтық зат
ретінде ұсынған жағдайда өзегін, яғни терінің беткей бөлігінде
орналасқан бөлігін зерттейді.
Қылдың талшығы үш бөліктен тұрады: 1) кутикулярлы, беткейлі
немесе қабыршақты; 2) қабықты; 3) ішкі немесе милы, өзекті. Қылдың
кутикуласы бір қатарлы жалпақ мүйізденген жасушалардан тұрады. Оны
микроскопиялық зерттеу кезінде көруге болады. Қабықты бөлігі
жалпақтау, ұршық тәрізді формадағы жасушалардан құралған,
құрамында әр түрлі пішіндегі және мөлшердегі дән тәрізді меланиннен
тұрады. Осы жерде ұсақ көпіршіктерге ұқсас ауа кеңістігі бар. Ішкі
немесе милы қабаты полиморфты пластинка тәріздес жасушалардан,
сонымен қатар ауа көпіршіктері және пигменттерден құралады. Қылдың
талшығы
ұзындығына,
жуандығына,
пішініне,
түсіне
және
микроскопиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді.
Жануарлардың талшықтарының ұзындығы әр түрлі болып келеді, тіпті
бір жануар терісінің әр түрлі дене бөліктерінің өзінде де
айырмашылықтар болады. Әр түрлі терісі қымбат аңдардың және бір
аңның терісінде талшықтың қалыңдықтарының ерекшеліктері кездеседі.
Ең жіңішке қылдың жуандығы 10-12 мкм, ал ең жуанында
100 мкм
және одан да жуан болып келеді. Әдетте қылдың талшықтары
цилиндрлік, конус тәрізді, ұршық тәріздес және ланцет тәрізді түрде
кездеседі. Қылдың цилиндр тәріздес талшықтарының өткірленген
ұшынан басқа бөлігінің қалыңдықтары бірдей дөңгеленген тілім тәрізді
болады. Қылдың конус тәрізді талшықтары дөңгеленген тілімді, ал
42
жуандығы тамырынан ұшына қарай жіңішкереді. Ұршық тәрізді талшық
цилиндрлі түрде, ұшына қарай ұршық тәрізді формада болып келеді.
Мұндай қылдардың жуандығы бірдей емес, ең қалыңы жоғары ұршық
тәрізді бөлігінде кездеседі. Ланцет тәрізді талшықтардың негізі цилиндр
формасында және жоғары бөлігінде қалыңдаған ланцет тәрізді (жалпақ)
түрде болады. Терісі қымбат аңдардың қылдарының иілгені мен
иірімдерінің сипатына қарай әр түрлі: тік, ұзын бойына иілген, бұрышқа
иілген, толқынды, бұранды тәрізді, бұйраланған, спираль тәрізді болады.
Қылдардың түстері олардың құрамындағы бояғыш заттар-
пигменттердің
болуына
байланысты.
Қылдың
талшығында
пигменттердің таралуына және концентрациясына байланысты төрт
түрлі түске бөледі: тегіс бір түсті, тегіс емес бір түсті, түрлі түсті және
аймақтық. Тегіс бір түсті болған жағдайда талшықтың ұзын бойы
толығымен бір түсті, бірақ та түстің белсенділігі түрлі бөліктерінде әр
қилы болады. Түрлі-түсті боялған талшықтар әр түрлі бояулы және де
бір түстен екінші түске біртіндеп көшеді. Аймақтық түске боялған
талшықтардың түрлі-түсті белдеулері айқын көрінеді.
Қылдың өзегі кішкене әр түрлі пішіндегі бір немесе бірнеше
қатардан құралған жасушалардан тұрады, кейбір мамықты қылдарда
өзегі болмайды. Өзектің жасушалары кеуіп қалған, мүйізденген
құрылым сияқты көрінеді.
Жасуша аралық кеңістік ауаға толады, ал кейбір жануарлардың
қылдарында (бұғы, елік және т.б.) ауа өзектің жасушасында болады.
Терісі бағалы аңдардың түрлік ерекшеліктеріне байланысты талшық
өзегінің жуандығы да әр түрлі: кейде олар едәуір үлкен жасушалар 8-10
қатарда орналасқан және де талшықтың барлық жуандығын алады (қоян,
солтүстік бұғы), ал кейде керісінше, жасушалар 2-3 қатарда орналасып,
талшықтың аз бөлігін алады (кәмшат, ондатр, теңіз аңдары). Талшықтың
ұшында және де қылдардың кей түрлерінде өзегі болмайды.
Қабықты қабат өзекті айнала қоршайды. Қылдың ұзына бойына
орналасып, бір-біріне тығыз жабысқан жасушалардан тұрады.
Электронды микроскоп көмегімен қарағанда жасушалар қалың
фибриллалардан, ал шеткілері жұқалау протофибрилла деп аталатын
фибриллалардан құралады. Талшықтың мықтылығы қабықты қабатына
байланысты. Қабықты қабаты жақсы дамыған қылдар, нашар дамыған
қабатқа қарағанда едәуір мықты болады. Қабықты қабаттың
жасушаларында әдетте бояғыш зат пигменттің дәнегі орналасады.
Қабықты қабатты кутикула жұқа қабатпен қоршайды. Ол өте жұқа
мүйізденген қабыршақтардан құралады. Қабыршақтар бірінің үстінде
бірі орналасып таспақаның панцеріне ұқсас келеді, немесе қабыршақтар
бірінің шетінде бірі орналасып көпірге ұқсас болып келеді.
Қабыршақтардың көпір тәрізді орналасуы өте сирек кездеседі, тек
сезімтал талшықтарда (вибрис-«сезімтал» қылдар) болады.
Кутикуланы электронды микроскоп арқылы зерттегенде
43
жарықтық микроскоппен қарағанда көрінбеген жаңа қырлары, яғни
құрылымы күрделі екендігі анықталды.
Кутикула құрамы әр түрлі химиялық заттардан құралған келесі
қабаттардан тұрады: эпикутикула, экзокутикула және эндокутикула.
Мата өндірісінде қолданатын қылшықтардың ішінде, тек жүнде
ғана қабыршақ тәрізді талшықтары болады. Қабыршақтар жұқа, жалпақ,
мүйізденген,
мөлдір
жасушалардан
құралады.
Қылшықтардың
морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты (мамықты, ауыспалы,
қылтанақ) қабыршақтың формаларының бір-бірімен байланысы әр түрлі
болады.
Кутикула қылшықтың 2 ден 10%-ға дейін салмағын құрайтын
кератинді ақуыздан тұрады. Құрамында липид, цистин көп мөлшерде, ал
тирозин, аргенин аминқышқылдары және күлдің аз мөлшері болуымен
сипатталады.
Қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен төменде орналасқан
жасушаларды қабыршақты қабат қорғайды. Қабыршақты қабаттың
беткейлі бөліктері жүнді жұмысшы ерітінділермен алғашқы өңдегенде,
бояғанда және теріні әрлендіргенде тікелей өңдейтін заттармен
қатынасқа түсіп, физикалық және химиялық тосқауыл болады. Жоғарғы
қабыршақтың қылшықты қабаты ұлпаның тауарлық қаситеттерін
келесідей
сипаттайды:
жылтырлығы,
түсі,
серпінділігі
және
эксплуатациялық қасиеттері.
Ферменттердің әсер етуіне қатысты кутикуланы екі қабатқа
бөледі. Сыртқы қабаты
экзокутикула және ішкі қабаты
эндокутикула.
Экзокутикула эндокутикулаға қарағанда ферменттердің әсеріне
төзімділігі нашар. Қабыршақтың сыртқы бөлігін жұқа пленка-
эпикутикула деп аталатын кутикуламен қапталады.
Қабыршақты және қабықты қабаттың арасында өте мықты,
үзілмейтін мембрана тәрізді қалыңдығы шамамен 10 ангстремнан
тұратын, ғалымдар оны субкутикулярлы мембрана деп атайды.
Мембрана қылдың басқа бөліктерімен салыстырғанда химиялық
тұрғыдан ең төзімді болып саналады. Мембрананың кератиндері
қылшықтарға концентрленген күйдіргіш натрий және сірке қышқылы
ерітінділерімен әсер еткен кезде оқшауланады. Осындай әсердің
нәтижесінде, субкутикулярлы мембранадан басқа, қылшықтың барлық
құрылымдық элементтері ериді.
Субкутикулярлы
мембрана
қабықты
қабатқа
қарағанда
механикалық төзімділігі жоғары, өзінің химиялық инерттілігіне және
тығыздығы жоғары болуына орай, қылшықты технологиялық өңдеу
үрдісінде маңызды мәнге ие. Субкутикулярлы мембрана қылшықтардың
серпінділігін қамтамасыз етеді.
Бұғылардың қылдарының беріктігі төмен болуымен ерекшеленеді,
осыған байланысты, қуысы ауа көпіршіктеріне толы өзекті қабаты күшті
дамыған, қылдың өзегі жақсы дамығанда оның мөлдірлігі жоғалып, морт
44
сынғыш болып келеді.
Қабықты бөлігінің күшті дамуына орай, қойдың мамықты
қылдары аса беріктікпен ерекшеленеді, қабыршақты қабаттың
құрылымы жіп есуге және киізденуге септігін тигізеді. Осыған
байланысты, аталмыш қылшықтарға тән сипаттағы қасиет екенін атап
кету керек. Қылдардың басқа түрлері мұндай қасиеттерге ие емес.
Қабықты қабат ұршық тәрізді, мүйізденген ұш жағында саусақ
басына ұқсас өсінділермен бір-бірімен қосылып тұратын жасушалардан
құралады. Ұршық тәрізді жасушалардың ұзындығы 100 мкм, ал ені 2-4
мкм, яғни, ұзындығы еніне қарағанда 25 есе артық.
Ұршық тәрізді жасушалар құрылысы және құрамы бойынша бір
текті емес, олар торшалық мембранамен қоршалған және цементтейтін
(матрикс) затқа енгізілген жіпше тәрізді фибриллдерден тұрады. Жүн
қылшығында қабықты қабат 90%-дан жоғары мөлшерді құрайды.
Қабықты қабаттың жекелеген компоненттерін бөліп алу үшін,
сірке қышқылымен өңдеу арқылы түрлендірілген, қылшықтың ақуызын
фракциялау әдісін қолданады. Фракциялау көмегімен фибрилл
кератиндерінің құрамында цистин, пролин және треониннің аз
мөлшерде және аспаргин, глютамин қышқылы, лейцин және аланин
амин қышқылдарының жоғары мөлшерде екендігі анықталды.
Фибрилдердің ұзындығы бойынша құрылысы бір келкі емес:
кристаллды
аймақ
аморфты
аймақпен
алмасып
орналасады.
Фибрилланың кристаллдық аймағының негізгі құрылымын а-спираль
құрайды, ал фибриллалар күрделі құрылымды болып, ең ұсақ
фибриллярлы сипаттағы құрылыстан тұрады. Кәдімгі оптикалық
микроскоп
көмегімен
макрофибриллалар
жекелеген
микрофибриллалардың жиынтығынан тұратынын анықтауға болады.
Микрофибриллалар 11 протофибриллден тұрады, әр бөлігі үш а-
спиральдан құралады, олар өз арасында үш тармақты трос тәрізді
байланады.
Протофибриллдар спиральдарының арасындағы байланыс, прото-
және микрофибриллдар арасындағы байланыс тәрізді, спираль аралық
және фибрилл аралық тұзды және сутекті ковалентті байланыс, сонымен
қатар цементтейтін затпен өзара байланысы нәтижесінде жүзеге
асырылады. Ковалентті байланыс дисульфидті топтар есебінен
құралады. А-спиральдардың цистинді қалдықтары бір-біріне жақын
орналасады, үш цистинді қалдықтардың екеуі тізбек аралық
дисульфидтер, ал біреуі ішкі тізбек байланысын түзеді. А-спиральдағы
аминқышқылдарының қалдықтарының реттілігі келесідей, кейбір
спиральдардың бөліктерінде бүйірлік тізбектер орналасады, оның
құрамында бос карбоксилды және аминотоптар мен гидроксилдар
болады, олар тұзды және сутекті байланыс құрайды. Сондықтан
фибриллдың ұзына бойы бағыты біртекті болмайды. Онда Х аймағы деп
аталатын, көлденең байланысы дамыған бөліктер кезектеседі және
45
көлденең байланысты Y-аймағы қарқынды дамиды. Негізгі ерітінді
ретіндегі цементтейтін зат-матрикс, аминқышқылды құрамы бойынша
жоғары мөлшерде цистин, пролин, треонин, серин аминқышқылдары
және де аздаған мөлшерде лейцин, аспарагин қышқылы, лизиннан
құралады.
Қылшықтардың морфологиялық түрлерінде өзекшелі түтік
барлығында болмайды. Мамықты қылшықтарда ереже бойынша
болмауы керек, ауыспалыда фрагменталды немесе үзілмелі сипатта,
қылтанақ қылшықтарда өзекше үздіксіз. Әсіресе өзек түтігінің күрт
дамуы өлі қылда (көлемнің 90%-ға дейін) байқалады. Өзекшелі түтік
қылдың ортаңғы бөлігінде орналасып, жасушалар мен ауа қуысынан
құрылатын болбыр, кеуекті ұлпадан тұрады. Өзекшенің
ақуыздары
(жұмсақ кератиндер) қылдың өзге морфологиялық компоненттерінің
кератиндерінен, күкірт мөлшерінің төмендігімен ерекшеленеді.
Дегенмен, олардың құрамында көп мөлшерде тирозинді және
дикарбонды қышқылдар кездеседі. Өзекшенің ақуыздары сілтінің және
ферменттің әсер етуіне төзімді екендігі, сонымен қатар қышқылды
бояғыштарға боялатын, қабықты қабатқа енетін берік кератиндерге
қарағанда, негізгі бояғыш заттармен жақсы боялады.
Фактілік жағдайды анықтауға қылдың бір данасын немесе
олардың фрагменттерін сараптап зерттеген кезде келесі сұрақтарға
жауап береді:
-алынған немесе анықталған қылдар жануардың қылдарына жата
ма;
- болжамалы тасымалдағыш затта жануар текті қылдар бар ма;
-қылдың тұқымдық ерекшелігі қандай;
-тексерілетін
қылшықтың негізгі иесінен алыну әдісінің
механизмі;
-егер қылшық жұлып алынған болса (қылдың буылтығы
қынаптың тыстарымен қапталған), қандай жынысқа жататындығын
анықтау;
-қылдар өңделмеген немесе түрлендірілген болып табылады ма;
-егерде қыл жасанды боялған болса, қандай бояғыш заттар
қолданылған;
-қылшықта деструктивті өзгерістер бар ма;
-егер де болса онда қандай әсердің нәтижесінде және осы
қылдардың табиғи пайда болу көзі;
- зерттеліп отырған қылдар ортақ түрге жата ма;
-егер де нысан ортақ түрге жататын болса, онда ол ортақ топқа
жата ма;
- егер де салыстырылып отырған нысандар ортақ топқа жатса,
онда олардың шығу тегі бір болып табыла ма;
- қылдар анықталған беткейде тасымалдағыш заттар жатпады ма,
олар ортақ түрге және топқа жатпай ма, бір-бірімен немесе нақты
46
теріден дайындалған бұйыммен және белгілі жануардың қылымен
жанаспады ма?
Сараптау нысаны қыл болған жағдайда, зерттелген бірлік дана
қылдардан алынған ақпарат көлемі, жалпы қылдарды зерттеу арқылы
алынатын ақпарат көлемінен көбірек болады. Нақтылы мәліметтердің
көзі ретінде жүннің жоғары мәліметтілігі тергеудің және соттың
қызығушылығын тудырады, нысанның ерекшелігіне-элементтердің
санының көп болуы, нысанның қалыптасуына, сақталуына байланысты
қоспалар мен ластанулардың болуы және т.б.
Жүнді сараптау кезінде келесі сұрақтарға жауап алуға болады:
- сараптамаға ұсынылған нысандар жүнге жата ма;
- жүннің түрі қандай: табиғи, екіншілік түлеп-өңделген жүні және
т.б.;
- егер екіншілік түлеп-өңделген жүннің қоспасы болатын болса,
оның шығу тегі қандай (шикізат ретінде);
- жүн қандай таксондағы жануарға жатады;
- жүн бір немесе бірнеше жануардың денесінен жиналған ба;
-егерде жүн құрамына жұлынған қылдар кірсе, оның жыныстық
ерекшелігі қандай (бұл зерттеу маңызды, егер жүн бір жануардан
алынса);
- тексерілетін жүннің қандай ерекшелігі бар: қылшықтардың
құрамдық категориясына, элементтерінің сипатына, ерекшелігіне және
ластану дәрежесіне және де басқа сипаттарға байланысты;
- жүнді жинап алу әдісі қандай;
- қандай уақыт аралығында жиналғаны;
- салыстырылып жатқан жүннің сынамалары бірдей туыстыққа жата
ма;
- егер де салыстырылып жатқан жүннің сынамалары бірдей
туыстыққа жатса, бір түрге жата ма;
- егер де салыстырылып жатқан үлгілер бір ортақ топқа жатса, онда
ол «жалпы топқа жататын» деген түсінікке сәйкес көптікке жата ма;
- егер де салыстырылып отырған нысандар ортақ топқа жатса, олар
бір табиғи көзден пайда болды ма;
-жүннің түйіршігімен жанасқан кезде тасымалдаушы затта жүннің
қатпарлануы болған ба.
Қылдың бірлік даналарын зерттеумен салыстырғанда терінің
үзіндісін, тері шикізатын зерттеудің кейбір айырмашығы бар. Аздаған
үзіндінің өзінде қылдардың көп мөлшерде және былғары ұлпасының
болуы нысанның пайда болу көзі туралы, теріні өңдеу кезінде алынған
құрылымы мен белгілері, сонымен қатар пайдалану үрдісінде кең
ауқымды ақпаратты алуға болады. Ізделіп отырған затты нақтылауға
және зерттелген нысанның сол түрге жататыны жөнінде сұрақты сәтті
шешуге мүмкіндік береді. Терінің
үзінділерін
зерттеген
кезде
сараптамашы келесі сұрақтарға жауап бере алады:
47
-тексерілмекші нысан тері немесе тері шикізатының үзінділері
болып табыла ма;
-былғары жамылғысының бөлігі болатын идентифицирленетін тері
үзіндісі (тері шикізаты) қандай таксондағы жануарға жатады; үзіндіні
бөліп алудың механизмі мен әдістері қандай; нысанда жасанды бояудың
іздері бар ма; егер болса қандай бояғыш зат қолданылды;
- зерттеу нысаны болып табылатын үзіндідегі теріні өңдегенде
илеуге қандай заттар қолданылды;
- зерттелетін нысанда деструктивті өзгерістер бар ма; егер болса
қандай, пайда болу көзі;
-қылда тері үзіндісінің патологиялық өзгерістердің көріністері бар
ма;
-зерттелетін үзінді қай топқа жатады, терісінің сипаттамасы
(шикізаттың);
- салыстырып жатқан нысандар бірдей туыстыққа жатпай ма;
-егер салыстырып жатқан объект бір туыстыққа бір түрге жататын
болса онда ол ортақ топқа тиісті ме;
-нақты салыстырып жатқан нысандар бір текті ме;
-идентифицирленетін
нысан толығымен идентифицирленетін
заттың үзіндінің бөлігі болып табыла ма.
Сарапшы нысанның құрылымының негізгі белгілеріне қарап:
тамырының, талшықтың, кутикуланың құрылысы, талшықтың ішкі
құрылымы бойынша зерттеліп отырған затты қылдарға жатқызады.
Аталған қылдың элементтерін ескере отырып, сарапшы сараптамаға
келген сынаманы нақты жануар текті немесе адам шашы екенін
ажыратып, қай түрге жататынын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда сарапшылармен материалдар коллекциясы жиналды,
онда адамдар мен әр түрлі жануарлардың түктері мен қылдарының
құрылымы бейнелеп көрсетілген, зерттелетін материалды коллекциямен
салыстыру қылдың түрлік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншік
туғызады. Бірақ, негізінен қылдардың схемалық суреттері жиналған, ал
біз әр түрлі жануарлардың қылдарының құрылымын алдын-ала 1%-ды
аммиактың ерітіндісімен түссіздендіргеннен кейін микрофотосурет
түрінде құжаттадық.
Осылайша, мәселен, ірі қара малдың қабықты қабатының қылдары
біркелкі, жуанданған, ал өзекшесі қабыршақ тәрізді болып келетінін 2
және 3 суреттерде көрсетілген.
48
2
сурет. Ірі қара малдың қылының құрылысы (×400)
3
сурет. Ірі қара малдың қылының өзекшелі қабатының құрылысы
(×1000)
Қойдың қылын зерттеген кезде, біздің зерттеулеріміз бойынша ірі
қара малдың қылының қабыршықты қабатына қарағанда қойдың
қабыршақты қабаты толқынды, біркелкі емес, шырша тіріздес болып
келетіні анықталды, 4 және 5 - суретте көрсетілген.
49
4
сурет. Қой қылының құрылысы (×100)
5- суретте ең үлкен ұлғайтқыш арқылы үлкейткенде қой қылының
қабықты және өзекті қабаттары өте көрнекті көрініп тұр.
5
сурет. Қой қылының қабықты қабаты (×400)
Қой қылының өзекті қабаты жиектері біркелкі емес және де
диаметрінде айырмашылықтары бар талшықтан тұрады. Қылдың
қабықты қабаты (кортекс) 90% талшықтан тұрады. Ол өз кезегінде
ұршық тәрізді түрдегі жасушалардан құралған. Пигмент негізінен өзекті
бөліктің маңайында шоғырланады. Осыған байланысты қойлардың
мамықты жүндері үлкен беріктікпен айрықшаланады, өйткені қабықты
қабатының иірілетін қасиеті жақсы дамыған, бұл аталған талшықтың
ерекше сипаты болып табылады. Ал беткейінің бөлігінің шырша
тәріздес ерекшелігіне байланысты жақсы иіріледі.
50
Жылқы қылдарын зерттеу барысында (6-сурет), өзекті қабатының
құрылысы бүрмеленген немесе сопақ диск тәрізді құрылыста кездеседі,
қабыршықты қабатының құрылысы біркелкі емес, ағаштың қабығына
ұқсас жекелеген талшықтар немесе қатпарлар түрінде екенін көрдік.
6
сурет. Жылқы қылының өзекті қабаты (×400)
7-суретте шошқа қылшығының құрылысы көрсетілген, қылдың
қабықты қабаты тегіс, ал өзекті қабаты көрінбейді, бұл аталған малдың
қылшықтарының өзгешелік ерекшелігі болып келеді.
7
сурет. Шошқа қылшығының құрылысы (×400, ×1000)
Ит қылының беткей беті (8-сурет), жұқа қабыршақты қабатпен
қапталған (кутикула), ал өзекті қабаты ұзын, сопақ мүйізденген
51
жасушалардан тұрады, олар бір-бірін ішінара жауып немесе тек қана
жапсарлас қабыршақтармен орналасады.
8
сурет. Ит қылының құрылысы(×400)
Ит қылының қабыршақты қабығы жартылай мөлдір, пигментсіз
және қылдың нәзік қабықты қабатын сыртқы ортадан, әр түрлі
физикалық-химиялық әсерлерден сақтайды.
9-
суретте қоянның қылы көрсетілген, қылында адырлы немесе тік тартпа
тәрізді түрде, барлық ұзындық бойынша секторларға бөлінген, жүгерінің
сабағы тәріздес болып келеді. Өзекті қабатының пигметтері әлсіз
білінетін біркелкі массадан тұрады.
52
9
сурет. Қоян қылының қабықты және өзекті қабатының
құрылысы (×400, ×1000)
Мысық қылының өзекті қабатының құрылысы ит қылының өзекті
қабатымен ұқсас, бірақ та айырмашылығы қабықты қабаты біркелкі емес
бүрмеленген 10-суретте келтірілген, ал итте қыртысты қабаты шырша
тәріздес болып келеді.
10
сурет. Мысық қылының қабықты қабатының құрылымы
Күрделі жағдайларда, сараптамаға ұсынылған қыл тек жекелеген
фрагменттерден құралса немесе сыртқы орта факторларының әсерінен
күрт өзгеріске ұшыраған жағдайда белгіленген сұрақтарды шешу
мақсатында біршама күрделі әдістерге жүгінеді.
Қылдың морфологиялық ерекшеліктерін жүннің немесе қылдың
аймақтық шығу тегін анықтаған кезде қолданады. Сипаттамасы
53
бойынша келесі дене бөліктерінен аймақтық шығу тегін анықтауға
болады: бастың қылды бөлігінен; сақалынан немесе мұрттарынан; қас
немесе кірпігінен; қолтық асты шұңқырынан; маңдайынан немесе
тағыда басқа дене бөліктерінен.
Қылдың
теріден
ажыратылу
механизмін сарапшылар қылдың ұштарына, әсіресе төменгі шетіне
қарап анықтайды. Қылдың қалыпты баданалары болуы қылдың түбірмен
жұлып алу туралы куәландыра алады, қылдың бір бөлігінің екіншісінен
айқын ажыратылуы оның кесілгенінің белгісі.
Бірнеше қылдарды мұқият зерттеген қандай-да бір ерекшелікті,
физикалық, химиялық және де басқада факторлардың әсер еткенін
куәландыратынын анықтауға болады. Адам
шашы
құрамындағы
химиялық элементтерді спектральды талдау арқылы анықтауға болады.
Шаш құрамындағы элементтердің пропорциясы әр түрлі болуы мүмкін.
Белгілі элементтердің шаш құрамында жоғары дәрежеде немесе басқа
мәліметпен тіркесте болуы, істі сараптауда кейбір нақты жағдайларды
анықтау үшін нақтылы мәнге ие.
Шаштың қабыршақты қабығының гистологиялық зерттеуін 1%
аммиак ерітіндісінде, ал қабықты және өзекті қабаттарды ксилолда
түссіздендіргеннен кейін зерттеген жөн. Қылдың
немесе
шаштың
қандай түрге жататын анықтағанда, қыл талшықтарының барлық
қабаттарындағы жасушалардың орналасуына және көлеміне көңіл
аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |