Егер сарапшының қорытындысы жеткілікті айқын болмаса, яғни
кемшіліктер немесе сарапшы қолданған әдістерді және терминдерді
анықтау қажет болса, кей мәселелердің мағынасы толық емес, бірақ
қосымша сараптауды қажет етпесе аталған жайттар бойынша тергеуші
сарапшыға сұрақтар қоюға құқығы бар. Сарапшы жазбаша жауап
беруіне болады (ҚР ҚПК 1 б. 32 тарау, 253 бап). Соттық –
ветеринариялық сарапшы сот мәжілісінде жиі жауапқа тартылады,
жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып айыптаушы, қорғаушы,
айыпталушы сұрақтарына жауап береді. Сұрақты кім қойғанына
қарамастан, сарапшы өз жауабын тек сот төрешісіне айтады.
Сарапшының қорытындысында қолданылған жекелеген терминдер
және тұжырымдамалар, сонымен қатар зерттеу әдісін нақтылап анықтау
қажет.
Сарапшының шешімдерін толықтыру дегеніміз, тұжырымда
болмаған, бірақ орындалған зерттеулердің нәтижелерінен шығатын
қорытындылар.
Сарапшы жауабы хаттама жазу арқылы рәсімделеді. Ауызша жауап
алғаннан кейін, сарапшы өз жауаптары жазылған сот мәжілісінің
хаттамасымен танысуы керек. Хаттамада сарапшы жауаптарының
бұрмалануы немесе түсініксіз жазбалар болса ол тура сот төрешісіне
мәлімделуі қажет.
Сарапшыны жауап алуға шақыру және сарапшыдан жауап алудың
реті заңмен тікелей реттелмеген. Бұл процедуралар куәгерді шақыру
және жауап алу ережелері бойынша жүргізіледі, бірақ әрине сарапшы
мен куәгердің процессуалдық жағдайлары ескеріледі. Соттық сараптау
органының қызметкері-сарапшыны сотқа шақыру жетекшілері арқылы
ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Сарапшыдан жауап алу барысында қорытындыға сәйкес
түсініктеме, толықтырулар мен түзетулерге байланысты, ҚР ҚПК 2 беті
32 тарау, 253 бабына сәйкес сарапшы маман қорытындыны ұсынбас
бұрын жауапқа тартылмайды.
2.3 Азаматтық-іс бойынша сараптама.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне
сәйкес мал ауырғанда, лажсыздан сойылғанда, малды, мал өнімдерін
алып-сату кезінде, фермерлерге, өндірістерге, жеке тұлғаларға меншікті
33
мал өлгенде, малды күтіп-бағу, пайдалану және тасымалдау ережелері
бұзылғанда мүліктік қатынастар қарастырылады.
Мүліктік мүддені қорғауда жануарларды сақтандыру жүйесі
маңызды қызмет атқарады. Сақтандырудың негізгі мақсаты-әр түрлі
оқиғалар салдарынан мал өлгенде немесе жарақаттанғанда азаматтардың
экономикалық және жеке мүддесін қорғау. Бұндай оқиғаларға зілзала,
технологиялық жүйелер апаты, өрт, су тасқыны, жартқыш және улағыш
жануарлар шабуылы, малды лажсыздан сою, малдың жұқпалы және
жұқпайтын аурулардан өлуі және т.б. жатады.
2.4
Соттық -іс материалдары бойынша сараптау
Соттық-ветеринариялық сараптау негізінен айғақтық дәйектерге
негізделеді: малдардың өлексесі немесе ұшасы, мәжбүрлі түрде
өлтірілген мал ұшасы, мал текті өнімдер, малды жарып сою хаттамасы,
шаруашылықты тексеру актісі және т.б. негізделеді. Сонымен қатар,
құжаттық негізінде тергеушіде пайда болған сұрақтарға жауап беру
үшін, ветеринариялық қызметкерлер сарапшы ретінде шақырылады.
Қылмыстық істің дәйектерін зерттейтін маманның барлық іс–
қимылдары істің хаттамасында міндетті түрде тіркеледі және де ресми
құжатта-"сарапшының қорытындысы", хаттаманың бір бөлігі болып
табылады, ол туралы хаттамада ескертулер жасалады. (ҚР ҚПК 203
бабының 8 бөлігі).
Іс материалдары бойынша қайталама сарапшының қорытындысы,
бірінші
сарапшының
қорытындысы
екінші
сарапшының
қорытындысымен сәйкес келмеген жағдайда, соттық іс ұзақ уақыт өту
кезінде, сонымен қатар істің жаңа дәйектері анықталған жағдайда қажет
болады.
Істің материалдары бойынша сараптауды бір сарапшы маман
немесе бірнеше сарапшылардың тобы жүргізе алады. Себебі, соттық іс
ерекше күрделі болып, бір маманға қорытынды шығаруға қиындыққа
түскен жағдайда, бірнеше сарапшы мамандарды қатыстырады. Бұл
жағдайда нақты мәліметтер алу және істің жан-жақты зерттелуі үшін бір
мамандықтың немесе әр түрлі мамандықтардың сарапшыларын
шақыртады, мысалы, індеттанушы, патологоанатом, паразитолог және
т.б. мамандар. Тергеуші істі сарапшылардың қорытындысына жібермес
бұрын, арнайы қаулы шығарады, онда алдынан туындап тұрған
сурақтарға жауап алу мақсатында нақты сұрақтар қойылады. Тергеуші
сарапшы мамандарға іске қатысты барлық құжаттарын және істі зерттеу
үшін уақыт беруі қажет. Істің материалдарын рәсімдеу бір сарапшы
маманға тапсырылады, ол өз кезегінде істің материалдарын егжей-
тегжейлі толық баяндап, қалған сарапшы мамандарға танысуға ұсынады.
Істің материалдарымен сарапшылар танысқаннан кейін, бір нақты
қорытынды шығару үшін жиналады. Егер де сарапшылардың біреуі
34
сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, ол өз ойын бөлек
құжатқа баяндап, сараптама қорытындысына тіркейді. Егер де қолда бар
материалдар бойынша сараптама қорытындысын шығару мүмкіндігі
болмаса, қосымша істі зерттеу керектігі туындаса, тергеушіден қосымша
зерттеулер немесе құжаттар талап етіледі. Қажет жағдайда сарапшылар
тобы сәйкесінше акт толтырады.
Істің материалдары бойынша сараптамаға келесідей мысал
келтіруге болады.
«Ш» бордақылау шаруашылығында 4 ай ішінде, қараша айынан
ақпан айы аралығында бордақылау үшін келіп түскен 246 торай өлді,
бұдан басқа ет комбинатына ауру және зоотехникалық брак деп
шамамен 3 мың бас жіберілді. Жалпы атағанда шаруашылықтағы
шошқалардың 20% өлді немесе еріксіз ет комбинатына жіберілді. Тергеу
жұмыстары
торайлардың
өлуі
аяқталғаннан
кейін
басталды.
Сараптамаға індеттанушы және патологоанатом шақырылды. Істің
материалы ретінде 193 беттен тұратын, репродукторлы шаруашылықтан
торайларды қабылдау актісі, торай өлекселерін жарып-сою хаттамасы,
ветеринариялық
зертхананың
жауаптары,
торайлардың
өлу
уақытындағы
шаруашылықтың
ветеринарриялық-санитариялық
жағдайының актісі және т.б. осы іске қатысты құжаттар ұсынылды.
Тергеуші сарапшылардың алдына келесі сұрақтарды қойды:
1.Репродукторлы шаруашылықтардан бордақылау шаруашылығына
торайларды тасымалдау ережелері?
2. Қысқы уақытта торайларды тасымалдауға болама, егер де рұқсат
берілсе, қандай талаптар қойылады?
3. Репродукторлық шаруашылықтан келіп түскен торайларды
қабылдау кезінде қандай қателіктер жіберілген?
4. Жаппай өлімнің себебі, індеттік жағдай ма әлде басқа болды ма?
Сарапшылар істің материалдарымен танысып, қойылған сұрақтарға
келесідей жауап берді.
Репродукторлық шаруашылықтардан бордақылау шаруашылығына
торайларды сату ережесі: 1) бордақылау шаруашылығына 4-айлық
жастан бастап, дене салмағы 25 кг-нан кем емес дені сау торайлар
қабылданады; 2) алыс жердегі шаруашылықтарға темір жол арқылы
торайларды тасымалдағанда 5-айлық, дене салмағы 35 кг-нан кем емес
дені сау торайлар қабылданады; 3) рахитпен, ревматизммен, өкпе
ауруларымен ауыратын, дене температурасы жоғарылаған торайлар
қабылданбайды.
Репродукторлы шаруашылықта торайларды қабылдау бордақылау
шарушылығының маманы жүргізеді. Келісім-шарт бойынша қабылдап
алу бордақылау шаруашылығында да өткізуге болады. Бұл жағдайда
өткізілген торайлардың сапасына репродукторлы шаруашылықтың
басқармасы жауап береді.
Қысқы уақытта шошқаларды басқа жерге айдауға болмайды.
35
Шошқаларды жылытылған кузовы бар автокөліктерде тасымалдауға
рұқсат беріледі. Темір жол арқылы тасымалданса, вагондар қажетті
мөлшерде сабан төсеніштерімен қамтамасызданған болуы керек.
Істің материалдары бойынша «Ш» бордақылау шаруашылығында
келесі қателіктер жіберілген:
1.Бордақылау шаруашылығының қабылдаушысы репродукторлы
шаруашылықтан дұрыс таңдап алу жүргізбеген.
2. Репродукторлы шаруашылық келісім-шарт талаптарын бұзып,
жасы толмаған, дене массасы мен денсаулық жағдайын ескермеген.
Сонымен «К» шаруашылығынан дене салмағының орташа салмағы 22 кг
болатын, келіп түскен торайлардың 50% өкпе ауруларымен ауырған,
торайлардың 66% зоотехникалық брак болып шыққан және де т.б. талап
бұзушылық анықталды.
Қазіргі уақыттағы заңнамаға сәйкес барлық шаруашылыққа келіп
түскен мал, соның ішінде бордақыланатын төл карантинде тұруы керек.
Ал
«Ш»
шаруашылығында
карантиндеуге
арналған
орын
болмағандықтан, торайларды карантиндеу жүргізілмеген. Қабылдау
актілерін талдау барысында «Ш» шаруашылығына репродукторлы
шаруашылықтан өте көп мөлшерде торайлар келген. Осындай көп
мөлшерде торайларды қабылдауға шаруашылық дайын болмағаны
туралы,
ветеринариялық
зертхананың
және
ветеринариялық
институттың мамандарының қатысуымен құрылған комиссияның
шаруашылық жағдайын зерттеген актісінен көруге болады.
Актта шарушылықтың ветеринариялық-санитариялық бағасы
келесідей: шарушылық қора-жайлар ылғалды, суық, төсеніштер
төселмеген, суару үдерісі ретке келтірілмеген.
Нәтижесінде, малдар алынған репродукторлы шаруашылық
жағынан да талаптарға сай келмейтін көп қателіктер кеткен және де «Ш»
бордақылау шаруашылығынан да әкелінген малдарды бағып-күтуді
қамтамасыз ететін жағдайларда бұзушылықтар анықталды.
Торайлардың
өлексесін
жарып-сою
хаттамасы
және
ветеринариялық зертхананың сараптама қорытындысын облыстық
ветеринарлық зертхана талдау кезінде, торайлардың өліміне әр түрлі
себептер болғаны анықталды. Осы жағдайда өлген торайлардың
көпшілігінде өкпе аурулары анықталған. Инфлюэнца (тұмаудың ескі
атауы) клиникалық бекітілген. Бұдан басқа, жекелеген торайлардың
зертханалық зерттеулерінде паратифтің, тілменің және геморрагиялық
септицемия культуралары бөліп алынған.
Істің материалдарына негізделіп, сарапшылар келесідей
қорытынды шығарды, «Ш» бордақылау шаруашылығында қысқы
уақытта аса көп мөлшерде торайлар әкелінді. Әкелінген торайлар
негізінен шаруашылықтың ережелеріне жауап бермейтін жастары
толмаған, дене салмағының мөлшері жеткіліксіз және денсаулығы
нашар болған.
36
Шаруашылықта көп мөлшердегі торайларға арнап жылытылған
қора-жайлар дайындалмаған. Төсеніштері болмаған, суару ретке
келмеген, карантиндеу жүргізілмеген, ауырған малдарды уақытында
оқшауландырмаған.
Кондициялық жасқа және дене салмағы жетпеген, арасында
аурулары бар, оған қоса қысқы уақытта тасымалдаумен әлсіреген
торайлар бағып-күту жағдайы қолайсыз шаруашылыққа келіп түскен.
Қора-жайлардың суық әрі ылғалды және төсеніштердің жоқтығы, ағзада
микробтардың латентті жағдайда, кейін вируленттілігінің күшеюіне
түрткі болды, сол себепті (тілме, паратиф) ауруларының пайда болуына
әкелді. Негізгі індет өкпенің қабынуымен байланысты инфлюэнция
болды. Әрі қарай сарапшылардың қолы тұрады.
Іс материалдары бойынша сараптауға мысал ретінде, оқулық
авторының басынан өткен оқиғаны атауға болады.
ОПМ «Браконьер» атты аудандардың біреуінде полиция
қызметкерлерінің жүргізген операциясы кезінде «К» атты азаматтың
автокөлігін тексеру барысында аққудың мамығы мен қауырсындары
анықталды. Күдікті өз кезегінде қаздың қауырсындары мен мамығы деп
ақталды.
Бізге істің келесі айғақтары ұсынылды: териологиялық сараптама
үшін құстың қанатының бір бөлігі, мамығы мен қауырсыны сәйкесінше
қапталып, оралып ұсынылды. Мәселені шешу үшін келесі сұрақтар
қойылды: 1) Құстың қанаты қандай түрге, тұқымдасқа және туысқа
жатады? 2) Оқиға орнында табылған барлық заттық айғақтар бір
құстың түріне, тобына, туыстастығына жата ма?
3)
Құс
ұшасы
қандай әдіспен жарып-сойылған? 4) Оқиға орнында табылған мамық
пен қауырсын бір құстың түріне жата ма?
Біз келесідей үлгіде рәсімделген сараптама қорытындысын бердік:
×××× жылдың «××» қарашасында РІІД «М» аты полиция
подполковнигінің териологиялық сараптама жүргізу туралы, соттық-
ветеринариялық сарапшылар ретінде келесілер тағайындалды: ××××
САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Төменде аталғандар ××××, соттық сараптама жасау барысында
тергеу ісіндегі айғақтарды зерттеп болғаннан кейін, келесідей
қорытынды шығардық. Зерттеу айғағы ретінде ұсынылған оң жақ иық
сүйегі қаз тәрізділер тармағына шамамен саңқылдақ-аққудыкі
(Қазақстан және Қырғызстан Республикасының Қызыл кітабына
енгізілген, дәлел ретінде ҚР Қызыл кітабының көшірмесі тіркелген), бұл
бірінші сұрақтың жауабы. Дәлел ретінде макеттік аққу скелетінің
және сараптауға ұсынылған оң жақ иық сүйегі салыстырылған (1 сурет).
Айғақтың ұқсастығы көлемінің, формасының, буынның шұңқырының
болуымен дәлелденеді. 2 суретте суйектің проксималды жағының
37
салыстырмалы сараптамасы көрсетілген, онда макеттегі иық сүйегімен
сәйкестігі көрсетілген. Латеральды, медиальды, бүйірлі төмпешіктердің
ұқсастығы бар. 3 суретте сараптамаға ұсынылған және макеттік сүйектің
дистальды жағы ұсынылған, олар да бірдей.
Екінші сұрақтың жауабы. Біз жоғарыда айтып өткендей иық
сүйегі аққудікі екендігін дәлелдедік. Сараптамаға ұсынылған қауырсын
және мамық та біздің жүргізген зерттеулеріміз бойынша аққудікі болып
табылады. Дәлел ретінде көзбен қарау және микроскопиялық зерттеу
нәтижелері болып табылады, біз сараптамаға ұсынылған қауырсынды
макеттік қауырсынмен салыстырдық онда қалыпты (контурлы),
бағыттауыш (құстың құйрығындағы ұзын қауырсындар), мамық және
жартылай мамық қауырсындары қаз тәрізділер отрядының-аққуға тән
екендігі анықталды. Шамамен ұсынылған иық сүйегі және қауырсындар
жас аққудікіне ұқсайды, себебі ұсынылған қауырсындар жас құстарға
тән ерекшелік ақшыл сұр түсті.
Үшінші сұраққа жауап беру мүмкін болмады, себебі, толық ұша
ұсынылмаған,
дегенмен
біз
сараптамаға
ұсынылған
сүйекті
препарирлеген кезде бұлшық етте қорғасынның ұсақ бөлшектері
анықталды (заттық айғақ ретінде 4 сурет).
Төртінші сұрақтың жауабы. Сараптамаға ұсынылған мамық қаз
тұқымдасына нақтылы аққуға жатады. Мамықты микроскопиялық
зерттеген кезде, нашар дамыған негізі бар. Бұл аққуларға тән қасиет.
1- сурет. Айғақтық заттар
38
Қорытынды
Соттық ветеринариялық сараптамаға белгісіз құстың оң жақ иық
сүйегі мен қауырсындары және мамығы ұсынылған. Біздің жүргізген
зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ұсынылған айғақтар қаз
тармағына жататын құсқа, яғни аққудікі екендігі дәлелденді.
Соттық- ветеринариялық сарапшылар: қолы
Күні ______
2.5
Айғақтық заттардың сараптамасы
2.5.1 Негізгі талаптар
Айғақтық заттар-дегеніміз қылмыскердің қылмыс орнында
қалдырған қылмыс іздері немесе қылмыс жасауға қолданған заттар,
сонымен қатар айыпталушының зұлымдық әрекеттерінің нысаны болса,
қылмыстық жолмен табылған ақшалар мен басқа да құнды заттар және
де қылмыскердің қылмысын айқындайтын немесе қылмыскердің
жазасын жеңілдететін айғақтық заттар жатады.
Осыдан байқағанымыз, айғақтық заттар әр түрлі болуы мүмкін.
Соттық-ветеринариялық сараптаманың тәжірибесінде кездесетіндер:
жарақат тудырған заттар; жануарлардың өлекселері және басқа да дене
бөліктері (қылы, терісі, дене ағзалары және т.б.); удың қалдықтары
сақталып қалған заттар (фураж, құсық массасы, асқазан, ішектің және
несеп қабының ішіндегісі); қолданылған медикаменттердің
қалдықтары; малдарды өңдеген ерітінділердің сұйықтықтары, және де
т.б.
Сот үрдісінде айғақтық заттардың маңызы өте зор. Олар
шындықты анықтау үшін объективті заттар болып табылады, соттық
тексеруде үлкен мәнге ие, тергеу мен соттық органдар алдындағы
күрделі тапсырмаларды шешу және қылмысты анықтауға мүмкіндік
береді. Кей жағдайларда оларды ақиқаттың «мылқау куәгері» деп те
атайды.
Кейбір айғақтық заттар сипатына, анықталған орнына, уақытына
байланысты өздігінен дәлел болса, ал басқалары мұндай қасиетті тек
оларды зерттегеннен кейін ғана ие болады. Мәселен, ірі қара мал
ұрлығына күдікті азаматтан алынған тері сараптауға әкелінді. Ол өзінің
құнажынын сойғаны жайлы айтты. Тергеуші сарапшылырдың алдына
келесі сұрақтар қойды: тері құнажындыкі ме әлде сиырдыкі ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін құнажынның және сиырлардың
табындарында жауырыннан кейін кеудесінің көлемін және кіндік
тұсынан ішіне өлшеулер жүргізілді. Көрсетілген топ жануарларының
арасында орташа қатынасы шығарылды. Айғақтық зат ретінде
39
ұсынылған теріні өлшеуде алынған көрсеткіштер құнажындыкіне жақын
болып шықты. Сараптама шешімі бойынша күдіктіден барлық
айыптаулар алынып тасталды.
Мал өлген жағдайда, сараптауды мал
өлген жерде жүргізеді («2.3.5 Мал өлексесін соттық сараптау», 86 б.
қар.).
Егер де жарып-сою барысында малдардың өлу себебін анықтау
мүмкіндігі болмаса немесе оны нақтылау үшін қосымша зертханалық
зерттеулер қажет болса, онда тергеуші сарапшымен бірге материалды
қаптайды да арнайы зертханаға жөнелтеді. Арнайы соттық-
ветеринариялық сараптау зертханалары болмағандықтан, сынамаларды
ветеринариялық, соттық-медициналық немесе криминалистикалық
зертханаларға жіберіледі.
Айғақтық заттарды зертханада зерттеу жиі кездесетін жағдай.
Сараптамалар
химиялық,
бактериологиялық,
серологиялық,
гистологиялық және зертханаға жіберілген материалдың түріне,
сонымен қатар шешуді талап ететін сұрақтарға байланысты басқа да
болуы мүмкін.
Айғақтық заттарды сараптау–сараптаудың ең жауапты бөлімі, мал
шаруашылығына қатысты істі тергеу барысында, ветеринариялық маман
жиі алдыңғы қатарда болады.
Айғақтық заттар әр түрлі болғандықтан, оларды сараптау
сәйкесінше әр түрлі болады. Мысалы, браконьерлік, жануарларды
заңсыз сою және ұрлау жағдайында оның түрін анықтау талап етіледі, ал
кейде малдың жасын да анықтау қажет болады. Көптеген жағдайда
сарапшы сол жерде сүйектерге, бұлшық еттерге, паренхиматозды
органдарға және де басқаларға қарап сараптама жасай алады, бірақ та
жиі сараптама нақты болуы үшін зертханаға материал жіберіледі.
Мысалы, кеуіп қалған қан тамшылары немесе бұлшық ет бөліктері қай
мал түріне жататындығын анықтау үшін, сәйкесінше қан сары суымен
преципитация реакциясын қолданады.
Құстың
қанын сүтқоректілердің қанынан ажырату үшін
микроскопиялық
зерттеу
жүргізу
жеткілікті,
себебі
құстың
эритроциттерінде ядро болады; қан сүтқоректінің қай түріне
жататындығын анықтау үшін преципитация реакциясына (Чистович-
Уленгут) немесе басқада зертханалық әдістерге жүгінеді.
Келесідей
мысал
келтірсек.
Төтенше
уәкілді
тергеуші
ветеринариялық институтқа сараптама үшін бұғының ұшасын, балтаны
және қапты жіберді. Істің сипаттамасы келесідей: «С» ауылына баратын
трамвай жолынан 1,5 км де көлдің жағасында терісі алынған, жарып-
сойылған бұғы ұшасы анықталды.
Бұғы браконьерлігінде
күдікті азаматты тергеу барысында қою қанға ұқсас дақтармен балта
және қоңыр қызыл дақтары бар қап анықталды.
Сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылды:
1. Бұғының өлу уақыты?
40
2. Қандай құралмен жарып-сою жүргізілді?
3. Балта мен қапта анықталған дақтар қан ба, егер қан болса
жануардың қай түріне жатады?
Бұғының өлексесін зерттеу барысында, оны шабатын құралмен
(балта) жарып-сойған, балта мен қаптағы дақтар қан дақтары екендігі
анықталды.
Преципитация реакциясы әр түрлі қан сары суларымен жүргізілді,
ең жоғарғы титр бұғы қан сары суына көрсетті.
Сараптаманың нақтылығы, айқындығы сараптамаға жіберілген
айғақтық заттардың сапасы мен санына, мөлшеріне байланысты. Дұрыс
құралмаған, мәліметі жеткіліксіз материалды, осы сала бойынша білікті
сарапшы мамандарға бағыттамаса, сараптаманың мүмкіндігін шеттейді
де, кей жағдайларда сараптамашы жалған шешім шығарады.
Зертханаға сараптау үшін жеткізілетін материалдардың жоғалуын
болдырмау мақсатында, зертханада келесі ережелер сақталуы тиіс:
1) айғақтық заттарды міндетті түрде тіркеп есепке алу қажет;
2) материалды мұқият талапқа сәйкес сақтау, оның жоғалмауын
қадағалау;
3) әкелінген материалды сақтауға сарапшының жауапкершілігі;
4) материалдың зертханаға жеткізілген уақытындағы саны мен
сапасын, сонымен қатар қаптамасының нақты жағдайын көрсету керек.
Айғақтық заттарды сотық-медициналық сараптау Ережесінен
үзінді: «3. Айғақтық заттарды соттық-медициналық сараптау тек қана
тексеру, тергеу, және сот органдарының талаптары бойынша
жүргізіледі.
5. Соттық-медициналық зертханаға айғақтық заттармен жолдама
құжат және де келесілер болу қажет:1) айғақтық заттарды соттық-
медициналық сараптау тағайындалғаны туралы соттық, тексеру немесе
тергеу органдарының қаулысы болу керек, онда істің сипаты, зерттеуге
жіберілген заттардың тізімі және шешімін талап ететін нақты сұрақтар
қойылады.
17.
Соттық-медициналық
зертхана
орналасқан
қаланың
мекемесінен әкелінген қапталмаған, мөрленбеген немесе қаптамасының
тұтастығы бұзылған айғақтық заттар қабылданбайды. Бұл басқа
қалалардан жіберілген мекемелердің айғақтық заттарына қатысты емес,
өйткені материалдың бүлінуіне және сараптау мерзімі тоқтауына
байланысты, ал қаптаманың талапқа сай еместігі жөнінде акт
толтырылады.
22.
Айғақтық заттарды ашып алу соттық-медициналық
сарапшымен, зерттеу нысанын жоғалтып алмау мақсатында аса
абайлықпен жүргізіледі....».
Зерттеу жүргізу өндірісінде айғақтық заттардың шығысын нақты
есепке алу керек; зерттеуден кейін қалған материал тергеу органдарына
немесе сотқа қайтарылады.
|