Жоспары: 1. «Оқудың мотивтері» түсінігі.
2. Мотивтерді топтап бҿлу.
3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-ҽрекетін белсенділендіру.
Лекция мақсаты: Оқу мотивтері, олардың жіктелуі, бастауыш мектеп оқушыларына тҽн
мотивтер жҽне олардың оқу іс-ҽрекетін белсенділендіру жолдары туралы мазмұндау.
Лекция мазмұны. Мотивтер (мотивация, мотив – қозғау) – оқушыны белсенді танымдық іс-
ҽрекетке ниеттеуші үдерістер, ҽдістер, шаралардың жалпы атауы. Мотивтер мұғалім мен
оқушының бірлескен қызметтерінің арқасында басқарылады.
Мұғалім тұрғысынан мотив оқытудың қозғаушы күші сипатында, ал оқушы тұрғысынан
ол оқып- үйренуге ынталандырушы жағдаяттарды аңдатады. Мотивтер үдеріс сипатында тұлға
қалпы мен қатынастарына ҿзгеріс ендіретін нақты ниеттер, себептер түрінде іске асып, оқушыны
оқуға, ҽрекетке келуге, қандай да қылықтарды жасауға ойыстырады. Мотивтер рҿлінде ҿзара
байланысты қажеттер мен мүдделер, ұмтылыстар мен эмоциялар, жан қалау талаптары мен
мұраттар ( идеалы ) қабылданған. Сондықтан да бұл құбылыс - ҿте күрделі құрама.
Егер оқушылардың іс - ҽрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы
мүмкін. Мотив – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін ҽрекетіне ішкі
талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады.Оқушылар білімге
мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын кҿтереді.
Оқыту практикасында оқудың ҽр түрлі мотивтері болады.Олардың бірі-тікелей
талаптандыру мотивтері - бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы,оған сүйіспеншілігі. Перспективті
талаптандыру мотивтері оқушының ҿзінің кҿздеген мақсатына ұмытылушылығына, оның іс-
ҽрекетінің болашаққа бағышталуына байланысты. Бұған жататын мотивтер:
а) мамандықты таңдап алуға байланысты шҽкірттердің пҽнге қызығушылығы;
ҽ) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-ҽрекетеріне қызығушылық (ҽн, сурет, ҽдебиет,
спорт т.б.). Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыруы қажет.
Түрлі психикалық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А.К.Марков, Г.И.Щукина,
В.И.Ильина т.б.) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады:
1. Танымдық мотивтер:
а) оқушыларды жаңа білімді игеруге жҽне ұғу тҽсілдеріне бағыттау мотивтері;
б) ҿз бетімен білім алу, оны іс-ҽрекетінде қолдана білу мотивтері.
2. Ҽлеуметтік мотивтер:
а) кең мағынадағы ҽлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік жҽне
борышын сезу);
ҽ) тар мағынада ҽлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым жҽне жолдастарының, құрбы-
құрдастарының алдындағы кедергі т.б.)
б) ынтымақтастық ҽлеуметтік мотивтері оқу тҽрбие жұмысында ҿзара ҽрекеттесуге ұмтылу жҽне
үнемі жетілдіру.
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты ҿзгеріп отырады. Мысалы, кіші жастағы
балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар үщін перспективті
талаптандыру жҽне ҽлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері
оқытудың барлық сатысында болуы қажет.
Оқу мотивтері сыртқы жҽне ішкі болып бҿлінеді. Алғашқы түрі педагогтардан, ата-
аналардан, сыныптан, жалпы қоғамнан бастау алып, сыбыр сҿз, ым-ишара, талаптар, нұсқаулар,
айдау не зорлау күйінде кҿрінеді. Олар, ҽдетте, адамға ҽсер етеді, бірақ олардың ҽсері кҿбіне
тұлғаның ішкі қарсылықтарына тап болады. Сондықтан олар еш уақытта ізгілік сипатымен
кҿрінбейді. Қажеттісі – оқушының ҿз қалауы мен іске араласуы жҽне нҽтижеге ұмтылуы.
Мотивтердің ақиқат кҿзі – адамның ҿзінде. Осыдан сыртқы зорлау кейіпіндегі оқу мотивтеріне аса
мҽн арта бермей, тұлғаның ҿз жан қалауынан болған оқу себептерін арқау еткен жҿн. Кіші оқу
жасындағы балаларды оқыту жағдайларға байланысты ҽр қилы мотивтерді айқындап жҽне
бағдарлап барады. Бұлар:
-
борыш сезімі;
-
мұғалім мақтауына сай болу ниеті;
-
жазадан қорқу;
-
ересектер талабын орындау ҽдеті;
-
танымдық қызығу;
-
атақ құмарлық;
-
сыныптастардың арасында беделге жету;
-
ата-аналарын қуанту ниеті;
-
«бес» алу мақсаты;
-
марапат, мадаққа ұмтылу.
Аталған мотивтердің бҽрі бірлесе ҽрекетке келеді.Бірақ олардың арасында біреуі жетекші, ал
қалғандары-қосалқы қызмет атқарады.Мұғалім осы жетекші мотивті ажыратумен, оны тірек құрал
ретінде пайдаланады.
Балалардың оқуға деген қатынастарын мұғалімдер ҽдетте олардың белсенділігі мен
сипаттайды.Белсенділік оқушылардың іс-ҽрекет аясына ену дҽрежесімен (қарқындылық,беріктік)
анықталады.
Белсенділік құрылымы келесі бірліктерден тұрады:
-оқу тапсырмаларын орындауға ҽр уақыт дайын болу;
-дербес іс-ҽрекетке ұмтылу;
-тапсырмаларды саналы орындау;
-оқудың жүйелі болуы;
-тұлғалық деңгейін кҿтеруге құштарлық жҽне т.б.
Белсенділікпен ұштасқан оқушы мотивтердің жҽне бір маңызды тарапы - дербестік. Осы
сапаның болуынан оқушы жұмыс нысанын таңдауда, іс - ҽрекет құралдарын іздестіруде жҽне
оларды іске асыруда үлкендер жҽрдемін аса қажет етпейді. Оқушылардың танымдық белсенділігі
мен дербестігі ҿзара байланысты: белсенділігі күшті оқушылар, ҽдетте, дербес жұмыс істеуге
қабілетті. Оқушылар белсенділігін басқару дҽстүрлі белсенділіг арттыу ( активизация )
атамасын алған. Бұл құбылысты үздіксіз жүріп жататын оқып - үйренуге мүдделі, енжар жҽне
еліктегіш іс - ҽрекеттерді, ақыл - ес жұмыстарындағы тоқырауды жеңуге бағдарланған пҽрменді
үдеріс ретінде бағалауға болады. Белсенділік арттырудағы басты мақсат - оқушылардың оқуға
деген құштарлығына нҽр беріп, оқу - тҽрбие үдерісінің сапасын кҿтеру. Педагогикалық тҽжірибе
белсенділік арттырудың ҽртүрлі жолдарын пайдалануда. Олардың ішінде – оқытудың ҽрқилы
формалары, ҽдістері, құрал-жабдықтары, оларды ҽрқилы жағдайлардың туындауына сҽйкес
бір- бірімен ұштастырып, оқушылардың белсенділігі мен дербестігіне дем беру. Сабақ
жағдайларында оқушылардың белсенділігін арттыруға келесі ҽрекеттер тиімді:
-
ҿз пікірін қорғап қалу;
-
талқылаулар мен пікір сайыстарына қатысу;
-
жолдастары мен мұғалімдерге сұрақ қойып бару ;
-
жолдастарының жауаптарына пікір білдіру;
-
сыныптастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын тексеру жҽне бағалау;
-
үлгерімі тҿмен жолдастарына кҿмектесу;
-
оқуы тҿмен оҿушыларға түсінік кҿмегін беру ;
-
қойылған мҽселелерді шешудің ҽрқилы жолдарын іздестіре білу;
-
ҿз білімдері мен тҽжірибелік ҽрекеттеріне ҿзіндік талдау жҽне тексеріс ұйымдастыра
білу;
-
ҿзіне белгілі тҽсілдерді бірлікті қолдану жолымен танымдық мҽселелерді шеше білу.
Сонымен, мотивтер-бұл оқушыны оқуға, ҽрекет етуге, қандай да қылықтарды жасауға
ықпал етуші ниеттер, себептер.Оқу барысында кҿптеген мотивтер бірдей тең
араласады.Қандай да мотивтердің оқу барысында басымдылығын мұғалім оқушылардың
оқуға болған қатынасынан байқайды. Мотивтер заңдылықтарын білу- кҿптеген мектептік
мҽселелерді шешудің кҿзі.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас
Бақылау сұрақтары:
1. Оқу мотиві жҽне оның түрлері.
2. Бастауыш мектеп оқушысына тҽн мотивтер.
3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-ҽрекетін белсенділендіру жолдары.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
1.Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2003.
2.Н.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, 2002
3. Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2002.
4. А.Әбілқасымова. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004.
5. Ж.Дәулетбекова. Оқушылардың оқу мотивтері- сапалы білім негізі. Алматы, 2001.
12-лекция. Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Жоспары: 1. З.И.Калмыкова бойынша үлгермеушіліктің негізгі екі түрі.
2. Үлгерімі тҿмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары.
3. Бастауыш сынып оқушысының үлгермеушілік себептері.
Лекция мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептері жҽне
үлгермеушілікті болдырмау жолдары туралы мазмұндау.
Лекция мазмұны. Оқытудың, тҽрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын-ала
болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін кҿрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру –
қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі.
З.И.Калмыкова үлгермеушіліктің негізгі екі түрін кҿрсетеді:
Бірінші түрі – тҽрбиеге кҿнбейтін, білімінде кемшілігі бар, бірақ қабілетті оқушылар.
Олардың оқуындағы үлгермеушілік ҽсіресе, орта буынға кҿшкенде айқын кҿрініп тұрады. Бұл
балалардың білімі жүйесіз, ҿзін бағалауы жоғары. Осы себептерге байланысты оқушы мен мұғалім
арасында түсініспеушілік туындайды, баланың оқуға деген ынтасы тҿмендейді, кері кҿзқарас
пайда болады. Мұндай балаларға дер кезінде қол ұшын берсе, оқу үлгерімін біршама түзеуге
мүмкіндік бар.Баланың ҿз ынтасы болмаса, қаншалықты қатаң бақылауға алғанмен, оқу үлгерімі
түзелиейді.
Екінші түрі – оқу үлгерімі тҿмен оқушы. Бұл түрдің ҿзіндік бірнеше топтары бар:
1. Ерте жастан бастап тҽрбиеге кҿнбейтін балалар жатады. Мұндай балалардың ішінде
балалар үйінде тҽрбиеленушілерді жиі кездестіруге болады. Бұл балалар ерте жастан бастап
үлкендердің қолдауы мен кҿмегіне мұқтаж. Балаларға жеткілікті кҿңіл бҿлінбеген. Бұл жағдайда
бала интеллектісі баяулайды. Ұзақ уақыт бойы ойынға да қосылмайды. Еш мағынасы жоқ іспен
айналысып отыра беруі ықтимал.
Мектеп жасына жақындаса да бала сурет салуды да, қиялдап ойлауды да білмейді, сҿйлеу
тілі ҿте тар. Ҿз қатарластарымен қарым-қатынастары баяу, ойын кезінде тек орындаушы қызметін
атқарады немесе ойыннан тыс қалады. Осы типтес балалар ҿз жас ерекшелігіне байланысты
дамуға сҽйкес келмейді. Түсініктері толық қалыптаспаған, ең маңыздысын бҿліп кҿрсете алмайды.
Бұл балалар мектепте бірден үлгермеушілірдің қатарына кіреді.Ерте жастан түзету жұмыстары
жүрмесе, бұл балалардың дамуында артта қалушылық байқалып, алға басу тіпті мүмкін болмайды.
2. Бұл балалар табиғатынан нақты түсініктері бар, санасында кҿрген дүниесі сақталған,
бірақ ауызша ойын жеткізуі шорқақтау. Оларды оқыту барысында үнемі кҿрнекі құралдарды
пайдалану қажет. Жаңаны тану міндетті түрде нақтыдан абстрактылы ұғымғабаяу, абстрактылы
ұғымнан екінші абстрактылы ұғымға ҿту арқылы жүзеге асырылады. Мұндай балаларға бірінші
жылжан бастап, даму ерекшеліктері ескеріліп, жеткілікті кҿңіл бҿлінсе, барлық кемшіліктерді
жеңуге болады.
А.С.Макаренко былай деп кҿрсетті: « Тҽрбие дегеніміз шын мҽнісінде ҽлеуметтік процесс.
Бҽрі де – адам да, зат та, құбылыс та тҽрбиелейді. Бірақ бҽрінен бұрын жҽне бҽрінен кҿбірек
тҽрбие беретін – адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар.
Үлгерімі тҿмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып,
жұмыс жоспары мен оны жүргізудің ҽдіс-тҽсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп
алады. Үлгерімі тҿмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі.
Оқушыны зерттеуде мына мҽселеге баса назар аударылады:
- Ұжыммен, ортамен қарым-қатынасы, оқу –тҽрбие процесіне отбасының ықпалы,
қоғамдық жҽне үй жұмыстарына араласуы.
- Үйде күн режимінің жоспарлануы жҽне оның орындалу барысы.
- Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар.
- Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы.
- Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі, зейіні мен есте сақтауы.
- Ерік – жігері, табандылығы, қызығушылығы.
- Жеке пҽндер бойынша үлгерімінің кҿрсеткіштері, үлгермеу себептері.
Осы мҽселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пҽндер бойынша білімі мен дағдыларын
есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол олқылықтарды
жоюға бағытталып, оңайдаг қиынға қарай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының
қорытындыларына сҽйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді.
Мысалы, үлгермеуші оқушыға зерттеу нҽтижелеріне орай мынадай педагогикалық жұмыстар
жүргізу керек деп ұйғарылды:
-
Ата-анасымен тығыз байланыс жасау.
-
Үйдегі күн режимін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру.
-
Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы ҽңгімелер, тҽрбие
сағатын ҿткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру.
-
Сабақта жеке жұмыстар жүргізу, белсенділігін жетілдіру, оқуға ынталы, ынталы, алғыр
балалардың жолдастық кҿмегін ұйымдастыру.
-
Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін
пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру.
-
Сабақты дидактикалық материалдарды, техникалық құралдарды мейлінше молынан
пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да кҿрнекікіліктер пайдалану.
-
Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды, мақал-
мҽтелдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру.
-
Барлық жеке жұмыстарда «Оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге» принципін
басшылыққа алып, қайталауға кҿбірек мҽн беру.
-
Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде байқап, тиісінше мақтап, ҿз
күшіне сенімін ояту т.б.
Жұмыс барысында үлгерімі тҿмен оқушылардың жеке пҽндер бойынша біліміндегі
олқылықтар анықталып, жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың
нҽтижелері жазылып отырады. Үлгерімі тҿмен оқушыларға ҿткен материал мен ҿтілетін материал
арасындағы сабақтастықты білдіруге баса назар аударылады. Жеке жұмыстардың мақсаты - ең
алдымен баланың білімді саналы меңгеруі, ойлау қабілетін дамыту, оның алған білімдерін
практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Сондықтан тҽжірибе кҿрсеткендей, зерттеу жұмыстарын үнемі жҽне ғылыми тұрғыда
жүргізіп, жеке жұмыстарды біртіндеп күрделендіріп отыру қажет. Оқудың белгілі бір кезеңінде
үлгерімі тҿмен болған оқушылардың жоғарыдағыдай жұмыстар барысында едҽуір жақсы нҽтижеге
бастауы осы бағыттың дұрыстығын кҿрсетеді.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы олардың сабағындағы жұмысымен тығыз байланысты.
Мұның табысты болуы сабақтың қалай ҿткеніне, мұғалімнің үйге тапсырманы қалай бергеніне
байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары болса, оқушылардың үй жұмысы соғұрлым
табысты болады. Үйге берілген тапсырманы үш топқа бҿлуге болады: ауызша (оқушының оқу
материалын оқып үйренуі, ҿлеңдер, ережелер жаттау), жазбаша (жазбаша жаттығулар, есеп
шығару, шығарма т.б.), оқу-практикалық тапсырмалар (тҽжірибелер, бақылаулар т.б.).
Оқушының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызды мҽселесі оның кҿлемі. Түрлі жастағы
балалар үйге берілген тапсырманы орындауда түрліше уақыт жіберуі мүмкін. Олардың ақыл-
ойын, сабақты ұйымдастыруды, гигиеналық жҽне педагогикалық талаптарды ескерген жҿн.
Мектеп ережесінде бұл мҽселеге байланысты оқушының үй тапсырмасын орындауда мынадай
уақыт мҿлшері анықталған. Мысалы, 1сыныпқа -1сағат, 2 сыныпқа- 1,5 сағат, 3-4 сыныпқа- 2сағат.
Барлық тақырыпты мұғалім жоспарлаған кезде үйге берілген тапсырманың, олардың
мазмұны мен кҿлемінің маңызы зор. Бұл жағдайда тапсырма сан алуан болады да, сыныпта оқып,
үйренетін оқу материалдарының бір бҿлігі болады.
Сҿйтіп, теориялық матриалдарды оқып үйренуді практикалық тапсырмамен дұрыс
ұштастыруға болады. Үйге берілген тапсыриаларды оқушының ойдағыдай орындауы мұғалімнің
жұмыс сапасына байланысты да. Сондықтан да ҽрбір тапсырмаға нұсқау қосарлануы тиіс.
Бұлардың формалары тҿмендегідей болады:
1. Бұрын қолданылған тҽсіл мен тапсырманы орындауды жҽй кҿрсету.
2. Екі-үш мысалмен тапсырманы кҿрсетіп жіберу.
3. Үйге берілген тапсырманың ең қиын жақтарын сыныпта талдау.
4. Жұмысқа жҽне тапсырмаларда орындау ҽдістеріне қойылатын талаптарды түсіндіру.
Оқушылар жас болған сайын нұсқау соғұрлым нақты, егжей-тегжейлі болуы керек.
Мысалы: 15- беттегі ережені жаттау, 16- беттегі 3-4 жаттығуды орындау.
Оқушыларды тапсырманы күн сайын орындап отыруға үйрету маңызды. Ол үшін мынадай
шарттар жүйесі қажет:
а ) оқушыға мұқият нұсқау беріп, дер кезінде жұмысқа үйрету;
ҽ ) олардың жұмысына бақылау жасаудың нақтылы жүйесін ойластыру;
б ) оқушылардың режимдерін дҽл сақталуын қадағалау;
в ) кездескен қиыншылықтарды ҿздігінен шешуге үйрету.
Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырса да, сыныпта бірнеше артта
қалатын жҽне үлгермейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс сан алуан себептерден туады. Кейде
мұғалім оқушының ерекшелігін ескерумеуінен, онымен ҿзінің жұмысын дұрыс құра
алмағандығынан да туады.
Кейбір оқушылар қандай да бір пҽннің қиыншылығын үнемі дұрыс бағалай білмейді.
Сондықтан да артта қалады.
Ата-аналар тарапынан олардың оқуына, мінез-құлқына бақылау болмағандықтан,
оқушылардың үлгермеуі мүмкін. Артта қалу, үлгермеу оқушыға қатты ҽсер етеді. Ол ҿз күшіне
сенуден қалады, оқуды жиі тастап кетеді. Артта қалуды жою құралдарының бірі – қосымша сабақ.
Оқушылармен бұл жұмысты бастамас бұрын артта қалудың себебі мен сипатын анықтау керек.
Егер оқушы ауырып артта қалса, бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен
істелетін ҿзіндік жұмыспен ұштастырылуы керек. Егер оқушы жалқауланса, оны тым
қамқорлыққа ала бермей, мұғалімнің, жолдастарының, ата-аналарының бастауымен оны жұмыс
істеуге кҿндіру керек.
Үлгерімі тҿмендей бастаған кезден бастап, мұғалім оқушыға кҿмек кҿрсетуі керек.
Істелетін жұмыстар ерікті де міндетті сипатта болуы керек. Ҽсіресе нашар үлгеретін оқушыларға
кҿмек беру үшін жақсы оқушыны тарту керек.
Мұғалімнің басшылығымен қосымша сабақ беруді кҿп пайдалануға болмайды. Ҽсіресе
сыныпты түгел қалдыру зиян. Ҿйткені жұмыс нҽтижесі болмайды. Сабақта үлгермеушілікті
туғызатын елеулі себептердің бірі – оқу жұмысын жүйелі жҽне жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі
мен дағдысының жоқтығынан болады. Мұғалім міндеті – ҽрбір оқушыны оқи білуге үйрету.
Ҽсіресе оқу жұмысындағы талаптылық, зейін жинақылығы, ойланып оқуға ҽдеттілік жҽне ҿз
бетімен кітап оқи білу, үйге берілген тапсырмаларды дҽйектілікпен орындау т.б. қасиеттерге
тҽрбинленген жҿн.
Сондықтын да қорыта келгенде оқу жұмысы арқылы оқушылардың жалпы дамуына ықпал
жасау, үлгермеушілікті болдырмау.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады жҽне оның алдын алуға, күресуге болады.
Нашар бағаға ҽкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тҽрбие жұмыстарын дұрыс
ұйымдастырмауда, мектепішілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық
нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:
-
жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа сабақты тиісінше түсіндіре
алмауы, бекіту жұмысының ҽлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы,
мұғалімнің тиісті дҽрежеде талап етпеуі;
-
үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау жҽне тыңғылықты тексерудің
болмауы;
-
мұғалімдердің ҿз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық
қызығуын дамыта алмау;
-
мектепте үлгермеушіліктің алдын-алу жҿнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп
ҽкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, ҽлеуметтің ортақ жұмыс жүргізбеуі;
-
тҽрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тҽртібі, ҿз
міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп ҽкімшілігі тарапынан тҽртіп бұзушыларға
уақытылы жҽне тиісті шара қолданбауы;
-
бағалаудағы біржақтылық;
-
оқыту мен тҽрбие үдерісінде сабақтастық болмауы;
-
сабақтан кҿп қалу, оқушының ауырып қалуы, т.б.
Білім негізі бастауышта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл
сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы жоғары сыныпқа барғанда жақсы оқуының
кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды. Оған біздің жыл сайын тҿрт жыл оқытып,
қолмыздан шығарып жүрген жас түлектеріміздің білім жүйесі айғақ болады. Сондықтан да
бастауыш сыныптарда сабақ беру жүйесін жетілдіруде халық ағарту органдары кҿп кҿңіл бҿліп
келеді. Жаңа бағдарламаға кҿшкен оқушылар ізденгіш, ҿз бетінше жұмыс істеуге икемді, ішкі
сезімге бай, ақыл-ойы ҿткір болып тҽрбиеленуде. Ҽрине бұл мұғалімдер жұртшылығының еңбегі.
Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімінің тиянақты, сапалы болуы
мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне, жеке
басының ерекшелігі мен біліміне байланысты.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, пікірталас
Бақылау сұрақтары:
1. Бала үлгермеушілігінің басты себептері.
2. Үлгерімі тҿмен оқушыны зерттеуде назарға алынатын мҽселелер.
3. Үлгермеуші оқушыға зерттеу нҽтижелеріне орай жүргізілетін педагогикалық жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |